263
және психолог уильям Джеймс (Джемс) (1842-1910) дамытқан деп са-
найды. Ол 1907 жылы «Прагматизм» деген кітабын жарыққа шығарды.
«Қабылдануы мүмкін шындық ретінде, – деп жазады ол, – прагматизм
бізді барынша жақсы басқаратынды, өмірдің кез келген бөлігіне бәрінен
жақсы бейімделгенді және тәжірибенің бар жиынтығына қосылып ке-
туге бәрінен жақсы мүмкіндік беретінді ғана мойындайды».
Оның ойынша, прагматизм – ол адамдар өздерінің күнбе-күнгі
тәжірибесінде басшылыққа алатын ойлаудың ескі тәсілінің жаңа ата-
уы ғана. Прагматизмнің жеңісі, Джеймс пайымдағандай, «қалыпты
ойларға» барынша көп әсер етуге байланысты болады. Прагматизм
ғылым мен метафизиканы жақындастыруға қабілетті, сол себепті
қазіргі заманда ол «философиялық дауларды реттеу» әдісі ретінде
әрекет етуге тиіс. Бұл ілім емес, – дәлме-дәл әдіс және оның бейтарап,
догмаға қарсы сипаты бар.
Прагматизмнің инструменталистік жорамалының негізін салушы
болып американдық ғалым Джон Дьюи (1859-1952) саналады. Оның:
психологияны, эпистемологияны, этиканы, логиканы, эстетиканы,
әлеуметтік философияны, білім беруді қамтитын отыз кітабы бар.
Джеймстен айырмашылығы – Дьюи көп дәрежеде гегельдік
тарихилық философияның ықпалын сезіп, оның трансцендентализмін
Дарвиннің натурализмімен және дұрыс мағынаның эмпиризмімен
түзетуге болады деп санады.
Өз философиясын Дьюи көбінесе инструментализм деп атап, ой
желісін құруға маңызы бар түсініктерді, ғылыми заңдарды, қисынды
амалдарды қиын мәселелерді зерттеу және шешу құралы деп қарады.
Ал қолайлы немесе «прагматикалық» дегенді ойлау тәсілдерінің және
барлық рефлекстік түсініктердің мағынасын анықтау және тексеру
үшін салдарлары бар солардың арақатынасы деп түсіну керек. Дьюидің
ойынша, біздердің бәріміз әлемді игеруде ғылым нәтижелеріне се-
нуге және оның әдістерін философияда қолдануға ұмтылуға тиіспіз.
Ғылыми білім «таза» математикаға немесе физикаға қарағанда,
инженерлік істе, медицинада, әлеуметтік және моральдық салаларға
қосылған әлеуметтік пәндерде айқын көрінеді.
Джон Дьюи АҚШ-та «№ 1-ші философ» деген ат иеленген, оның
идеялары қоғамдық санаға терең тамыр жайып және философиялық
натурализмге, сараптамалық философияға, феминизмге, постмодер-
низмге және басқа ағымдарға да зор ықпал етті.
Сонымен, егер осы бағыттың барлық өкілдерінің негізгі идеяларын
жалпылай қорытындыласақ, онда жиынтығында олардың барлығының
264
болмыстың алғашқы бастауларын танудың, түйсікпен келетін білімнің,
туа біткен идеялар мен бұрынғы гносеологиялық тұжырымдамалардың
басқа да қағидаларының мүмкіндігін теріске шығарғанын айта аламыз.
Таным адамдардың жиынтық тәжірибесінен келіп шығады және
адамның алдында өне бойы пайда болып отыратын өмірлік маңызы
бар мәселелердің шешімін табуға себепкер болады. Адамға іс жүзінде
нәтижелер беретін, пайда келтіретін білімдер шынайы болып та-
былады. Адамдардың өмірлік тәжірибесі жинақталғанда, бір неме-
се басқа нысан туралы түсініктер үнемі өзгеріп отырады. Аяқталған
білім жоқ: ол қашанда салыстырмалы және жорамалды, келешекте
теріске шығарылуы да мүмкін. Сол себепті бір немесе басқа зат ту-
ралы түсінік адамзаттың өмір сүруінің осы нақты-тарихи кезеңінде
тәжірибеге негізделген білімнің бар жиынтығына сүйене отырып,
онымен өзара іс-әрекеттер нәтижесінен келіп шығатын салдар құра
алады. Нақтылықтың бір немесе басқа қырларын танып білуге деген
біздің дәл осы іс жүзіндегі мүдделілігіміз шындықты құрайды. Егер
өмір тәжірибесінен, танымнан алған білімдеріміз бізге пайда әкелсе,
белгілі бір оң нәтижелерге жеткізсе, ақыр соңында, табысымызды
қамтамасыз етсе, онда оларды шынайы деп айтуға әбден болады. Осы
мағынасында философияның және тұтастай алғанда бар ғылымның
міндеті – адамдардың өмір сүру жағдайларын, бұл өмірдегі болмысын
жақсарту.
Адамның әртүрлі заттарды танып білуі – ол белгілі бір өмірлік
маңызы бар мәселелерді шешу барысында қиындық көрген кезде орын
алады. Адамның оларды ұтымды шешу құралдарын, жолдарын іздеуі
осыдан басталады.
неокантиандық Германияда пайда болып, философияны Кантқа
қарай бағыттау үрдісі спорадистік (гр. – sporadikos – шашыраңқы,
ішінара) сипатта болғанмен, XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ
оқтын-оқтын өзін көрсетіп қалып отырды, ал Еуропаға кең таралуы
1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.
Бірақ шоғырланған түрінде бұл теория О.Либманның «Кант
және эпигондар» (1865) деп аталатын еңбегінде баяндалды. Оның
қайырмасы: «артқа, кантқа қарай!» деген ой болды. Ол бүкіл
қозғалыстың өзіндік ұранына айналды.
Неокантиандықтың пайда болуының тарихи себебі философия
мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы үйлеспеушіліктен,
ұлғайып бара жатқан алшақтықтан көрінді.
265
Неокантиандықтың танымал екі: Марбург және Баден (неокан-
тиандықтар жұмыс істеген қалалардың атымен аталған) мектебі бол-
ды. Олар: «Философияда алға қарай бір қадам жасағысы келетін кез
келген адам Кант философиясын оқып білуді өзінің ең бірінші міндеті
деп санауға тиіс», – деп пайымдады (П.Ноторп). Сондықтан екі мек-
тепке де ортақ болғаны – И.Канттың философиясы бұрынғыдай өзекті
деген ұстаным. Соған сүйене отырып, таным теориясының, философия
мен қоғамдық тәжірибенің қазіргі замандағы мәселелерін шешуге бо-
лады. Олар кантиандықтың «таным нысанның тәжірибеге сай көрінісі
немесе сипаты емес, ол – осы ұғымның кең мағынасында таным мен
ғылым нысанасын құрастыру болып табылады» дейтін негізгі идея-
сын бұлжымастай сақтайды.
Марбург мектебінің өкілдері кантиандықтың негізгі кемшілігін
психологизмнің артықшылығынан, ғылыми таным бірлігін негіздеуден
көрді. Сондықтан олар танылатын субъектінің құрылымын ғылымның
өзінің логикалық құрылымымен ауыстыруға тырысты. Сөйтіп, олар
таным теориясын оның сезімдік танымға байланысынан тыс, таза
білім логикасына айналдырды.
Марбург мектебінің кең танылған классигі герман коген (1842-
1918) Канттың соңынан: «Философияның аса маңызды қызметі –
ол ғылым әдістемесі. Философия «таза», яғни ғылыми танымның
априорлық (тәжірибенің алдындағы) элементтерін зерттеуге тиіс.
«Тәжірибенің жалпы теориясының»: логика, этика, эстетика деген үш
құрамдас бөлшегі бар», – деп жариялады.
Баден мектебінің өкілдері адамның қоршаған әлемді танып
білуіндегі құндылықтардың зор маңызын көрсетті. Құндылықтар
мүлдем өзгеше әлем – таным үдерісіне, әсіресе гуманитарлық ғылым-
дарға жанама әсер ететін трансценденттік әлем құрайды.
генрих Риккерт (1863-1936) – осы мектептің басты өкілдерінің
бірі: «Танып білу – ол құндылықтар ретіндегі шындық негізінде ой-
лау», – деп санады. Ол 1921 жылы «Философия жүйесін» жазып, онда
құндылықтар теориясын жүйелей отырып, құндылықтардың алты са-
ласын ажыратты:
– логика – шындық құндылығының саласы;
– эстетика – ең жоғарғы құндылық саласы;
– мистика және тұлғасыз қасиеттіліктің мұраты;
– этика, онда моральдық үстемдік етеді;
– эротика және бақыт мұраты;
– діни философия – тұлғаның қасиеттілігі саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |