ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет33/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142

98

Араб  ғалымдарының  да  білімдердің  көпшілік  саласына  сіңірген 

еңбектерін  асыра  бағалау  мүмкін  емес.  Ортағасырлық  ғылым 

мен  философияның  кіріспе  бөлімінде  бұл  туралы  ішінара  айтып 

өткенбіз. Бұл жерде біз алты ғасырдан артық уақыт бойы арабтардың 

техникалық  және  ғылыми  тұрғыда  Батыстан  айтарлықтай  озық 

болғанын  айтпақпыз.  Ал  астрономия,  математика,  медицина,  оптика 

сияқты салаларда олар, дау жоқ, жетекші орын алады. Мысалы, ибн-



әл-Шатыр  XIV  ғасырда,  Коперникке  дейін-ақ,  Птолемей  жүйесіне 

елеулі өзгерістер енгізіп, оны математикалық тұрғыда кейінірек пайда 

болған Коперник жүйесіне парапар болатындай етіп дамытты.

Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы мен ғылымы тура-

лы әңгімемізді аяқтай келе, тағы бір ірі құбылыс туралы айтқанымыз 

дұрыс  болар.  Ол  –  ортағасырлық  рухани  дүние  бейнесін  көрсететін 

«Таза бауырластар трактатының» жарыққа шығуы. «Таза бауырластар» 

немесе  «Тазалық  пен  шынайылық  бауырластары»  –  ол  X  ғасырдың: 

Ирак,  Иран,  Әзірбайжан,  Орта  Азия  елдері  мен  Сібір  ойшылдары  ен-

ген  философтар  тобы.  Олар  дін,  философия  және  жаратылыстану 

ғылымдары  туралы  елу  бір  жасырын  «жолдау»  құрап,  мұсылмандық 

метафизика аясына антика дәуірінің ғалымдары мен ойшылдарының: 

аристотелизм  және  неоплатонизм,  эманация  тұжырымдамасы,  Пто-

лемей  космологиясы,  Гиппократтың  медициналық  ілімі  идеяларын 

енгізген.

Сонымен,  қорытындылайық.  Бұны  белгілі  американдық 

шығыстанушы Франц Раузенталдың: «Сөз жоқ, «білімдерге» қатысты 

табандылық  ортағасырлық  мұсылмандық  өркениетті  ғалымдық  және 

ғылым  мағынасында  айтарлықтай  өнімді  етті,  соның  нәтижесінде 

адамзат тарихына берік үлес қосты», – деген сөздерімен аяқтағанымыз 

дұрыс сияқты (Раузентал Франц. Торжество знания. Концепция знания 

в средневековом исламе. – М.: Наука, 1978. – 330-бет). 

Жинақтай  келе,  ортағасырлық  философия  –  бұл  антикалық 

философияның  тірі  жалғасы,  грек  көкжиегінен  өзіндік  көтерілу,  қол 

жеткен жетістіктерді қайтадан бағалау және Қайта өрлеу дәуірі фило-

софиясына дайындық деп, тағы бір рет атап өткіміз келеді.




99

3-тарау. ҚаЙта өРлеу ДәуіРі ФилОсОФиЯсы

 3.1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі

Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірі (фран. – Renaissance) Еуропа 

тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капита-

лизмге өту кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия сана-

лады.


Аталған  өтпелі  кезеңнің  орын  алуына  қандай  жағдайлар  се-

беп  болды?  Әлеуметтік-экономикалық  тұрғыда  кәсіптер  мен  сауда-

саттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами баста-

ды.  Сауда-саттық  пен  балық  аулау  арқылы  байып  алған  шаруалар  өз 

қожайындарынан  іргелерін  аулақ  салып,  еркін  адамдарға  айналды. 

Олар  еркін  жалдамалы  еңбекті  пайдаланып,  әртүрлі  шеберханалар 

мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері 

пайда  болып,  феодализм  бірте-бірте  шегіне  берді.  Қалалар  жылдам 

қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асы-

рыла  бастады,  сән  пайда  болып,  шетелдерден  тәтті-тәрім,  жібек  мата 

әкелінетін  болды.  Феодалдық  қоғамның  бірсарынды  өмірі  осындай 

экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. 

Өмір  түбегейлі  өзгеріске  ұшырады.  Еуропа  жедел  адыммен  капита-

лизмге бет алды.

Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер руха-

ни өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді:

а)  өндірістік  күштерді  дамыту  қажеттігі  схоластиканы  кейін  ысы-

рып тастап, жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға, табиғатты зерт-

теуге себепкер болды;

ә)  бірақ  табиғат  дегеннің  өзі  не?  –  Материя.  Бұл,  өз  кезегінде,  ой-

шылдарды материализм жағына қарай бағыттады;

б)  табиғатқа  жүргізілген  кез  келген  зерттеу  әртүрлі  тәжірибелер 

жасауға  байланысты  болады,  философия  тілінде  бұл  эмпиризм  деп 

аталады;


в)  фактілердің  жинақталуына  қарай  оларды  қорытындылау  қажет 

болды, демек, рационализм (лат. – ratio – ақыл, сана) пайда болды;

г) бұл, өз кезегінде, зиялы қауым (интеллигенция) рөлін арттырады.

Егер  Орта  ғасырларда  оны,  негізінен,  діни  қайраткерлер  көрсетсе, 

ал қазір ақсүйектердің зиялы қауымы пайда болды;

д) енді, ақыр соңында, даралық (индивидуализм) үшін жол ашыл-

ды:  ортағасырлық  корпоративизм  екінші  орынға  ығысып,  ал  алдың-



100

ғы  орынға  талантты,  жоғары  дарынды  тұлғалар  шықты,  олар  өз 

мақсаттарын іске асыра отырып, суретші, мүсінші, сәулетші, музыкант 

болып қалыптасады;

е)  олар,  өз  кезегінде,  «Studia  Humanitatis»  (гуманитарлық  зерт-

теулер)  деп  аталатын  үйірмелер  ұйымдастырады.  Бұл  Қайта  өрлеу 

заманының аса маңызды жетістігі болды.

XIV  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  антика  дәуіріне,  оның 

мәдениетіне,  өнеріне,  философиясына  қызығушылық  артты.  Адам-

дар  антика  мәдениеті  мен  әдебиетін  қаншалықты  білетініне  қарап 

бағаланатын болды. «Ренессанс» («Қайта өрлеу») деген терминнің өзін 

антика  жетістіктерін  игеруге  деген  құштарлықтан  шығаруға  болады. 

Бірақ  бұның  бәрі  ерте  заманға  жай  ғана  оралу  дегенді  білдірмейді. 

Бұл жерде көне заманды жаңаша өзгерген нақтылық негізінде қайта 



жаңғырту туралы сөз болып отыр. Сондықтан Қайта өрлеу іс жүзінде 

ескіні қалпына келтіру емес, жаңаны іздеу дегенді білдіреді. Егер көне 

заман философиясының қақ ортасында табиғи-ғарыштық өмір, ал Орта 

ғасырларда «құтқарудың» діни мәселесі болса, ал Қайта өрлеу дәуірінде 



аксүйектік  өмір,  адамның  осы  дүниедегі,  осы  дүние  үшін  қызметі 

алдыңғы орынға шығады. Адам бақытқа осы өмірде, Жер бетінде же-

туге  тиіс.  адамға  бетбұрыс  қана  Қайта  өрлеу  деген  дүниетанымдық 

дәуірдің  ерекше  сипаты  болып  табылады,  сол  себепті  бұл  дәуірдің 

философиялық  ойлауын  антропологиялық  ойлау,  яғни  адам  ғалам 

орталығы және әлемде болып жататын барлық оқиғалардың мақсаты 

болып табылатын көзқарас деп сипаттауға болады.

«Ренессанс»  деген  терминнің  өзі  алғаш  рет  италиялық  өнер  та-

рихшысы  Джорджо  Вазари  (XVI  ғасыр)  еңбектерінде  кездескен, 

бірақ тарихтану санаты ретінде ол XIX ғасырда,  Якоб буркгардтың 

1860  жылы  жарық  көрген  «италиядағы  Ренессанс  мәдениеті»  деген 

еңбегінен бері қарай қолданысқа ене бастады.

Жоғарыда аталып өткен бетбұрысты негіздеуде Джаноццо манет-



тидің  (1396-1459)  сіңірген  еңбегі  орасан  болды.  Құдай  жаратқан 

Табиғаттың сұлулықтары мен салтанаттығы туралы айта келе, ол шың 

басына адамның өзін қояды. Адамның денесі қандай көркем және оны 

ештеңемен  салыстыру  мүмкін  емес!  Мысалы,  кез  келген  затты  жа-

сай алатын адамның қолдары не деген ғажап десеңші! Шындығында, 

дәл солай ғой. Адамның қолы оның ақылынан туған. Егер ғайыптан-

ғайып бір күні барлық адамдар жоқ болып шықса және егер әлдеқалай 

адамның бір қолы болса да қалса, сол қол арқылы жерден тыс пайым 

жер бетінде ақылдың болғанын түсінер еді. Жануар қоршаған ортаға 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау