Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы


-міндет: инфрақұрылымды жетілдіру және қаржы жүйесін сапалы дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау



жүктеу 1,87 Mb.
бет7/7
Дата05.02.2018
өлшемі1,87 Mb.
#8636
1   2   3   4   5   6   7

4. 3-міндет: инфрақұрылымды жетілдіру және қаржы жүйесін сапалы дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау
1. Банктік тәуекелдерді барынша азайту мақсатында бизнес процестерді автоматтандыру.

Қазақстандық қаржы ұйымдарының бизнес процестерді тиімді орналастыру және оларды автоматтандыру мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөлуі шетелдік бәсекелестер алдындағы олардың бәсеке қабілеттілігінің осалдығына себепші болды.

«Кредиттік нарық параметрлерінің жай-күйі және болжамы» атты тоқсан сайын зерттеу жүргізу шеңберінде сұхбаттасу кезінде банктерден алынатын ақпаратқа сәйкес бизнес процестер жүйесін барынша тиімді ұйымдастырумен үйлестірілетін барынша сапалы ақпараттық жүйелердің болуы Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін шетелдік банктердің маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл фактор шетелдік банктердің қазақстандық нарықта өктемдік саясатын жүргізу кезіндегі олардың маңызды бәсекелестік артықшылығы бола алады.

Осылайша, операциялық тәуекелдердің айқындылығын арттыру және оларды барынша азайту мақсатында менеджменттің халықаралық сапа стандарттарын енгізу және сапа стандарттары бойынша ішкі бағдарлардың болуы қажет. Қаржы ұйымдарының бизнес процестерін ұйымдастыру деңгейін арттыру қажет, ол ойдағыдай енгізілген жағдайда, қаржы ұйымы тиімділігінің көрсеткіштеріне, оның орнықтылығына, ашықтық дәрежесіне, шығындардың төмендеуіне, сондай-ақ олар көрсететін қызмет сапасына оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, банк секторының қызметі туралы шынайы ақпарат алу және оны талдау үшін пайдалану әрі банк қызметіне тән тәуекелдерді ерте сатыда анықтау мақсатында Кредиттік тізілімді жаңғырту жұмысы жалғастырылатын болады. Жаңғыртылған Кредиттік тізілімді енгізу қарыздар бойынша кіріс ақпаратты жинау, бақылау, өңдеу және бір көзден жиынтық есептер алу рәсімдерін оңтайландыруға, бағдарламалық қамтамасыз етудегі іркілістерге және адам факторына байланысты операциялық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

2. Төлем қызметтері нарығының инфрақұрылымын дамыту.

Экономикалық қызметтің айқындылығын арттыру мақсатында тиісті технологиялық инфрақұрылымды дамыту және осы төлемдердің экономикалық тиімділігі үшін жағдайлар жасау арқылы қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдердің үлесін арттыру қажет.

Әлемдік практиканы және халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының төлем кеңістігінде төлем жүйелерінің инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру, қазіргі заманғы төлем тетіктері мен инновациялық шешімдерді енгізу міндеттерін шешуде мемлекеттің реттеуші және үйлестіруші рөлі сақталады. Қаржы секторының төлемдеріне жоғары технологиялық деңгейде қызмет көрсету үшін төлем жүйелерінің қызметін қолдау, жүйелік тәуекелдерді шектеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтерін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Бөлшек төлемдер үшін технологиялық ортаны және инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Электрондық төлемдер тетіктерінің әлеуетін толық іске асыру және оңтайлы пайдалану үшін банктердің және төлем қызметтерін көрсететін өзге де ұйымдардың тиімді әрі сенімді түрлі жаңа көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және бизнес субъектілерімен нарықтық өзара іс-қимылды кеңейтуге, электрондық іс-қимылды автоматтандыруға және жақсартуға бағытталған күштері қолдау табатын болады.

Төлем нарығының сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төлем қызметтері нарығының субъектілерін мемлекеттік реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру шаралары қабылданатын болады. Төлем қызметтерін көрсететін банктік емес ұйымдарға қадағалауды жүзеге асыру бойынша тиімді шешімдер іздеу жүзеге асырылатын болады және оларға көрсетілетін төлем қызметтерінің аясы айқындалады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру шеңберінде 2016 жылы төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін қарау жоспарланып отыр.

3. Сақтандыру бойынша деректердің статистикалық базасын жетілдіру.

Қазіргі уақытта бірқатар өзгерістерге ұшыраған сақтандыру нарығының инфрақұрылымы сақтандыру секторының толыққанды дамуын сақтандыру бойынша толыққанды және шынайы статистикалық базаны қалыптастыру жолымен қамтамасыз етеді. Бұл сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің барабар және негізделген мөлшерлерін қалыптастыруға және сақтандыру жағдайлары мен төлемдері бойынша жалпы статистиканы ескере отырып, барабар резервтердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Осыған байланысты сақтандыру шарттарының барлық параметрлері бойынша статистика жинауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін СДБҚ ақпараттық жүйелерінің ішкі процестерін одан әрі жетілдіру қажет. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында СДБҚ базасында сақтандырудың барлық кластары үшін сақтандыру тарифтерінің актуарлық есептері үшін, сондай-ақ өмірді жинақтаушы сақтандыру үшін қайтыс болудың актуарлық кестелерін жасау үшін статистикалық ақпаратқа талдауды жүзеге асыратын тиісті бөлімше құру қажеттілігі туындады.

Сонымен қатар, сақтандыру бойынша дерекқордың мемлекеттік дерекқорлармен өзара іс-қимыл қажеттігі бар, себебі мүліктік және жеке сақтандыру шарттарын жасау кезінде жеке тұлғалар бойынша дербес деректер пайдаланылады. Осыған байланысты, нақты уақыт режимінде ақпарат алу мүмкіндігімен жеке тұлғаларды есепке алу бойынша мемлекеттік дерекқорға қол жеткізу мүмкіндігі қаралатын болады.

4. Автосақтандырудың өңірлік жүйесін құру.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ БЭК шеңберінде Қазақстан Республикасының ықпалдасу жағдайларында Ұлттық мотор бюросын құру мәселесі қаралады.

Ұлттық мотор бюросының негізгі мақсаты автосақтандырудың өңірлік жүйесі шеңберінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерге кепілдік беруді және талаптарды реттеуді қамтамасыз ететін болады.

Осындай мақсаттармен БЭК шеңберінде халықаралық келісімдер жасасу қажет, онда залалдарды реттеу тәртібі, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру полистерін өзара тану критерийлері, кепілдік қорының көлемі, сақтандыру тарифтерін біріздендіру және жауапкершілік көзделетін болады.

5. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін дамыту.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі сақтандырудың міндетті түрлерін ғана жабатын болады. Кепілдік беру жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру ұйымы тәуекелдерінің деңгейіне байланысты міндетті жарналардың сараланған мөлшерлемелер жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ міндеттемелерді толық жабу тұтынушыларды барынша тұрақты сақтандыру ұйымын таңдауға ынталандырмауына байланысты кепілдік және өтемақы төлемдері бойынша лимиттер белгіленеді.

6. Дауларды сотқа дейін реттеу институтын – қаржы омбудсманын құру және сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін кеңейту.

2007 жылы сақтандыру омбудсманын және 2011 жылы банк омбудсманын құру сақтандыру ұйымдары/банктері және олардың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеу тетігін құруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің көрсетілетін қызметтері тұтынушылары омбудсмандарды реттеу схемасымен қамтылмай қалды.

Шет елдерде қаржы омбудсманы институты табысты жұмыс істейді, ол азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау арқылы бүкіл қаржы нарығы тұтынушыларының құқықтарын қорғаумен айналысады, сонымен қатар қаржы нарығының реттеушісі ретінде тұжырымды мәселелерді шешуге бағытталған функцияларды жүзеге асырады.

Қаржы жүйесіне сенімділікті арттыру мақсатында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, оның ішінде әлеуетті инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін қаржы нарығында дауларды сотқа дейін реттеу институтын – қаржы омбудсманын құру арқылы жетілдіру ұсынылады. Осы институтқа сақтандырудың міндетті және ерікті кластары бойынша тиісінше, банктік қызмет көрсетудің барлық шарттары бойынша дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі банктік және сақтандыру омбудсмандарының өкілеттіктерін кеңейте отырып, салалық омбудсмандар қосылатын болады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеуге, қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау мониторингіне, халықтық қаржылық сауаттылығын арттыруға, ал қаржы
омбудсманықаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы ұйымдарына жеке шағым-талаптарын сотқа дейін тәуелсіз және әділ реттеуге баса назар аударады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру шеңберінде 2016 жылы қаржы омбудсманының қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәселені қарау жоспарланып отыр.

7. Қор биржасының ресми тізімі құрылымының және эмитенттерге қойылатын листингтік талаптардың реформасы.

Бағалы қағаздардың отандық нарығының тартымдылығын арттыру және қор нарығында саудаласатын құралдар желісін ұлғайту мақсатында листинг құрылымына және листинг талаптарына қолданылатын тәсілді айтарлықтай өзгертуді қажет етеді. Эмитенттердің бағалы қағаздарын Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне қосуға және онда болуына арналған түйінді талаптар Мәскеу және Лондон қор биржаларындағы листинг талаптарының үлгісі бойынша сауда-саттық жүргізуге және инвесторлар алдындағы ақпаратты (ақпараттық листинг) ашуға ыңғайлы болуға тиіс.

Қазақстан қор биржасы эмитенттерді қатаң саралаудан және листинг санаттары бойынша бағалы қағаздар шығарудан кетіп, көбінесе эмитенттер туралы ақпаратты ашатын сауда алаңының функциясын атқаруы тиіс, ал инвесторлар өз кезегінде биржа ашқан ақпаратты басшылыққа ала отырып, өз бетінше шешім қабылдайды.

Бұл ретте, листинг санаты капиталдандыру және эмитенттің кірістілігі критерийлеріне қатысты емес инвестор үшін сауда-саттық жүргізуге


ыңғайлы талаптармен (айналыста бағалы қағаздардың болуымен) қалыптасуға тиіс.

Мәселен, листинг құрылымында бағалы қағаздардың екі өзгеше тобын, атап айтқанда үлестік бағалы қағаздарды және борыштық бағалы қағаздарды көздеу қажет.

Үлестік бағалы қағаздар үшін листингке қосылу бойынша рәсімдердің толық тізбесі сақталады, ал борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізіміне айналысқа рұқсат берудің оңайлатылған рәсімінен өтетін болады.

8. Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының шоғырландырылған ақпараттық жүйесін және бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының баға белгілейтін ұйымын құру.

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығының айқындылығын арттыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында бағалы қағаздармен мәмілелер (операциялар) туралы ақпаратты ашуды қамтамасыз ету қажет.

Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының шоғырландырылған ақпараттық жүйесін құру бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында эмитенттердің бағалы қағаздарымен мәмілелердің айқындылығын және ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ауқымдарын бағалауға және осындай мәмілелерді қадағалау тетіктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының баға белгілейтін ұйымын құру инвесторларға бағалы қағаздары биржадан тыс нарықтың алаңында айналыста жүрген және бағалы қағаздардың осы нарығында сатылатын эмитенттер туралы толық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беріп, мәмілелер бойынша контрагенттер іздеуді жеңілдетеді, бұл сондай-ақ бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының өтімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының баға белгілейтін ұйымын құру Қазақстанның қор биржасының базасында, сол сияқты Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі базасында жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Жергілікті рейтинг агенттіктері нарығын дамыту.

Әлемде кредиттік рейтинг агенттіктері қаржы нарығының маңызды элементіне айналды. Осы ұйымдардың қаржылық қызметтерін эмитенттер бағалы қағаздарды шығарған және орналастырған кезде, жеке және инстутиционалды инвесторлар инвестициялық стратегияны қалыптастырған және бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ мемлекеттік органдар реттеу мақсатында, мысалы банктік реттеуде, банктік портфельдердің тәуекелділігін бағалау және банктер төлем қабілетсіздігінен қорғау үшін сақтауы тиіс капиталдың мөлшерін айқындау үшін пайдаланады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында рейтингілік бағаларды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер нарығында Standard & Poor’s, Moody’s және Fitch сияқты халықаралық рейтинг агенттіктерінен басқа, жергілікті рейтинг агенттіктері жұмыс істейді.

Өз кезегінде, жергілікті рейтингілік агенттіктерінде рейтингілік бағаларды беру тәжірибесі жеткіліксіз дәрежеде пысықталды, осының салдарынан олардың рейтингілік бағаларды беру жөніндегі әдістемесі бірдей емес және жетілдіруді қажет етуі мүмкін.

Осыған байланысты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мақсатында жергілікті рейтингілік агенттіктері берген рейтингілік бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдаланбайды.

Алайда Қазақстан Республикасындағы эмитенттердің барлығы кредиттік рейтингілерді беру үшін халықаралық рейтингілік агенттіктерді тарту мүмкіндігіне ие бола алмайды, себебі олардың көрсетілетін қызметтерінің құны біршама жоғары болып табылады.

Кредиттік рейтингілік агенттіктерінің ішкі нарығын дамыту қажет. Олардың өзінің клиенттік базасын өсіру және өзінің клиенттеріне көрсетілетін қызметтердің үлкен тізбесін ұсыну үшін оларға барынша кең
өкілеттіктер беруді қажет етеді. Сонымен бір мезгілде олардың өкілеттіктерін кеңейте отырып, рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеу, бағалау
және қадағалау және қаржы ұйымдарын реттеуде олар берген
рейтингілік бағаларды тану тетіктерін енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ рейтинг агенттіктерінің рейтингілік бағаларды ұсыну жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

10. Алматы қаласы жетекші қаржы орталығы ретінде.

Әлемдік қаржы орталықтарының озық тәжірибесін негізге ала отырып, АӨҚО-ның құқықтық өрісі қызмет аясын, көрсетілетін қызметтерді, қатысушыларды, уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаттарын, міндеттері мен құзыретін кеңейту бөлігінде
қайта қаралады. АӨҚО дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа жоспарын
әзірлеу қажеттілігі қаралатын болады. Нарыққа қатысушылар үшін қолданылып жүрген жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтай отырып, бизнес жүргізу және капитал тарту үшін инвестицияларды отандық қор нарығына шоғырландыру мен тартуға ықпал ететін жаңа талаптар енгізу мүмкіндігі қаралады.

АӨҚО дамыту жөніндегі кеңес құрылады, оған мемлекеттік органдардың, қаржы нарығының, бизнестің, жұртшылықтың және жергілікті атқарушы органның өкілдері кіреді. Кеңестің қажетті құжаттарын уақтылы әзірлеу үшін Кеңестің жұмыс органдарын құру мүмкіндігі қаралады.

Болашақта, АӨҚО-да Boston Consulting Group-нің «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы ретінде» есебіне сәйкес мынадай қызметтердің кең спектрі көрсетілетін болады: қаржы, аудиторлық, заң, консультациялық, жетекші қаржы орталықтарының үлгісімен рейтингілік көрсетілетін қызметтер. Исламдық қаржыландыру перспективті бағыттардың бірі ретінде қаралатын болады.

АӨҚО дамуы мыналарға бағытталады:

1) қаржылық инфрақұрылымды дамыту (заманауи нарықтық инфрақұрылым, қатысушылар мен инвесторларға жағдайлар жасау, әртүрлі қаржы құралдарын ұсыну, тиімді реттеу жүйесін енгізу, ақпараттық және желілік технологиялар секторын дамыту);

2) Алматы қаласын өңірдегі ірі, серпінді дамитын, бәсекеге қабілетті мегаполиске айналдыру (қаланың брендін және имиджін қалыптастыру бойынша белсенді маркетинг саясаты, инфрақұрылымды және туризмді дамыту, тіршілік етудің жайлы жағдайлары мен деңгейі, экологиялық жағдайды жақсарту, қаланы абаттандыру);

3) бизнес ортаны құру (оның ішінде қолайлы іскерлік және инвестициялық ахуалды, заңнаманың икемді жүйесін, тартымды салықтық талаптарды, тиімді құқық және сот жүйелерін және шетелдік ойыншыларды тартуға бағытталған басқа да ынталандыру шараларын қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарау);

4) қаржы нарығының және АӨҚО-ның түйінді салалар бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыру: адами фактор, бизнес орта, нарықтарға қол жеткізу, инфрақұрылым, жалпы бәсекеге қабілеттілік, сондай-ақ осындай жұмысқа жетекші талдау орталықтары мен сарапшыларды тарта отырып, бәсекелестік позицияларды, стратегиялық мамандануды, одан әрі дамудың сценарийлерін айқындау және АӨҚО дамуының балама мүмкіндіктерін тану;

5) GFCI рейтингілік бағалауында Алматы қаласының қаржы орталығы ретіндегі позициясын жақсарту;

6) алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен тәжірибе мен ақпарат алмасу саласында тығыз ынтымақтастықты орнату және қолдау;

7) корпоративтік басқаруды және тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жетілдіру, сондай-ақ халықтың қаржылық білімінің деңгейін арттыру арқылы оларды қаржы нарықтарына тарту;

8) Дүниежүзілік Банкінің Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде, Doing Business және басқа да рейтингілерде Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсарту.

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметімен және басқа да мүдделі тұлғалармен қатар аталған іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде және тікелей қатысатын болады.

Ұлттық қаржы нарықтарын дамыту үшін ортақ артықшылықтар мен мүмкіндіктерді анықтау жолымен мемлекеттердің арасында ынтымақтастықты кеңейте және тереңдете отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық және өңірлік диалогтарға, форумдарға және конференцияларға қатысуы шеңберінде АӨҚО-ның дамуындағы ұлттық мүдделерді, әсіресе Орталық Азияда алға бастыру жалғастырылатын болады. Таяу шетел елдерінен инвесторлар мен эмитенттерді тарту мақсатында қаржылық қызметтер көрсету бойынша шекараларды кеңейту мүмкіндігі қарастырылады, бұл АӨҚО-ға Орталық Азияда қаржы орталығы ретіндегі позицияларын нығайтуға көмектеседі.

Қазақстан қаржы нарығының айтарлықтай ішкі көздері (жеке отандық инвесторлардың активтері де, мемлекет ресурстары да) оларды жұмылдыру және одан әрі экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Оларды тарту және отандық қаржы нарығын дамыту мүдделерінде пайдалану жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.

Осылайша, АӨҚО-ны құру және одан әрі дамыту, стратегиялық перспективада халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті Алматы қаласының қаржы орталығын дамыту үшін және оның Азияның он алдыңғы қатарлы қаржы орталықтары тобына енуі үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыруға бағытталған кешенді шаралар қабылданады.

11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы және Орталық Азиядағы исламдық қаржылық хаб ретінде Алматы қаласын дамыту.

Исламдық қаржыландыруды одан әрі дамыту исламдық қаржы құралдарын кеңейту, исламдық өнімдер нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау, отандық бағалы қағаздар нарығына өз қызметін исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес жүзеге асыратын эмитенттер мен инвесторларды тарту бойынша ынталандыру шараларын қабылдау бағытында жүзеге асырылады.

Исламдық қаржыландырудың әлеуетін толыққанды пайдалану үшін мына мәселелер:

1) отандық заңнаманы салық салу, исламдық қаржыландыру институттарын пруденциялық қадағалау, исламдық қаржы институттары үшін тіркеу кедергілерін жою бөлігінде исламдық қаржыландыру ерекшеліктеріне қарай одан әрі бейімдеу;

2) исламдық өнімдермен жұмыс істеу тәжірибесі бар кадрлардың тапшылығын қысқарту;

3) халықтың және бизнестің қаржылық сауаттылығын және исламдық қаржыландыру өнімдері туралы хабардар болуын арттыру қаралатын болады.

Сонымен бірге, исламдық қаржыландыруды реттеу үлгісін түбегейлі, оның ішінде институционалдық қағидаттан бас тартып, оларды кім ұсынатындығына қарамастан, исламдық қаржы құралдары мен өнімдерін функционалдық реттеуге көшуді қайта қарастыру қажет.

Исламдық қаржыландыруды дамытатын ел ретінде Қазақстан Республикасының имиджін арттыру мақсатында исламдық қаржы өнімдерінің промоушені және оларды жылжыту, жаңа исламдық банктерді ашу, исламдық банктік емес және микроқаржы мекемелерін ашу арқылы,


сондай-ақ исламдық капитал нарығын дамыту жолымен Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

Осы процеске Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі ықпал ететін болады, бұл дамыған исламдық банк жүйесі бар ДСҰ-ға мүше елдер үшін отандық нарыққа жол ашады.

Халықаралық стандарттарды зерделеу және енгізу мақсатында халықаралық исламдық қаржы ұйымдарымен (Islamic Financial Service Board, Islamic Liquidity Management Centre, International Islamic Financial Market, Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions, International Islamic Rating Agency, General Council of Islamic Banks and Financial Institutions) өзара іс-қимылды жасасуды және Малайзия рейтингілік агенттігімен (RAM Holding) ынтымақтасуды жандандыру бойынша шаралар қабылданады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында және Орталық Азияда исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша көшбасшы ретіндегі Қазақстан Республикасының позициясы күшейтіледі. Алматы қаласы исламдық қаржыландыруды енгізуге және дамытуға байланысты мәселелер бойынша конференциялар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізу орталығына айналады.

Исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы қайта қаралып, өзектілендірілетін болады.

12. Микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдары үшін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін, осы ұйымдарды бақылау мен қадағалау шеңберінде алынған ақпараттың негізінде олардың қызметін жетілдіру мақсатында микроқаржы ұйымдарының жаңа көрсетілетін қызметтерін енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ жаңа тиісті реттеушілік талаптарды енгізу қажеттілігі қаралатын болады.

Микроқаржы ұйымдарын одан әрі дамыту үшін ұйымдардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары және микроқаржы ұйымдары секторында


өзін-өзі реттеу институтын енгізу көзделуі мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістерді 2016 жылдан бұрын емес (2016 – 2020 жылдары), яғни өтпелі кезең аяқталғаннан кейін қарау жоспарланып отыр.


5. 4-міндет: қаржы секторы өсуінің ресурстарын, оның ішінде экономика қажеттіліктеріне жауап беретін қаржы өнімдері есебінен кеңейту
1. Банктердің әртүрлі қорландыру көздері бойынша әртараптандырылған ресурстық базасын қалыптастыру.

Ішкі нарықта облигациялар шығару арқылы ресурстарды тарту неғұрлым қымбат, бірақ бұл ретте депозиттерді тартуға қарағанда, ұзақ мерзімді қорландыру болып табылады. Банктердің ішкі нарықта облигациялар шығаруын жандандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарының осы түріне әлеуетті инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін реттеушілік ортаны өзгерту қажеттілігін қарайды.

Сонымен бірге, сыртқы борышының қазіргі салыстырмалы төмен деңгейі банктерге сыртқы қарыз тартуды бастауға мүмкіндік береді, бұл оның көлемі орташа болған және тиімді басқарылған кезде сыртқы борыш дағдарысына апармайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің сыртқы борышына қатысты резидент еместер алдында банктер берешегінің асыра өсуіне жол бермей, консервативтік саясатты ұстанады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, капиталға айырбасталатын облигациялар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, банк секторы міндеттемелерінің жиынтық мөлшеріндегі оның сыртқы міндеттемелерінің үлесін 30 %-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру банктердің сыртқы берешегінің қолайлы деңгейі деп санайды.

Депозиттік сертификаттар сияқты ресурстарды тартудың құралын дамыту бөлігінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру орындылығы қаралатын болады.

Нормативтік құқықтық базаның болуына қарамастан, активтерді секьюритилендіру тетігі дамымастан қалды. Секьюритилендірілген активтерді шығаруды ынталандыру және олардың нарығын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болатын.

Сонымен қатар, банктерді ұлттық валютада қорландырудың ұзақ мерзімді көздерінің өсуін қамтамасыз ету үшін банк салымы шоттарынан мерзімнен бұрын ақша алуды ынталандырмайтын айыппұлдар жүйесін немесе басқа да шараларды енгізу мәселесін қарау қажет.

БЖЗҚ банктерді қорландырудың орнықтылығы мен ұзақ мерзімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Зейнетақы активтері банктердің қаржы құралдарына орналастырылатын белгілі бір кво-мәртебесін сақтау көзделеді. Зейнетақы активтерінің бір бөлігін банктердің қаржы құралдарына орналастыру мәселесі зерделеніп, тиімді тетігі айқындалады.

2. Шетелдік борыштық емес капиталдың әкелінуін ынталандыру арқылы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне деген сұранысты арттыру.

Капиталдың қосымша әкелінуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар елде іске асырылған «қаржылық хаб» үлгісі жан-жақты зерделенетін болады. «Қаржылық хаб» үлгісі арнайы қаржы аймақтарын құруды болжайды, оның шеңберінде салық салудың тек аумақтық қағидаты іске асырылады. Мемлекеттің қалған, яғни «қаржылық хабтан» тыс аумағында салық салудың жалпы белгіленген тәртібі сақталады.

Зерделеу нәтижесінде оны Қазақстан Республикасында енгізудің, оның ішінде ел экономикасына ықпалын ескере отырып, сондай-ақ капиталды жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық талаптар тұрғысынан орындылығы қарастырылатын болады.

3. Тиімді қайта қаржыландыру жүйесін құру.

Банк секторын шоғырландыру бойынша мемлекеттік саясат шараларының бағдарлануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жаңа қайта қаржыландыру жүйесін енгізеді. Операцияларды көбінесе ірі және орта банктермен жүргізу мәселесі қаралады, бұл бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер жүйесін дамыту шеңберінде іске асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдары жүйесі банктерді өтімділікпен (кез келген уақытта қойылатын талаптарды қанағаттандырған кезде) жеке негізде, сондай-ақ жүйелік проблемалар туындаған кезде де нығайтуды қамтамасыз ететіндей икемделеді. Бұл банктерге кредит саясатындағы акценттерді ұзақ мерзімді активтерді қалыптастыруға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Осындай құралдар жүйесі ақша-кредит саясатының классикалық құралдарының (тұрақты тетіктер, ашық нарығының операциялары), сондай-ақ шартты қорландыруды беру (атап айтқанда, банктің проблемалық активтердің көлемін төмендету, басым секторларға кредит беру, туынды қаржы құралдары нарығында алыпсатарлық қатысуын азайту бойынша міндеттеменің орнына өтімділік беру) тетігін практикаға енгізуді көздейді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік қамтамасыз ету ретінде қабылдауға болады деп қарайтын қаржы құралдарының тізімін кеңейту олардың тәуекел дәрежесімен ақталуы тиіс.

Тіпті тиімді жұмыс істейтін қайта қаржыландыру жүйесінің болуы да банктерден өтімділігі маусымдық және қысқа мерзімді күрт және біршама құбылған жағдайда алдын ала өтімділік буферлерін қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сол үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

Өтімділікті басқару сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкаралық кредиттеу нарығын қалыптастыруды және дамытуды ынталандыратын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәміленің аяқталуын қамтамасыз етуін көздейтін тетікті енгізу, мысалы, кепілдік беру мәселесі қарастырылады, бұл банктерге бір-бірімен жасалатын операцияларды кеңейтуге мүмкіндік береді.

4. Бағалы қағаздар нарығында ұсынысты қалыптастыру және ұстап тұру және инвестициялаудың тартымды объектілері болып табылатын эмитенттердің акцияларын бастапқы орналастыруға шығару.

Бағалы қағаздар нарығы дамуының, онда тұрақты ұсынысты қалыптастырудың және ұстап тұрудың, сондай-ақ инвесторлық базаны ұлғайтудың түйінді факторы акцияларды бастапқы орналастыруға жаңа компанияларды шығару болып табылады, ол жүйелік негізде жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекет осы мәселеде белсенді рөл атқаруға тиіс, ол Қазақстан нарығында жария орналастыру үшін «квазимемлекеттік» сектор компанияларының бағалы қағаздарын ұсына алады, олар ең өтімді құралдар тобын құрайтын болады.

Осылайша, бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту мақсатында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ұлттық


әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларын бастапқы орналастыруды жалғастыру және осы бағдарламаның жалғасуына кедергі жасайтын барлық себептерді жою қажет.

Сондай-ақ, жоспарланып отырған жекешелендіру объектісі болып табылатын және ұлттық басқарушы холдингтерінің құрылымына кіретін ұйымдардың акцияларын отандық қор биржасында орналастыру арқылы кейінгі жекешелендіруді жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру талап етіледі.

Квазимемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын отандық қор биржасында орналастыру арқылы жекешелендіруді жүргізу бағалы қағаздар нарығының дамуына күшті серпіліс береді және нарыққа шетелдік инвесторларды тарту үшін катализатор болады. Осындай жекешелендіру
сауда-саттықтың барлық қатысушыларына сауда-саттыққа қатысудың тең жағдайларын, сауда-саттыққа қатысушылардың шектеусіз саны арасында бәсекелестікті, жекешелендіру объектілеріне айқын және әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Отандық қор биржасында кәсіпорындардың жекешелендіруін өткізгеннен кейін олардың акцияларының қайталама айналуын қамтамасыз ету бойынша талапты қарастыру маңызды, өйткені бұл жекешелендіру объектілерінің тартымдылығын, оның ішінде шетелдік инвесторлар үшін де арттыратын болады және олардың кейінгі қызметінің айқындылығын қамтамасыз етеді.

Cондай-ақ бағалы қағаздар нарығында ұсынысты ұстап тұру және оның өтімділігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында маркет-мейкерлер институтын дамыту қажет, олар нарықта ұсынысты өздерінің баға белгілеуінің жоғары көлемдерімен және осындай баға белгілеу арасындағы тар спрэдтерімен ұстап тұруға тиіс. Бұл ретте, маркет-мейкерлердің негізгі ресурстарын әлеуетті өтімді қаржы құралдарына шоғырландыру қажет.

Басым міндеттердің бірі Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің шетелдік бағалы қағаздар нарығында акционерлік және қарыз капиталын тарту үшін кетуін шектеу болып табылады. Қазіргі кезде шығаруға және шет мемлекетінің аумағында орналастыруға жоспарланған бағалы қағаздарының белгілі бір санын отандық инвесторлар арасында орналастыру бойынша талаптар белгіленген Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің сипаттамасы резидент эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылау бойынша қолда бар тетіктерді толыққанды қолдануға мүмкіндік бермей отыр.

Қазақстандық инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің қызметіне мониторингті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту қажет. Бұл шара оған бағалы қағаздардың айналымын тоқтата тұру не эмитент орналастыру талаптарын бұзған не оның бағалы қағаздары казақстандық немесе шетелдік нарықтарда айналымда болған жағдайда бағалы қағаздарды орналастыруды жарамсыз деп тану құқығын беру мүмкіндігін қарау жолымен іске асырылатын болады.

Салық салу жүйесі қажет болған жағдайда экономика секторларының дамуын қамтамасыз етуге, не олардың қызып кетуін тежеуге мүмкіндік беретін, мемлекеттік реттеудің неғұрлым икемді құралы болып табылады. Салықтық жеңілдіктерді және преференцияларды пайдалану кеңінен қолданылатын бағалы қағаздар нарығын дамыту тетігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қор биржасына шығатын инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер бар, алайда бұл акциялардың корпоративтік эмитенттерінің IPO-ға және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығуына әлсіз ынталандыру болып табылады.

Осыған байланысты отандық бағалы қағаздар нарығында Қазақстан эмитенттерінің IPO санының әлсіз өсу себептері талданып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы салық салу мәселесі қарастырылатын болады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің кетуін ішінара шектеу мақсатында бағалы қағаздардың шетел нарықтарында акционерлік және қарыз капиталын тарту үшін бағалы қағаздарды шығаруды және оларды шетел нарықтарында орналастыруды жоспарлап отырған резидент эмитенттер үшін қосымша салық алымдарын енгізу мақсатқа сай болып табылады. Сондай-ақ осы эмитенттер үшін бағалы қағаздарды шетел нарықтарында орналастыруға кірісердің алдында бұрын отандық бағалы қағаздар нарығында олар орналастыруы тиіс бағалы қағаздар көлемінің ең төменгі шекті мәнін кезең-кезеңімен арттыру қажет.

Бағалы қағаздар нарығында ұсыныстар қалыптастыру және қолдау мақсатында сондай-ақ сыртқы эмитенттерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына тарту қажет. Бағалы қағаздар нарығындағы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы шегінде ғана емес, сондай-ақ басқа елдерде, оның ішінде Орталық Азия, БЭК және ДСҰ елдерінде де шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарының отандық нарығына олардың акцияларын бастапқы орналастыру мақсатында тарту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ынталандыру қажет.

Осы міндетті іске асыру АӨҚО одан әрі дамыту және оны өңірлік қаржылық хаб ретінде белгілеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ отандық кәсіпорындарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын тиісті мемлекеттік субсидиялар алуға үміткер ұйымдардың бағалы қағаздарын Қазақстанның қор биржасында листингке міндетті енгізу мәселесін қарау талап етіледі.

Бағалы қағаздар нарығында ұсыныстарды арттырумен қатар, осы шараны іске асыру осы ұйымдардың айқындылығын қамтамасыз етеді және олардың қызметін мониторингілеуді жеңілдетеді.

5. Даму институттарының рөлі.

Қаржылық даму институттары дамып келе жатқан экономика жағдайында орнықты қаржы секторының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Даму институттары арқылы мемлекеттің қатысуы және қолдауы қаржы секторының ұзақ мерзімді және табысты дамуының ажырамас шарты болып табылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – холдинг) мемлекеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық құралы болып табылады. Экономиканың басымды салаларын қаржыландыру капиталдың жергілікті және халықаралық нарықтарынан қорландыруды тарту арқылы іске асырылады.

Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану және бөлу есебінен холдинг тұрақты негізде мынадай міндеттерді іске асырады:

1) мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру кезінде қаржы ресурстарымен уақтылы қамтамасыз ету;

2) тартылатын қаржыландырудың оңтайлы шарттары;

3) тартылатын қаржыландырудың нысаналы мәні;

4) холдингтің қаржылық орнықтылығын сақтау.

Холдингтің құрамына қаржы секторының қалыптасуына және экономиканың басымды салаларында қаржыландырудың қажетті құралдарын ұсынуға тікелей белсенді қатысатын даму институттары кіреді. Бұл ретте, қатысушылардың айқындылығы мен хабардар болуының жоғары деңгейімен инфляция деңгейінде немесе жоғары кірістілікті қамтамасыз ету бойынша бар күш-жігер жұмсалады.

Мысалы, холдинг тобына кіретін Қазақстанның Даму Банкі тұрақты негізде Қазақстан экономикасын қаржыландырудың жаңа өнімдерін ұсыну және барларын жетілдіру, оның ішінде банктермен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жұмыстар жүргізеді.

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы сауда қаржыландыру операцияларын және экспорттық сауда операцияларын сақтандыруды қолдау жөніндегі қаржы операторы болып айқындалды. Қаржыландыру сауда қаржыландыру үшін банкаралық нарықта шетел банкіне қарыз беретін банктердің шартты салым ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, сақтандыру өнімдерінің қатары кеңейтіліп, оларда банктермен бірлесе іске асырылатын болады.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту және жеңілдікпен, оның ішінде әлеуметтік бағыттағы ипотекалық кредиттерді ұсыну арқылы халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша құралдардың тұтас спектрін ұсынуға белсенді түрде қатысады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазақстан ипотекалық компаниясы) өз қызметі шеңберінде банктерден ішкі нарықта қорландырудың ұзақ мерзімді қаражатын тарту есебінен ипотекалық портфельдерді сатып алады. Бұл ретте, Қазақстан ипотекалық компаниясы банктер үшін ипотекалық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі мақсатында қарыз алуды арзандатуға ұмтылады. Қазақстан ипотекалық компаниясының қызметі банктерді қажетті ұзақ мерзімді қорландырумен және одан әрі кредиттеу үшін ресурстарды босатумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, даму институттары қаржылық инфрақұрылымды жетілдіруге, қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, теңгерімді экономикалық ортаны ұстап тұруға және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендетуге тікелей үлес қосады және белсенді түрде қатысады. Бұл ретте, қаржы секторы өсуінің ресурстарын, оның ішінде даму институттарын дамыту есебінен жүйелі кеңейту мақсатында, ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық ықтималды көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Даму институттарын қорландырудың көздерін әртараптандыру экономиканың басымды салаларын теңгемен қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерімен қамтамасыз етуге, проблемалық жобаларды қайта құрылымдауға және сауықтыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, даму институттары экономикадағы ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды қамтамасыз ете отырып, жеке инвестицияларға, оның ішінде банктік кредиттеуге бәсекелестік жасамауға тиіс.


6. 5-міндет: теңгерімделген экономикалық ортаны ұстап тұру және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендету
1. Экономиканың нақты секторының ашықтығын арттыру.

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар айқындылығы деңгейінің төмендігі, сондай-ақ корпоративтік басқарудың дамымай қалуы қаржы институттары үшін әлеуетті кредиттік тәуекелдер деңгейінің ұлғаюына әкеліп, қор нарығының дамуын тежейді, сондай-ақ мемлекеттің салық саясатының тиімді жүзеге асырылуына кедергі келтіреді.

Бұл ретте салық төлеудің толықтығы мен уақтылылығы бойынша тексеру рәсімдері ғана емес, сонымен қатар айқындылықты арттыру нәтижесінде бизнес алатын нақты пайданы көрсету арқылы ақпаратты шынайы ашуға кәсіпорындарды уәждемелеу қажет. Сонымен қатар дұрыс жолға қойылған корпоративтік басқару экономикадағы тәуекелдерді төмендету құралдарының бірі бола алады.

2. Қаржы нарығы субъектілерінің тарапынан нарықтық тәртіпті көтеру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Қаржы нарығына қатысушылардың ақпаратты ашуы тұтынушылар үшін оның операциялық және қаржы көрсеткіштері, тәуекелге ұшыраушылығы, тәуекелді бағалау процестері және тиісінше, мекеме капиталының жеткіліктілігі туралы ақпарат негізінде қаржы институтын дербес таңдауға мүмкіндік жасайды, бұл болашақта клиенттердің бейілдігіне оң ықпал етеді.

Қаржы ұйымдары корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін үнемі жүргізіп отыруға тиіс. Бұл ретте, банктерде директорлар кеңесі бекіткен және ашылатын ақпараттың сипатының анықтамасына банктің тәсілін сипаттайтын ақпаратты ашудың ресми саясаты, сондай-ақ оны ашудың барысына ішкі бақылау болуы тиіс. Оның үстіне, банктер ақпаратты ашудың негіздемесін және кезеңділігін қоса алғанда, оның заңдылығын бағалау процесін енгізуге міндетті.

Сонымен қатар, банктерде тәуекелдің әрбір түрі бойынша стратегияларды және процестерді; тәуекелді басқарудың тиісті функциясы бар ұйымның құрылымы мен схемасын; тәуекелдің есептілігі және/немесе өлшеу жүйесінің аясы мен сипатын; тәуекелді хеджирлеу және/немесе төмендету саясатын, сондай-ақ тәуекелді хеджирлеу немесе төмендету құралдарының тиімділігін үнемі бақылау стратегиясы мен процестерін қамтитын тәуекелді басқарудың саясаты болуға тиіс.

Ақпаратты ашу банктік тәуекелдер туралы нарықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады және түрлі институттарды анағұрлым тиімді салыстыруға мүмкіндік беретін ақпаратты ілеспелі және түсінікті ашудың тетігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты ашу қаржы институтының қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын дамыту.

Жеке бизнесті дамытуды ынталандыру бойынша, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша экономикалық саясаттың мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын әрбір қатысушының тәуекелдерін, оның ішінде мына бағыттар бойынша қатаң шектей отырып одан әрі дамыту қажет:

мемлекеттік (мемлекеттің басымды даму бағдарламаларын, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды орындау мақсатында экономиканың нақты секторын ынталандыруға, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істеуін жалғастыру мақсатқа сай), оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы ұлттық басқарушы холдингтерінің қатысуымен қолдау;

жекешелік қолдау (Қазақстан Республикасының өңірлерінде шағын және орта бизнеске ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну үшін отандық және шетелдік бизнестің ірі өкілдері венчурлік қорларды немесе еншілес компанияларын құру қажет);

борышкерлерді санациялау (Қазақстан Республикасы Үкіметін анағұрлым белсенді тарта отырып, себебі қарыз алушының өздерінің, мысалы, ауыл шаруашылы тарапынан төлем қабілеттілігі проблемасы орын алады);

кредиторлар мен қарыз алушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, борышты өндіріп алудың соттан тыс тетігін заңнамалық деңгейде жетілдіру, бұл соттардың жұмысын жеңілдетуге ықпал етіп, борышты құнын жоғалтпастан қайтару мерзімін қысқартады (құжаттамалық және рәсімдік тұрғыдан нақты нысандандырылған сот тәртібіне қосымша, бірақ қарыздар бойынша міндеттемелердің орындалуы ұзақ).

4. Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушыны бағалау процесін күшейту.

Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушының жағдайын бағалау қарыз алушының өзінің деректерін бағалау негізінде ғана емес, сонымен қатар, бағаланатын факторлардың анағұрлым кең спектрін, мысалы, саладағы экономикалық ахуалды бағалауды, бәсекеге қабілеттілікті бағалауды және басқаларды қамтитын болады.



5. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың


күтілетін нәтижелері
Қаржы нарығын дамытудың түйінді көрсеткіштері бойынша 2020 жылға қарай мынадай нысаналы бағдарларға қол жеткізу жоспарланып отыр.

Банктердің активтері мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 80 %-ын, несие портфелі – мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 60 %-ын құрайды, бұл олардың экономиканы, әсіресе мемлекеттік даму бағдарламаларында қаржыландыруға қатысуын кеңейтуді болжайды. Осы мәндер шетел банктерінің қазақстандық нарыққа көлемді өктемдік саясатын шектеу, отандық қаржылық жүйені сақтау және отандық банктерге шетелдің қаржы институттарының кіруін толық ырықтандырудан отандық банктердің шығындарын төмендету үшін ең аз қажеттіліктер деп бағаланады.

Алайда банк секторы бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізілмейді деген тәуекелдер, ең алдымен, ірі отандық кәсіпорындардың, әсіресе мемлекеттің қатысуымен және сыртқы нарықтарда даму институттарының көлемді қарыз алуларымен байланысты. Нәтижесінде отандық банктік жүйе шағын және орта бизнес және халық үшін ғана сұранысқа ие болып қалып отыр, себебі олардың әлеуеті активтердің белсенділігін «көпіршіксіз» айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермейді.

Нарық бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2-2,5 есе ұлғаяды. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі халықтың бөлшек ерікті сақтандыруды, оның ішінде өмірді жинақтап сақтандыруды қамтуды кеңейту есебінен ұлғаятын болады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының өсуі тұтыну бағалары индексінің артуы және сақтандыру объектілері санының ұлғаюы есебінен қолдау табады.

Акциялар нарығын ЖІӨ-ге қатысты капиталдандыру «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру және жаңа IPO корпоративтік эмитенттермен жүргізу шартымен екі есе ұлғаяды.

Ислам банктерінің үлесі Қазақстан Республикасының банктік жүйесі активтері көлемінің 3-5 %-ын құрайды.

АӨҚО Азияның жетекші он қаржы орталығының тобына кіреді.

2020 жылға жоспарланып отырған қаржы нарығын дамытудың түйінді нысаналы көрсеткіштері қаржылық делдалдық тереңдігінің, тұтынушыларға көрсетілетін қаржы қызметтерінің көлемі мен сапасының қаржы секторының негізгі сегменттерінде шекара ашу жағдайларында шетелдік ойыншылармен бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін өсуін болжайды.

Қаржы жүйесін 2030 жылға дейін дамытудың түпкілікті көрсеткіштерін белгілеу ұсынылған қаржылық үлгі нәтижелеріне негізделетін болады. Сондықтан тиісті бағдарларды белгілеу 2020 жылы қол жеткізуге жоспарланып отырған нәтижелерге қол жеткізуге негізделуі тиіс.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының міндеттерін қабылдау және іске асыру


Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіргеннен кейін және БЭК аумағында ортақ қаржы нарығы құрылғаннан кейін «қаржылық шекараны» ашу жағдайында 2020 жылдан кейін қаржы нарығының сегменттерін сапалы дамыту
үшін негіз қалайды. Тұтынушылардың ауқымды көлеміне қаржылық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Олардың қаржылық сауаттылығын арттыру, мүдделерінің қорғалуы және
қаржы нарығына қатысушылардың жинақтарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Осының барлығы Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған


30 елінің қатарына кіруі үшін қосымша жағдайларды қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаржылық делдалдық тетіктерінің, оның ішінде әлемнің озық тәжірибесінің дамуына қарай түзетілетіндігін атап өткен жөн.



6. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық актілердің және бағдарламалық
құжаттардың тізбесі

Тұжырымдаманы іске асыруды мына нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз ету болжанып отыр.

  1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).

  2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).

  3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі.

  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі).

  5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
    1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  8. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  9. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  10. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  11. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  12. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  13. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  14. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  15. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  16. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы»
    2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  17. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  18. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  19. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы»
    2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  20. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы»
    2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  21. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»
    2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  22. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

  23. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  24. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  25. Тиісті кезеңге бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспары.

_________________________





1 GFCI рейтингісі Z/YenGroupLimited компаниясы әзірлеген халықаралық қаржы орталықтарын рейтингілік бағалаудың мамандандырылған әдіснамасы болып табылады.

2 99 %-ы мемлекеттің меншігі

3 Беларусь республикалық унитарлық сақтандыру кәсіпорны

4 Әлемдік практикада P&A рәсімдері (ағылш. Purchase and Assumption, 1980 жылдардан бастап Federal Deposit Insurance Corporation (FDIC) проблемалық банктерге қатысты қолданатын, депозиторларды қорғау әдістерінің бірі) кеңінен қолданылады, онда проблемалық банктің активтері мен міндеттемелері қысқа уақыт аралығында, проблемалық банктің клиенттеріне айтарлықтай ыңғайсыздық және қоғамда әлеуметтік күйзеліс пен банктерден депозиторлардың «қашып кетуін» тудырмай, басқа банкке өтеді.

жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау