«Қазақстан республикасының Қаржы қҰҚЫҒЫ»



жүктеу 454 Kb.
бет4/6
Дата13.11.2018
өлшемі454 Kb.
#19192
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиет

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006


8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық.

Жоспары:

Салықтың ұғымы.

Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері.

Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдердін ұғымы.

Әрбір мемлекет өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін, және өзінің қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын шығындарды жабу үшін, каражаты бар кезде ғана өмір сүре алады. «Салық» дегеніміз күрделі кұбылыс, ол бір мезгілде материалдық, экономикалық және заңды категория бола алады.Материалдық мағынада салық дегеніміз - салық төлеушімен мемлекетке, белгіленген мерзімде, тәртіпте берілуге жататын ақшаның белгілі бір сомасы. Экономикалық категория ретінде салық дегеніміз - белгіленген тәртіпте, мерзімде және мөлшерде салық төлеушіден мемлекетке құңның бір жақты қозғалысын реттейтін ақшалай мүмліктік қатынастар.Құқықтық мағынада салық дегеніміз - белгіленген мөлшерде, мерзімде және ұйғарымдалған тәртіпте ақшалай сомасын мемлекетке беру бойынша тұлғаның міндеттемесін туғызатын мемлекетің ұйғарымы.Салықтың материалдық белгілері болып, келесілер табылады:


  • ақшаның белгілі бір сомасын білдіреді

  • заттың белгілі бір санын анықтайды.

Салықтың экономикалық белгілері:

  1. Салық мемлекеттің пайдасына жиындалған қоғамдық өнімнің үлестіруін білдіреді;

  2. салық ақшалай нысанда болады, бірақта салық натуралдың нысанда болуы мүмкін;

  3. қайтарымсыз төленуі;

  4. эквивалентсіздігі;

  5. салықты төлеген кезде меншіктің нысаны ауысады.

Заңды белгілеріне келесілер жатады:

  • Салық тек қана мемлекетпен белгіленеді. Бұл жағдайда мемлекетті құқықталған мемлекетік органдар білдіреді (Қаржы министірлігі, Салық комитеті және т.б.);

  • салық тек қана құқықтық нысанда болады;

  • салық мемлекеттің бір жақты ұйғарымы болып табылады;

  • салықты белгілеу салық төлеуші үшін қаржылық міндеттемесін туғызады. Оның орындалуы мемлекетің мәжбүр ету күшімен және заңды жауапкершіліктің шаралары арқылы қамтамасыз етіледі;

  • салық мәжбүрлі мінездемеге ие;

  • салықтың төлеуін өндіртіп алу, құқықты болып табылады.

Салық салу дегеніміз - ол салықтарды белгілеу мен өндіртіп алу үшін жүргізілетін мемлекеттің қызметі.

Мемлекеттің салық қызметі дегеніміз - ол салық салуды уйымдастыру бойынша және оның жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің қызметі.

Салықтың құрамы келесі элементерден тұрады:


  1. салықтың субъектісі - ол салықты төлеуді міндетті тұлға

  2. салықтың объектісі - олардың болуымен салық төлеушіде салық міндеттемесі туындайды (мүлік, табыс және әректер)

  3. салық базасы - ол салық салу объектісінің құндық, физикалық және басқа да мінездемесі, осының негізінде салықтың сомасы белгіленеді

  4. салық ставкасы - ол салық базасының өлшем бірлігіне салықтық есептеулердің мөлшері

  5. салық периоды - ол уақыттың периоды, оның өтуінен салық базасы белгіленеді және төлеуге жататын салықтың сомасы есептеледі

  6. салықты есептеу тәртібі - ол төлеуге жататын салықтын сомасын белгілеу бойынша қатысты тұлғаның әрекеттерінің жиынтығы.

  7. салықты төлеу тәртібі - ол салық заңымен белгіленген ережелер. Оларға сәйкес салық төлеушіден мемлекетке салық төлемінің затының көшірілуі жүргізілуі керек.

  8. салықтық женілдіктер - ол салық төлеушіні салық ауыртпалығынан босату немесе оның ауыртпалығын азайту.

Салық құрылымы дегеніміз - ол салық құқықығының жалпы бөлімінің институты. Ол мемлекеттің салық жүйесінің құрамын белгілейді. Салықтарды бюджеттің жеке түрі араларында бөледі және де салық салу принціптерін заң жүзінде белгілейді.

Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттің территориясында белгіленген және алынатын салықтың жиынтығы.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтың келесі тұрлерінен тұрады:


  1. Корпоративті табыс салығы

  2. Жеке табыс салығы

  3. Қосымша құн салығы

  4. Акциздер

  5. Жер салығы

  6. Мүлік салығы

  7. Көлік құралдарына салынатын салық

  8. Әлеуметік салық

  9. Жер қойнауын пайдаланушының арнайы төлемдері мен салықтары

Салықтың түрлерінің аз болуының жағымды жақатары:

  1. Салық төлеушіге өз салық міндеттемелерінде ориентир жасау жеңіл;

  2. мемлекетке салық бақылауын жүргізуге жеңіл;

  3. оларды жинау үшін қызметкерлер аз керек

Салықтың классификациясы: (жіктелуі)

1.Салық ауыртпалығын иесіне қатысты салықтар:

- тұра

- жанама болып бөлінеді.

Тұра салықтар нақты және жеке салықтар болып бөлінеді.

Нақты салық - мүліктен алынытын, ал жеке салықтың объектісі - табыс

2.Салықтың нысанына байланысты:

- натуралдық

- ақшалай

3.Салықтың субъектіне байланысты:

- заңды тұлғандан алынатын салық

- жеке тұлғандан алынатын салық

4. Территориялық деңгейге байланысты:

- жалпы мемлекеттік

- жергілікті салықтар

5. Бюджетік реттеу әдісі ретінде қолуынуына байланысты:

- бектілген

- реттеуші салықтар

6. Пайдалану мінездемесіне байланысты:

- жалпы бағытты (абстрактік)

- бағытты

7. Есептеу әдісі бойынша:

- окладтық

- окладтың емес.

Окладтық салықты салық комитеті өзі есептейді (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы), ал окладтық емес салықты салық төлеушінің өзі есептейді (Жеке табыс салығы, ҚҚС)

Республикалыққ бюджеттің кірісіне салықтың келесі түрлері кіреді:



  • Корпоративтік табыс салығы 100 % мөлшерінде

  • Косымша құн салығы, толық көлемде

  • Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50%

  • Әлеуметтік салық – салық төлеушінің кейбіреуінен басқа толық көлемде

  • Рояти, бонус, аса алынған пайдаға салық (сверх прибыль), сонымен қатар республикалық бюджетке түсетін бөлігі бойынша контрактарды жасасу бойынша, Қазақсатн Республикасының өнімнін бөлігі.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар:

1. Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50%

2.жеке табыс салығы - толық

3. әлеуметік салықтын бөлігі

4. жеке және заңды тұлғалардың мүлігіне салынатын салық - 100%

5. жер салығы - 100%

6. көлік салағы - 100%

7. жергілікті бюджетке түсетін бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының котрактілер бойынша үлесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірлік, салықтық орталықтандыру және салықтың тізімінің шекті көлемі принциптеріне негізделген.Бірлік принципі салық кодексінің 8-бабында тура көрсетілген. Бұл принцип келесі қағиданы көрсеткен: Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының территориясында барлық салық төлеушіге қатысты болып табылады.Салық орталықтандыру принципы Қазақстан Республикасының салық жүйесі салық көдексі негізінде қалыптасқан. Ал салық кодексі Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органымен бекітілген акт.Салықтың тізімінің шектелу принципы Қазақстан Республикасының территорияда салық кодексінде көрсетілген салықтардан басқа салықтарды қолдануға тыйым салынады.Сонымен қатар салық кодесінде салық салудың бірнеше принциптері көрсетілген:



  1. Салық салу міндеттілігінің принципі

  2. Салық салудың нақтылық принципі

  3. Салық салудың әділеттілігінің принципі

  4. Жариялық принципі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Салық салу ұғымы.

  2. Мемлекеттін салықтық қызметінің ұғымы.

  3. Салықтық қызметтің әдістері.

  4. Салықтық қызметтің құқықтық нысандары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006

9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.

Жоспары:

Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы.



  1. Бюджеттік құрылымның сипаттамасы.

  2. ҚР Президентінің бюджет саласы.

  3. Бюджеттік жоспарлау кезеңдері.

Бюджеттік бақылау органдарының қызметі.

Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма.

Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді;

2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады;

3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған.

4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді.

5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді:


  1. Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді.

  2. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады.

  3. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді.

  4. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған.

  5. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді.

Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді.

Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді:



  1. міндеттейтін

  2. тыйым салатын

  3. құқық беретін

Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді.

  1. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді.

  2. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді.

Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады:

  1. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді

  1. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді.

  2. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді.

Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері:

  1. Ақшалай түрде болады.

  2. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді.

  3. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді.

  4. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді.

  5. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады

Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі:

  1. Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту.

  2. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану.

  3. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Мемлекеттік несиенің ұғымы

  2. Мемлекеттің шеттен несие алу тәртібі

Ұсынылатын әдебиет

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006


10 - тақырып: Мемлекеттің қаржылық құрылымын құқықтық реттеу.

Жоспары:

Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу

Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу
Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді:



  1. Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру,

  2. Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.

Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады.

Ақша жүйесі дегеніміз - тарихи қалыптасқан және ұлттық заңмен белгіленген елдегі ақшанық қызмет етуінің ұйымдастыру нысандары. Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады:

1. Ресми ақша бірлігі;

2. Ақша белгілерінің түрлері;

3. Ақша эмиссиясының тәртібі;

4. Валюта айналымының режимы.

5.Ақша айналымын ұйымдастыру. Олардан басқа мемлекетпен ақша жүйесін ұйымдастыру әдістеріне байланысты ақша жүйесі тағы 2 элементтен тұруы мүмкін:

6.Валютаның ресми курсы (валюталық парит)

7.Бағаның масштабы

- Ақша бірлігі дегеніміз - ол мемлекетпен белгіленген ақша белгісі. Ұлттық валютаның атауын белгілейді. Ақша бірлігінің өзінің ішкі құрылымы бар: 1 тенге - 100 тиын.



- Ақша белгісінің түрлері дегеніміз - ақша бірлігінін номиналы мен ақша массасының ұйымдастыру құрылымы. Көбінесе ақша белгілерінің 2 түрін шығарады: қағаз ақша және монеталар.Қағаз ақшалар 2 түрде болуы мүмкін: ақшалай тауарға айырбастау кепілі мен жай ақшалар

- Ақшаның эмиссиялау тәртібі. Айтып кеткендей қазіргі жағдайда жаңғыз эмитенті ретінде мемлекет болып табылады. Ал нақты эмиссиялық орталық болып, Ұлттық Банк табылады. Бірақта эмитент ретінде қазыналық болуы мумкін. Бұл орталықтай бірдей қызмет ете алады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк қолма-қол ақша айналымының негізгі бөлігін құрастыратын банктік билетті шығаруға құқы бар. Ал, қазыналықтың үлесіне 10% шамасында ақша щығару құқы берілді - айырбас монеталар түрінде және төменгі номиналдық қағаз ақшалары.

- Валюта айналымының режимі - ол мемлекет пен белгіленген валюталық шектеулермен белгіленеді, бұл шектеулер өзінің ұлттық валютасына қатысты және негізгі ретінде шетел валютасына қатысты әрекет етеді.

Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді:



  1. Толық айналатын

  2. Шектеулі айналатын

  3. Айналмайтын

Толық айналатын валюталарға басқа да барлық валюталарға арнайы рұқсатсыз ерікті айырбасталатын валюталар жатады.Шектеулі айналатын валюталарға резиденттер үшін валюталық операциядарды жасауға белгілі бір валюталық шектеулермен тыйым салынған валюталар жатады.Айналмайтын валюталарға басқа да валюталарға айырбасталмайтын және де мемлекеттің территориясында барлық шетел валюталар айналымына тыйым саланады

- Валюталық монополия - ол валюталық бағалықтар мен мәміле жасасуға мемлекетің ерекше құқығы. Валюталық монополияның объектілеріне келесілер жатады:



  1. шетел валютасы

  2. шетел валютасымен белгіленген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

  3. асыл метталдар

  4. табиғи асыл тастар

- Валюталық курс - толық айналатын валюталарға курс ақша бірлігінің басқа валюталармен сұраныс қабілеттілігімен нарық негізінде белгіленеді. Айналмайтын валюталар үшін валюталық курс мемлекетің өзімен белгіленеді. Ол ресми "валюталық курс" деп аталады, ал басқаша айтқанда "валюталық паритет" дейді.

- Бағалардың масштабы - ол ақша бірлігіндегі ақша металының салмақтық саны. Ақша қағаздарды еңгізгенен бастап баға масштабы қағаз ақша белгісін асыл металға айырбастау құқықтық қатынасты белгілейді.

Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу

үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады.

2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады.

3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді.

4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс.

5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе.

6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы.

2. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы.

3. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.



Ұсынылатын әдебиет

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006




11-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері

Жоспары:

Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

2. Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

3. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы.

4. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы.

5. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.
Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді:



  • Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру,

  • Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.

Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады.

Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу

үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады.

2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады.

3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді.

4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс.

5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе.

6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу.



жүктеу 454 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау