ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет25/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142

74

Тарихтың  жаңа  философиясы  өзінің  ақырына  –  Құдай  сотына  және 

Құдай  патшалығының  орнауына  келе  жатқан  әлемдік  тарихтың  кері 

айналмайтындығына сендіреді.

Әлемге  деген  жаңа  көзқарастың  қалыптасуына  неоплатонизм 

өкілдері  (Плотин,  Ямвлих,  Прокл)  өз  үлестерін  қосты.  Олар  ал-

дарына  әлем  идеяларының  үлгілері  бойынша  материядан  табиғат 

денесін  «құрастырған»,  идеялар  мен  заттар  әлемі  бір-бірімен  грек 

мифологиясының  Құдай-ұстасы  Демиургтің  көмегімен  байланысқан 

Платон  философиясының  осал  жерлерін  бекітуді  мақсат  етіп  қойды. 



Эманация  (emanation  –  лат.  –  ағу,  кемерінен  асу,  тасу)  ұстанымын 

енгізе  отырып,  олар  платонизм  ұстанымын  күшейтіп,  бір  мезгілде 

оны  христиандықпен  жақындастыра  алды.  Иерархияланған  Әлемнің 

шыңына  жеткен  «Бірбүтін»  өзінің  жан-жақты  жетілгендігі  мен 

толыққандығына  орай,  кемерінен  аса  бастағаны  себепті  Әлемдік 

Ақылды  (грекше  nous  –  ақыл),  ал  ол,  өз  кезегінде,  Әлемдік  Жанды 

(грекше  psyche  –  жан)  тудырды.  Асып-тасып  бара  жатқан  соңғы  Ай 

астындағы  Әлемімізде  заттарға  мағына,  құндылық  пен  әсемдік  бере 

отырып,  Өмірді  дүниеге  әкеледі.  Содан  кейін  христиан  шіркеуінің 

әкелеріне  Бірбүтінді  енді  Әлемді  жаратушы  Құдай  деп  ұғыну  қиын 

болған жоқ.

2.2. патристика. а.августиннің философиясы

Орта  ғасырлардың  христиандық  философиясын  екі  кезеңге: 



патристикаға және схоластикаға бөлу қалыптасқан.

Алғашқы  кезеңде  христиан  ілімінің  негізгі  қағидаларының 

шынайылығын философиялық деңгейде негіздеуге тырысқан «христи-

ан шіркеуінің әкелері» (pater – лат. – әке) әрекет еткен. Патристикада 

Құдай идеясы, бір жағынан, даусыз игілік, әділеттілік, құдіреттілік деп 

қаралса, екінші жағынан, оны танып білудің мүмкін еместігіне сендіру 

орын алады, өйткені ол осы болмыстан тыс тұр. Бұл әлем жаратылған, 

сол  себепті  ол  өзінің  Жаратушысынан  жоғары  бола  алмайды.  Бойын 

тәкаппарлық билеген антикалық адам осылай орнына қойылады.

Патристиканың  терең  тамырлары  мистикаға  кетеді.  Әлемді 

«ештеңеден»  (лат.  –  ex  nigilo)  жарату  туралы  христиандық  идея, 

Құдайдың  үштігі  және  басқалары  үйреншікті  сананың  түсініктері 

шектерінен ғана емес, теориялық ойлау шектерінен де шығып кетеді.

Патристиканың  жарқын  да  ірі  өкілі,  кейіннен  католиктер  шіркеуі 

«Ізгілікті» деп атап кеткен аврелий августин (354-430) болды. Оның 



75

негізгі  еңбектері:  «Тәубаға  келу»,  «Академиктерге  қарсы»,  «Құдай 

қаласы туралы» және басқалары.

Августиннің философиялық көзқарастары алдымен манихейшіліктің 

ықпалымен  қалыптасты,  бірақ  одан  көңілі  қалған  ол  академиктердің, 

яғни платондықтардың күмәншілдігіне (скептицизм) бет бұрды. Алай-

да  Амвросий  Медиаланскиймен  (340-397)  –  өзіне  ықпалы  көп  болған 

Милан  епископымен  танысқаннан  кейін  және  неоплатондықтардың 

еңбектерін оқыған соң, Августин 387 жылы біртіндеп христиандыққа 

келді.  Бірақ  ол  христиандықты  қабылдап  қана  қойған  жоқ,  сонымен 

қатар ол ілімді белсенді таратушы және сенім үшін күрескер де болды. 

Кейіннен оның «дінбұзарлардың тоқпағы» деп аталып кетуі кездейсоқ 

болмаса керек.

Оның философиясында Сенім мәселесі және оның адам ақылымен 

үйлесім  табуы  басты  орын  алады.  Сол  себепті  ол  Тертулианның: 

«Сенемін,  өйткені  бұл  ақылға  сыймайды»,  –  деген  қағидасын  теріске 

шығарып, оны: «түсіну үшін сенемін», – дегенге, содан кейін: «сену 

үшін түсінемін», – дегенге ауыстырған.

Августиннің ойынша, адам өзінің ой-толғаныстарында күмәндануға 

жол  бере  алмайды.  «Шынайы  дін  туралы»  деген  еңбегінде  ол: 

«Күмәнданатынын  санамен  түйсінетін  адам  оны  (өзінің  күмәнін) 

әлдебір  шындық  деп  түсінеді»,  –  деп  жазды.  Бірақ  ол  кезде  Құдай 

ғана  (одан  басқа  ешкім  де  емес!)  «біздің  нұрлануымыздың  Әкесі» 

бола алатынын естен шығармау керек. Адам Құдай идеяларын енжар 

қабылдауға  ғана  қабілетті,  ал  нағыз  шындықтарды  танып  білу  –  бұл 

Құдай еркімен нұрланудың жүзеге асуы.

Августин  Құдай  болмысының  үш  дәлелін  келтіреді.  Біріншісі  –

бізді  қоршаған  әлемнің  мүлтіксіздігі.  Оның  алуан  түрлілігі  мен 

өзгермелілігіне  қарамастан,  бұл  жерде  белгілі  бір  логика,  тәртіп, 

үйлесім  орын  алады,  өйткені  әлем  –  Жаратушыға  сілтеме  жасайтын-

дай бейберекетсіздік емес.

Екіншісі  –  «consensus  gentium»  (лат.  –  ізгілікті  келісім):  барлық 

адамдар  алдын  ала  келіспестен-ақ  өзінің  жан-жүрегінен  Құдайды  та-

бады.

Үшіншісі – игіліктің Жоғарғы Игілікті, демек, Құдайды көрсете-



тін әртүрлі баспалдақтары бар.

Құдайдың үштігін қарастыра келе, Августин Ол жаратқан Әлемнің: 



бірлік, форма және тәртіп деген үш жағы бар деп санайды. Адам бо-

йынан біз де ақыл, таным және сүйіспеншілік табамыз.

Адам  мәселесін  қарастыра  келе,  Августин  оны  философиядағы 

маңызды  мәселе  санайды.  Ол  кезде  бәрінен  бұрын  өзінің  ішкі  әлемін 




76

барлық  қарама-қайшылықтарымен  қоса  ашып  көрсете  отырып,  ба-

рынша нақтылыққа қол жеткізеді. «Мен өзім үшін үлкен мәселеге ай-

налдым, – дейді ойшыл. – Өзімнің бойымда бардың барлығын бірдей 

қамти алмаймын». Адамның ішкі қарама-қайшылығы, оның пікірінше, 

еріктің  қисықтығынан  келіп  шығады.  Адамның  ақылы  білгенмен, 



еркі таңдайды, яғни соңғы шешімді қабылдайтын сол екен. Бұл жер-

де біз адам жамандықты білмегендіктен істейді деп санайтын Сократ-

пен  салыстырғанда,  ойшылдың  түбегейлі  жаңашылдығын  көреміз. 

Августин бойынша, адам бұның жаман екенін біледі, бірақ оны соған 

тартып  тұрғандықтан  да,  сол  жамандықты  істейді.  Бұның  себебін  ол 

алғашқы күнәдан, адамның менмендігінен көреді.

Таным  мәселелерін  А.Августин  келесідей  жолмен  шешеді:  таным 

сезінуден  басталады.  Адамды  қоршаған  дүние  біздің  сезімдерімізге 

әсер етеді, ал жанымыз оларды белгілі бір тәртіпке келтіреді. Алайда 

тәннің сезімдік әлемі өне бойы өзгерісте болса, ал ол кезде ой тұрақты 

болады.  Заттарды  көру  үшін,  Күннің  жарығы  қажет.  Соған  ұқсас, 

шындыққа жету үшін, ерекше жарық – Құдай идеясы қажет. Онда үш 

бастау бар: 1. заттардың бар болуы. 2. Олардың адамға ашықтығы. 

3. танымдылық.

А.Августиннің  ойы  бойынша,  Құдай  –  шындық,  олар  бір-біріне 

ұқсас,  парапар.  Сонымен  бірге  олар  әртүрлі.  Шындық  –  Құдайдың 

ойы.  Бұл  жерде  Платонның  «Идеялар  әлемі»  ойға  оралады.  Алай-

да  августиндік  түсініктің  Платон  түсінігінен  айырмашылығы  –  ол 

Құдайдың әлемді жаратудың алдындағы ойы.

А.Августиннің  әлеуметтік-саяси  идеяларын  оның  «жердегі  және 



аспандағы  қалалар»  туралы  ілімінен  көруге  болады.  «Жердегі 

қалаларда»  адамдар  байлыққа,  құрмет-қошеметтерге,  атаққа  ұмты-

лады.  Бұл  жерде  махаббат  (cupiditas  –  лат.  –  құмарлық)  болса,  ал 

«аспандағы  қалаларда»  риясыз  сыйлайтын  махаббат  –  charitas  (лат.  – 

риясыз  сый)  бар.  Жердегі  қалада  адамдар  өздерін  әлемнің  билеушісі 

ретінде сезінсе, ал аспандағы қаланың адамдары бәрін өздерімен бірге 

алып  жүретін  дәруіштер  іспетті.  Мемлекет  зорлық-зомбылықпен, 

қарақшылардың топтарымен күресе отырып, адамдардың бірлесе өмір 

сүруін ұйымдастыру үшін құрылады. Бірақ, егер қоғамда әділеттілікке 

қиянат  жасалса,  тәртіпсіздікке  жол  ашылса,  онда  мемлекеттің  өзі 

қарақшылардың үлкен бір тобына айналады.

Августин  мемлекет  пен  шіркеуді  бір-бірлеріне  қарсы  қойды.  Егер 

мемлекет, оның пікірінше, күнәлардың патшалығы болса және өзін ғана 

сүюге негізделсе, ал шіркеу – ол Құдайға шын берілген сүйіспеншілік, 

ол Құдай патшалығының жердегі өкілі.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау