1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жӛніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге
асырады;
2) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге
асырады;
3) ӛндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың
себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жӛнінде ұсыныстар
әзірлейді;
4) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді;
5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін еңбек жӛніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес тексеруді жүргізеді;
6) ӛндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жӛніндегі
қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
7) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ӛкілетті ӛкілдерімен еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша
ӛзара іс-қимыл жасайды;
8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың ӛкілдерінің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жӛніндегі ӛтініштерін қарайды.
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы қҧзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін шетелдік жұмысшы күшін тартуға рұқсат береді;
2) жергілікті ӛкілді органның келісімімен ауылдық (селолық) жерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет
және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және ӛңірлік
келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық
кӛлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл
ӛткізуді келіседі;
5) жұмыс берушілердің ӛңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің
ӛңірлік бірлестіктерімен ӛңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер
жасайды;
6) кӛрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар
қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы тӛлеу жүйесінің
параметрлерін еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ
НЕГІЗДЕРІ
19-бап. Еңбек қатынастарының субъектілері
1. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып
табылады.
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе ӛкілдігінің басшысы осы заңды
тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық
міндеттерін орындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот
шешімдері, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде ӛздеріне
берілген ӛкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берушінің
мүдделерін білдіреді.
20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында осы
Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс
берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын
жасау алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне
жұмысқа жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы
мүмкін.
21-бап. Белгіленген квота есебіне жіберілген
азаматтармен еңбек шартын жасасу
1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан
Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру
үшін квота белгілейді.
2. Жұмысқа орналасу үшін жіберілген адамдардың біліктілігі жұмыс
берушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушілер белгіленген
квота шегінде олармен еңбек шартын жасасады.
22-бап. Қызметкердің негізгі қҧқықтары мен міндеттері
1. Қызметкердің:
1) осы Кодексте кӛзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын
жасасуға, ӛзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды
талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және
дәйекті ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және
толық кӛлемде жалақы тӛленуіне;
6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында ӛзгеше кӛзделмесе, ӛз
еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да
бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;
9) ӛзінің ӛкілдері арқылы ұжымдық келіссӛздерге қатысуға және ұжымдық
шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) осы Кодексте кӛзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта
даярлықтан ӛтуге және ӛзінің біліктілігін арттыруға;
11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген
зиянды ӛтетуге;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жағдайларда міндетті
әлеуметтік сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және ӛтемақы тӛлемдеріне;
14) ӛзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғауға;
15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;
16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа
жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес
жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта кӛзделген
талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен
қамтамасыз етілуге;
19) ӛзінің денсаулығына немесе ӛміріне қауіп тӛндіретін жағдай
туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің ӛкілін
хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі талаптарға сәйкес
келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының
сақталуына;
21) еңбек жӛніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық
бӛлімшелеріне ӛзінің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жағдайларын тексеру туралы ӛтініш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын,
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру
мен қарауға ӛкілдікпен қатысуға;
22) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
23) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен
сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы тӛленуіне;
24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында және
ұжымдық шартта кӛзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;
Достарыңызбен бөлісу: |