Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі


-бап. Қойма және кепiл куәлiктерiн беру



жүктеу 4,57 Mb.
бет9/17
Дата14.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#12448
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
801-бап. Қойма және кепiл куәлiктерiн беру

Қойма куәлiгi мен кепiл куәлiгi беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бiрге немесе бөлек берiлуi мүмкiн.

802-бап. Қос қойма куәлiгi бойынша тауар беру

1. Тауар қоймасы қойма және кепiл куәлiктерiн (қос қойма куәлiгiн) ұстаушыға қоса алғандағы осы екi куәлiктiң орнына тауар бередi.

Кепiл куәлiгi жоқ, бiрақ ол бойынша қарыз сомасын енгiзген қойма куәлiгiн ұстаушыға тек тауар қойма куәлiгiне айырбастап және кепiл куәлiк бойынша барлық қарыз сомасының жарнасы талабымен берiледi.

2. Қойма және кепiл куәлiктерiн ұстаушы тауарды бөлiп-бөлiп берудi талап етуге құқылы. Бұл орайда бастапқы куәлiктердiң орнына оған қоймада қалған тауарларға жаңа куәлiктер берiледi.

3. Осы баптың талаптарына қарамастан кепiл куәлiгi жоқ және ол бойынша қарыз сомасын енгiзбеген қойма куәлiгiн ұстаушыға тауар берген тауар қоймасы кепiл куәлiгiн ұстаушының алдында ол бойынша барлық есептелетiн соманың төленуi үшiн жауапты болады.

40-тарау. Сақтандыру

803-бап. Сақтандыру шарты

1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.

2. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.

Ескерту. 803-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18 N 128 , 2006.07.05 N 164, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары

Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.

805-бап. Сақтандыру нысандары

1. Сақтандыру нысандары:

1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;

2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;

3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.

2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.

Ескерту. 805-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру

1. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

2. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 Заңымен .

3. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды.

Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi.

5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.

6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.



Ескерту. 806-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

807-бап. Сақтандыру объектiсi

1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:

1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;

2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;

3) мүлікті иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;

4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.

Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актiлерiмен айқындалады.

2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.



Ескерту. 807-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы

1. Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.

2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.

3. Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.

4. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.



Ескерту. 808-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру

1. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.

Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.

2. Мүлiктi және оған байланысты мүліктік мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады.

3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.

4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.

5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.



Ескерту. 809-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

809-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру

1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.

2. Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.

3. Аннуитеттік сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.

4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн.

5. Аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.

Ескерту. 809-1 баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

810-812. <*>



Ескерту. 810-812-баптар алып тасталынды - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

813-бап. Сақтанушы

1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.

2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.

Ескерту. 813-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

814-бап. Сақтандырушы

Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға.

Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.



Ескерту. 814-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.

815-бап. Сақтандырылған адам

1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.

2. Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады.

Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.

3. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.

Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырылып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін оның өзі сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi талап етiлмейдi.

Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады.

4. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы.

Сақтанушы үшiншi адамды сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

5. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң 22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.

6. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.

Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi.

8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.

Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады.

Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады.

Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.

9. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiндегi ережелерi қолданылады.



Ескерту. 815-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

816-бап. Пайда алушы

1. Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.

Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.

Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады.

Сақтандырудың мiндеттi түрi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды.

2. Егер мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде немесе өз еркiмен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.

Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келiсiмi бойынша тағайындалады.

Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.

3. алынып тасталды .

4. алынып тасталды

5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.

6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.

Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.

7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.

8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.

9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.

Ескерту. 816-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

817-бап. Сақтандыру жағдайы

1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.

2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс.

4. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.



Ескерту. 817-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18 N 128, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары

1. Сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы.

Осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.

2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық актілермен белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн.

3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.

4. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.

5. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн.

6. Егер сақтандыру жағдайы енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.



Ескерту. 818-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18. N 128 , 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

819-бап. Сақтандыру сомасы

1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.

2. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заң актiлерiнде белгiленген мөлшерден кем болмауы керек.

3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.

4. Тараптар, оны сақтанушы қасақана жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартында белгiленген мүлiк құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезiндегi сақтандыру құнынан артылған бөлiгiнде жарамсыз болып табылады.

5. алып тасталды - 2006.02.20. N 128 Заңымен .

Ескерту. 819-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

820-бап. Сақтандыру төлемi

1. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.

Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi.

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заң актілерімен белгіленуі мүмкін.

4. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек.

5. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесілi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртiбiмен жүзеге асырылады.

6. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн.

7. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы.

8. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе, сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес жауап бередi.



Ескерту. 820-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).


жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау