ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет86/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142

257

дамығанын  дәлелдейді.  Ашылған  жаңа  фактілер  қорытындыланады 

және  жүйеленеді,  зерттеу  шаралары  нақтыланады  және  т.б.  Алайда 

уақыт  өте  келе,  қолданылып  жүрген  парадигма  шектерінде  ғылымда 

ашылған  жаңа  фактілердің  табиғатын  түсіну  мүмкін  болмай  қалады. 

Ғылыми  қауымдастық  арасында  айтыс-тартыстар,  күмәндану  пай-

да  болып,  бұрынғы  құндылықтар  енді  қызмет  етуін  тоқтатады.  Бұл 

ғылымның  тоқырауына  әкеліп  соқтырады  және,  тиісінше,  жаңа 

үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, құндылықтарын ғылыми 

қауымдастық таныған жаңа үлгілер пайда болады. Жаңа өнімді зерт-

теулер басталады.

Ғылымның дамуына осындай тарихи көзқарас постпозитивизмдегі 

жаңа сөз болды.

Т.Кун  енгізген  екінші  жаңалық  –  бір  немесе  басқа  үлгі  аясында 



тәжірибеге  негізделген  білімді  қарастыру.  Ғылымда  үлгіге  тәуелді 

болмай  өмір  сүретін  фактілер  жоқ.  Бір  немесе  басқа  үлгіні  игерген 

ғалым  барлық  фактілерді  соның  жарығымен  «көреді».  Фактілер  бір 

немесе  басқа  теориядан  тыс  өмір  сүре  алмайды,  ал  ол  кезде  теория 

фактілерді  қорытады  және  оларды  өмірде  қалай  пайдалануға  және 

қолдануға болатынын айқындап береді.

Кун  ұсынған  ғылым  үлгісі  –  ол  классикалық  рационализмнен 

шегіну, ұтымдылықты адамның ынтызарлықтары мен нақты мәдени 



дәуірлердің  ерекшеліктері  қатарына  сыйдыру  әрекеті.  Ұтымдылық 

қажетті  мүдделерді  ғана  көздейтін  (прагматикалық)  мағынамен 

толығады: адам өне бойы өзінің ұтымды әрекеттерін шынайы пайымға 

сілтеме  жасамай,  қызметіндегі  табыстары  арқылы  дәлелдеп  отыруға 

мәжбүр. Сондықтан табысқа жеткен соң, ол бәсекелес көзқарастардың 

алдында іс-әрекеттерінің пайымдылығы мен сәттілігі туралы пікірінен 

таймай,  өзінің  қызметін  пайымды,  ақылға  сыйымды  деп  атауға 

құқылы.  Әрбір  «ғылыми  қауымдастық»  өзінің  ұтымдылығына  өзі 

баға бере алады. Бірақ жекелеген тұлғаның еркіндігі мен ұтымдылығы 

«қауымдастықтың» ұжымдық әрекетімен және ақылымен шектелген.

Ғылым  философиясындағы  «тарихи»  бағыттың  негізін  салушы-

лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті 

маманы майкл полани (1891-1976).

Ғылым  және  адам  танымының  басқа  да  түрлері,  Поланидің  ойын-

ша,  таным  үдерістерінің  барлық  мүмкін  болатын  қайта  құрылуының 

(реконструкция) ішінен субъектінің түбегейлі жойылмайтындығынан 

тұратын тұтастық алған. Сол арқылы Поланидің ғылым философиясы 

өз идеялары мен әдістері арқылы әлеуметтануға жақын жанаса отырып, 



258

позитивизмге де, «сыни рационализмге» де, яғни XX жүзжылдықтың 

60-70  жылдарындағы  ғылым  философиясының  беделді  бағыттарына 

балама болды.

Полани  позитивистердің  негізгі  қағидаларын  –  «эмпиризм  бағдар-

ламасын» сынға алды. Сонымен қатар ол Поппердің таным үдерістерін 

мәдени-тарихи,  әлеуметтік  детерминациядан  (яғни  осы  құбылысты 

болдыруы мүмкін себептерден) алшақтатып, логикалық-рационалдық 

тұрғыда қайта құру мүмкіндігі туралы идеясына да қарсы шықты.

Поланидің  ойынша,  әлеуметтік-мәдени  тұжырым  факторлары 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруға  ғана  емес,  сонымен 

бірге оның мазмұнына да маңызды ықпал етеді. Ғылыми теорияларды 

бағалау үшін, ғалымдардың өзара қарым-қатынасында ғана алынатын 

және игерілетін «айқын емес білімнің» де ерекше маңызы бар. Бұл білім 

іс жүзінде айқын формада – суреттеу, диаграмма, нұсқаулықтар неме-

се оқулықтардағы мәтіндер түрінде көрінбейді. Ол қашанда зияткерлік 

пікірсайыстар  өтіп  жататын  сахна  «пердесінің  сыртында»  қалады, 

бірақ олардың мазмұны мен сипатына айтарлықтай ықпал етеді.

Ғылыми білім туралы Поланидің және оның ізбасарларының осын-

дай көзқарасы «сыннан кейінгі рационализм» деп аталды. Ол ғылыми 

ұтымдылықтың икемділеу түсінігін іздеуге бағытталу дегенді білдіреді. 

Ғылымның  алға  басуы  –  бәріне  ортақ,  «тұлғасыздандырылған» 

әлдебір  білімге  қарай  жүру  емес,  таным  үдерістеріне  жеке  қатысу 

мүмкіндіктерін  арттыру,  білім  беру  жүйелерін  кеңейту  және  кәсіби 

зерттеу қызметі болып табылады.

Постпозитивизмге және оның негізгі бағыттарына талдау жасауды 

аяқтай келе, тағы бір белгілі тұлға – ағылшын философы және ғылым 

әдіскері  пол  Фейерабендтің  шығармашылығына  тоқталмай  өтуге 

болмайды.  Өткен  ғасырдың  50-60  жылдары  ол  «эпистемологиялық 



жарылыс» жасады. Бұл нені білдіріп еді?

Ол  логикалық  эмпиризмнің  әдістемелік  бағдарламаларын  сынға 

алды. Сын нысанасына бәрінен бұрын ғылым дамуының кумулятивтік 

үлгісі, яғни ғылыми білімнің артуын барлық жаңа шынайы білімдердің 

бұрыннан  бар  дәл  сондай  шынайы  білімдер  жиынына  қосылуының 

үздіксіз  үдерісі  деп  жорамалдайтын  үлгі  ілікті.  Полға  бұл  ұнамады. 

Оның ойынша, кумулятивтік (шоғырландырушы) үлгінің негізінде екі 

жаңсақ ұстаным жатыр. Олар:

а)  жүйелі  түрде  бір-бірін  ауыстырып  отыратын  ғылыми  теорияға 

кіретін терминдер мағыналарының инварианттылығы (өзгермеушілігі, 

бір нәрсеге тәуелді болмауы немесе басқа нұсқасының болмауы);




259

ә)  алдыңғы  теорияның  қабылдаушы  теориядан  логикалық 

(қисынды) шығарылуы.

Ал  Фейерабендтің  пікірінше,  бір-бірін  ауыстыратын  теория-

лар  арасында  логикалық  қатынастар,  бірінші  кезекте  логикалық 

шығару  қатынастарын  белгілеуге  болмайды.  Ғылыми  терминдердің 

мағынасы  теорияның  бар  тұжырымымен  айқындалған,  сол  себепті 

бәсекелесуші  теориялар  терминдерінің  мағынасы  бірдей  болмауы  ке-

рек. Ол ғылымдағы әрбір теория өзінің санат (ғылыми ұғым) құралына 

сүйенетініне сенімді болды. Егер бір немесе өзге ұғым басқа теорияға 

ауысса,  онда  оның  мазмұны  дереу  өзгереді.  Сондықтан  теорияларды 

бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Олай болса, әр ғалымның өз тео-

риясын  құру  мүмкіндігі  бар.  Бір  немесе  басқа  теория  бәсекелестікте 

өзінің шындыққа жақынырақ болғаны үшін жеңбейді, оны ғылыми 



қауымдастықтың  насихаттауы  нәтижесінде  жеңіске  жетеді.  Енде-

ше, ғылым – ғылым өмір сүріп жатқан институттар, яғни: дін, мифоло-

гия, философия және басқаларының бір түрі ғана болып табылады. Сол 

себепті олар әлемді танып білуде теңдей болуға тиіс. Бұндай ұстаным 



«әдістемелік плюрализм» деп аталды, өйткені ол постпозитивизмнің 

шығармашылық әлеуетінің енді сарқылғанын көрсетті.

Дегенмен постпозитивизмнің әр ағымының қазіргі заманғы ғылым 

философиясында кең пайдаланылатынын атап өткен жөн.



8.4. структурализм

Позивитизмнің негізгі бағыттарына структурализм өте тығыз жа-

насады.  Бұл  –  XX  ғасырдың  гуманитарлық  танымындағы  бірқатар 

бағыттардың ортақ атауы. Олар құрылымды, яғни әртүрлі өзгертулер 

мен  түрлендірулер  барысында  орнықтылықты  сақтауға  қабілетті 

бірбүтіннің  элементтері  арасындағы  көпдеңгейлі  қатынастардың 

жиынтығын айқындауға байланысты. 

Структурализмнің даму үдерісі бірқатар кезеңдерді қамтиды:

–  әдістің қалыптасуы – бәрінен бұрын құрылымдық лингвистикада;

–  әдістің барынша кең таралуы;

–  әдісті барлық ғылымдық тұжырымдарға енгізу нәтижесінде оны 

айқындықтан айыру; 

–  сынау және өз-өзін сынау, постструктурализмге өту.

Бағыттың өзі Францияда пайда болды және ол швейцарлық тіл ма-

маны  Фердинанд  де  Соссюрге  (1857-1913)  байланысты  еді.  Ол  алғаш 

рет тілді жүйе (құрылым) ретінде қарауды ұсынды, тіл лингвистикасы 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау