ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет83/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142

248

басшылыққа  алып,  О.Конт  ғылыми  білімнің  келесідей:  математи-



ка  –  астрономия  –  физика  –  химия  –  биология  –  әлеуметтану 

дейтін  сараптамасын  (бөлінуін)  іске  асырады.  Осы  жіктемеге  сәйкес, 

әлеуметтану  биология  жетістіктеріне  сүйенгенмен,  бірақ  қоғамдағы 

адамдардың  өзара  іс-әрекеттеріне  байланысты  жаңа  заңдылықтарды 

табады. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты – қоғамның ұйымшылдығы 

мен  жаңа-жаңа  сатыларға  көтерілуін  бір-бірімен  ұштастыру.  Ал  ол 

үшін  адамзаттың  жаңа  біртұтас  діні  керек,  өйткені  ескі  діндер  бір-

бірлерімен  қарама-қайшылықтарға  келіп,  адамзатты  бөлшектеп, 

алауыздық  тудырады.  Ол,  Конттың  пікірінше,  адамзаттың  тегінде 

жатқан  ақсүйектер  діні  болуға  тиіс.  Сондықтан  ол  адамдарды  құдай-

ларға емес, адамзаттың өзіне табынуға шақырады.

О.Конттың  замандастары  оның  соңғы  идеясына  теріс  қарағанмен, 

ол бүгінгі күні де өзекті, өйткені қазіргі заманның адамзаты мағыналы 

өмір  бағдары  дағдарысын  бастан  кешу  үстінде.  Бірде-бір  әлемдік  дін 

қазіргі  заманғы  адамзатты  толықтай  қанағаттандыра  алмайды.  Осы 

кездегі  діндердің  жақсы  жақтарын  топтастыра  алатын  біртұтас  жаңа 

Әлемдік дінді іздеу жүріп жатыр.

Конттың  ойынша,  оң  білім  –  ол  «іс  жүзінде  бар»,  «шын  мәнінде 

бар» дегендердің барлығының білімі. Сондықтан оң білім – ол «шын 

мәнінде  бар  нәрсе  туралы  білім»,  құбылыс  ретінде  «біз  үшін»  бар, 

қандай  да  бір  «метафизикалық  болжамдарсыз»,  басқаша  айтқанда, 

«өзіндік заттар», «дара түпнегіз» немесе «дара субъект» сияқты сурет-

телуге тиіс білім.

Конттың  пікірінше,  шынайы  «оң»  білім  сезімдік  қабылдауларға 

байланысты  қашанда  салыстырмалы,  өйткені  қабылдау  үдерісінің 

өзі – ол құбылыстардың уақытша үйлесімі және олардың кеңістіктегі 

бағытынан  басқа  ештеңе  де  емес.  Осыдан  келіп  болмыс  фактілердің 

жиынтығы  ретінде  «имманенттік»  (ішкі  түйсікке  тән)  түрде  берілген 

деген  қорытынды  шығады.  Бұндай  ұстаным  трансценденттікке, 

яғни  әлемнен  тыс  жатқан  құбылыстарға  жету  мүмкіндігіне  сенетін 

метафизикаға қарсы бағытталған.

Ғылымдағы  жаңадан  ашылған  жаңалықтар  (бәрінен  бұрын  физи-

ка  мен  психологиядағы)  классикалық  позитивизм  негіздемелерінің 

дағдарысын тудырды. Ал соның нәтижесінде оның жаңарған формасы 

–  эмпириокритицизм  немесе  тәжірибені  сыни  зерттеу  пайда  болды. 

«Бірінші» позитивизмнен айырмашылығы – екінші кезеңнің басты ны-

санасы  ғылыми  тұрғыда  ойлаудың  өзі  және  білім  құру  механизмдері 

болды.  Оның  пайда  болуы  кездейсоқтық  емес  еді.  Нақ  осы  уақытта 




249

адам  даналығының  көзге  көрінбейтін  микроәлемге  (электронның, 

радиоактивтік  сәулелердің  және  т.б.  ашылуы)  енуі  орын  алды. 

Олардың табиғатына физиканың ескі механистік қағидалары жолдары-

мен жету мүмкін болмады. Жаратылысты зерттеушілерді электронның 

тыныштық жиыны болмайтыны таңдандырды. Бұл француз математигі 

А.Пуанкаренің: «Олай болса, материя жоғалды», – деп мәлімдеуіне се-

беп  болды.  А.Эйнштейннің  салыстырмалылық  теориясының  негізгі 

қағидаларына қалай жетуге болады? Осы және басқа сұрақтарға Эрнст 

мах пен Рихард авенариус жауап беруге әрекеттенді.

Махтың  ойынша,  таным  үдерісі  сезінулерден  басталады  және 

сондықтан білімнің барлық құрамы «сезімдік тәжірибеге» келтірілуге 

тиіс  және  келтірілуі  мүмкін.  Таным  үдерісінде  ещқандай  «секіріс» 

болмауға  тиіс  (оған  «бірінші  позитивизмнің»  өзі  жариялаған  «тәжі-

рибенің  үздіксіздігі  ұстанымымен»  байланысты  «ойлау  экономия-

сының заңы» тыйым салған).

Мах  пен  Авенариус  жаратылыстанудағы  «тәжірибе»  түсінігін 

қайта  қарау  жолдарында  пайда  болған  қиындықтарды  жеңуге  бел 

буды.  Олардың  ойынша,  тәжірибе  түсінігі  қайтадан  қаралып  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  метафизикалық  табиғаты  бардың  бәрінен  де 

тазартылуға  тиіс.  Тәжірибе  физикалық  және  психикалық  элементтер-

ден тұрады. Егер біріншілері сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсетсе, 

ал екіншілері ішкі тәжірибенің мазмұнын көрсетеді. Олай болса, олар 

бір-бірімен  ажырамастай  байланысқан.  Демек,  субъектісіз  объект 

жоқ, объектісіз субъект жоқ. Объект пен субъектінің танымдағы бұл 

өзара байланысын олар «маңызды үйлесім» деп атады.

Әлбетте, субъект, яғни сана және танымдық мүмкіндіктер берілген 

адам бар жерде объект, яғни таным үшін ашық зат та бар. Шындыққа 

қиын  жол  жеткізеді.  Өзіңді  әлемдік  мұхиттағы  бір  тамшы  судай 

сезініп  қана,  зерттелетін  нысанмен  ішкі  жақындығыңды  біліп  қана 

сол зерттелетін нысанды терең тани аласың. Бұның бәрі дұрыс. Алай-

да  танымның  осы  жағын  ғана  даралау  бізді  субъективтік  идеализмге 

келтіруі мүмкін.

Эмпириокритицизмді  жақтаушылардың  ойынша,  бүкіл  танымдық 

үдерісті оның бастауларына дейін мұқият талдау ғалым ойының қателік 

кеткен  салаларын  анықтауға  тиіс,  өйткені  мұнда  оң  білімге  жетудің  

басты  шарты,  яғни  таным  үдерісінің  үздіксіз  жүруі  сақталмаған. 

Осындай «қателіктердің» салдарынан ғылым құрамына метафизикалық 

ұйғарымдар еніп кетеді. Сондықтан «тәжірибені тазарту» керек.

Эмпириокритицизмнің  негізгі  идеяларының  бірі  –  «ойлау 



үнемділігі»  деп  аталатын  экономияда  және  ғылымда  тек  дәл  сурет-


250

теу  мұратына  жету  болды.  Бұл  бағыттың  жолын  қуушылар  «ой-

лау  үнемділігін»  тарихи  тұрғыда  организмнің  өз-өзін  сақтауының 

биологиялық қажеттілігінен және соған байланысты қоршаған ортаға 

бейімделу  қажеттігінен  шығарады.  Нәтижесінде,  олар  ойлауды 

үнемдеу мақсатында «түпнегіз», «себептілік», «бастапқы негіз» сияқты 

«мағынасыз» санаттарды ғылыми айналыстан алып тастау керек деген 

қорытындыға  келеді.  Олардың  орнына  ғылымда  ашылған  элементтер 

мен олардың өзара байланысын суреттеумен айналысу қажет.

Бұл жаратылыстану ғылымын ары қарай дамыту үшін де, сондай-ақ 

ғылымның қазіргі заманға сай әдістемесін әзірлеу үшін де аса маңызды 

болды  және  болашақта  оң  бағдарламаға  ауыстыруға,  мүдделердің 

қитұрқы  әрекеттерін  білім  бастаулары  мәселелерінен  ғылымды  тал-

дау  және  теориялардың  қисынды  құрылымы  саласына  аударуға 

айтарлықтай ықпал етті.

Қисынды  (логикалық)  деп  аталатын  позитивизм  XX  ғасырдың  20 

жылдары  пайда  болды.  Оның  негізгі  өкілдері  –  мориц  Шлик  (1882-

1936), Рудольф карнап (1891-1970), бертран Рассел (1872-1970).

Қисынды  позитивизм  жеке  ғылымдармен  салыстыру  барысын-

да  философияның  артынан  оның  дүниетанымдық-әдістемелік  рөлін 

теріске  шығара  бастайды.  Оның  жолын  ұстанғандардың  ойынша, 

философия  ғасырлар  бойы  қалыптасқан,  шынайылыққа  тексеруге 

жатқызу мүмкін емес дерексіз ұғымдардың батпағына батып қалған. 

Мысалы, Б.Рассел сезімділік деректерінің ғана шынайылығын мойын-

дайды.  Әлемнің  бүтіндігі  сияқты  объективтілік  туралы  айтсақ,  онда 

ол  сенім  жазықтығында  жатыр,  өйткені  ғылыми  құралдармен  оны 

дәлелдеу мүмкін емес. Олай болса, математикалық логика құралын кең 

пайдалана  отырып,  тәжірибелерді  қорытындылау  болып  табылатын 

пікірлерді логикалық талдаудан өткізу керек.

Р.Карнап  философияға  верификация  (лат.  –  verification  –  дәлел-

деймін)  ұстанымын  енгізеді.  Ол  кез  келген  ғылыми  пікірлердің 

тәжірибе  деректеріне  сәйкестігін  анықтау  дегенді  білдіреді.  Дамыған 

теорияларға келсек, оларды тек жанама жолмен дәлелдеуге болады. Ол 

үшін кез келген теорияны соның негізінде жатқан қарапайым, атомдық 

(бөлшектенбейтін)  хаттамалық  ұсыныстарға  ажырату  керек.  Сонда 

ғана  оларды  сезімдік  тәжірибе  деректерімен  салыстыруға  және  сол 

арқылы олардың шынайылығын анықтауға болады. Бұл тұрғыда осы 

бағыттың философтары ғылымда үлкен жұмыс атқарды.

Егер  қоғамдық-гуманитарлық  пәндерді  (философия,  психоло-

гия,  этика  және  басқалары)  алар  болсақ,  онда  верификацияның 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау