Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет64/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102

212 
 
Екінші  кезеңде  сабақта  үйге  берілген  тапсырма  талданды.  Оқушылар 
үзінділердің қай өлеңнен алынғанын түгелдей анықтаған. Үшінші бағананың 
жауабында кемшіліктер кеткен. Кейбір оқушылар дәл түсінік, анықтама бере 
алмаған. 
Үшінші  кезеңде  оқушылар  рецензия  жазуға  жұмылды.  Талаптар,  
түсіндірілді, көмек-нұсқау жазылған қағаздар ұсынылды.  
Төртінші кезеңде оқушылар бір-бірінің рецензиясын оқып, пікір жазды. 
Бұл жұмыстан соң талдау, талқылау жүрді. Нәтиже төмендегідей болды:  
- Оқушылар өлеңдерді талдауға ұмтылған
-  Абайдың  тіл  туралы  айтқандарына  өздерінше  пікір  білдірген,  баға 
берген.  Ілиястың  жұмысынан  үзінді:  ...Абай  тілді  өнер  дейді,  «толғауы 
тоқсан  қызыл  тіл»  деп  бағалаған.  Артына  сөз  қалдырған  адамды  өлмейтін 
адам  деп  түсіндірген.  Өзінің  мақсаты  тіл  арқылы  өнер  шашу  екенін,  тіл 
арқылы  надандардың  көзін  ашу  екенін  айтқан.  Арыстанбек:  Мәтінде  тілдің 
«қоғамдық  қызмет»  атқаратыны  айтылады.  Абай  өлеңдері  соның  шын  сөз 
екенін  дәлелдейді.  «Жұртым-ай,  шалқақтамай  сөзге  түсін»,  -  дейді.  Сөздің 
мағынасына үңілу керектігін үлгі етеді.  
Оқушылардың барлығына тән ортақ кемшілік: рецензияның аннотация 
үлгісінде жазылуы, ал жетістігі: өз пікірлерін білдіруі, Абай өлеңдерін түсіне 
білгендері,  рецензия  жазуға  талаптанғаны  болды.  Осы  жұмыстың 
ұтымдылығы төмендегідей сараланды: 
- Қазақ әдебиетінен алған білімдерін Абай өлеңдері арқылы дәлелдеуге 
талаптанды;  
- Іздену, зерттеу жұмысына төселе бастады
- Өз  беттерімен  проблемаға  жауап  іздеді,  салыстырды,  тұжырым 
жасады; 
Оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, рецензияның алғашқы 
пікірін  жаздыруға  үйретудің  тиімділігін  тәжірибе  дәлелдеп  келеді.  Ал  одан 
әрі  сыни  көзқарастарын,  пікірлерін  айта  білуге  жетелеген  жөн.  Оқушылар 


213 
 
қалыптасқан дағдыларын жаңа мақсатқа пайдаланады, жай пікір білдіру емес, 
сыни тұрғыда пікір білдіруге талаптанады.  
Оқушылардың  зерттеу  әрекетін  қалыптастыруда  ғылыми  сипаттағы 
хабарламалар жаздыру да тиімді.  
Ғылыми  бағыттағы  хабарлама  тұжырымды  түрде  ғана  тақырып 
бойынша істелген жұмыстар хабарланады. Оқу құрылымы: 
- Тақырыбы; 
- Зерттеу нәтижесі туралы мәлімет беріле отырып, нәтижесі талданады, 
қорытынды жасайды; 
- Хабарламаға уақыт тежеліп беріледі
-  Олар  зерттеу  жұмысының барлығын айта алмайды, бір бөлігі  немесе 
проблема болып отырған мәселелерді хабарлайды. 
Қазақ әдебиеті сабағында төмендегідей хабарлама беруге болады:  
1. Ф.Оңғарсынова туралы пікірлер. 
2. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа ізденіс. 
Хабарлама ғылымдағы жаңалықтар т.б. туралы да жазылады. 
Ғалымдар  пікірін  талдап,  саралағанда  ортақ  бір  тұжырым  шығады. 
Проблемалық  оқыту  негізінде  оқушыларға  бейтаныс  проблеманың 
жататыны,  оқушылардың  оны  салыстыру,  дәлелдеу  шешу  үшін  болжамдар 
жасай  отырып  еңбектенуі  керектігін  тұжырымдайды.  Проблемалық 
ситуацияны,  проблеманы  шешу-зерттеу,  іздену  еңбегі  шығармашылық 
еңбекті  талап  етеді.  Қазақ  әдебиеті  сабағында  проблемаға,  зерттеуге 
негізделген тапсырмаларды орындатудың да маңызы зор [3].  
Оқу 
процесімен 
қатар 
ұйымдастырылатын 
ғылыми-зерттеу 
жұмысының  бір  түрі  –  ғылыми  сипаттағы  мақала.  Мақала  дәстүрлі  оқыту 
кезеңінде  де  шығармашылық  бағыттағы  жазба  жұмыстардың  бірі  ретінде 
тәжірибеде  пайдаланылып  келді.  Мақаланың  тәжірибеден  түспей  келе 
жатқаны,  оның  ең  алдымен  тіл  дамытуға  өз  беттерімен  орындайтын 
шығармашылық  жұмыстарға  баулудағы  тиімділігінде  жатыр.  Оның  сәтті 
шығуы  тақырыбына  да  байланысты.  Сондықтан  да  топқа  бір  ғана  тақырып 


214 
 
ұсынып, оны жазуға міндеттеу дұрыс емес. Өзі ұнатпаған тақырыпқа оқушы 
қадам басқысы келмейді, жазса да оның мақсатқа жетуі беймәлім.  
Қорыта  келгенде,  өз  бетінше  жұмысты  оқушы  мұғалімнің  көмегінсіз, 
өздігінен  орындауы  үшін  берілетін  тапсырманың  мақсаты  айқын,  оқушыға 
түсінікті  болуы  керек.  Мұндай  жұмыс  тапсырылғанда  оның  ауыр-
жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз 
бетінше жұмысты сабақтың  кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мұғалім 
оқушының  өздігінен  орындайтын  жұмыс  түрлерін,  әр  пәннің  ерекшелігін 
ескере  отырып,  алдын-ала  дайындауы  керек.  Оқушының  өздігінен  жұмыс 
істеу  әрекеті  бірден  қалыптаспайды.  Ол  өте  күрделі  болғандықтан, 
қарапайым сатыдан күрделі сатыға қарай дамиды. 
Оқушы  білім  алу  барысында  күнделікті  сабақта  проблемалық 
тақырыптарды  шешу  арқылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  шағын  түрін 
орындай отырып, бойында зерттеу құзыреттілігін қалыптастырады. Мектепте 
ғылыми жұмыстарды жаздыру оқушылардың болашақ өмірге бағыттылығын, 
қызығушылығын  арттырады.  Сонымен  қатар,  ғылыми  стильде  жұмыс  жаза 
білуге дағдыландырады. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті тұлға даярлау үшін 
жеке тұлғаның ғылыми әлеуеті жақсы дамығаны абзал. Бүгінгі күндегі өзекті 
мәселелердің  бірі  –  жас  ұрпақты  ғылымға  баулу.  Абай  атам  «болмасаң  да 
ұқсап  бақ»  дегендей  әрбір  оқушыны  білім  процесінде  ғылымға  жетелеп, 
ғылыми-зерттеу әрекетіне баулу мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 31 қаңтар, 2017;   
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары (Мұғалімдерге 
арналған құрал) Алматы: Рауан, 1990. – 200 б.; 
3.  Оразбаева  Ф.,  Ауғанбаева  Б.  Ғылым  әліппесі.  Оқулық  дәптер.  - 
Өскемен: Жастар баспасы. 2002.- 71 б. 
 
 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау