34
шетел азаматтары емес. ҚР азаматтығы немесе мекендеу қағазы бар тәжіктер сенімхат бойынша
Тәжікстаннан арнайы әкеледі. Көмек көрсеткен болып әкелген жерлестерін, өз орынларына
базарларға қойып қояды. Жергілікті тәжіктердің сөзіне қарасақ, бұл жасөспірімдердің отбасы үшін
«ағалар» жарылқаушы рөлінде болады, яғни балалар өздері үшін ғана емес, үйлеріне қандай да
болсын ақша жіберуге мүмкіндік алады.
Балалар таңның атысы мен күннің батысына дейін жұмыс істейді, кешке оларды көшеден көре
алмайсыз, себебі жұмыстан кейін олар қатты шаршайды. Айына бір күн демалыс – бұл базардағы
тазалық күні.
Көші-қон полициясында олардың сауда жасауға құқығы жоқ екендігін түсіндіреді.
Ұсталғандар үндемейді, немесе тәжік тілінде түсіндіруге тырысады, туу туралы куәліктернің
көшірмесін көрсетеді. Балалардың жасы 14 –пен 18 –дің аралығында. Өздерін салмақты ұстайды.
«Қамқоршыларың кім» деген сұраққа ештеме түсінбеген сыңай танытып, жауап бермейді.
Жасөспірімдерді КБО жөнелтеді, ол жерден балаларды сенімхаттары бар «ағалары» алып кетеді.
2012 жылдың 1-тоқсанында КБО 10 кәмелеттік жасқа толмаған бала қамауда болды.
Көші-қон полициясы бұл жағдайдан шығу жолын әлі де білмейді – балаларды әкімшілік жаза
тарта алмайсың, балалардың еңбегін заңсыз пайдалану фактісін дәлелдеу мүмкін бола бермейді.
КҚО қызметкерлері балаларды КҚО қызметкерлері балаларды бір жерге оқуға жіберу керек деген
ұсыныс айтты (кез келген курстарға). Осы мәселе тәжік диаспорасының өкілдерімен талқыланды.
Оқуға ақша төлеу керек болатындықтан олар жауап қайтармайды. Ұлдардың көбінде тіпті
бастауыш білім де жоқ.
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі
комиссия төрағасының сөзі бойынша көшіп-қонушы балалармен жұмыс істеу кезінде аса күрделі
қиындық туындамаған. Көшпелі өмір салтын ұстанатын көшіп-қонушылар санаты – сығандар
өздерінше бір бөлек әңгіме. Олар не оқумен, не еңбекпен қамтамасыз етілмеген. Оның себебі ата-
анасы мен сабақ оқығы келмейтін балаларында жатыр, олар дәстүрлі түрде қайыр сұраумен, бал
ашумен және т.б. айналысады. Ішкі Істер департаментінің комиссиямен бірге атқарған тұрақты
жұмысына қарамай, бұл балаларды партаға отырғызу әлі күнге мүмкін болмай тұр. Балалар
бәрібір қашып кетеді, өздері үйренген өмір салтын ұстанады. Тек бірлі жарым жағдайда ғана
мектепке оқыту мүмкін болды.
Ішкі көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың мәселелері
Сырттай қарағанда ішкі көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың мектепте білім
алуына кедергі жоқ. Бірақ, тәжірибеде көп уақыт бойы оқудан тыс қалатын кездері болатындығын
немесе келесі себептерге байланысты сабаққа тұрақты түрде баратын мүмкіндіктері
болмайтындығын көрсетеді:
- жұмыс іздеу, арзан үй іздеу және т.б. мақсатында жиі көшу (қаладан қалаға/ауылға, ауданнан
ауданға);
- мектеп формасын және оқу құралдарын, тамақ, жылы киімдер және т.б. сатып алуға байланысты
материалдық жағдайының қиын болуы. Олар жұмыс істейтін еңбек нарығында төмен білікті
жұмыс орындары бар, оларға ақшаны көп төлемейді, кейде маусымның соңында ғана береді.
Оқушылардың отбасындағы материалдық жағдайдың төмендегі және тұрғын үй-тұрмыстық
жайсыздық сабақ үлгеріміне ықпал етеді;
- балалардың еңбекке араласуы, яғни ересек жастағы балалар «отбасылық бюджетті толықтыру
стратегиясына» қатысады.
35
Айбек - 7-сыныптың оқушысы. Оның
анасы таңнан кешке дейін базарда жұмыс
ітейді, сондықтан да баласына жеткілікті
уақыт
бөле
алмады.
Нәпақы
табу
мақсатында кішкентай Айбекті әжесіне
тастап, Арқалықтан Астанаға келді. Әжесі
қайтыс болған соң Астанада жұмыс істеп
жүрген анасына баруға мәжбүр болды.
Анасы бір бөлмені жалдап тұрады. Айбектің
үлкен ағасы 9-сыныпты бітіргеннен кейін
колледжге түскен еді, бірақ оны бітіре
алмады. Әскерге барып келді, қазір тұрақты
жұмысы жоқ, әртүрлі жұмыстар істеп
ақшасын тауып жүр. Ағасы Айбекке кәсіби
білім
алу
өмірде
міндетті
емес
деп
ұғындырған. «Сенде ақша болса, не алар
едің?» деген сұраққа Айбек көп ойланбастан, «көктемде киетін аяқ киім алу керек»- деп, жауап
берді. Арқалықта балалар сабақты жақсы оқыған. Айбек анасына немесе ағасына көмектесіп,
сабақтап көп қалады. Міне, 4 жылдай болып қалды, олар осындай жағдайда күн кешуде.
Білім алу және денсаулық сақтау құқығы
Қазақстан мектептерінде оқитын көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалар оқушы және
Қазақстан азаматтары сияқты оқу орнының қабырғасында медициналық көмек алуға құқылы.
Сұхбат алынған мектеп директорлары мен медициналық қызметкерлері (Астаны, Алматы,
Шымкент, Жамбыл, Атырау қалалары және т.б.) мектепке баратын балалар қажетті медициналық
тексеруден өтетіндігін, егу сияқты медициналық көмек алатындығын айтып өтеді. Тегін
медициналық қызметке қол жеткізу қиындығы көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалары үшін
мектептен тыс уақытта басталады. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктерге
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк көмек
көрсетiледi
4
. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн қатты аурулары болған кезде Қазақстан
Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк
берiлген көлемiн алуға құқығы бар
5
.
Қауіпті аурулардың тізбесі 26 қараша 2009 жылғы ҚР Үкіметінің № 1937 қаулысымен
анықталған.
Көшіп-қонушы отбасылардың Қазақстанның емханалары мен ауруханаларында тегін қызмет
көрсетуден бас тартылғандығы туралы өтініштері «жедел желі» телефондарына және бес қаладағы
КҚО кеңселеріне түсіп жатады.
4
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
Кодексiнің 88-бабы, 5-тармағы
5
1995 ж. 19 маусымдағы № 2337 Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан
Республикасының Заңының 7-бабы