Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шжқ рмк ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік



жүктеу 321,28 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата20.11.2017
өлшемі321,28 Kb.
#1197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

5.3.  Нақты  қызметкердің  дербес  еңбекақысы  оның  біліктілігімен,  мамандық 



бойынша  еңбек  өтілімен,  орындалатын  жұмыс  сапасымен  және  бөлімшенің  жалпы 

нәтижесіне  оның  жеке  үлесімен  айқындалады  және  оның  жоғарғы  мөлшері 

шектелмейді.   

5.4.  Қосымша  ақы  ҚР  нормативтік  актілеріне,  Университет  қызметкерлерінің 

еңбекақысын төлеу тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.   

5.5.  Университет қызметкерлерінің ең төменгі еңбекақысы ҚР Заңымен белгіленген 

ең төменгі еңбекақыдан төмен бола алмайды.    

 

5.6. Жұмыс беруші міндеттенеді: 

5.6.1.  Қызметкерлердің  қолданыстағы  Ұжымдық  келісімшартының  1.9.-тармағына 

сәйкес, өтеуге міндетті мерзімдік медициналық тексерістен өтуін төлеуге.    

5.6.2.  Университет  дамуына  маңызды  үлес  қосқан  қызметкерлерге  Ережеге 

(Нұсқаулыққа)  сәйкес  әйелдер  -  58    және  ерлер  -  63    жасқа  толып,  зейнетке 

шыққанда, еңбекақы мөлшерінде біржолғы сыйақы беруге.  

5.6.3.  Қызметкерлердің  төмендегідей  қиын  материалдық  жағдайына  байланысты 

жалақының ең төменгі  3 мөлшерінде (ЖТМ)  материалдық көмек көрсетуге: 

- оның отбасы мүшелері қайтыс болғанда

- некеге отырғанда; 

- бала туғанда; 

- қосымша қаржы шығындарын талап ететін емдеу шараларына

- қызметкерге төтенше жағдай салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда. 

5.6.4.  Жалпы  университеттік  іс-шараларды  университеттің  өз  қаржы  есебінен 

өткізуге.     

5.6.5.  Еңбекақы  қорының  жұмсалуын  бақылауға,  еңбекақыны  дұрыс  есептеу  және 

уақытында беру бойынша заңнаманың барлық ережелерін сақтауға.  

5.6.6.  Университет  қызметкерлерінің  еңбекақысын  әр  айдың  10-нан  кешіктірмей,   

олардың төлем карточкаларына аударып төлеуге.  

5.6.7.  Қызметкерлерге  тиесілі  еңбекақы  мен  олардан  шегерілуге  тиіс  нақты 

есептеулері  толық көрсетілген, еңбекақы туралы есеп парақтарын беруге.  

5.6.8.  Қызметкерлерге  зейнетақы  жинақ  қорына  аударылған  қаражаты  туралы 

мәліметтер беруге. 

5.6.9.  Жұмыста  болмаған  оқытушының  орнына  жұмыс  істеген  қызметкерге 

белгіленген тәртіпте еңбекақы төлеуге. 

5.6.10.  Қолданыстағы  еңбек  туралы  заңға  сәйкес  түнгі,  мереке  және  демалыс 

күндері жұмыс істеген қызметкерге еңбекақы төлеуге.  

5.6.11.  Жыл сайынғы еңбек және қосымша демалыстардың кестесін   Кәсіптік одақ 

комитетімен бірге дайындап  және  өндірістік қажеттілік бойынша  қызметкерлерді 

демалыстан шақыртып алуды келісуге.     

5.6.12.  Жүргізушілердің  негізгі  еңбекақысына,  олардың  санаттарына  сәйкес 

төмендегідей  разрядтар белгілеуге: 

- В, С, Д, Е санаттарына - 8 разряд; 

- С, Д, Е санаттарына - 7 разряд; 

- В, С санаттарына – 6 разряд. 

5.6.13.  Қызметкерлерге  кезекті  еңбек  демалысын  беру  мерзімдері  туралы  екі 

аптадан кешіктірмей хабарлауға, 

-  демалыс  кезінде  төленетін  ақыны  демалыс  басталар  алдында  үш  күнтізбелік 

күннен кешіктірмей төлеуге.   




 

5.6.14.  Жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысын  бекітілген  кестеге  сәйкес 



беруге.    

5.6.15.  Еңбек демалысын 2 жыл бойы қатар пайдаланбауға жол бермеуге.   

5.6.16.  Дәлелді  жағдайлар  болғанда,  Жұмыс  беруші  қызметкердің  жазбаша  өтініші 

бойынша  демалыс  мерзімін  ауыстыра  алады.  Бұл  жағдайда  демалыс  кезінде 

төленетін ақы бұйрық шыққаннан кейін, бірақ ол шыққан күннен бастап үш күннен 

кешіктірмей төлену тиіс.     

5.6.17.  Егерде  қызметкер  төленетін  демалыстан  жұмысқа  шақыртылса,  Жұмыс 

беруші  қызметкердің  келісімі  бойынша,  пайдаланылмаған  еңбек  демалысын  басқа 

уақытта  берудің  орнына,  пайдаланылмаған  еңбек  демалысының  күндері  үшін 

өтемақы төлеуге.   

5.6.18.  Білім  беру  мекемелерінде  жұмыстан  қол  үзбей  білім  алып  жатқан 

Университет қызметкерлеріне ақылы оқу демалысын беруге.   

5.6.19.  Университеттің барлық штаттық қызметкерлеріне күнтізбелік жылда бір рет 

кезекті еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны ҚР еңбек 

заңнамасы айқындаған мөлшерде  беруге.    

 

5.7. Кәсіптік одақ комитеті міндеттенеді:   

Қайырымдылық көмек көрсетуге:  

1. Мерейтойларға  (50,60,70,80)  –  еңбек  өтілі  10  жылға  дейін  болса  -  5  мың 

теңге;  

10 жылдан артық болса - 10000 теңге.  

2. Қызметкерлерді жерлеуге – 20000 теңге, жақын туыстарын жерлеуге – 10000 

теңге (еңбек өтілі 10 жылдан артық болса). 

3.  Демалыс  өтемақысының  –  ҚР  бойынша  жолдама  құнының  20%  (20000 

теңгеге дейін), «Тұлпар» ССК-дегі демалысқа - 30% - ын өтеуге.  

4.  Емделуге  диагнозына  байланысты  5000  теңгеден  10000  теңгеге  дейін 

төлеуге.  

5.  Өкілдік  шығындар  (іс-шараларға  алынатын  гүлдер)  -  5000  теңгеден  10000 

теңгеге дейін (іс-шараның маңыздылығына байланысты) төлеуге. 

6. Облыстық кәсіптік одақ комитетіне аударымдар төлеуге. 

7. Жаңа жылдық сыйлықтар алуға. 

8.  Көпбалалы  отбастарына  (4  және  одан  да  артық  балалы)  –  жылына  1  рет  18 

жасқа дейінгі әр балаға 3000 теңгеден төлеуге. 

9. Кеңсе шығындарына қаражат бөлуге. 

10. Банк қызметтеріне, салықтарды төлеуге. 

11. Еңбекақы төлеуге. 

12.Жұмыс  берушімен  бірлесіп,  еңбек  дауларын  қарау  бойынша  келісім 

комиссиясының жұмысын қамтамасыз етуге. 

Келісім  комиссиясы  Жұмыс  беруші  мен  Еңбек  ұжымы  өкілдерінің  тең 

санынан,  Тараптардың  бірлескен  шешімі  бойынша,  тең  құқылық  бастамаларда 

құрылады.  Келісім  комиссиясына  Еңбек  ұжым  өкілдері  кәсіптік  одақ 

конференциясында  сайланады,  ал  Жұмыс  беруші  атынан  өкілдер  ректордың 

бұйрығымен  тағайындалады.  Келісім  комиссиясының  ұйымдастыру-техникалық 

жағдайын Жұмыс беруші қамтамасыз  етеді.      

Келісім  комиссиясы  өз  құрамынан  комиссия  төрағасын  және  хатшысын 

сайлайды.  Келісім  комиссиясы  өз  жұмысында  нормативтік  құжаттар  негізінде 

әзірленген  регламентті басшылыққа алады.       




жүктеу 321,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау