Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет22/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

4.  Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе инфармационно- 

коммуникационных средств.- М., 2005 

5.  Селевко Г.К. Педогогические технологии развивающего обучения.-М,. 2005. 

6.  Селевко Г.К. Педогогические технологии авторских школ.- М,. 2005. 

7.  Селевко  Г.К.  Педогогические  технологии  на  основе  дидактического  и 

методического усовершенствования УВП.- М,. 2005 



 

 

 

№  29-30.  Дәріс  тақырыбы:    Бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқытудың  инновациялық 

технологиялары арқылы оқыту  барысында меңгерілетін құзіреттіліктер 

Жоспары: 

1.

 

Қазақ тілін оқыту  барысында меңгерілетін құзіреттіліктер 



 

2.



 

Кәсіби құзіреттілік 

3. Қатысымдық құзіреттілік 

4.

 Танымдық құзіреттілік 



5.

 Лингвомәдени құзіреттілік 

6. Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік 



 

Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзіреттіліктер  

       Жоғары  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіру  үшін  іргелі  реформалар 

іске асырылуда. Еліміздің білім беру саласы білім беру нормаларын мақұлдаған Лиссабон 

конвенциясын,  жоғары  білім  саласы  мен    кұрылымындағы  бірізділікке  қатысты  Сорбон 

декларациясын қолдап, оның басты міндеттерін шешуге ат салысып және Болон үдерісіне 

қосылуы  білім  беру  жүйесіне  тың  ӛзгерістер  енгізіп,  оқыту  үдерісінде  жаңа  әдістерді 

қолдануды талап етуде.  

       Қазіргі  білім  нарығы  нақты  білімді  емес,  студенттердің  құзіреттілігін,  олардың  дара 

тұлғалық  сапасын  талап  етіп  отыр.  Осы  уақытқа  дейін  студентке  білім  беру  кезінде 

мамандықты  ғана  игертіп  келген  болсақ,  қазіргі  кезде    әлемдік  білім  кеңістігіне  ене 

отырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзіреттілік  қабілетіне  сүйену 

арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім  беруді  кӛздеп  отырмыз.  Осымен  байланысты 

оқытуды  құзіреттілік  тұрғысынан  ұйымдастыру,  түпкі  нәтижені  құзіреттілік  тұрғысынан 

айқындау туралы мәселелер білім беру үдерісіне дендеп енді.            

       Дамыған  елдердің  оқу  жүйесінде  кеңінен  қолданыла  бастаған  «құзіреттілік», 

«құзірет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің 

білім  беру  жүйесіне  ене  бастады.  Мұндай  аса  жауапты  білім  деңгейіне  жету  үшін  оқу 

үдерісін  соған  сай  ұйымдастыра  білетін,  мектеп  оқушыларына  білімді  ӛз  бетінше  еңбек 

ете  алатындай  күйге  жеткізе  алатын,  ӛзі  де  осы  аталған  құзіреттіліктерді  меңгерген, 

кәсіби-дидактикалық құзіреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.   

       Құзірет,  құзіреттілік,  біліктілік  терминдері  жан-жақты  қолданыла  бастады.  Аталған 

терминдер  әртүрлімағынада  қолданылады.  «Құзірет»  және  «құзіреттілік»    термині 

кӛбінесе бір-біріне синоним ретінде қолданылып жүр. Құзіреттілік теориясы Г.В.Вайлер, 

Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед және т.б. еңбектерінде айтылған. Білім беруді ұйымдастыруға 

құзіреттілік  тұрғыдан  келу  және  оны    жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  туралы 

мәселелер  М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  В.В.Давыдов,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 

қарастырылған.  

       Қазақстан ғалымдары да  құзіреттілік мәселесін соңғы жылдары жан-жақты зерделеп, 

қарастыра бастады. Білім беру нәтижесін құзіреттілік тұрғысанан бағамдауға айрықша ден 

қойылуда. 

Атап 


айтқанда, 

Ш.Х.Құрманалина 

технологиялық 

құзіреттілікті 

қалыптастырудың  теориялық  және  практикалық  аспектілерін  (колледж  жағдайында 

бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  даярлау)  айқындаса,  Б.Т.Кенжебеков  жоғары  оқу 

орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдарын 



ұсынды.  Ж.Меңлібекова  болашақ  мұғалімнің  әлеуметтік  құзіреттілігін  жетілдірудің 

амалдарын  анықтаса,    Б.Қасқатаева  (болашақ  қазақ  тілі  мұғалімінің  әдістемелік 

құзырлылығын  қалыптастыру  туралы  сӛз  қозғады.  М.В.Семѐнова  жоғары  оқу 

орындарында  болашақ  педагогтардың  технологиялық  құзіреттілігін  қалыптастыру 

мәселесін зерделесе, С.И.Ферхо мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын 

пайдалана білу құзіреттілігін қалыптастыру жӛнінде ӛз әдістемесін ұсынды.  

       Ғылыми-әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру 

туралы мәселе құзіреттілік және құзірет ұғымдары арқылы айқындалып жүр.    

       Құзіреттілік  терминіне  сӛздіктерде  мынандай  түсініктемелер  берілген:    competense 

(латынша)  сәйкес,  жарамды,  competent  (французша)  құзіретті,  құқықты,  competere  –  сай 

болу,  қабілетті  болу  деген  мағынаны,  орыс  тілі  сӛздіктерінде  құзіреттілік  «белгілі  бір 

сұрақтарды,  мәселелерді  біреудің  жетік  білуі»  деген  мағынаны  білдіреді.  Қазақша 

сӛздіктерде  «біреуге  тиесілі  істер,  сұрақтар  шеңберінде  белгілі  бір  адамның  не  мекеме 

ӛкілдігінің құқықты болуы» деген анықтама берілген. 

       Бірақ кӛптеген әдебиеттерде «педагогикалық құзіреттілік» термині кӛп қолданылады. 

Сонымен  бірге,  психологияда  «құзіреттілік»  ұғымын  білім,  білік,  дағдыларды  және 

әрекетті  орындау  тәсілдерін  байланыстыру    туралы  кӛзқарас  қалыптасқан.    Н.Хомский 

«құзіреттілік»  терминін  (латын  тілінде  «Competere»  -  бір  нәрсеге  қабілетті  болу  дегенді 

білдіреді)  В.Гумбольттың  генеративті  грамматика  туралы  зерттеуіне  сүйене  отырып 

енгізген[1].  

       Н.Хомскийдің  айтуынша,  құзіреттілік  дегеніміз  –  айрықша  тілдік  қызметті  атқаруға 

қажетті қабілеттілік. 

       Ю.Н.Емельянов  құзіреттілікке    «дара  тұлғаның  ӛзіндік  қабілеттері  мен  статусы 

шеңберінде  қоғамда  ойдағыдай  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  белсенділіктің 

әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген  анықтама береді.  

       Педагогикалық  және  психологиялық  еңбектерді  саралай  келгенде,  «құзірет»  және 

«құзіреттілік»  терминдерімен  байланыста  «кәсіби  құзірет»,  «басты  (негізгі)  біліктілік», 

«кәсіби тұлғалық сапа», т.б. ұғымдардың қолданылатыны анықталды.  

       «Құзірет»  термині  кӛбінесе  «нәтижелік»,  «жетістікке  жету»,  «түсіну»,  «меңгеру», 

«сапа»,  «мӛлшерлілік»  сӛздерімен  бірлікте  қолданылатынын,  ал  «құзіреттілік»  термині 

кәсіби қызметтегі білім мен тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалды.  

       И.Л.Зимняя  «құзірет»  терминінің  мәні  «құзіреттіліктен»  әлдеқайда  кең  мағына 

беретінін  айтады.  Ғалымдардың  ойынша,  «құзірет»  адамның  жұмысының  аспектісі 

ретінде  танылса,  «құзіреттілік»  осы  аспектіні  орындай  алу  деңгейімен  анықталады. 

Құзірет оқушының білуі қажет нәрсе болса, құзіреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, ӛзін-ӛзі 

танытуы, білімі, білігі ӛзін-ӛзі бағалауы, т.б. мәселелерді қамтиды [2].  

       Кейбір  ғалымдар  оқытудың  мақсаты  қатысымдық  құзіреттілік  болып  табылады  деп 

санаса  (И.А  Зимняя,  Г.В.Колшанский,  Л.Л.Федорова),  енді  біреулері  оқытудың  мақсаты 

ретінде  тілдік  және  қатысымдық  құзіреттілікті  атап  кӛрсетіп  жүр  (Е.М.  Верещагин, 

М.Н.Вятютнев, В.Г.Костомаров және тағы басқалары). 

       И.Л.Зимняя  тілдік  құзіреттіліктің  ӛзін  Еуропада  стратегиялық,  әлеуметтік, 

әлеуметтік-лингвистикалық,  тілдік және оқу  деп жіктеу кездесетінін айта келіп, шетелде 

бес  түрлі  құзіреттілікке  айрықша  мән  берілетінін  сӛз  етеді.  Олар:  саяси  және  әлеуметтік 

құзіреттілік  (әртүрліжағдаяттарды  бейбіт  түрде  шешуі,  топтық  шешім  қабылдай  алуы, 

жауапкершілікті  сезінуі,  демократиялық  институттарды  қолдауы  және  соған  қатысуы); 

мәдениаралық құзіреттілігі ( кӛп мәдениетті қоғамда ӛмір сүре білу қабілеті, басқаларды 

сыйлауы,  олардың  мәдениеті,  тілі,  салт-дәстүрін  сыйлай  отырып,  ӛмір  сүре  алуы); 

қатысымдық  құзіреттілік  (ауызша  және  жазбаша  коммуникацияны  игере  білуі,  жұмысы 

мен  әлеуметтік  ӛміріне  қажетті  қабілеттерді  игеруі,  бірнеше  тілді  меңгеруі);  ақпараттық 

құзіреттілік  (ақпараттың  жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  тани  білуі,  оған  сыни 

кӛзқараспен  қарауы,  технологияларды  меңгеруі  мен  қолдануы);  танымдық  құзіреттілік 

(ӛмірде  ӛзінің  білімін  үздіксіз  жетілдіруі,  кәсіби  тұлғасы  мен  әлеуметтік  ӛмірін  үнемі 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау