Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы қостанай мемлекеттік университеті
Сейткалиева А.К.
Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы
Оқу құралы
Қостанай 2010 ж.
Құрастырушы: Сейткалиева Асель Кенжетаевна – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы
Рецензент: э.ғ.к., доцент Курмангалиева Айжан Касымбековна
Сейткалиева Асель Кенжетаевна
Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы. Оқу құралы.- Костанай: А.Байтурсынов атындағы КМУ
«Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы» пәні бойынша оқу құралында теориялық білімдерін кеңейту мен өзін өзі тексеру жөнінде және жеке бөлімдерді оқу жөнінде тапсырмалар беріледі.
Экономика факультетінің әдістемелік кеңесінде қарастырылып бекітілген
. 2010 г. №
© А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................5
«1с: кәсіпорын» 8.1 жүйесі түсінігі........................................................................6
1 Теориялық кешен
1.1 Программаны икемдi түрге келтiру. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептердi ұйым-дастыру...............................................................8
1.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебi бойынша операциялар...........10
1.3 Материалдық емес активтер мен оның амортизациясы.............................12
1.4 Тауарлы – материалдық қорлар есебінiң операциялары............................14
1.5 Ақша қаражатының есебi бойынша операциялар.......................................16
1.6 Дебиторлық борыштар есебi өзара тараптармен байланысты операциялар есебi.............................................................................................................................18
1.7 Шаруашылық субъектiлерi мiндеттемелерiнiң есебi..................................21
1.8 Еңбекақы есебi бойынша операциалар........................................................23
1.9 Өнiм өндiру және өндiрiс шығындары есебiнiң операциялары.................25
1.10 Анықтамалықтар мен есеп берулер............................................................26
2 Практикалық тапсырмалар кешені
2.1 Программаны шақыру....................................................................................29
2.2 Негiзгi құралдар есебi бойынша құжаттар...................................................29
2.3 Материалдық емес активтер амортизациясының есебi. ............................30
2.4 Материалдық қорлардың қозғалысы бойынша құжаттаулар мен есептеулер..................................................................................................................312.5 Кассадағы қолма-қол ақша есебi........................................................................31
2.6 Дебиторлық борыштар есебi бойынша құжаттаулар мен есептеулер......33
2.7 Банк несиелерi есебi. .....................................................................................34
2.8 Негiзгi өндiрiс қызметкерлерiне еңбекақы есептеу. ..................................34
2.9 Дайын өнiмдi өткiзу және сату есебi. ..........................................................35
2.10 Баланс пен балансқа қосымшалар..............................................................35
3 Лабораториялық жұмыстар
3.1 Лабораториялық жұмыс. «1С: Бухгалтерия» бағдарламаның жалпы принциптері және мүмкіндіктері. Алғашқы реттеу. Аналитикалық, синтетикалық, валюталық және сандық есебінің ұйымы.....................................38
3.2 Лабораториялық жұмыс. Анықтамалар: аналитикалық, синтетикалық, валюталық және сандық есебінің ұйымы. .............................................................41
3.3 Лабораториялық жұмыс. Операциялар журналы. Алғашқы сальдо шоттын енгізу............................................................................................................44
3.4 Лабораториялық жұмыс. Құжаттар және есептеу режимі.........................47
3.5 Лабораториялық жұмыс. Стандартты және еркiн нысандағы есептемелер................................................................................................................50
3.6 Лабораториялық жұмыс. Негізгі қордың есебi бойынша операциялар...54
3.7 Лабораториялық жұмыс. Тауарлы - материалдық қорлар есебінiң операциялары.............................................................................................................56
3.8 Лабораториялық жұмыс. Сатып алуышының төлемге шотты ұсыну......62
3.9 Лабораториялық жұмыс. Ақша қаражатының есебi бойынша операциялар...............................................................................................................68
3.10 Лабораториялық жұмыс. Кәсіпорынның есеп айрысу шотынан жабдықтаушыға ақша қаражаттарды аудару: төлем тапсырма............................71
Оқушылардың білімдерін бақылау сұрақтары.......................................................73
Тест.............................................................................................................................77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................97
Кіріспе
Жоспарланған жолмен және күнделікті жұмыс істеу арқылы білім алушылардың белсенді, шығармашылық қатысуы пәнді жетілді меңгеруге көмектеседі.
«Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы» пәнін оқу үшін курстың мазмұны мен құрылымына, мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударып, жұмыс бағдарламаны жетілдіруден бастау керек
Курстың негізгі мақсаты – білім алушыларды есепшінің жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық құралдармен таныстыру.
Жұмыс бағдарламада «1С: Бухгалтерия» әйгілі пакеттің ортасында бухгалтерлік есептің басқару технологиясы қарастырылады.
«Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы» курстың оқу объектісі әр түрлі қызмет саласынды қолданылатын бухгалтерлік бағдарламалардың ақпараттық нарығы болады.
«Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы» пәнінің оқыту нәтижесінде білім алушылар келесіні білу және үйрену керек:
Қазақстан Республикасының мекемелерінде заңдық және нормативтық актыларды есепті жүргізуін ұйымдастыруын білуі керек;
есеп беру кезенде кәсіпорынның бухгалтерлік балансты құрастыра білу керек;
алғашқы бухгалтерлік құжаттарды әр түрлі шаруашылық операциялармен толтыруын үйрену керек;
активті және пассивты шоттарды анықтай білу;
шаруашылық операциялардың оларға тойтарыс схемасын білу;
жарна кірістерді құнды қағаздармен пайыздармен есептеуін білу;
қоймаларда түгендеу өткізіліуін және түгендеу нәтижелерінің бухгалтерлік дайындауын үйрену;
кассадағы ақша қозғалысының алғашқы құжаттарын даыйндай білу;
банкіде есеп айыратын және валюталық шоттарды ашу ұйымын білу;
капитал түрлері туралы, шоттар туралы ұғымдарды білу;
еңбек ақы ұйымы туралы түсінік білу;
еңбек ақыны төлеуін есептеуді және ұстап қалуын білу;
Бұл пәнді оқытуда келесі пәндер байланысы іске асырылады: «Бухгалтерлік есеп незіздері», «Қаржы есеп», «Салық есебі» және т.б.
Оқу құралы «Бухгалтерлік есептің қазіргі технологиясы» курс бағдарламасының бөлек бөлімдерін оқу бойынша кеңестер және бақылау сұрақтары беріледі.
«1С: кәсіпорын» 8.1 жүйесі түсінігі
1С жүйесі қарапайым да күрделі есептің әмбебап бухгалтерлік программасы болып саналады, ол әр түрлндағы меншік нысанындағы және әр түрлі қызмет саласың| кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынандайративтік негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: Оперативтік компонент, «Бухгалтерлік есеп» компоненті және «Есептеу» компоненті.
«Бухгалтерлік есеп» компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын жүргізуді, операциялар мен өткізбелерді және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша кепөлшемді және көпдеңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық қосалқы шоттар бойынша және басқалары оның қосымша бөл|ігі болып және пайдаланылмауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Көпөлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әр түрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер өткізбелерді қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады. Барлық өткізбелердің құрылымдары бірдей болады және деректер қорында сақталады. Бухгалтерияда екіжақты жазу қабылданғандықтан әрбір өткізбенің екі бөлігі болады - дебеттік және кредиттік. Бұл ережеден басқа баланыстан тысқары шоттар бар. Бұл жағдайда проводканың тек бір бөлігі ғана болады.
Бұл компоненттің маңызды ерекшелігі, мұнда бухгалтер уақытын толық қожайыны бола алады. Ол құжаттарды кез келген тәртіпте, нақты хронологияны сақтамай-ақ енгізе алады. Есеп беру кезеніндегі нәтижені есептеу дұрыс болу үшін осы кезенге қатысты кұжаттар өткізілуі керек. Бухгалтерлік есептегі операциялар мен өткізбелердің жиынтығы түпкілікті тұтынушыларға бағытталған. Бухгалтер программа жұмысының қисынын түсініп, үйреншікті ұғымдармен (шот, қосалқы шот, валюта, өткізбе сияқты) жұмыс істейді. Сондықтан бұл компонентінін конфигурациясы экономикалық білімі бар мамандарға түсінікті.
«Жедел есеп» компоненті - белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларын басқаруға арналған. Бұл компонентінін негізі болып қалдықтар немесе айналымдардын көпөлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін және бұл тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс. Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша баланысты бейнелеп қана қоймай «Жедел есеп» компонентінің негізгі тетігі болып табылады.. Мұнда құжаттарды беталды өткізуге жол берілмейді. Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі уақиғалар тізбегін қайталайтын бірыңғай хронологиялық тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжаттарға жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар құжаттар тізбегінің бір күндегі бір уақытпен белгіленуінің кейбір қосымша шамасымен анықталады. Құжаттарды «кейінгі күнімен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептеледі және белгілі бір ережелер бойынша орындалады. «Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады. Пайдаланушының көзқарасы бойынша «Жедел есеп» компонентінің «Бухгалтерлік есеп» компонентінен айырмашылығы -ол «қара жәшік» сияқты, яғни пайдаланушы (менеджер, сатушы) есепті ұйымдастырудың егжей-текжейіне қанық бола алмайды. Ол енгізу арқылы жүйеге құжаттарды енгізеді және шығару арқылы қорытынды есеп алады, ал құжаттарды өндеу механизмі конфигурациялау, әдетте, арнайы мамандардың көмегімен орындалады.
«Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезендік есептемені орындайды.
Бұл компоненттің негізі болып, кезеңдік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталатын қорытынды есеп журналы болып табылады. Қорытыңды есеп журналына міндетті түрде есеп беру объектісі немесе анықтамалықтар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін объектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін анықтамалықтағы бір объекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты енгізудің қолайлылығы ескеріледі. Құжаттарды толтырғанда алдын ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан таңдау арқылы мәндерді енгізуге жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін, онда ол үшін бірнеше журнал құрылады. Конфигурациялау сатысында есептеме журналдарының саны шектеусіз және қажетті есептер санымен анықталады. Әр журналғі өз алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген. Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады. Есептеу түрлеріне мысал «айлыкты есептеу», «табыс салығын» немесе (амортизацияны)» айтуға болады. Есептеудің бірнеше түрлерін қандай да бір белгі арқылы біріктіру үшін тобы» деген ұғым енгізілген. Есептеу тобына мысалы, «салық салынатын есептеулер», «орташа жалақыны есептеуге енетіндер» және басқалары жатады.
1 Теориялық кешен
1.1 тақырып: Программаны икемдi түрге келтiру. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептердi ұйымдастыру
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламаның принциптерi мен мүмкiндiктерiн ашу.
1С Бухгалтерия жүйесін қолданғанда кездесетін қысқаша суреттемелер.
Достарыңызбен бөлісу: |