Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет4/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#13871
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

        2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың 

(соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда

кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады. 

 

        3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады: 



 

       1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, 

түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен 

өнер шығармаларын өңдеулер); 

 

        2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және 



материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi 

болып табылатын басқа да құрама туындылар. 

 

       Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген 



туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен 

қорғалады. 

 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



№ 586

, 2005.11.22. 

№ 

90

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан 

қараңыз); 07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

Заңдарымен.

 

      8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар 

 

      Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды: 



 

        1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және 

дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; 

 

      2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша 



белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер); 

 

        3) халық шығармашылығы туындылары; 



 

        4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар. 

 

      9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың 

 

              презумпциясы



 

      Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі).

 

      1. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай 



туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, 

туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап 

етiлмейдi. 

 

       Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) 



құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының 

әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: 

 

        1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi; 



 

        2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 

 

        3) туындының алғаш жарияланған жылы. 



 

       Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, 

сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн 

авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген 

уақытта оларды авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік 

тiзiлiмінде тiркеуге құқылы. Тiркеудi осы Заңда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi орган 

жүзеге асырады. 

 

        1-1. 



Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      2. Өзге де дәлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе данасында автор 



ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы – авторлықтың презумпциясы деп есептеледі.

 

      Авторлықтың презумпциясы тек автордың өзіне қатысты ғана қолданылады.



 


        3. Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың 

бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi 

немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың 

өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге 

асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм 

екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. 

 

      4. Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын жеке тұлға 



оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға 

өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға 

мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы 

анықтама берiледi. 

 

      Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. 



 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 

№ 586

, 2005.11.22 



№ 

90 


(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз), 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 

300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Заңдарымен.

 

      9-1-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға



 

                құқықтарды мемлекеттік тіркеу

 

      1. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан 



әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық 

иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

      Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) өтініші негізінде немесе құқық 



иеленушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

 

      Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің 



нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

 

      2. Мемлекеттік тіркеуге берілетін өтініште автордың (авторлардың) деректері, 



өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, тұратын жері, байланыс телефондары, 

жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.

 

      Егер өтінішті құқық иеленуші берсе, онда оның заңды мекенжайы көрсетіледі.



 

      Егер туынды төл туындыдан жасалса, пайдаланылған туынды авторының (авторларының) 

тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

 

      3. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде 



мынадай құжаттар:

 

      1) өтініш;



 

      2) туындының бір данасы;

 

      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;



 

      4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы 

ұсынылады.

 

      4. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық 



туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:

 

      1) өтініш;



 

      2) туындының жазбасы бар жеткізгіш, мәтін, партитура немесе клавира түріндегі 

ноталар;

 

      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;



 

      4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы 

ұсынылады.

 

      Бөлек тең авторлықпен шығарылған музыкалық туындыларға құқықтар тең авторлық 



құқықтары сақталған жағдайда бөлек те, бірлескен түрде де тіркелуі мүмкін.

 

      5. Хореография, пантомима туындыларына, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды 



тіркеу кезінде мынадай құжаттар:

 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау