Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#13871
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

       Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы 

туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. 

 

        2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың 



өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең 

авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң 

туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ. 

 

      3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың 



рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын 

қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде 

көзделген шараларды қолдануға құқылы. 

 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық 

 

      1. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) 



шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi 

және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. 

 

       Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының 



құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. 

 

       Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың 



авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. 

 

       Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама 



туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды. 

 

        2. Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса 



беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi 

басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша 

құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң 

атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы. 

 

       Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан 



өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады. 

 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық 

 

      1. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған 



аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне 

авторлық құқық берiледi. 

 

       Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, 



музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық 

құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады. 

 

        2. Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол 



туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды. 

 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық 

 

      1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары): 



 

        1) сценарий авторы; 

 

        2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе 



мәтiнсiз) авторы (сазгер); 

 

        3) қоюшы-режиссер; 



 

        4) қоюшы-оператор; 

 

        5) қоюшы суретшi болып табылады. 



 

       Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының құрамдас 




бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып 

саналады. 

 

        2. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге 



авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы 

туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық 

құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше 

көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады. 

 

       Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да 



өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы. 

 

        3. Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен 



немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде 

көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ 

дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын 

сақтап қалады. 

 

        4. Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар 



(сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған 

(қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз 

туындысына авторлық құқықты пайдаланады. 

 

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2005.11.22. 



№ 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз) Заңдарымен. 

 

      14-бап. Қызметтiк туындыларға авторлық құқық 

 

      1. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау 



тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды 

авторы иеленедi. 

 

        2. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік 



туындыға мүліктік (айрықша) құқықтарға жұмыс беруші ие болады. 

 

        3. Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын 



көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы. 

 

        4. 



Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 

        5. Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмаларын 



орындау тәртiбiмен энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң 

мерзiмдi және жалғастырыла беретiн жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да 

мерзiмдi басылымдарды (осы Заңның 11-бабының 2-тармағы) жасауға бұл баптың ережелерi 

қолданылмайды. 

 

      


Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 

      15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар 

 

      1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады: 



 

        1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс 

жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның 

даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық 

құқық); 

 

        2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын 



есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе 

есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы); 

 

      3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғылмаушылық құқығы, туындыны кез-келген 



жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың абыройына 

немесе беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету 

құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).

 

      4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау 



тәртібімен жасалған туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол 

жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).

 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау