ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет82/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142

245

Көрнекілікті  жоғалту.  Ғылыми  білімнің  артуы  жинақталған 

фактілердің  жиынын  қорыту  негізінде  емес,  математикалық  есептеу-

лер негізінде алынған кеңейтілген синтез арқылы болады, сол себепті 

бастапқы  көрнекілік  жоғалады;  ғалымдар  әлем  нысандарының  терең 

құрылымына бойлай түскен сайын, олардың зерттелетін нысандардың 

қасиеттері  мен  сапаларын  тікелей  бақылауының,  тәжірибе  жолымен 

анықтауының  мүмкіндігі  азая  береді.  Егер  классикалық  ғылымда 

дәлме-дәл  және  қатаң  білім  алуға  ұмтылу  маңызды  болса,  енді  оған 

қол жеткізудің мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан ықтимал білім 

алуға көп көңіл бөлінетін болды. 

Оның  үстіне,  теориялық  тұрғыда  алынған  білімдердің 

негізгі  белгілері  қарапайымдылық,  симметриялық,  когеренттік, 

эвристикалық

1

,  болса,  ал  іс  жүзінде  –  пайдалылық,  тиімділік,  нақты 



өмірде қолданушылық және т.б. қасиеттерге назар аударылды.

«Болмыстан»  «қалыптасуға»  бұрылу.  Егер  классикалық 

ғылым  заттар  мен  құбылыстардың  өзгергіштігінен  сапасы  жағынан 

өзгермейтін,  орнықты  нәрсені  көруге  тырысса,  ал  қазіргі  заманғы 

ғылым  жаңа  құрылымдардың  пайда  болуын,  ескілерінің  жоғалуын 

зерттей  отырып,  әлемді  уақытта  мәңгі  қалыптасып  жататын  және 

күрделене беретін оқиға ретінде қарайды. Сөйтіп, жаңа эволюциялық 

ғылым пайда болады.

Әлбетте,  ерте  замандарда-ақ  ұлы  ойшылдар  әлемнің  мәңгі 

қалыптасуда  болатынын  байқаған,  заттар  мен  денелер  қарама-

қайшылықтардан  өзара  өту  арқылы  өмір  сүреді  (Лао-Цзы),  барлығы 

ағып өтеді, бәрі өзгереді (Гераклит) және т.б. Жаңа заманда қалыптасу 

санатына  Гегель  көп  көңіл  бөлді.  Алайда  классикалық  ғылымның 

қалыптасуы  барысында  тікелей  қарама-қарсы  бағыттар  (интенция) 

пайда  болды.  Табиғатты  зерттеуде  энергияны  сақтау  заңына  сәйкес, 

заттардың  аққыштық  қасиетінен  ғалымдар  қаншалықты  өзгеріс  бол-

са  да,  өзінің  негізіне  қайтып  оралатын  әлдебір  тұрақты,  кезеңдік, 

бірқалыпты қасиетті табуға әрекеттенді.

Бұндай дүниетанымдық көзқарасқа XIX ғасырда өзінің эволюциялық 

теориясымен  Ч.Дарвин,  қоғамдық-экономикалық  құрылымдар  тура-

лы  ілімімен  К.Маркс  мықты  соққы  берді.  XX  ғасырда  эволюциялық 

химия,  ал  астрофизикада  «Үлкен  жарылыс»  теориясы  пайда  болды. 

Сөйтіп, осы жетістіктер нәтижесінде ғылымда ғаламдық даму теория-

сы өмірге келді.

Эвристика – теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жүйесі. 




246

Есептеу ғылымының пайда болуы. Нақты тәжірибелік зерттеулер-

ге  виртуалдық  (шынайы  емес)  зерттеулер  қосылды.  Ерекше  күрделі 

құрылымдарды оларда болып жататын үдерістерді «машинаға ұқсату» 

арқылы зерттеуге жол ашылды.

Ал  енді  негізгі  философиялық  мектептер  мен  бағыттарға  талдау 

жасайтын уақыт келген сияқты.



8.3. ғылым философиясы ретіндегі неопозитивизм

неопозитивизм  (лат.  neo  –  жаңа,  positivus  –  оң,  дұрыс)  –  ғылыми 

техникалық ілгерілеу шектерінде пайда болған және қазіргі ғылымның 

теориялық-танымдық мәселелерін басты санайтын осы заманғы Батыс 

философиясы бастауын Огюст конт (1798-1857) шығармашылығынан 

алады.  Оның  асқан  таланты  мен  ақыл-ой  қабілеттері  ерте  танылды: 

14 жасында ол өзінің діни және саяси көзқарастарын қайта қарап, өзін 

атеист және республикашыл деп жариялауы арқылы католик және роя-

лист, яғни монархияны жақтаушылар болып табылатын ата-анасының 

көңілін  қатты  қалдырды.  Ол  15  жасында  институтқа  қабылдау  ем-

тихандарын  жоғары  бағаларға  тапсырғанмен,  жас  болуы  себепті 

оқуға  келесі  жылы  қабылданды.  Алайда  онда  екі  жыл  ғана  оқып, 

студенттердің қозғалысына қатысқаны үшін оқудан шығарылды. Оған 

Огюст оншалықты қапалана қоймады, өйткені екі жылдың ішінде ол 

бар бағдарламаны игеріп болған-ды. Ары қарай ол білімін өз бетінше 

жалғастырды.

Дарынды  жас  жігітке  ұлы  ойшыл-утопист  граф  де  Сен-Симон  на-

зар  аударып,  оны  өзіне  хатшылық  жұмысқа  шақырады.  Конт  Сен-

Симонмен  жеті  жыл  бірге  жұмыс  істейді.  Бірақ  екі  данышпан  ұзақ 

уақыт  бірге  жұмыс  істесе  алмайтын  болды:  Огюстің  өне  бойы  өз 

көзқарасынан  танбауы,  өзінікін  дұрыс  санауы  олардың  қарым-

қатынастарын қиындатып жіберді.

Алайда  ол  тамаша  мектептен  өтті,  сондықтан  Сен-Симоннан  кет-

кенмен, өз өмірін толықтай ғылымға арнап, 1826 жылдан бастап оған 

әлемдік даңқ сыйлаған іргелі еңбегі – алты томнан тұратын «Оң фило-

софия курсын» жазумен айналысады.

XIX ғасыр ғылымының екі басты қағидасы Конт атымен байланыс-

ты:

а)  кез  келген  «оң»  (іс  жүзіндегі)  білімнің  салыстырмалылығын 



тану;

ә)  жүйелеу  және  саралау  көмегімен  «ғылыми  фактілерді»  жинақ-

тауға және қорытындылауға ұмтылу.



247

Соңғысы  арқылы  Конт  бақылаудың,  тәжірибе  жасаудың  және 

өлшеудің  ғана  деректерін  емес,  солардың  бастауы  («жасырын» 

себептері)  ретінде  қайта  жасалуы  мүмкін  нәрселерді  де,  сондай-ақ 

өзі  «табиғаттың  орнықты  фактілері»  деп  айқындаған  заңдарды  да 

түсінген. «Оңдардың» қатарына ол «сананы қоса алғанда, адамның өзі 

туралы» білімін де жатқызады.

Басты  ғылым  деп  Конт  әлеуметтануды  (социология)  жариялайды. 

Конт әлеуметтанудың негізін салушы болып санала ма деген сұрақ дау 

тудырады және аталған терминді қолданбаса да, көзқарастары, әрине, 

әлеуметтік болған алдыңғы ойшылдарға (Монтескьё, Сен-Симон, Фер-

гюсон және басқалары бар) қалай қарауға байланысты.

Егер  Гегельдің  панлогизміне  Шопенгауэр  Әлемдік  ерікті,  Кьёр-

кегор  адамның  өмір  сүруін  қарсы  қойса,  ал  Конт  жекелеген  арнайы 

ғылымдардың  нәтижелеріне  негізделген  философиялық  қағидаларды 

қарсы  қояды.  Нәтижесінде,  ол  философия  –  нақтылықты  өз 

бетінше  зерттейтін,  бірақ  өмір  сүруге  құқы  жоқ  іргелі  ғылым  деген 

қорытындыға келеді. Жеке ғылымдардың дамуына байланысты фило-

софия  банкроттыққа  ұшырады,  ол  бар  байлығын  үш  қызына  бөліп 

беріп,  қартайғанда  кедей  пақырға  айналып,  жападан-жалғыз  қалған 

король Лирге ұқсайды. Философия өте-мөте жалпы ұғымдармен бай-

ланысты  болғандықтан,  оларды  лақтырып  тастау  керек,  олардың  ор-

нын нақты ғылыми білімді жүйелеу және сипаттау алуға тиіс.

О.Конттың ойынша, адамзаттың рухани дамуы үш сатыдан өткен:

а)  теологиялық  саты  –  ерте  заманнан  басталып,  Табиғаттың 

барлық  құпия  күштері  Құдайдың  көріпкелдігімен  түсіндірілетін  XIV 

ғасырмен аяқталады;

ә)  метафизикалық саты (XIV-XVIII ғғ.) – онда алдыңғы көзқарас-

тарды теріске шығару және болмыстың (материя, форма, рух және т.б.) 

шекті негіздемелерін іздеуде жалпыға ортақ түсініктерді қалыптастыру 

орын алады;

б)  оң саты (XIX ғасырдан басталады) – ол өнеркәсіптік қоғамның 

дүниеге келуіне және тексерілген фактілерге негізделген, нақтылықты 

шынайы ғылыми игеруді дамытудың алғышарттарының пайда болуы-

на байланысты.

Айтылғандарға  орай,  О.Конт  өз  заманының  ғылыми  білімін 

жүйелеуді  және  саралауды  жүзеге  асырды.  Ғылымдағы  әрбір  жаңа 

бағыт өз алғышарттары ретінде алдыңғы жетістіктерге сүйенеді. Алай-

да  оны  алдыңғы  жинақталған  білімдер  негізінде  толық  түсіну  қиын, 

өйткені  өзіндік  түсінік  құралы  пайда  болады.  Осындай  қағидаларды 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау