аяушылығы, кӛңілі , т.б.);
2) когнитивті (басқаның мінезін түсіну арқылы адамдар арасындағы әртүрліжағдаяттарды
шеше білуі, т.б.);
3) мінез-құлықтық (бірлесіп жұмыс істей білу, қарым-қатынаста түсіністік таныту,
ұйымдастыра алу, т.б.).
Сонымен қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру дегеніміз – оқушыны қоғамдағы
ережелер мен нормаларды дұрыс орындауға мүмкіндік беретін қатысымдық іскерліктерге
үйрету. Қатысымдық құзіреттілік – қоғамдық ӛмірдегі заңдылықтар мен ережелерді
адамның орындай білу дағдысы [8].
А.Жапбаров «сӛйлеу баланың белгілі бір деңгейдегі қатысымдық біліктілігін қажет»
ететіне баса назар аударып, қатысымдық біліктіліктің тӛмендегідей ұғымдар негізінде
жүзеге асатынын дәлелдейді:
1) тіл және оның теориялық жағынан нақты білімінің болуы (халықтық норма жүйесінде);
тілдік құралдарды қарым-қатынастық шарты, жағдайы, міндеттері мен мақсатына
байланысты қолдана алу әрекет шеберлігінің жетілуі;
2) тіл мәдениетін сақтап, әлеуметтік мінез-құлық нормалары, ұлттық ерекшеліктері
негізінде сӛйлеуді ұйымдастыра білу икемділігінің қалыптасуы.
Ғалым «бұл икемділіктер мен шеберліктердің нақты қарым-қатынастық жағдай,
ахуалын немесе сӛйлеу әрекетінің сәйкестілігі мен үйлесімділігін» анықтайтынын айтып,
тілді қарым-қатынастың биік деңгейінде пайдалана білу үшін білім алушыға қажетті
әрекеттерді игертіп, қалыптастыру керектігін сӛз етеді. Оны нақтылап кӛрсетеді [9, 9].
Қатысымдық құзіреттіліктік құрамына енетін іскерліктер мен біліктердің аймағы ӛте
кең. Оқушы қарым-қатынаста ӛзінің атқаратын қызметін алдын-ала жоспарлайды.
Басқалардың пікірімен санаса біледі және кӛмектесуге даяр тұрады. Оқушылардың
қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру үшін әрбір пән мұғалімі әр пәнінің ерекшелігіне
сай жұмыс мазмұны мен түрлерін ұтымды жоспарлай білуі қажет. Қатысымдық
құзіреттілікті қалыптастыру үшін сабақ үрдісінде орындалатын жұмыстар қатысымдық
тұрғыдан жүргізілуі қажет. Мысалы, сабақ барысында оқушының ұйымдастырушылық
қабілетіне назар аударған жӛн. Оқушының ұйымдастырушылық қабілеті оның:
топ мүшелерін басқара білуінен;
тапсырманы орындауда ұжымды және ӛзінің іс-әрекетін ұйымдастыра
алу іскерлігінен;
тапсырманы орындауға қажетті мәліметтерді тиімді жинап, бағыттай
алуынан;
әңгімені мақсатты түрде жүргізуінен;
топты құра білу және олармен жұмыс жасауынан;
ынтымақтастық ахуалды ұстай білуінен;
топ мүшелерімен достық қарым-қатынасынан;
топ мүшелерінің жағымсыз мінез-құлықтарын түзетуінен;
мәселені шешу мақсатында тиімді талдау және келіссӛз жүргізуінен;
сӛз сӛйлеуді ұйымдастыруынан кӛрінеді.
Қатысымдық іскерлік ќабілеті:
ӛз пікірін, құқығын қарым-қатынасты бұзбай қорғауынан;
жаңа идея және жоспар арқылы іс-әрекетке ынталандыра білуінен;
дұрыс сұрақтар қоя білу және әңгімелесушінің эмоционалды және
ақпараттық деңгейін анықтауынан;
екіжақты коммуникация бағытын құра білуінен;
ӛзге адамдарды дұрыс сынай білу және қолдауынан;
келіссӛз жүргізе білу іскерлігінен;
Аудиторияның қызығушылығын анықтай алуынан;
тыңдаушыны сендіре білу және шешендік дағдыларға ие болуынан;
қиын сұрақтарға дәлелді түрде жауап беріп, келіспеушілікті жеңе
алуынан;
пікірталасты мәдени түрде жүргізе білуінен;
талдай алу, ұсыну, жүргізе білу іскерлігінен;
«қиын» топ мүшесімен қарым-қатынас кезінде әңгімелесуді ұтымды
жүргізуінен;
тыңдаушымен жағымды қарым-қатынас орнатып, кеңес бере білуінен
байқалады.
Қатысымдық құзіреттілік лингвистикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан
ұйымдасқан жүйе болып табылады. Тіл сӛйлеу тілінің құралы және оны іске асырудың
бірлігі ретінде дәйектеледі. Қатысымдық құзіреттілік жеке және үнемі даму үстінде
болады. Ол адамның сӛйлеу қызметімен тікелей байланысты. Қатысымдық құзіреттілік
адамның тілдік құралдарды дискурсс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана
білуі арқылы анықталады.
Оқушының дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта, кез келген тақырыпта ӛз ойын
еркін, жүйелі жеткізіп, бір ойдан екінші ойға бірден кӛшіп, кез келген адаммен еркін,
ортақ тіл табыса алса, оның қатысымдық құзіреттілігінің деңгейі байқалады. Құзіреттілік
– белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі
болса, коммуникация – қарым- қатынас, ӛзара пікірлесу, сӛйлесу, ұғынысу дегенді
білдіреді. Демек, қатысымдық құзіреттілік – бұл ӛзара байланыс, пікірлесу, сӛйлесуге
қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, білік, дағдылармен қарулануы, білімдік
қатысымды терең меңгеруі.
Танымдық құзіреттілік. Білім беру үдерісінде қатысымдық құзіреттілікпен бірге
танымдық құзіреттілікті де қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлініп жүр.
Э.Ф.Зеер танымдық құзіреттілікке хабарды ӛздігінен ӛңдей білуді, ӛз бетінше оқуды,
үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдана білуді, пәнаралық байланысты
жүзеге асыра білуді, хабардың шығу кӛзін таба алуды жатқызады [10].
А.В.Хуторской оқу-танымдық құзіреттілікті алға қойған мақсатқа жету үшін
логикалық, әдіснамалық және ортақ ғылыми қызметтердің элементтерін енгізе отырып, ӛз
бетінше танымдық қызметті атқара білу арқылы қалыптастыруға болады деп есептейді. Ол
оқу-танымдық құзіреттіліктің элементтеріне «білім, қабілет, жоспарлау, талдау,
рефлекция және ӛзін-ӛзі бағалау» жатады деп санайды[11].
Қазіргі таңда ақпараттар ағымының кӛптігіне байланысты оқушының алған білімінің
тереңдігіне емес, осы білімді ӛзіне қажетті жағдайда қолдана алу қабілетіне мән беріледі.
Танымдық құзіреттілік күрделі құрылым мен үлкен мазмұнға ие. Ол оқушыдан жаңа
білім мен дағдыны ӛңдей алатын қабілеті болуын, алатын білімін дұрыс ұйымдастыра
білуді, ӛз ісіне жауапкершілікпен қарауды, жұмысын бағалай білуді талап етеді.
Сонымен танымдық құзіреттілік оқушының білімі мен оқуына деген ізденушілік
қабілетін, дағдысы мен білігін байқатады. Оқушының дағдысы оның базалық дағдысының
деңгейіне байланысты (мысалы, ары қарай білім алуға қажет тілдік, т.б. сауаттылығы). Ал
білік – ӛз бетінше жаңа білім ала білу қабілеті және оны нақты жағдаяттарда қолдана
білуі.
Танымдық құзіреттілік оқушының алған білімін ӛз бетінше дамытып, жетілдіріп,
жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білу,
т.б. деңгейінен кӛрінеді. Танымдық құзіреттілік білімдер жүйесінің бірлігінен (жағдаятты
түсінуі, ӛз қабілеті мен білімін бағалауы, ӛзіне қажетті білімді екшелеп, сұрыптап ала
білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі, т.б.) тұрады.
Қазіргі оқу жүйесінде оқушы ӛзінің оқуын жоспарлап, ӛзіне қажетті пәндерді таңдап,
ӛз жұмысын бағалап үйренумен бірге, тиімді де ұтымды ақыл-кеңестерді тыңдап, ӛз
керегіне жарата білуі шарт. Күнделікті ӛзгеріп, дамып отырған заманда оқушы ӛзінің
алған білімін, білігін ұтымды қолдана білуі тиіс.
Танымдық құзіреттілік мазмұны кең және күрделі құрылым болғандықтан, студент
осының ішінен ӛзіне керектісін ғана сұрыптап ала білуі қажет. Сондықтан да болар