Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министирлігі
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Құрманғалиев Т.Б.
МАШИНА ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЯ
Cырттай оқу түрінің 5В0712 «Машина жасау» мамандығының
студентеріне бақылау тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Өскемен
2013
ӘОЖ 620.22
Құрманғалиев Т.Б. Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері:Cырттай оқу түрінің 5В0712 «Машина жасау» мамандығының студентеріне бақылау тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау . ШҚМТУ.- Өскемен, 2013.- 32 б
Бағдарлама, әдәстемелік нұсқаулар сырттай оқу түріндегі машинажасау бағытындағы студенттерді дайындауға бағытталған. Ол курс мазмұның толығымен, өзін - өзі тестілеу бойынша негізгі сұрақтары бар теориялық бөлімін зерттеу бойынша әдістемелік нұсқауларды,нақты мамандықтарға арналған бірден үш бақылау жұмысы көлеміндегі бақылау тапсырмаларын анықтайды. Негізгі және қосымша оқу әдебиеті, көрнекіліктер және стендтер көрсетілген.
Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған.
Хаттама№____ _______________
© Д. Серікбаев атын. ШҚМТУ,
2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……………………………………………………………….....
|
4
|
1. Курстың теориялық бөлімін зерттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар.....................................................................................................
|
5
|
1.1 Металлургия өндірісінің негіздері ………………………..............
|
5
|
1.2 Құю өндірісінің технологиясы ……………………………............
|
7
|
1.3 Қысыммен өндеу технологиясы ………………………………......
|
9
|
1.4 Пісіру өндірісінің технологиясы …………………………….........
|
13
|
1.5 Кесіп өндеу технологиясы …………………………………...........
|
17
|
1.6 Металл емес материалдар ……………………………………........
|
23
|
2. Бақылау тапсырмалары………………………………………………
|
24
|
2.1 бақылау жұмысы …………………………………………….....
|
24
|
2.2 бақылау жұмысы……………………………………………......
|
26
|
2.3 бақылау жұмысы……………………………………………......
|
29
|
Әдебиеттер тізімі..... …………………………………………………….
|
32
|
|
|
КІРІСПЕ
Құрылым материалдарын алудың қазіргі замаңғы амалдарын зерттеу, олардың негізгі қасиеттерін және металлдар мен қорытпаларға, сонымен қатар металл емес материалдарға қажет қолдану сапасына келтіретін өндеу әдістерін білу, осы материалдарды дұрыс таңдау және қолдану үшін қажет.
Курсты зерттеуге кірісер кезінде бағдарлама, оқу әдебиеті, қазіргі әдістемелік нұсқаулар және бақылау тапсырмалары болуы қажет. көрсетілген материалдарды қолдана отырып, студенттер бақылау тапсырмаларын орындайды: қиналған жағдайда машинажасау және көлік факультетінің әдістемелік бөлмесіне жеке немесе жазбаша түрде көмек сұрауға болады.
Бағдарлама материалын меңгеру үшін зерттелетін көліктердің құрылғысы және қозғалыс қағидаларымен, студент жұмыс істейтін өндірісте дайындықтарды немесе дайын бұйымдарды алу технологиясымен танысу маңызды болып келеді.
Курстың әрбір тақырыбын зерттегеннен кейін сұрақтарға жауап беру қажет. Жауаптарды толық және нақты беру қажет. Сәйкес бөлімнің барлық тақырыптары зерттелгеннен кейін, бақылау тапсырмаларының сұрақтарына жазбаша жауап беру қажет.
1 КУРСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1.1 Металлургия өндірісінің негіздері
1 бөлім
1.1.1 Шойын өндірісі
Кеннен металлдарды алудың бірнеше амалдары бар: пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық, электрометталургиялық және химико – металлургиялық. Шойынды домна пешінен алу пирометталургиялық амалға жатады.
Шойынды алудағы бастапқы материалдар кендер, флюстар және жанармай болып табылады. Кен түрлерін, олардың химиялық құрамын, олардың ішіндегі темір, мырыш және басқа элементтердің пайыздық бар болуын, және де оны балқытуға дайындау амалдарын (реттеу, уату, орталықтау, толықтыру, бөлшектеу және т.б.) зерттеңіз.
Флюстармен, олардың түрлерімен, химиялық құрамы және белгілерімен танысыңыз. Сонымен қатар металлургияда қолданылатын жанармайды зерттеңіз. Металлургиялық жанармайдың негізгі түріне мән аударыңыз – домна пештерінде қолданылатын кокс (алу амалы, құрамы, қасиеті, жылуберу қасиеті), сонымен қатар металлургияда кеңінен қолданылатын табиғи газ.
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Шойынды балқыту үшін қолданылатын кендер, химиялық құрамы, кен заты, бос жынысы?
- Темір кендерін байыту амалдары?
- Шойынды алу кезіндегі флюстардың белгісі қандай? Флюс түрлерін және оның химиялық құрамын атаңыз.
- Шойынды өндіру кезінде қолданылатын жанармай түрлерін атаңыз. Кокс пен табиғи газдың жылу беру қасиетін көрсетіңіз.
- Шойынды алу кезіндегі кендерге, флюстерге және жанармайларға қойылатын талаптар.
- Домна пешінің әр түрлі аймағындағы жуық температурасын көрсетіңіз. Домна пешінің қай аймағында және қандай температурада темірді және оның тотығуын қалыптастыру процесі жүреді? Бұл процестің химиялық реакциясын жазыңыз.
1.1.2 Болат өндірісі
Болатты шойыннан және скраптан алу үдерісі негізінен болат балқыту пештерінде тотығу үрдістерінің өтуі жолымен оған енетін қоспа мен көміртек көлемінің азаюына әкеледі. Сондықтан пештерде өтетін физико – химиялық процестерді (кезеңдері бойынша) толық зерттеңіз. Қазіргі замаңғы конвертерлер, мартенді және электродоғалы пештердің жұмыс істеу қағидаларымен танысыңыз. Болат балқытатын пештерде оттегі айдауды қолдану балқыту технологиясы мен болат сапасын қалай өзгеруін шақыртатының ескеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |