Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі



жүктеу 4,57 Mb.
бет10/17
Дата14.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#12448
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
821-бап. Қос сақтандыру

1. Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.

2. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.

Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.

Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.

3. Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.

Ескерту. 821-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

822-бап. Топтық сақтандыру

1. Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады.

2. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн.

Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру төлемiнің төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс.

3. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.



Ескерту. 822-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

823-бап. Ортақ сақтандыру

1. Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бірлескен бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда шартта әрбiр сақтандырушының келiсiлген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын талаптары болуы тиiс.

Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының (пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.

2. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады.

3. Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда, олардың бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып, онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкіл болуы мүмкін.



Ескерту. 823-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

824-бап. Қайта сақтандыру

1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.

2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.

3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады.

Қайта сақтандыру шарты осы Кодексте сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодексте исламдық сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Бұл ретте, негiзгi сақтандыру шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі.

4. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады.

5. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол берiледi.



Ескерту. 824-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.07.2003 жылғы N 483 (01.01.2004 бастап күшіне енеді), 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

825-бап. Сақтандыру шартының нысаны

1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:

1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;

2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi.

3) алынып тасталды

4) алынып тасталды

2. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады , ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Ескерту. 825-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2003.07.01. N 445 , 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

825-1-бап. Сақтандыру ережелерi

1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерін сақтандырудың әрбір түрі бойынша әзірлейді және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Сақтандыру ережелерiнде:

1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;

2) сақтандыру сомасын анықтау тәртiбi;

3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;;

4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;

5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;

6) сақтандыру шартын жасасу тәртiбi;

7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;

9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесi;

10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен шарттары;

10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлау мерзімі;

11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;

12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;

13) дауларды шешу тәртiбi;

14) алынып тасталды;

15) қосымша талаптар болуға тиіс.

3. алынып тасталды.

4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келiсiм бойынша сақтандыру ережелерiнiң негiзiнде сақтандыру шартын жасасу кезiнде анықталатын қосымша талаптарды көздейтiн сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн.

5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Ескерту. Кодекс 825-1-баппен толықтырылды - ҚР 2000.12.18 N 128, өзгертулер енгізілді - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны

1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:

1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;

2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

3) сақтандыру объектiсiн көрсету;

4) сақтандыру жағдайын көрсету;

5) сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;

6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде);

7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;

8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;

9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;

10) шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;

11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшерi;

11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері;

12) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемi мен сақтандыру сыйақысының валюта түрi.

15) сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;

16) егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету.

2. Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.

Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.

Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.

Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.

3. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады.

4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.

5. Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық еместігі үшiн сақтандырушы жауапты болады.



Ескерту. 826-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18 N 128, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 225, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.12 N 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту

1. Сақтандыру жарнасын (алғашқысын қоспағанда) жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде алмаған сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.

2. Хабарламада:

1) сақтандыру жарнасын төлейтiн кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi);

2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлдың мөлшерi;

3) сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi iшiнде сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын бiржақты тәртiппен тоқтату құқығы болуға тиiс.

3. Сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi 30 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.

4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңiнде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы берешек сомасын ұстай отырып, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.

5. Сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлама сақтанушыға оның жiберiлгенiн растауға мүмкiндiк беретiн тәсiлмен жiберiледi.



Ескерту. 826-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , өзгерту енгізілді - 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

826-2-бап. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiру

1. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуi негiзiнде тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса, сақтанушы:

1) алынып тасталды ;

2) мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарналарын;

3) сақтандыру жарналарын осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлды төлеген кезде сақтандырушы шарттың қолданылуын қалпына келтiруге мiндеттi.

2. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап бiр жыл iшiнде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы.

3. Сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiрген кезде сақтандырылған адамның денсаулық жағдайына медициналық сараптама жүргiзуге құқылы.

Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа талаптармен қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда шартты қалпына келтiруге болмайды.

4. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтіруден бас тартуға құқылы.



Ескерту. 826-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , өзгерту енгізілді - 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру

1. Сақтанушының сақтандырушымен келiсiмi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т.с.с.) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты - бас полис негiзiнде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң әрбiр топтамасына қатысты мұндай шартта көзделген мәлiметтердi сақтандырушыға ол көздеген мерзiмде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны алғаннан кейiн дереу хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы, тiптi, мұндай мәлiметтердi алған кезде сақтандырушы өтеуге тиiстi шығынның болу мүмкiндiгi iске аспай қалса да, бұл мiндеттен босатылмайды.

3. Сақтанушының талап етуiмен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң жекелеген топтамалары бойынша сақтандыру полистерiн беруге мiндеттi.

Сақтандыру полисiнiң мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру полисiне басымдық берiледi.



Ескерту. 826-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

827-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы

1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.

3. Сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзiмi, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмiне дәл келедi.

Ескерту. 827-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

828-бап. Сақтандырушының мiндеттерi

1. Сақтандырушы:

1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;

1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға және ережелердің көшірмесін беруге;

2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;

3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не олардың өкілі сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, оларды сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етуге міндетті.

2. Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актiлерiнде, сондай-ақ сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

Ескерту. 828-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.12.18 N 128, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

829-бап. Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру

1. Мүлiктiк сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде, болуы мүмкiн залалдарды болдырмау немесе азайту үшiн сақтанушы (сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетiн шаралар, оның iшiнде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын қолдануға мiндеттi.

Сақтанушы (сақтандырылған адам) осындай шаралар қолдана отырып, егер олар сақтанушыға (сақтандырылған адамға)хабарланған болса, сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиiс.

2. Залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) шеккен шығындар, егер мұндай шығындар қажет болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлген жағдайда, тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.

Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығындар өтемiнiң жалпы сомасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы тиiс. Егер шығындар сақтанушының (сақтандырылған адамның) сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледi.

3. Болуы мүмкiн залалдарды азайту үшiн сақтанушының (сақтандырылған адамның) қисынды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан туындаған залалдар бөлiгiнде сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

Ескерту. 829-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2003.07.01. N 445 Заңдарымен.

830-бап. Сақтандыру құпиясы

1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады. Таратылу процесiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.

1-1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін.

2. Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агентiнiң өз кәсiби қызметiнiң нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, кәсiби сақтандыру рыногының басқа қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру жөнiндегi қатынастарға байланысты ақпарат беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқ.

3. Өздерiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерi, сақтандыру брокерлерi, сақтандыру агенттерi және басқа да адамдар оларды жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауап бередi.

4. Сақтандыру құпиясын үшiншi адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда алушының) жазбаша келiсiмi негiзiнде ашуға болады.

5. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер:

1) сақтанушының (пайда алушының) өкiлiне - нотариатта куәландырылған сенiмхат негiзiнде;

2) анықтау және алдын ала тергеу органына - оның өндiрiсiндегi қылмыстық iстер бойынша;

3) сотқа - сот ұйғарымы немесе қаулысы негiзiнде оның өндiрiсiндегi iстер бойынша;

4) прокурорға - оның құзыретi шегiнде өзiнiң қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;

4-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;

РҚАО-ның ескертпесі!

-тармақты 4-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).



РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақты 4-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) уәкiлеттi мемлекеттiк органға - сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

6) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.

6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:

1) мұрагерлерге;

2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың мөрi басылған жазбаша сауалы негiзiнде олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi. Нотариустың жазбаша сауалына сақтанушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс;

3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.

8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.



Ескерту. 830-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.12.18 N 128, өзгерту енгізілді - 2003.0710 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.02.27 N 527 (2004 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

831-бап. Сақтанушының мiндеттерi

1. Сақтанушы:

1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;

4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға (осы Кодекстiң 829-бабының 1-тармағы);

5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (осы Кодекстiң 840-бабы).

2. Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.

Ескерту. 831-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

832-бап. Шарт жасасу кезiнде сақтанушы беретiн мәлiметтер

1. Шарт жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындауы мүмкін залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар сақтанушының өзiне белгiлi жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiсiз болса және белгiсiз болуға тиiстi болса, хабарлауға мiндеттi.

Қалай болғанда да сақтандырушы әзірлеген сақтандыру ережелерiнде немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жiберiлген сақтандырушының жазбаша сауалына нақты айтылған мән-жайлар елеулi деп танылады.

2. Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бiр сұрақтарына сақтанушының берген жауаптарынсыз жасалған болса, соңғысы сақтанушының тиісті жағдайларды хабарламағандығын негiзге ала отырып, кейiннен шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.

3. Егер шарт жасалып болған соң сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер бергендiгi анықталған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстiң 844-бабының 1-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген салдарды қолдануды талап етуге құқылы.

Егер сақтанушы жасырып қалған мән-жай жоққа шығып қалған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.

Ескерту. 832-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау

1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы.

Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.

2. Жеке сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшiн сақтандырылатын адамға тексеру жүргiзуге құқылы.

3. Сақтандырушының сақтандыру тәуекелiне осы баптың негiзiнде берген бағасы өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы үшiн мiндеттi емес.

4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.

5. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.



Ескерту. 833-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.01. N 445 , 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары

1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) шарт жасау кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған елеулi өзгерiстер туралы, егер бұл өзгерiстер сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.

Қалай болғанда да сақтандыру шартында айтылған өзгерiстер елеулi деп танылады.

2. Сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгертудi немесе тәуекелдiң артуымен мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi талап етуге құқылы.

Егер сақтанушы немесе сақтандырылған адам сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге және сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушы осы Кодекстің 24-тарауында көзделген ережелерге сәйкес шартты бұзуды талап етуге құқылы.

3. Сақтанушы немесе сақтандырылған адам осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

4. Егер сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар жоққа шығып қалған болса, сақтандырушының шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.

5. Жеке сақтандыру кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiн өзгертудiң салдары, егер олар шартта тiкелей көзделген болса, басталуы мүмкiн.

Ескерту. 834-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету

1. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келiсiлген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Pecпубликасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.

Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.

Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс.

2. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.

3. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөнiндегi мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.

Ескерту. 835-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2003.07.01. N 445 Заңдарымен.

836-бап. Сақтанушыны ауыстыру

1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртiбiмен осы мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық құқықтардың иесiне) ауысады.

2. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен мiндеттер оның келiсімiмен сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн.

3. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңiндегi оның осы шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсуiмен, осы Кодексте айқындалған тәртiппен тиiстi құқықтық мирасқорға ауысады.

837-бап. Сақтандырылған адамды ауыстыру

1. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша (осы Кодекстiң 811-бабы) сақтанушының емес, өзге тұлғаның жауаптылығы сақтандырылған жағдайда, сақтанушы шартта өзгеше көзделмегендiктен, бұл туралы сақтандырушыға жазбаша хабарлап, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта бұл тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы.

2. Жеке сақтандыру, сондай-ақ мүлiктiк сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам тек өзінің (топтастырылған жеке сақтандыруды қоспағанда,)және сақтандырушының келісімі бойынша ғана басқа тұлғамен ауыстырылуы мүмкiн.

3. Егер үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнiң талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылған адамды ауыстыру заң актілерінде көрсетілген тәртiппен және соларға негiзделген шартпен жүзеге асырылады.

Ескерту. 837-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

838-бап. Пайда алушыны ауыстыру

1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.

2. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келiсiмiнен туындайтын белгiлi бiр мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды.

3. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру осы Кодекстің 837-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

Ескерту. 838-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

839-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының, қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің;

2) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.

Сақтандырушы сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер өлiм өзiн-өзi өлтiрудiң салдарынан болса және осы уақытқа дейiн сақтандыру шарты кемiнде екi жыл қолданылып келсе, жеке сақтандыру шарты бойынша төленуге тиiс сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.

2. Өз еркiмен сақтандыру шартында және мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмегендiктен, егер сақтандыру жағдайы:

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк зақымданудың әсерi;

2) әскери қимылдардың;

3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

3. Мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмегендiктен, сақтандырушы алып қою, тәркілеу, реквизициялау, тұтқындау немесе мемлекеттiк органдардың өкiмiмен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:

1) сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;

2) сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбауы (осы Кодекстiң 829-бабы);

3) сақтанушының залалдар келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктiк сақтандыру бойынша залалдарға тиiстi өтем алуы;

4) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;

5) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау (осы Кодекстiң 835-бабы);

6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы (осы Кодекстiң 840-бабы). Егер сақтандыру өтемi ендiгi төленiп қойған болса, сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;

7) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.

5. Сақтандырушыны сақтанушының алдындағы сақтандыру жауаптылығынан оның осы бапта көзделген заңсыз iс-қимылдарының себептерi бойынша босату, сақтандырушыны сонымен бiр мезгiлде сақтандырылған адамға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан да босатады.

6. Сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актiлерiне қайшы келмейтiн болса, сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.

8. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін.



Ескерту. 839-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2000.12.18 N 128, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

840-бап. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация)

1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға, сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқықтары ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға қойылған талап қою құқықтарының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болады.

2. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылған адам) мен залалдар үшiн жауапты адамның арасындағы қатынасты реттейтiн ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

3. Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру төлемiн алған кезде сақтандырушыға барлық құжаттар мен айғақтарды беруге және оған талап қою құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.

4. Егер сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушы төлеген шығындар үшiн жауап беретiн адамға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) кiнәсiнен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе тиiсiнше оның бiр бөлiгiн жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.



Ескерту. 840-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

841-бап. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

1. Осы Кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:

1) сақтандыру объектiсi өмiр сүруiн тоқтатқан;

2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болғанда, ол ауыстырылмаған (осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағы);

3) сақтанушы мүлiктiк сақтандыру объектiсiн өз иелiгiнен шығарған, егер сақтандырушы сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген осы Кодекстiң 836-бабының 1-тармағы);

4) өзiнiң кәсiпкерлiк тәуекелiн немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған сақтанушы белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан;

5) сақтандыру жағдайының басталу мүмкiндiгi жойылған және сақтандыру жағдайынан басқа жағдайлар бойынша сақтандыру тәуекелiнiң болуы тоқтатылған;

6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген;

7) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен беретін сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен мәліметтер өзгертілген;

9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Аталған жағдайларда шартты тоқтату үшiн негiз ретiнде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылған болып есептеледi, бұл туралы мүдделi тарап дереу екiншiсiн хабардар етуге тиiс.

1-1. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті.

2. Сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.

Ескерту. 841-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

842-бап. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары

1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap. Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде ғана және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес қайтарылуға тиіс.

2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.

3. Сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кiнәсiне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға мiндеттi.



Ескерту. 842-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы

1. Мәмiлелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негiздемесiнен басқа, сақтандыру шарты мына жағдайларда, егер:

1) шарт жасасу кезiнде сақтандыру объектiсi болмаса;

2) құқыққа қарсы мүліктік мүдделер сақтандыру объектiсi ретiнде әрекет етсе (807-баптың 2-тармағы);

3) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;

4) басталу мүмкiндiгі мен кездейсоқтық белгiлерi жоқ (осы Кодекстiң 817-бабының 3-тармағы) және шарттың қолданылуы шегiнде амалсыз әрi нақты болуға тиiс оқиға сақтандыру жағдайы ретiнде көзделсе, бұл туралы тараптар немесе, кем дегенде, сақтанушы алдын ала білген болса;

5) сақтанушы шарт жасасу кезiнде заңсыз пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса, оның iшiнде сақтандыру жағдайы басталған соң шарт жасалса;

6)-7) алып тасталды;

8) сақтандырылған адамның келiсiмi мiндеттi болып табылатын жағдайларда, оның келiсiмi болмаса;

9) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы), жарамсыз деп танылады.

2. Міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың басқа да негiздерiн қолдану көзделуi мүмкiн.



Ескерту. 843-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

844-бап. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары

1. Сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға одан алған сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтаруға, ал сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға одан алған сақтандыру төлемiн қайтаруға мiндеттi.

Егер шарт сақтанушының заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан туындаған негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, ол туралы сақтандырушы шарт жасалған кезде, оны орындау процесiнде де бiлмесе және бiлуге тиiстi болмаса, сақтандырушы шыққан шығындарды шегере отырып, сақтанушыға шарттың аяқталмаған мерзiмi үшiн сақтандыру сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтарады, ал егер сақтандыру төлемi жүргiзiлген жағдайда оның төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар.

Сақтандырушыға сақтандыру төлемiнен бас тартуда негiз беретiн себептер бойынша сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда (осы Кодекстiң 839-бабы) нақ сондай салдар туындайды.

2. Егер сақтандыру шарты қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған болса, осы Кодекстiң 157-бабының 4-6-тармақтарында көзделген салдар туындайды.



Ескерту. 844-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

845-бап. Өзара сақтандыру

1. Азаматтар мен заңды тұлғалар қажеттi қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына бiрiктiру жолымен өзара негiзде осы Кодекстің 807-бабының 1-тармағында аталған өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыра алады.

2. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Өзара сақтандыруды жүзеге асырудың, өзара сақтандыру қоғамдарының құқықтық жағдайының ерекшелiктерi мен олардың қызметiнiң шарттары осы Кодекске және өзара сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес айқындалады.

3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды мүшелiк және сақтандыру шарттары негiзiнде жүзеге асырады.

4. Өзара сақтандыру жолымен мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға өзара сақтандыру туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.

5. алып тасталды



Ескерту. 845-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.

845-1-бап. Исламдық сақтандыру

1. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған сақтандыру шарты (осы Кодекстің 803-бабы) исламдық сақтандыру шарты болып табылады.

2. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын инвестициялау нәтижесінде алынған кірістерді сақтандырушы исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қалыптастыратын исламдық сақтандыру қорына аударуға тиіс.

3. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша алған сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ исламдық сақтандыру қорын құрайтын өзге де мүлік сақтандырушыға меншік құқығымен тиесілі болмайды.

4. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға және жасалған исламдық сақтандыру шартына сәйкес исламдық сақтандыру қорының қаражаты есебінен исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алуға құқылы.

5. Исламдық сақтандыруды жүзеге асырудың, исламдық сақтандыру қорын қалыптастырудың, есепке алудың, пайдаланудың және бөлудің, исламдық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері және олардың қызмет ету шарттары осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.

Ескерту. 40-тарау 845-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

41-тарау. Тапсырма

846-бап. Тапсырма шарты

1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.

2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

847-бап. Тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау

1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс.

2. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi.

3. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн.

848-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi

Сенiм бiлдiрiлген өкiл:

1) өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;

2) сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;

3) сенiм бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға;

4) тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенiмхатты кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.



Ескерту. 848-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

849-бап. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi

1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:

1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;

2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.

2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.

3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.



Ескерту. 849-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы

1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.

Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.

2. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.

3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.

851-бап. Сенiм ауысуы

1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса не сенiм бiлдiрiлген өкiл осыған сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы.

2. Орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған бойда сенiм бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге дереу хабарлауға тиiс. Сенiм бiлдiрушi, шартта мұндай орынбасар атап көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiл таңдаған орынбасардан бас тартуға құқылы.

3. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң орынбасары шартта атап айтылған болса, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасары жүргiзген iс үшiн жауап бермейдi.

4. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделсе, бiрақ онда орынбасардың аты атап көрсетiлмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасарының кiнәлi iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.

5. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өз орынбасарының кез келген iс-әрекетi үшiн жауап

береді.

852-бап. Тапсырма шартын тоқтату

1. Тапсырма шарты міндеттердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:

1) сенiм бiлдiрушiнiң тапсырманы ауыстыруы;

2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң бас тартуы;

3) сенiм бiлдiрушiнiң немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қайтыс болуы, олардың бiреуiн әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi немесе хабарсыз кеттi деп танудың салдарынан тоқтатылады.

2. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырма шартының тоқталғаны туралы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, онда сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауы бойынша жасалған оның iс-әрекетi сенiм бiлдiрушiнi (оның құқықтық мирасқорын) үшiншi тұлғаға және сенiм бiлдiрiлген өкiлге қатысты мiндеттейдi.

3. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған шарттан бас тартқан, кәсiптер ретiнде iс-әрекет жасайтын тарап, егер шартта бұдан да ұзақ мерзiм көзделмесе, екiншi тарапқа шарттың тоқтатылғаны туралы бiр ай көлемiнде хабарлауы тиiс.

853-бап. Тапсырма шартын тоқтатудың зардабы

1. Егер тапсырма шарты сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы толық орындағанға дейiн тоқтатылған болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау кезiнде шыққан шығынын төлеуге, сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы тиесiлi болған жағдайда, оның орындаған жұмысының көлемiне мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы оның тоқтатылғаны туралы бiлген соң немесе бiлуi тиiс болғанда орындаған болса, бұл ереже қолданылмайды.

2. Сенiм бiлдiрушiнiң тапсырманы өзгертуi, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлмен шарт тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiлге шарттың тоқтатылуымен келтiрiлген залалдардың өтелуi үшiн негiз болып табылмайды.

3. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң сенiм бiлдiрушiнiң тапсырмасын орындаудан бас тартуы, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң сенiм бiлдiрушi өз мүдделерiн өзгеше қамтамасыз ету мүмкiндiгiнен айрылған кезде бас тартуы жағдайларын, сондай-ақ кәсiпкер ретiнде қызмет жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң шартты тоқтатуы жағдайларын қоспағанда, шарттың тоқтатылуынан сенiм бiлдiрушiге келтiрiлген залалдардың орнын толтыру үшiн негiз болып табылмайды.

854-бап. Тапсырма шартындағы құқықтық мирасқорлық

1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi немесе мұрагерлiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жүктелген өзге де тұлғалар сенiм бiлдiрушiге тапсырма шартының тоқтатылғандығы туралы хабарлауға және сенiм бiлдiрушiнiң мүлкiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға, атап айтқанда, сенiм бiлдiрушiнiң заттарын, сондай-ақ құжаттарын сақтауға және бұдан соң оларды өзiне беруге мiндеттi.

Сенiм бiлдiрiлген өкiл болып саналатын заңды тұлғаның таратушысына да нақ осындай мiндет жүктеледi.

2. Өкiл ретiнде iс-әрекет ететiн заңды тұлғаны қайта құру кезiнде, сенiм бiлдiрушi бұл туралы осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес дереу хабардар етiлуге тиiс. Аталған жағдайда мұндай заңды ұйымның құқықтары мен мiндеттерi, егер сенiм бiлдiрушi өзiнiң шарттан бас тартқандығы туралы қисынды мерзімде хабарламаса, оның құқықтық мирасқорына ауысады.

42-тарау. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз


жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау