158
жақтарының ішкі байланыстар құрылымын толық жəне жан-
жақты түрде көрсете білуі тиіс.
КМС-ды атап көрсету үшін белгілі бір мамандықтар мен
лауазымдық санаттарға қажет:
- негізгі КМС-ды негіздеу жəне кəсіби дайындықтың нақты
критерийлерін анықтау;
- қызметтің негізгі кезеңдеріне сəйкес келетін біліктілік
сипаттамасының негізгі блоктоарын атап көрсету;
- нақты маман немесе лауазымдық тұлғаның кəсіби
қызметін қамтамасыз ететін маңызды біліктілік категориясын
атап көрсету арқылы оларды классификациялау.
Нормаланған
КМС-дан
тұратын
мамандықтар
профессиограммасы маман моделін ұсынады жəне осы қызметке
сəй келетін адамның кəсіби қызметнің сипаты мен шарттарына
қойылатын
талаптарды
көрсете
біледі,
сондықтан
да
студенттердің ЖОО-да кəсіби түрде дайындауды іске асыруға
негіз болып табылады[ 13, б.55 ].
3. Болашақтағы маманның «профессиограммасы»
Л.Н. Рютинаның пікірінше «Дене тəрбиесі мен спорттық
жаттығу теориясы мен əдістемесінің қазіргі жағдайы жоғары
оқу орнының типтік оқу бағдарламасы шеңберінде адамның
практикалық тұрғыдан алғанда дене жəне психофизиологиялық
сапаларын дамыту мен жетілдіру үшін, маманның өндірістік
операциялардың кең ауқымды саласы үшін іске асыруға
мүмкіндік
береді.
Маманның
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығындағы (КҚДД) бұл бағыт өз құрамында білім
компонентімен қоса (теориялық жəне əдістемелік көзқарастар
мен білімдердің қажетті минимумын) өзінің шынайы болашақ
кəсіби қызметіне бейімделген қажетті қолданбалы дайындық
пен маман тəрбиелеуден тұруы тиіс...».
Жоғары оқу орнындағы КҚДД-ын тиімді ұйымдастыру
мəселелері алдымен болашақ маманның кəсіби мамандықтар
қатары бойынша еңбек қызметіндегі өзгешеліктер мен
мазмұнының ғылыми негізделген сипаттамасының, олардың көп
түрлі профессиограммасының, əсіресе шынайы өндірістік
159
жағдайларда РТЖ маманының КҚДД мазмұнын анықтайтын
жұмыс параметрлері бойынша мүлде болмауынан тұрады.
Темір жол мамандығы бойынша оқитын студенттердің
КҚДД–ын қамтамасыз етуге арналған профессиограммалар
жүйелі көзқарастар принциптері арқылы нақты еңбек қызметін
жан-жақты
үйрену
негізінде
құрастырылады.
Профессиограммаларға келесі талаптар қойылады: (3 сурет)
- нақты
мақсаттың
болуы
(мамандар
дайындау,
біліктілікті жетілдіру, ЕҒҰ кəсіби бағдары жəне т. б.);
- суреттелген құбылыстардың лайықты бейнеленуі;
- түрлі
мамандықтарды
салыстыруға
мүмкіндік
беретіндей
стандарттық
құрылым,
дəл
анықталатын,
салыстырмалы түрде өзіндік кіші жүйелер мен блоктар;
- біркелкі терминдер, ұғымдар мен анықтамалар арқылы
суреттелінген бірдей тіл;
- бұрынғының негізінде дамуға, жетілуге жəне қайта
туындауға қабілетті бейінді профессиограмма жасау;
Осы ережелерге сəйкес профессиограмма белгілі бір ретпен
4 блокқа топтасқан 19 тараудан тұрады.
Бірінші блоктың тараулары маманның еңбек қызметінің
нақты бейінінің бағытын бейнелейді жəне мамандарды
мақсатты түрде дайындаудың бастамасы болып табылады.
Екінші блок нақты бейін бойынша еңбек қызметінің
құрамын, жағдайларын, регламентін жəне басқа жақтары мен
ерекшеліктерін сипаттайтын тараулардан тұрады. Осы блоктың
материалы оқыту кезінде, кəсіби бағдар беру мен кəсіби
диагностикалау өткізуге дайындау барысында дайындық
мазмұнын анықтауға арналған негіз болып табылады.
Үшінші блок тарауларының мазмұны мамандарға қойылған
талапты бейнелейді жəне мамандардың қандай іскерлік жеке
сапаларға ие болуы керектігімен, қандай жалпы жəне арнайы
білімдерге ие болып, еңбек қызметінің міндеттерін шешуге
арналған
қандай
кəсіби
біліктіліктер
мен
дағдыларды
меңгергендігімен таныстырады.
Төртінші блокта мамандар дайындалатын орындар, оларды
пайдалану мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, кəсіби бағдар
беру жұмыстарын іске асыру мақсатында жəне кезеңдер
бойынша аттестаттау үшін көрсетіледі. Профессиограмманың
160
ұсынылып отырған кестесінен бірінші жəне екінші блоктың
материалдары
осы
бейіндегі
мамандықтың
біліктілік
сипаттамасына негіз бола алады; бірінші жəне үшінші блоктың
материалдары оқу жоспарын қалыптастыруға арналған база
бола алады; үшінші блоктың негізінде оқу пəндерінің
бағдарламалары құрастырылады, білім алушыларға қойылған
сынақ жəне емтихан талаптары белгіленеді.
Сондықтан, мамандық профессиограммасының құрылымы
бүкіл жүйенің байланыс компоненті болып табылады.
1. Еңбек қызметінің бағыты: мамандардың лауазымдары,
еңбек мақсаты, еңбек нысаны, еңбек пəні, маманның міндеттері
мен қызметтері.
2. Еңбек қызметінің сипаты: құрамы (сипаттамалық
жақтары, бірыңғай операциялары, еңбек қызметтері), еңбек
жағдайлары
(орны,
уақыты,
ұйымдастыру,
материалдар,
регламенттеу, құрал-жабдықтар, формалар жəне т.б.); еңбек
процесінің негізгі жақтары (сипаты, ерекшелігі, күрделілігі );
еңбек
процесінің
дене,
психологиялық
жəне
психофизиологиялық
ерекшеліктері
(психикалық
жəне
психофизиологиялық процестердің өту дəрежесі, ақыл-ой жəне
дене қуатының шығындары, психикалық, психофизиологиялық
жəне қызметкердің дене сапаларына қойылатын талаптар);
кəсіби
зияндылықтар
(еңбек
қызметінің
орындалуын
қиындататын жəне қызметкердің жағдайына жайсыз əсер ететін
факторлар).
3 Мамандарға қойылатын талаптар (мазмұны, кəсіби
дайындығы): маманның іскерлік жəне жеке сапалары; іргелі
жəне арнайы тағайындаулар; кəсіби біліктіліктері, еңбек
дағдылары;
арнайы
дайындық;
кəсібіне
көрсетілген
қарсылықтар.
4 Мамандарды дайындау мен пайдалану, мамандықтарды
сабақтастыру мүмкіндіктері; маман кадрларды дайындау
мекемелері; біліктілік арттыру формалары [14 , б.45-46].
КҚДД-ның құрылымдық мазмұнын анықтауда екі негізгі
ұйымдастырушы-əдістемелік көзқарастар негізге алынды.
Біріншісі психофизиологиялық жəне дене критерийлері мен
мамандық топтарының бірдей немесе ұқсас жағдайлары
бойынша зерттеуден тұрады. Екінші көзқарас адам ағзасына,
Достарыңызбен бөлісу: |