ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет87/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142

260

мен  сөйлеу  лингвистикасының  шекарасын  ажыратты,  синхрония  (гр. 

sinchronis  –  бірмезгілдік,  дәл  сәйкестік)  мен  диахронияны  (гр.  –  dia  – 

арқылы, chronos – уақыт – тілдің уақыт ішінде ауысуы) бөліп көрсетті.



соссюр – бір жағынан, интроспекционизмнен (лат. – intospectare – 

ішке  үңілу),  екінші  жағынан,  фактілерді  позитивистік  қосудан  бас 

тартуды талап ететін Еуропадағы құрылымдық лингвистиканың негізін 

салушы болып табылады. Оның бағдарламасы фактілерді эмпириялық 

жинақтау сатысынан теорияларды құру сатысына өтуге байланысты.

Сондықтан, егер басында структурализм ғылыми әдістеме ретінде 

пайда болса, ал кейіннен ол басқа салаларға да таралды. Олар:

–  мәдениетті зерттеу (Ю.М.Лотман);

–  этнография (К.Леви-Строс);

–  психикалық талдау (Ж.Лакан);

–  әдебиеттану және көпшілік мәдениеті (Р.Барт);

–  ғылым тарихы (М.Фуко) және басқалары.

Сонымен,  француз  философы  және  мәдениет  тарихын  зерттеуші 



мишель  поль  Фуко  (1926-1984)  өзін  ешқашан  структуралист 

санамағанмен,  оның  жеткілікті  дәрежеде  бүтін  шығармашылығында 

структурализмнің  үрдістері  айқын  байқалады,  өйткені  ол  мәдени 

негіздің  (эпистем)  инварианттық  пішін  үйлесімін  іздеумен  айналыс-

ты. Ол диахрондық факт жинаушылықтан бас тартып, басты назарын 

мәдениеттің  лингвистикалық-семиотикалық

1

  механизмдеріне  аударды 



(бұл әсіресе «Сөздер мен заттар: гуманитарлық ғылымдардың археоло-

гиясы» (1966) атты еңбегінен көрінеді). 

Осының  бәрі,  сондай-ақ  барлық  «антропологиялық  қиялдардың» 

мәселелері  оның  көзқарасын  структурализм  идеясына  жақындата 

түседі.

Француз  зерттеушілері  арасында  өзін  структуралист  деп  ашық 



жариялаған  жалғыз  адам  –  этнолог,  құрылымдық  антропология 

тұжырымдамасын  құрушы  клод  леви-строс  болды.  Өзінің  фило-

софиясын  ол  сезімдікті  ұтымдылыққа  ұштастыруға  ұмтылатын  «аса 

жоғары  рационализм»  деп  атады.  Философия,  оның  ойынша,  шын 

мәнінде  «ғылымды  уақытша  ауыстырушы»,  ал  соңғы  өзінің  дамуы 

шамасына  қарай  философиялық  мәселелер  саласын  табысты  игереді. 

Ғылымның өзін ол оның құрамына әдетте таза философиялық деп сана-

латын көп мәселелерді енгізе отырып, барынша кең түсіндіреді. Сөйтіп, 

Леви-Строс, Руссодан кейін, этнологияның негізгі міндеті – табиғаттан 

1

 Семиотика – тілдік таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы.




261

мәдениетке өтуді зерттеу деп санайды. Аутентистік (гр. – authenticos – 

шынайы, бастапқы көзден шығатын) структурализм философиясының 

сипаттамасын  «трансценденттік  субъектісіз  кантиандық»  (Кант  ілімі 



туралы сөз болып отыр. – Аудармашы) ретінде қабылдай отырып, ол 

өз тұжырымдамасында субъектінің болмауы фактісінен құрылымдық 

антропологияға нысанға айналған ойлаудың нақтылығына тікелей қол 

жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылық көреді.

Леви-Строс 

шығармашылығында 

структурализмге 

батыл 


жатқызуға болатын ерекшеліктер айқын көрінеді. Олар:

–  «тарихқа» қарсы қойылған структурализмге сүйену;

–  субъектіге қарсы қойылған тілге сүйену;

–  санаға қарсы қойылған санадан тыс әрекетке сүйену.

Структурализмнің тағы бір маңызды ерекшелігін айту керек: ол – 

тәртіптілік  арасы.  Оның  үрдістері  халықаралық  болды,  бірақ  олар  әр 

жолы әртүрлі жағдайларда іске асырылды.

Барлық философ-структуралистер немесе соларға жақын болғандар 

қоғамның:  тіл  білімі,  психология,  тарих,  этнография  секілді  аса 

күрделі  құбылыстарында  әртүрлі  өзгерістер  жағдайында  өзгермей, 

сол қалпында қалатын (инварианттық) құрылымдарды тапты. Алайда 

құрылымның  кейбір  элементтерінің  орнын  ауыстырып  қою  арқылы 

олар нысанның кейбір жаңаланған, түрлері өзгерген формаларын алуға 

тырысты. Сөйтіп, бір топқа жататын заттардың әлдебір жиынтығының 

құрылымдық  айырмашылықтарын  зерттей  келе,  құрылымның 

солардың негізінде жатқан дерексіз инвариантына жетуге болады. Мы-

салы,  әлем  халықтарының  әртүрлі  тілдерінде  біртұрпатты  қайсыбір 

құрылымдардың  бар  екені  анықталды,  олар  да  адамдардың  ойлауын-

да «қалыпты» және «қалыптан тыс» күйінде ашылған; бір-бірлерінен 

континент, теңіздер және басқалары арқылы алшақ жатқан түрлі-түрлі 

халықтардың мифтерінде біртұрпатты құрылымдар табылған.

8.5. прагматизм және неокантиандық

«Прагматизм»  терминін  алғаш  рет  «Нақты  ақыл-ойды  сынау» 

атты  еңбегінде  Кант  қолданса,  соның  аясында  осы  бағыт  бастау 

алған  американдық  философияға  Чарльз  сандерс  пирс  (1839-1914) 

енгізді.  «Идеяларымызды  қалай  айқын  ете  аламыз?»  (1878)  деген 

мақаласында  ол:  «Болжалды  түрде  іс  жүзінде  маңызы  болуы  мүмкін 

қандай  зардаптардың  біздің  түсінігіміздегі  нысанға  тән  екенін  қарап 

көрейік.  Сонда  біздің  ол  зардаптар  туралы  түсінігіміз  нысан  ұғымын 




262

құрайтынның бәрі болып шығады», – деп жазды. Пирс кейбір «базис-

ке»  немесе  «негізге»,  –  ол  танылатын  субъектіні  сезу  және  қабылдау 

немесе ақыл-парасаттың априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымдары 

болса да, – келтірілуі мүмкін білім қағидасын қабылдамайды. «Фунда-

ментализмге» балама деп Пирс мынадай: нысан туралы түсінікке осы 

нысанмен  орындалатын  әрекеттерден  шығатын  нақты  зардаптардың 

барлығын  қарау  арқылы  қол  жеткізуге  болады  дейтін  ұстанымды  са-

найды (Пирс қағидасы). Ал терминнің мағынасы – осы термин қисынды 

бастауыш  болып  табылатын  барлық  сөйлемдерді  (айтылғандарды)  іс 

жүзінде тексеру шарттарының жиынтығы. Ондай айтылған ойлардың 

көпшілігі  шын  мәнінде  шексіз  болғандықтан,  мағынасы  толық  емес, 

ішінара  ғана  айқындалуы  мүмкін,  ал  нысан  туралы  біздің  біліміміз 

қашанда  аяқталмаған  және  терістелген,  болжамға  құрылған  болып 

келеді.  Бұл  күнделікті  білімге  және  жаратылыстану  білімдеріне  ғана 

емес, сонымен қатар жалпыға бірдейлігі қарсы мысалдармен терістелуі 

мүмкін математикалық және логикалық ой-пікірлерге де қатысты бо-

лып табылады.

Пирс  ұсынған  мағына  теориясы  «прагматикалық»  (қажетті  мүд-

делерді  көздейтін)  деген  ат  иеленді.  «Прагматизм»  деген  терминнің 

өзін де Пирс алғаш рет жоғарыда аталған мақаласында қолданды.

Жалпы,  бұл  ғалымның  қаншалықты  жан-жақты  болғанын  оның 

ғылыми мүдделері мен соның нәтижелері дәлелдейді. Ол ғылымдағы 

бірнеше бағыттың негізін қалаушы: математикалық логиканы, семио-

тиканы (белгілер туралы ілім) құрушылардың бірі болды; геодезия, та-

рих философиясы, психология, әдістеме және ғылым тарихы бойынша 

іргелі  зерттеулер,  алгебра  мен  стандартты  емес  талдаудағы  маңызды 

нәтижелер  мен  идеялар  соған  тиесілі.  Философияда  ол  «фанероско-

пияны»  (гр.  –  phaneron  –  құбылыс,  көрініс):  болмыс  пен  танымның 

«Бастапқылық»  (Firstness),  «Екіншілік»  (Secondness),  «Үшіншілік» 

(Thirdness)  санаттарында  берілген  үш  негізгі  деңгейі  туралы  ілімді 

әзірледі;  ойлау-пайымдау  тілін  қалыпқа  келтірудің  математикалық 

әдістерін  пайдаланатын  логикалық  ғылымның  қалыптасуына  айтар-

лықтай ықпал етті. 

Пирстің  өзі  прагматикалық  ұстанымға  логикалық  семантика  мен 

ғылыми  әдіс  мәселелеріне  қатысты  ғана  басымдық  берді,  ал  ол  кезде 

шындық  ұғымын  түсіндіруде  прагматизм  уәждері  оның  философия-

сында реалистік және неокантиандық идеялармен астасып жатады.

Сол  себепті  көпшілік  адамдар  көбінесе  прагматизмнің  филосо-

фиялық  тұжырымдамасын  Пирстің  ізбасары,  американдық  философ 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау