дамытып отыруы).
Жалпы құзіреттілік туралы кӛптеген пікірлер бар. Құзіреттілікті базалық, кәсіби,
академиялық, лингвистикалық деп жіктеу кездеседі. Базалық құзіреттілікке мамандығына
қарамастан бүкіл адамдардың игеруі тиіс құзіреттіліктер жатса, кәсіби құзіреттілік
жұмысына байланысты алға қойған мақсат пен міндеттерді шешуінен, әдістемелік
тұрғыдан ұйымдастыра алуынан кӛрінеді. Академиялық құзіреттілік белгілі бір сала
бойынша әдіснамалық және терминологиялық білімінен, оны қолдана білуінен байқалады.
Бұл құзіреттіліктер ӛз ішінен бірнеше құзіреттіліктерге жіктеледі. Қазіргі таңда білім
беру
үдерісінде
құзіреттіліктердің
бірнеше түрлері (ақпараттық, танымдық,
проблемалардың шешімін табу, лингвистикалық, әлеуметтік, коммуникативтік,
стилистикалық, технологиялық, кәсіби, елтанушылық, лингвомәдени, сӛйлесу,
дискурсивтік,
старегиялық,
әлеуметтік-мәдени,
интерактивті,
прагматикалық,
культурологиялық,
ақпараттық-технологиялық,
семантикалық,
кәсіби
іскерлік,
әлеуметтік-құқықтық, мәдени-танымдық, әлеуметтік-еңбек, құндылықты-бағдарлы)
айтылып жүр. Бұл құзіреттіліктердің барлығы да оқушыны түпкі нәтижеге жеткізуге
кӛмектесетіні мәлім.
Кәсіби құзіреттілік. Қазіргі кезде кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық аспектілері кӛптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді. Атап
айтқанда, мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігіне байланысты С.И.Ферхоның «Мұғалімдердің
оқу процесінде электронды оқу басылымдарын пайдалануға байланысты кәсіби
құзіреттілігін қалыптастыру», Г.Т.Ахметованың «Болашақ мұғалімдердің валеологиялық
құзіреттілігін қалыптастыру», Н.Р.Шаметовтың «Үздіксіз білім беру «Колледж-ЖОО»
жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру»,
Ш.К.Жантілеуованың «Педагогикалық іс-тәжірибе процесінде студенттердің кәсіби
құзіреттілігін қалыптастыру», Е.В.Набиеваның «Бірегей проблема бойынша арнайы курс
жүйесі арқылы педагогикалық университет студенттерінің зерттеушілік құзіреттілігін
қалыптастыру», Г.О.Рахимбекованың «Тілді емес ЖОО-ның студенттерінің
коммуникативтік құзіреттілігінің қалыптасуын бақылау» атты зерттеулері бар.
Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзіреттілік ұғымына мынадай анықтама береді:
«кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен
жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары
деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық
әрекетінің, ӛзін-ӛзі дамытуға дайындығының бірігуі». Әдіскер кәсіби құзіреттілікті
арнайы құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік, жеке тұлға құзіреттілігі, дара құзіреттілік деп
тӛртке жіктейді.
М.Чошанов
кәсіби құзырлылықты «...кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде
орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу» деп түсіндірсе,
В.А.Сластенин «...кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару
мақсатында теориялық және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі» деп
есептейді.
Қатысымдық құзіреттілік Кейбір
әдіскерлердің ойынша, қатысымдық құзіреттілік
күрделі кӛпкомпонентті білім жүйесі болып табылады. Олар оның құрамына
лингвистикалық, социолингвистикалық, паралингвистикалық, пәндік элементтерді
жатқызса, Т.И.Капитонова т.б. қатысымдық құзіреттіліктің бӛлек компоненттерін дербес
құзіреттілік ретінде қарастырады[3].
«Қатысымдық құзіреттілік» термині түрлі мағыналарға ие. Мысалы, D.Hymes тілді
меңгеруде тек қана грамматика мен лексиканы ғана үйреніп қоймай, оның қоғамдық
жағдайын және қолданылуын да білу керек деп есептейді. Яғни оқытушы қатысымдық
құзіреттілікті қалыптастыруда экстралингвистикалық білімнің алатын рӛліне баса назар
аударуы қажет.
Қатысымдық құзіреттілік дегеніміз – оқушының нақты қатысымдық жағдайларда
адекватты түрде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және оның қарым-қатынаста
әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі. Кейбір ғалымдар
«комуникативтік» және «құзіретілік» ұғымдарын ӛзара байланыстырады. Тұлғаның
коммуникативтік құзіреттілігі адамдармен байланысқа түскен кезде толық ашылады.
Әсіресе адамдармен тіл табысуда ӛз кӛзқарасын дәлелдеуі керек.
Мұғалім оқушы бойына қатысымдық білім мен дағдыларды қалыптастыру үшін
оларды кез келген ортада ӛзіне қойылған және бӛгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты
жауап беруге даярлауы; қарым-қатынаста сӛз байлығын кеңінен қолдана алуға үйретуі;
айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге дағдыландыруды; кез келген
тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалай білуді; тұлғааралық конфликт
орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу
икемділігін жетілдіруі қажет.
И.А.Зимняя қатысымдық құзіреттілікті оқытудың мақсаты мен нәтижесі ретінде
қарастырады да, оқу мерзімінде оған жету қиын деп есептейді. Ол қатысымдық
құзіреттілікті қабілет ретінде тек қалыптастыруға, дамытуға және зерттеуге болады деп
санайды.
М.Н.Вятютнев құзіреттілікті тілдік және қатысымдық деп екіге бӛледі. Тілдік
құзіреттіліктің «түрлі айтылым үдерісі кезінде аз мӛлшердегі ережелері бар интуициялық
білім» екенін айтады. Ал қатысымдық құзіреттілікке «адамның қарым-қатынас жасау
барысында жағдайға бейімделу қабілеттілігі, немесе сӛйлеу кезінде ӛзіне қажетті
бағдарламаларды таңдап алуы мен іске асыру қабілеттілігі» деп анықтама береді де, оның
үш түрін кӛрсетеді: бастапқы, ортаңғы және дамыған[4].
Адамдардың қатысымдық құзіреттілігі бәрінде бірдей болмайды. Ана тілінде
сӛйлейтін адамдардың ӛзінде де қатысымдық құзіреттілік бір деңгейде кездеспейді. Ол әр
адамның қабілетіне, қоршаған ортасына байланысты ӛзгеріп отырады. Адам жас кезінде
қарапайым құзіреттіліктен бастап, ӛзінің даму барысында аралық құзіреттіліктен ӛтеді.
Ересек болғанда оның бірқалыпты тілдік қатысымдық құзіреттілігі қалыптасады, алайда
ол әр адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров та тілдік және қатысымдық құзіреттілікті
кӛрсетеді. Олардың түсінігі бойынша, тілдік құзіреттілік дегеніміз – сӛйлеушінің
грамматикалық жағынан дұрыс фразалар тізбегін ӛзіне үйретілген негіз бойынша айту
қабілеттілігі. Қатысымдық құзіреттілік дегеніміз – қоғамдық, ұлттық-мәдени ережелердің,
бағалардың және құндылықтардың жинағы.
Олар құзіреттіліктің шет тілін оқыту мазмұны болып табылатын тӛрт түрін атап
кӛрсетеді:
- тілдік (лингвистикалық) құзіреттілік;
- қатысымдық құзіреттілік (тілде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін қабілеттілік);
- әдістемелік құзіреттілік;
- елтанушылық құзіреттілік( тілі оқылатын ел туралы білім).
Олар студенттерде лингвистикалық, қатысымдық, елтанушылық және қатысымдық-
әдістемелік құзіреттілікті қалыптастыруды ұсынады [5].
А.Б. Добрович қатысымдық құзіреттілікті тұрақты түрде қарым- қатынасқа дайын
болу ретінде қарастырады. Оны ғалым ақыл-ес және ойлау тұрғысынан түсіндіреді. Ойлай
білген адам әруақытта қарам-қатынасқа дайын болуы керек. Ол түрлі жағдаяттарда
қарым-қатынасқа түсе білуі қажет деп санайды [6].
В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров қатысымдық құзіреттілікке «адамның күнделікті
қызметінің бір бӛлігі» деп анықтама береді. Олар адамдардың кӛбі қатысымдық актіні
қалай қолдану керектігін ойламайды. Ол үшін белгілі бір іскерлік пен дағды болуы қажет.
Сонда ғана қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыруға болады деген пікірді ұсынады [7].
Педагогика-психологиялық
зерттеулер
қатысымдық
құзіреттілікке
жататын
тӛмендегідей компоненттерді атап кӛрсетеді:
1) эмоциональдық (адамның басқаға деген эмоционалдық кӛңіл-күйі, түсінушілігі,