Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет41/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51

жалақысы мӛлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы; 
      4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; 
      5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары 
туралы; 
      6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі шараларды қаржыландыру 
кӛлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және 
олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған 
ортаны қорғау туралы; 
      7) тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы 
ережелер енгізілуге тиіс. 
      2. Ұжымдық шартқа: 
      1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және ӛндіріс тиімділігін арттыру 
туралы; 
      2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы; 
      3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, 
біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз 
ету туралы; 
      4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер 
мен жеңілдіктер туралы; 
      5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту 
туралы; 
      6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың 
тынығуы туралы; 
      7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын 
бұзған кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі 
туралы; 
      8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер 
туралы; 
      9) қызметкерлердің ӛкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар 
туралы; 
      10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы; 
      11) қызметкерлерді сақтандыру туралы; 
      12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған ӛзгерістер мен 
толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 
      13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша бұзуды болдырмау туралы; 
      14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ӛздері келтірген залал үшін 
жауаптылығы туралы; 
      15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы; 
      16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы; 
      17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен 
жұмыс берушінің ӛзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін. 
      3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, ӛңірлік келісімдермен 
салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер 
жарамсыз деп танылады. 
      
285-бап. Ҧжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы
 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады. 
      2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде ӛзгеше кӛзделмесе, қол қойылған 
кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті. 
      3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық 
шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша ӛтініш негізінде оған 
қосылған қызметкерлерге қолданылады. 
      4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бӛліну, бӛлініп шығу, 
қайта құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт ӛз күшін сақтайды. 
      5. Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы ӛз 
күшін сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе 
қолданыстағы шартты сақтау, ӛзгерту және толықтыру туралы келіссӛздерді 
бастауға құқылы. 
      6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың 


қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап 
тоқтатылады. 
      
286-бап. Тараптардың ҧжымдық шартты орындамағаны ҥшін
 
                
жауапкершілігі
 
      Ұжымдық шартта кӛзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптар 
ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта 
болады. 
      
287-бап. Келіссӛздер кезіндегі кепілдіктер мен
 
                
ӛтемақылар
 
      Шақырылған сарапшылар мен мамандарға еңбекақы тӛлеу жұмыс берушілердің 
не қызметкерлердің ӛкілді органдарының солармен жасасқан еңбек келісімі 
бойынша жүргізіледі. 
      Қызметкерлердің ӛкілді органдарының ұжымдық келіссӛздерге қатысатын 
мүшелері келіссӛздер жүргізу кезеңінде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) 
тиісті ӛкілді органның келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
жұмыстан босатылмайды. 
 
32-тарау. ҦЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
 
      
288-бап. Ҧжымдық еңбек дауының туындауы
 
      1. Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушіге жалпы жиналыстың (конференцияның) 
шешімімен бекітілген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берілген 
күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі ӛз 
шешімдерін хабарламаған жағдайда, осы 
Кодекстің 290-бабында кӛрсетілген мерзім ӛткен күннен бастап туындаған болып 
есептеледі. 
      2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) 
сот тәртібімен шешіледі. 
      
289-бап. Қызметкерлердің талаптарын ресімдеу мен
 
                
мәлімдеу тәртібі
 
      1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы тӛлеуді белгілеу 
және ӛзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің 
арасындағы ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, ӛзгерту және орындау 
мәселелері жӛніндегі талаптары 
қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлері жалпы 
санының кемінде жартысы болған кезде жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың 
кӛпшілік даусымен түзіледі және бекітіледі. 
      2. Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс 
берушілерге, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне жалпы жиналыс (конференция) 
ӛткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі. 
      3. Аталған талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған 
жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе ӛңірлік 
бірлестіктері не қызметкерлер уәкілеттік берген ӛзге де жеке және (немесе) 
заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін. 
      4. Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің талаптар 
қою жӛнінде жиналыс (конференция) ӛткізуіне кедергі келтіруге әсер ететін 
қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға міндетті. 
      
290-бап. Қызметкерлердің талаптарын қарау
 
      Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің қойған 
талаптарын соларды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей 
қарауға және оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкіндік болмаған 
кезде туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін ӛз ӛкілдерін кӛрсете 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау