«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 Қаулысы


Қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара



жүктеу 1,02 Mb.
бет4/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#4810
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны іске асыру үш жыл аралығын (2011 - 2013 жылдар) қарастырады.

Бірінші жыл аралығында (2011 жыл) бағдарламаны іске асыру мынадай алғашқы кезекті іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды:

1) «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығын толықтыру туралы мәселені қарастыру;



2) кейбір нормативтік құқықтық актілерге алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырған, ерікті түрде емдеуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жолдау және оларды медициналық-әлеуметтік ақтау тәртібі мәселесі жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы мәселесін қарастыру;

3) «қоғамдық орын» және «көше қылмысы» ұғымдарын нақтылау мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

4) Қазақстан Республикасындағы есірткіге тәуелділік проблемасына көп деңгейлі зерттеу жүргізу;

5) жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу;

6) заңнамалық нормативтік құқықтық актілерге кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі жинақты дайындау және жариялау;

7) Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді ішкі істер органдарының көші-қон бөліністеріне ақпараттарды бере отырып, қонақ үйлерде тіркеу тетіктерін құру;

8) жаңадан құрылған Көші-қон полициясы комитетінің алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, ІІМ-нің Қарағанды академиясы жанындағы заңсыз көші-қон мен адамдар саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды дайындайтын оқу орталығында біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламасын кеңейту;

9) ІІМ жоғары оқу орындарының бірінің базасында табиғатты қорғау  және криминалдық полиция, тергеу бөліністерінің қызметкерлері үшін экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, ашу және тергеу мәселелері жөніндегі біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;

10) әкімшілік полиция қызметкерлерін жедел жағдайды талдауды ескере отырып, күштер мен құралдарды үнемді бөлуге қабілетті білікті басшы құраммен нығайту мақсатында біліктілік талаптарын қайта қарау;

11) жүктері бар келген вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыру үшін поездар мен жүктер туралы ақпараттарды дайындау, беру және қабылдауда бейнебақылау, қашықтықтан басқаратын ауқымды қақпаларды, электрондық-тензиметриялық таразылар мен аппаратураларды қондырып, мемлекетаралық, қиылысатын және түйінді станцияларда коммерциялық қару бекеттеріне автоматтандыруды енгізу мәселесін зерделеу (Ресей Федерациясының шекаралық коммерциялық қарау бекеттерінің әдісі бойынша);

12) тегіс ұңғылы, газдық, жарақат салатын патрондармен атуға мүмкіндігі бар газдық және ұңғысыз қаруларды есепке қою мен сәйкестендіру үшін қызметтік қарулардың республикалық гильзотекасын қалыптастыру мәселесін зерделеу;

13) қауіпсіздік саласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ЕҚЫҰ-ның іс-шараларына қатысу.

Екінші және үшінші жылдар аралығында (2012 — 2013 жылдар) бағдарламаны іске асыру мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:

1) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;

2) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондары, жарылғыш заттар мен материалдар, оларды қолданып, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымы саласында кәсіпкерлік қызмет і жүзеге асырушы заңды тұлғаларды орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу, сондай-ақ көрсетілген субъектілерге тоқсан сайын тексеруді енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасына әкелінетін азаматтық және қызметтік қаруларды олардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізіп, тиісті қорытындыны беру жөніндегі мамандандырылған зертхананы құрудың құқықтық аспектілерін зерделеу;

4) өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар үшін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу;

5) республика аумағында есірткі арналарын анықтау мен жолын жабу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізу;

6) білім беру ұйымдары мен жастар көңіл көтеретін орындарда жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу;

7) «Кендір», «Арна», «Допинг» және т.б. арнайы жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу;

8) нашақорлық пен уытқұмарлықтың профилактикасына бағытталған кең ауқымды ақпараттық-насихаттау науқанын ұйымдастыру;

9) республикалық және өңірлік деңгейде Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне (26 маусым) арналған акциялар өткізу;

10) нашақорлық пен есірткі бизнесі күресінің проблемаларына арналған «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» мерзімдік журналдарын шығару;

11) ішкі істер органдарының кинология қызметін дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізу;

12) бостандығынан айырылу түрінде жазаны өтеп келген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен ақтау проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференцияны өткізу;

13) жол қауіпсіздігі проблемалары жөнінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу;

14) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіру мен оқырмандардың хаттары мен сұрақтарына жауаптар бар жол қозғалысы қатысушылары үшін жалпы республикалық журналды шығару;

15) талдау жүргізу мен статистика функциясымен тіркеу және бейне бақылау жүйесімен анықталған құқық бұзушылықтарды өңдеу жөніндегі республикалық процессинг орталығын (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, серверлерді, құрал-жабдықтарды сатып алу) құру;

16) автоматтандырылған бейне бақылау жүйесін және Жол қозғалысы ережесін бұзушылықты процессинг орталықтарымен тіркеуді енгізу;



17) аумақтық ішкі істер органдарының табиғат қорғау полициясы бөліністерін көлік және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

18) табиғат пайдалану саласында қылмыстардың ұйымдасқан нысандарын анықтау, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды тергеу және ашу бөлігінде әдіснама әзірлеу және ішкі істер органдарына енгізу;

19) қарудың заңсыз айналымы саласында қылмыстарды анықтау мен тергеу жөнінде құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесін қорытындылау және әдістемелік нұсқаманы әзірлеу;

20) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен қажетті ақпарат алмасу үшін жолаушылар тасымалын (оның ішінде такси) жүзеге асырушы кәсіпорындардың диспетчерлік қызметін пайдалану тетіктерін пысықтау;

21) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы проблемалары жөніндегі әлеуметтік зерттеулерді (сұрау салуларды) өткізу.

22) Бағдарламаны іске асыру мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережелерінде айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.



 

 

6. Қажетті ресурстар



 

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асыру үшін 156,295 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы - 81,288 млн. теңге, 2013 жылы - 75,007 млн. теңге талап етіледі.

Сондай-ақ концессиялық негізде қаржыны пайдалану болжанады.

2012 - 2014 жылдарға көзделген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде облыстар (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) бюджетінен қаржыландыру көзделген бағдарламаның жекелеген іс-шараларын тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабына сәйкес оларды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттермен қаржыландыру болжанған.



 

 

ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-бөлім өзгертілді



7. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық

бағдарламасын іске асыру жоспары

 

р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауапты

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн.теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы және құқықтық тәртіпті нығайту

1.

Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды әзірлеу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың, елорданың және облыстық маңызы бар аудандардың қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құру

Мәслихаттардың шешімдері, IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың әкімдері

2011 жылғы қаңтар

 

Қажет етпейді

Әлеуметтік профилактика

2.

Тұрғындарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды, әсіресе жастарды төленетін қоғамдық жұмыстарға тарту, оларға кәсіби даярлық және оқулар жүргізу бойынша қосымша шаралар қабылдау

Тиісті іс-шаралар

Еңбекмині (жинау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Көзделген қаражат шегінде

3.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар үшін тұрғындарды әлеуметтәк қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу

Еңбекмині бұйрығы

Еңбекмині

2012 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейді

 

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың профилактикасы

4.

Белгілі тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік байланысын жоғалтқан, тәрбиелеу колонияларынан оралған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жасөспірімдердің жұмысқа орналастыру және оңалту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған, күнкөрісі төмен және қолайсыз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандарға арналған жұмыс орнына квота бөлу мәселелерін пысықтау

Тиісті іс-шаралар, жұмыс жоспары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

5.

Үкіметтік емес ұйымдармен өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар үшін қосымша дағдарыс орталықтарын құру, оларға психологиялық көмек көрсету мәселелерін пысықтау

Тиісті іс-шаралар, келісім

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

 

Қажет етпейді

6.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалар жинағын дайындау және жариялау

Жинақ

ІІМ, БҒМ

2011 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді

 

7.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық және кеңестік көмек көрсету

Кеңестер беру, семинарлар

БҒМ, Әділетмині

Ұдайы

Қажет етпейді

 

8.

Жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әділет, прокуратура өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру

Дәрістер, семинарлар, әңгімелер

БҒМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині

Ұдайы

Қажет етпейді

 

9.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия отырыстарында және білім беру органдарында нәтижелерін қарай отырып, қолайсыз криминогендік ахуалдағы оқу орындарына кешенді тексеріс жүргізу

Кешенді тексерістер, отырыстардың хаттамалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БП (келісім бойынша)

Ұдайы

 

Қажет етпейді

10.

Мектеп, лицей және гимназияларға бармайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмысты жүзеге асыру

Тиісті рейдтер жүргізу

БҒМ (жинау), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

11.

Қолайсыз және күнкөрісі төмен отбасыларында, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұратын жасөспірімдерді мектеп демалысын өткізу кезеңінде сауықтыру демалысын ұйымдастыру

Тиісті іс-шаралар

БҒМ (жинау), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы, мектеп демалысын кезеңінде

Қажет етпейді

Көзделген қаражат шегінде

12.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту

Спорттық іс-шаралар өткізу

ТСМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13.

Бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольді және темекі өнімдерін сату туралы қабылданған заңдарды бақылау бойынша ұдайы рейдтер жүргізу

Тиісті рейдтер жүргізу

ІІМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы

14.

Қорғау ұйғарымы шығарылған отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды толық есепке алуды және профилактикалық жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қорғау ұйғарымдарын шығару, профилактикалық есепке алу

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді

 

15.

Жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ұсыныстар

ПМ (жинау), ДСМ

2011-2013 жылдардың 1-тоқсаны

Қажет етпейді

 

Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы

16.

Республика аумағындағы есірткі трафигі арналарын анықтау және жабу бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу.

Тиісті іс-шаралар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК

Ұдайы

-

-

30,072

-

25,292

-

-

 

 

 

17.

Жастардың білім беру және бос уақытын өткізетін орындарында рейдтік жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу

Жедел-профилактикалық рейдтер

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БҒМ

Ұдайы

Қажет етпейді

 

18.

«Кендір», «Арна», «Допинг» және басқа арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу

Жедел-профилактикалық іс-шаралар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК

Ұдайы

Қажет етпейді

 

19.

Халықтың арасында нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру

Жариялау, баспасыз конференцияларын өткізу, «Наркопост» веб-сайтына шығару

ІІМ

Ұдайы

-

0,259

0,280

 

20.

Республикалық және өңірлік 1 деңгейінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) арналған акцияларды өткізу

Тиісті акциялар

ІІМ (жинау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012-2013 жылдар маусым

-

13,114

14,938

Көзделген қаражат шегінде

21.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемасына арналған «Наркопост» және «Будущее без наркотиков» мерзімдік журналдарын шығару

Журналдар шығару

ІІМ

Тоқсан сайын

-

15,512

15,978

 

22.

Ішкі істер органдарының кинологиялық қызметін дамыту бойынша іс-шаралар жүргізу

Тиісті іс-шаралар

ІІМ

Ұдайы

-

8,236

3,296

 

Қылмыстың қайталану профилактикасы

23.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарын уақтылы ақпарат беруді қамтамасыз ету

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД-ге ақпарат

Әділетмині

Ұдайы

Қажет етпейді

 

24.

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар жүргізу

Тиісті іс-шаралар, келісімдер

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

 

 

Көзделген қаражат шегінде

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау