ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК
042-ххх-56-2014
|
«Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
«____»________2014 ж.
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В011500» –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған
Семей
2014
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде.
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі м.а._____________ Толепбергенова А.Е.
2.2. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Төраға ______________ ???
2.3. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Төраға ______________ Толымгожинова М.К.
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік
жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К
БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курс жұмысы (жобасы)
5 Білімалушылардың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
«Бюджет» терминінің төрт мағынасы бар:
1. Материалдық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қоры, сондай-ақ жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың орталықтандырылған ақшалай қорлары.
2. Экономикалық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын немесе жергілікті ақша қорын қалыптастыратын жəне жұмсайтын экономикалық қатынастардың жүйесі.
3. Құқықтық мағынада – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, яғни мемлекеттің жəне жергілікті өкілді органдардын кіріс жəне шығыс балансы.
4. Заң-техникалық мағынада - мемлекеттің негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілері.
Бюджеттік құқық – мемлекеттің бюждетті қалыптастыру жəне бөлуге, сондай-ақ бюджеттен бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдасыруға байланысты пайда болатын қоғамдық қатыныстарды реттейтін қаржылық құқықтың бөлімі.
Бюджеттік құрылыс – республикасының бюджеттік жүйесінің ұйымдастыру құрылысын жəне оның құрамдас бөліктерінің өзара қарым-
қатынастарының белгілейтін бюджеттінің құқықытың жалпы бөлімінің институты.
Бюджетаралық кредиттеу – бір бюджеттен екінші бюджетке, оны теңдестіру мақсатында нақты белгіленген ақша сомасын қайтарылатын негізде беру.
Бюджет саласында басқару – мемлекеттің тапсырысы бойынша бюджет саласындағы ұйымдастыру қызметі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесін анықтайтын жəне олардың осы саладағы құзыреттерін
белгілейтін бюджеттік құқықтың жалпы бөлімнің институты.
Бюджеттік процесс – мемлекеттің өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау жəне олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі бюджеттік процессуалдық нормалармен регламенттелген қызметі.
Бюджеттік кезең – бюджеттік процесстің барлық сатыларын қамтитын белгілі уақыт бөлігі.
Банктер – қызметтерінің өнімі ақшалай кредиттік, есеп айырысу жəне эмиссиялық істер болып табылатын қаржылық – кредиттік мекемелер жүйесі.
(Банко – итальян тілінен алғанда ақша жəне кредиттік мəмілелер жүргізілген
орын орындық).
Бюджет кірістері- салық жəне салық емес түсімдер мен алымдардың, сондайөақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Секвестр- заңдармен белгіленген тəртіп бойынша бюджет шығыстарының бекітілген шекті лимиттерін пропорциялы түрде, белгілі бір проценттерге шағып қысқарту.
Қаржылық жыл- күнтізбелік жылдың і қаңтарында басталып. Іі желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттікөесепке алу кезеңі.
Салықтар-жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында. заң негізінде. сондайөақ заңда белгіленген мөлшерде жəне уақытта салық төлеушілердің бюджеттерге төлейтін қайтарылмайтын түрдегі. жекелей ақысыз негіздегі міндетті ақшалай төлемдері.
Алымдар- жергілікті əкімшілік - аумақтық бірлік көлемінде жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар тарапынан көрсетілген немесе көрсетілетін қызметтер үшін заңды жəне жеке тұлғалар жергілікті бюджет кірісіне төлейтін заңда көзделген міндетті ақшалай төлемдер.
Акциздер- акцизделетін тауар ондіретін. акцизделетін тауарларды импорттайтын. Сондайөақ ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды жəне жеке
тұлғалардың міндетті төлемдері.
Айлық есептік көрсеткіш- кезекті жылға арналған республикалық бюджетке немесе нормативтік құқықтық актіде жыл сайын белгіленетін зейнетақыларды.
Аккредитив - жіберілген тауарлар жəне көрсетілген қызмет үшін тауар жіберушінің ұсынған тиісті құжаттарына сəйкес сатып алушының аккредитивтік өтінішінде көделген шарттар бойынша ақы төлеу жөнінде сатып алушының банкінің тауар жіберушінің банкісіне Берген тапсырысы.
Инкассалық жарлықтар- төлеушілердің шоттарынан атқару жəне соған теңелген құжаттар негізінде олардың ықтиярынсыз ақша қаражаттарын талассыз шығарып тастау.
Вексель - заңмен қатаң белгіленген нысандағы. оның иесі вексель ұстаушыға төлем мерзімі басталғанда борышқордан вексельде көрсетілген ақша сомасын талап етуге талассыз құқық беретін сөзсіз жазбаша қарыз міндеттемесі.
Жай вексель - вексель беруші борышқордың қаражатты алушыға немесе
оның бұйрығына белгіленген ақша сомасын белгілі бір уақытта жəне белгілі
бір орында төлеу жөніндегі ешнəрсеге негізделмеген жай міндеттемесі бар
жазбаша құжат.
Кредиттік шарт - банктік ссуда беру жөнінде қарыз берушіө банк пен қарыз алушы клиенттің арасындағы келісім.
Банктік процент - клиенттің (борышқордың) банке (кредиторға) ссуда бергені үшін төлейтін. алған сомасына процент есебінде қосылатын банктік
есептеу ставкасы.
1. Қаржылар - материалдық категория ретінде – мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы.
2. Қаржылар - экономикалық категория ретінде мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржылық құқық - мемлекеттің еліміздің ақша жүйесін қалыптастыру жəне оның ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесінде, сондай-ақ мемлекеттің ақша; қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жəне пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды тəртіп қағидаларын белгілейтін құқықтық нормалар.
Ақша бірлігі - еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы (теңге, рубль, доллар, марка, сум, манат жəне т.б.).
Валюта режимі - ұлттық валюта сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер.
Валюталар:
а) толығымен айналатын (еркін жүретін);
б) жартылай айналатын (жартылай еркін жүрегін);
в) айналымға түспейтін (еркін жүрмейтін), тұйықталған
Валюталық монополия - валюталық құндылықтармен мəміле жасау жөніндегі мемлекеттін айрықша құқығы. Ақша айналымы - тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер айналысына қызмет көрсету жөніндегі қолда бар жəне қолда жоқ түріндегі ақша қозғалысы.
Нақты ақшалар: банкноттар металл монеттер.
Қолда жоқ ақшалар. чектер, кредиттік карточкалар жəне т.б.
Қаржы министрлігі - кредиттік, валюталық, ақша, салық жəне кедендік саясаттармен өзара байланысты мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатының стратегиялық бағыттарын əзірлеу жəне іс жүзінде жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің сыртқы экономикалық қаржылық саясатын əзірлеуді жүзеге асыратын орталық қаржылық экономикалық орган.
Қаржылық бақылау – қаржылық қызмет қатысушыларының өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру, жөніндегі мемлекеттік органдарының іс-əрекеті.
Қаржылық тəртіп – мемлекеттің талап бұйырғанынан көрініс тапқан өз міндеттерін барлық қаржылық қызметке қатысушылардың қатаң жəне дəл сақтаулары.
Ревизия – кəсіпорындар мекемелердің қаржылық –шаруашылық қызметінің
заңды түрде жəне мақсатқа сəйкес жүргізілуін алғашқы ақша құжаттары мен
бухгалтерлік жазбаларды зерттеулерге негізделген тексеру.
2 ДӘРІСТЕР
1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі
Жоспары:
Қаржының ұғымы.
Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы.
Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.
Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы.
Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.
Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі.
Қаржы жүйесінің ұғымы.
1. Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормалар Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; - міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:
- Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді
-Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді o Бюджеттік o Бюджеттен тыс o Қаржылық-банктік o Қаржылық-сақтандыру o Қаржылық-шаруашылық. Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді § Біржақтылық-биліктік § Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады. Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар. Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады. Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді. Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс. Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді: - қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; - қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету. Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс.
Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі қағидалар негізінде қалыптасуы тиіс:
* қоғамның қажеттіліктерін ескеру және оның көзқарастарына икемделу;
* мақсаттылық пен тиімділік;
* айқындылық, қоғамның бақылауында болуы;
* нормативтілік пен жоспарлылық;
* тұрақтылық пен жүйелілік;
* қоғамдық қабылдауға ие болу.
Мемлекеттің қаржылық қызметі әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады:
• Міндетті әдістер – салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар;
• Ерікті әдістер – жеке және мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер, банктік салымдар;
• Қайтарымсыз қаржыландыру;
• Төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық қағидалары негізінде несиелеу әдісі;
• ақша қаражаттарымен нақты қолма-қол және нақтысыз есеп айрысу әдістері. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарпынан реттеу әртүрлі әдістер мен нысандар арқылы жүзеге асырылады.
Реттеудің негізгі нысанына келесілер жатады: - сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру - салық салу - инвестициялау - сыртқы заимдар - сыртқы қарыз - экспортты субсидиялау. Реттеу әдістеріне келесі әдістерді жатқызуға болады:
• Тікелей ( әкімшілдік ) – лицензия, квоталар, мемлекеттік монополия әдістері;
• Жанама (экономикалық) – салықтар, кедендік төлемдер, мөлшерлеме, валюта курсы, бағалы қағаздар курсы.
Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер Қаржылық –құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық –құқықтық актілер қаржылық –құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық –құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды.
Қаржылық –құқықтық актілер келесілерге бөлінеді:
* Нормативті актілерге
* Нормаларды нақтылайтын жеке актілерге
* Заңнамалық актілер - шығарылатын заңдар, қаулылар
* Қосалқы актілер – заңға негізделген нұсқамалар, бұйрықтар.
ҚР заңдары: А) ҚР Конституциясы – ҚР барлық аумақтарына тікелей әсер ететін жоғарғы заңды күші бар заң Б) Конституциялық күші бар ҚР заңдары В) Үкіметтік заң актілері (декларациялар, ережелер, қаулылыларжәне т.б. .), ҚР заңдары, ҚР өкімдері Г) Қосалқы актілер: - ҚР Президентінің қаулылары мен бұйрықтары - ҚР үкіметінің өкімдері мен қаулылары - министрліктердің нормативті актілері және басқа да атқарушы органдардың актілері - бұйрықтар, қаулылары, атқарушы органдардың нұсқамалары Д) Жергілікті басқару органдарының актілері – тек облыста, ауданда, ауылдық жерлерде іске асырылатын нормативті актілер. Жергілікті өзін-өзі басқару актілерінің түрлері: - қаулы - шешім Е) Жалпыға бірдей қағидлар мен нормалар, ҚР мен іс жүргізуде қолданылатын халықаралық құқық пен келісімдер.
Негізгі түсініктер: мемлекеттік қызмет; қаржы;қаржылық – құқықтық нормалар.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаржылық құқықтық қатынастардың ерекшелігі неде
2. Қаржылық құқықтық норма дегеніміз не
3. Міндеттеушілік қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз
4. Тыйым салушылық қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз
5. Үәкілеттілік қаржылық –құқықтық норма дегеніміз не
6. Материалдың қаржылық –құқықтық норманы сипаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011
2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.
3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006
2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жұйесі.
Жоспары:
Қаржы кұқығының пәні.
Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері.
Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы.
Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері
Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны.
Қаржы құқығының пәні болып барлық қаржылық қатынастар бола алмайды. Тек қана оның белгілі бір бөлігі ғана бола алады. Атап айтканда мемлекеттік қаржы қызметінің процессінде туындайтын қатынастар. Оларды біз «мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз. Бұл қаржы қатынастарға тән болатыны, олар әр уақытта мемлекетік қорға не одан қаражаттың қозғалысын белгілейді.Жеке меншік саласындағы ақша қозғалысын реттейтін қатынастар жеке қаржы қатегориясын белгілей отырып, ешбір жағдайда мемлекетің қаржы қызметінің не қаржы құқығының объектісі болуға тиісті емес.
Азаматар мен заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастар осы қатынастарының санына жатады.Қаржы құқығының пәнін аңыктау мақсатында, айтылғаннын қортындысын жасайық:
Қаржы құқығының пәні болып, мемлекеттік қаржы қызметінің процесінде туындайтын қатынастар табылады, олар өз кезегінде мемлекетік қаржымен шектелген.
Мемлекетің қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық табиғатынан қаржылық болып табылады. Және барлық қаржы қатынастардан оны бөліп шығару мақсатында « мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз.
Жеке қаржы, қаржы құқығының пәні болып қызмет етуге тиісті емес. Егер де мемлекет жеке қаржы қорының қалыптастыруын, үлестіруін немесе пайдалануын үйымдастыру тәртібін белгілесе де, ол азаматық, әкімшілік және де басқа құқық салаларымен қарастырылады.
Мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар егер де олар қаржылық емес болса, және сондықтан қаржы құқығының нормаларымен реттелмесе, ол басқа құқық салалармен реттелсе, олар қызмет ете алмайды.
Қаржылық емес, басқа құқық салаларымен реттелетін қатынастар мемлекетік қаржы қатынастары бола алмайды.
Сондықтан қаржы құқығы толықтай мемлекеттің қаржы қызметі саласымен бірдей.Қаржы құқығының пәні болып мемлекеттік қаржы қызметі процесінде қаржы қатынастарының 2 тобы туындайды:
-материалдық
-ұйымдастырушылық
Материалдық каржылық қатынастар қаражат құралдарынын қозғалысын реттейді, өзімен мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру және үлестіру процесін белгілейді. Бұл қатынастар төлеушіден белгілі бір мемлекетік қорға немесе қордан тұтынушыға нақты ақшаның қозғалысымен байланысты. Ал, мемлекеттің ақша жүйесін біртұтастай және мемлекетің қаржы жүйесін бөлектей, мемлекетік қаржы мекемелерінің жүйесін ұйымдастыру, олардың қызметін қамтамасыз ету бойынша туындайтын қатынастар ұйымдастырушылық болып табылады.
Материалдық қаржы қатынастар келесі белгілермен мінезделінеді:
Бұл қатынастар ақшалай болып табылады. Олар мемлекетің ақша қорын қалыптастыру немесе үлестіру процесін білдіреді.
Бұл қатынастар құнның ақшалай нысында бір жақтық қозғаласын реттейді..
Бұл қатынастар үлестіруді білдіреді.
Экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады.
Мемлекетік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар тек қана құқықтық нысанда жүзеге асырылады.
Қаржы құқығының мәнін ұғу үшін және оның қолдану шекарасын белгілеу үшін материалдық қаржы қатынастарды ұқсас экономикалық қатынастардаң айыру керек.Бірінші кезекте қаржылық қатынастарды тауар-акша қатынастарынан айыру керек :
Қаржы қатынастар, өндіру процесінде, үлестіру барысынды туындайды, ал тауар-ақша қатынастары айырбас стадиясында туындайды.
Мемлекеттік қаржы қатынастар әр қашанда эквивалентсіз.
Қаржы қатынастар құнның қозғаласын тек қана ақшалай нысанда реттейді.
Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік қаржы қызметінің өнімі болып табылады және мемлекет оның негізгі субъектісі болып табылады. Ал, тауар-ақша қатын-ры мәмілелерді реттей отырып, сатушы-сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді.
Материалдық қаржылық қатынастарында ақшаның қозғалысы мемлекетің қызығушылықтарымен белгіленеді.
Материалдық қаржылық қатынастары мемлекетің болуымен белгіленеді.
Материалдық қаржылық қатынастары тек қана құқықтық нысанда болады.
Материалдық қаржылық қатынастарында тараптар заңды теңсіз.
Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекет пен қаржы жүйесін қалыптастыру процесінде туындайтын және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуінен, сонымен қатар мемлекетің қаржы қорларын қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қаржы құқығының нысаны болып, қаржы заңы табылады. Қаржы заңы дегеніміз - мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Бұл актілерді қаржы құқықығының қайнар көзі деп санауға болады. Ең негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституция табылады. Екіншісі ҚР заңдары, үшіншісі ҚР Үкіметінің қаулылыры, төртіншісі қаржы министірлігінің актілері және көптеген нормативтік актілер.
Құқықтық реттеу әдісі деп - қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттеу үшін және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін, мемлекетпен әсер етілетін әдістер, тәсілдер болып табылады. Негізгі әдіс болып императивтік әдіс табылады. Заң әдебиетінде оны басқалай түрде, бір жақты билік әдісі деп немесе әкімшілік әдісі деп атайды. Бұл әдісті қолдана отырып мемлекет өзінің ұйғарымдарын, бұйрықтарын, қаржы заңдарының нормаларында белгіленген қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді.Қатысушының тәртібін қатал және тиянақты реттеуімен мінезделінеді. Белгіленген құқық нормасын орындалмауы, белгіленген тәртіптен шек шыгып кету, мемлекетпен күштеу турде қамтамасыз етіледі.Императивтік әдіс келесі белгілермен мінезделінеді:
Нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген ұйғарымдарды бір жақты билікті реттеу арқылы субъектінің тәртіптерін белгілейді.
Бұл ұйғарымдар тараптардың тәртіптерін тиянакты реттейді.
Екі жақты құқықтар мен міндеттер мемлекетпен белгіленген.
Мемлекетпен белгіленген ұйғарымды орындаудан тараптар бас тартуға құқылы емес.
Ұйғарымның орындалуы күштеу механизмымен қамтамасыз етіледі.
Екінші жақтың тәртіпті таңдау мүмкіншілігі жоқ.
Ұйғарымды орындамау заңды жауапкершілікті туындатады.
Мемлекетпен өкілденген субъект, екінші субъектіге қараганда, аса көп құқықтарға ие.
Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүргізген процесінде, қаражатты тек қана күштеу арқылы таптай, сонымен қатар, төлеушінің қызығушылығына әсер тигізеді. Қортындысында төлеуші өз еркімен мемлекетке ақшаларын береді. Бұл жағдайда мемлекет өз төлеушісімен қаржылық қатынастарын құрады, сонымен қатар, келісім жүргізеді. Басқалай айтқанда диспозитівтік әдісті қолданады.
Диспозитивтік әдіс императивтік әдіске қарағанда субъектінің тәртіптеріне әсер тигізген кезде, әлде-қайда жеңіл тиеді. Бұл қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық актісі ұйғарымның толық комплексін белгілемейді. Кейбір құқықтар мен міндеттер субъектілердің келісімі арқылы белгіленеді. Қаржылық қатынастардың құқықтық реттеу әдісін тандауы мемлекетің қаржы қызметі әдісімен белгіленеді.
Диспозитивтік әдістің белгілері:
Құқықтар мен міндеттер екі құқықтық бастаулар арқылы қалыптасады. Ол нормативтік құқықтық акт және келісім шарт.
Мемлекеттің бір жақты билікті ұйғарымдары толық көлемді мінезді белгілемейді. Бұл қатынастардың субъетісіне өздерінің еркін білдіруіне құқық береді.
Құқықтық акт бұл қатынастарды реттей отыра, субъект үшін «мемлекетті білдіретінң тек қана құқықтар емес, сонымен қатар, оларға басқа жақ алдында міндеттемелерді белгілейді.
Өзінің контрагентінің тәртібін мемлекет тек қана бір жақты билік нысаны арқылы емес реттей отырып, сонымен қатар, екінші субъектіге қатысты экономикалық стимулдары және материалдық қызығушылықтарды колдана отырып, екінші субъектінің тәртібіне әрекет етеді.
Қаржылық қатынастарының құқықтары мен міндеттері әлде қайда теңелген.
Заңды нысаны болып қаржы құқықтық келісім шарт болып табылады және ол жақтар үшін құқықтар мен міндеттер туғызады.
Қаржы құқықтық келісім шарт тек қана нормативтік құқықтық акт көздеген жағдайда жасалынуы мүмкін.
Қаржы құқық жүйесі дегеніміз - қаржы құқықтық қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың логикалық тізілімі. Қаржы құқық институты дегеніміз - қоғамдық қатынастарының белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы.Қаржы құқық нормасы дегеніміз - мемлекетпен белгіленген қаржы құқық қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейтін ережеле. Қаржы құқығыда құқықтың басқа салалары сияқты өз жүйесін екі бөлімге бөледі. Жалпы бөлім мемлекеттік қаржы қызметінің бастапқыларын белгілейтін, оның мақсатарын, насандарын және әдістерін жүзеге асыруын, қаржылық бақылаудын құқықтық негізін белгілейтін және мемлекеттік қаржы қызметіне қатысатын мемлекетік органдардың компетенциясын белгілейтін құқық нормалардан тұрады.
Негізгі түсініктер: қаржы құқығы, құқықтық нормалар, құқық жұйесі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаржы құқығының пәні.
2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері.
3.Қаржы және басқада сыбайлас қоғамдық қатынастардың арақатынасы.
4. Қаржы құқығының ұғымы, көздері. әдістері, түрлері, құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011
2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.
3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |