Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет14/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

32 

 

білім  басқармасына,  аудандық  білім  бөлімдеріне  зңды  бұзу  фактілерін  жою  туралы  7  ұсыныс 



жасалды.

2

 



Мектепке  оқушыларды  қабылдау  шілде,  тамыз  сияқты  жазғы  айларда  жүргізілетіндінгін 

бәріміз  білеміз.  Сондықтан  да  осы  кезеңдерде  мектепке  маусымдық  жұмыс  істеуші 

жұмысшылардың  да  балалары  қабылданған.  Ағымдағы  оқу  жылына  оқушыларды  қабылдау 

туралы мәліметтер уақтылы Статистикалық агенттік басқармасына тапсырылды, ал оқушылардың 

аты-жөндері  сынып  журналына  жазылды.  Тексеру  кезінде  мектепте  маусымдық  жұмыс  істеуші 

көшіп-қонушылардың балалары да оқып жатқандығы анықталды. 28 қыркүйек 2010 жылғы № 468 

бұйрықтың орындау үшін мектепке жаңа қабылданған көшіп-қонушылардың балалары мектептен 

шығарылды. Сонымен қатар, ата-аналарының тиісті құжаттары жоқ балалар  да  «заң бұзушылар» 

қатарына қосылды.   

Республиканың 

облыстар 

мен 


қалалаларындағы 

білім 


департаменттері 

мектеп 


директорларына,  тәрбие  жөніндегі  меңгерушілеріне,  оқу  ісі  жөніндегі  меңгерушілеріне  №468 

бұйрықтың  талаптарын  түсіндіру  бойынша  тұрақты  түрде  лездеме  өткізіп  тұрды.  Көшіп-қонушы 

отбасының  балалары  оқитын  мектептің  директорлары  ата-аналарға  балаларын  оқудан  шығарып 

алу туралы ұсыныс жасауға мәжбүрлі  болды, бұл әрекет ата-аналар  арасында  дүрбелең туғызды. 

Ата-аналарға ақылы білім беретін оқу орындарына бару туралы ұсыныс жасалды.  

Орын  алған  жағдайға  түсінік  беру  барысында,  көшіп-қонушы  отбасының  балаларын 

мектептен  шығару  тек  Қазақстан  бекіткен  білім  саласындағы  халықаралық  құжаттарға  қайшы 

келіп  қана  қоймайды,  сондай-ақ  «нормативтік-құқықтық  актінің  кері  күші»  ережесін 

бұзатындығын  айта  кеткен  жөн.  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  1998  жылғы  24  наурыздағы  N  213  Заңының  37-бабы,  1-тармағында 

«Нормативтiк  құқықтық  актiнiң  күшi  оны  күшiне  енгiзгенге  дейiн  пайда  болған  қатынастарға 

қолданылмайды»  деп  жазылған.  Ал  осы  баптың  3-тармағында  «Жауапкершiлiктi  белгiлейтiн 

немесе  күшейтетiн,  азаматтарға  жаңа  мiндеттер  жүктейтiн  немесе  олардың  жағдайын 

нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды» деп көрсетіледі. 

Заңнамалық  актілер  нормасына  негізделген  тәжірибені  зерттеу  оқудан  шеттетілген 

балалардың  екі  санатын  анықтады:  1.  Еңбек  қызметіне,  белгілі  бір  мақсатпен  байланысты  емес 

басқа  жағдайлармен  Қазақстанға  келген  шетелдік  азаматтардың  балалары  (жеке  сапар,  науқас 

және қарт туыстарын күту); 2. оралман мәртебесін алмаған этникалық қазақстардың балалары.  



 

Көшіп-қонушы отбасының балаларын есепке алу 

 

Келесі  бір  маңызды  мәселелердің  бірі    -  көшіп-қонушы  отбасының  балаларын  есепке  алу. 



Қала, облыс бойынша статистика басқармаларына жыл сайын оқу жылының басында барлық оқу 

орындары 1 - сыныптан бітіруші сыныпқа дейінгі балалардың саны туралы мәліметті тапсырады, 

оның  құрамына  көшіп-келуші  оқушылар  да  кіреді.  Олар  туралы  қосымша мәліметтер  жеке  кесте 

бойынша  беріледі.  Әр  мектепте  көшіп-келуші  балалардың  саны  әртүрді.  Олар  мектепте  әртүрлі 

білім беру сатыларында оқиды.   

Мектеп  директорының  іс  номенклатурасына  сәйкес  әрбір  көшіп-келуші  оқушы  туралы 

мәліметтер, құжаттарының көшірмесі жинақталған жеке папакалар болады.   Құжаттардың келуіне 

қарай мәліметтер түзетіліп отырады.  

ҚР Статистика жөніндегі агенттігі ішкі істер органларынан, оның ішінде көші-қон полициясы 

бөлімдерінен  және  әділет  органдарынан  келіп  түсетін  ақпараттар  негізінде  жинақталған 

тұрғындардың  көші-қоны  туралы  жиынтық  деректерді  қолданады.  Келу  және  кетудің 

статистикалық  есебі  талонында  ақпараттар  жазылады.  Тұрғылықты  орынға  (тұратын  жерге) 

тіркелу  және  тіркеуден  шығу  кезінде  мекенжай  парағымен  бірге  толтырылады  (тіркеу  есебінен 

шығару және тіркеу). Келу қағазына берілген статистикалық есеп талонда көшіп-қонушы туралы 

мынадай мәліметтер болады:  туған күні мен жылы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері (тіркелген), 

қайдан  келді  және  қашан;  шыққан  жерде  қай  жылдан  бастап  тұрды;  келу  мақсаты;  жұмыс  орны 

және  бұрын  тұрған  жеріндегі  жұымыс;  білім  деңгейі;  отбасылық  жағдайы  (некеде  тұратындарға 

                                                             

2

 http://www.zakon.kz/180656-almaty-vyjavleny-mnogochislennye-fakty.html 



 


33 

 

жұбайымен немесе жұбайсыз келгендігі көрсетіледі); ересектермен бірге келген 16 жасқа толмаған 



балалары туралы мәліметтер. Көшіп-қонушылар туралы осындай деректер кету қағазына қосымша 

берілген статистикалық картада болады.  

Көшіп-келуші  отбасындағы  балаларды  есепке  алу  мәселесін  зерттеу  барысында  көші-қон 

полициясы,  мектеп  директорлары,  білім  департаменттері,  тәуелсіз  ұйымдар,  ұлттық  мәдени 

орталықтар мен ҮЕҰ ұсынатын мәліметтер бір-біріне қайшы келетіндігі анықталды.  

Көшіп-келуші отбасындағы балаларды есепке алу қажет: 

  балалардың  мектеп  оқуына  толық  қамтылмауы  жағдайының  алдын  алу  және  орын 

ауыстыруын бақылау үшін;  

  материалдық-техникалық жабдықтауға қажеттіліктерін болжау үшін; 

  көшіп-қонушы  отбасы  отбасынан  шыққан  балалар  тарапынан  қылмыстық  сипаттағы 

тәуелкелдерді бақылау үшін; 

  көшіп-қонушы  балалардың  денсаулығындағы  тәуекелдерді,  сондай-ақ  басқа  оқушылар  да 

ұшырайтын тәуекелдерді анықтау және төмендету үшін. 

3

 



Көшіп-қонушы  отбасының  көпшілік  бөлігінің  шекарадан  өткенде  кезде  медициналық 

анықталары да, медициналық сақтандыру құжаттары да болмайды.  

 

Сыртқы көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың мәселелері  

 

Сыртқы  көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан  балалардың  оқу  процесіндегі  қиыншылықтары 

келесі себептерге негізделген:   

-  білім  беру  стандарттарының  әртүрлілігіне  қарай  оқу  материалдарын  қабылдау  қиындығы 

(аттас  пәндерді  оқуға  берілетін  оқу  сағаттарының  әртүрлілігі;  шыққан  елдің  білім  беру 

стандартында жекелеген пәндердің болмауы);   

     - тілдік мәселелер. Маусымдық жұмыс істейтін көшіп-қонушылар  – белгілі бір дәрежеде орыс 

тілін  меңгерген  ТМД  елдерінің  тұрғындары.  Олар  тұрмыстық  қарым-қатынас  жасауда  үлкен 

қиыншылық  көрмеуі  мүмкін.  Көшіп-қонушы  отбасындағы  балалар  -  КСРО  тарағаннан  кейін 

дүниеге келген буын. Олардың орыс тілін деңгейі төмендеу, өздері шққан елдің мемлекеттік тілін 

де олар жақсы біле бермейді; 

-  көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан  балалардың  дайындығы  Қазақстандағы  құрдастарының 

деңгейінен  алғашқы  2-3  айда  әлдеқайда  төмен  болады.  Балалардың  көпшілігі  өздерінің 

отандарында  әртүрлі  себептерге  байланысты  сабақтан  қалуға  мәжбүр  болады  (отбасылық 

бюджетті толықтыру үшін балаларды еңбекке  араластыру,  кіші  іні - қарындастарын , сіңілілерін 

бағу және т.б.). 

-  кей  жағдайда  қазақстандық  балалар  ата-аналарының  нашар  қарым-қатынастарын  шеттен 

келгендерге көрсетеді,  жәбірлейді, кемсітеді, кей жағдайда дау-жанжал тудырады;   

- сабақтан әртүрлі себептермен қалу (ата-аналарына үйдегі, егіс даласындағы, базардағы жән 

т.б. жұмыстарға көмектесуге мәжбүр); 

-  мектептің  тұратын  жерден  және  ата-аналарының  жұмысы  орналасқан  жерден  алыстығы, 

көлік құралының болмауы, жеке жүргенде жолдың қауіпті болуы;  

- қаржылық және экономикалық жағдайының өте төмен болуы (сабаққа дайындалатын жағдайдың 

болмауы,  дұрыс  тамақтануға,  емделуге  қаражаттың  жетіспеуі,  жылы  киімнің,  аяқ  киімнің 

болмауы, бір реттік мектеп қажеттілігін төлеуге ақшаның болмауы және т.б.).      

     Петропавл  қаласындағы  КҚО  ақпараттары  бойынша  солтүстік  қазақстандық  полицейлер  2012 

жылдың 2 - 4 наурызы аралығында «Мигрант» республикалық жедел-алдын алу  іс-шараларының 

аясында  жұмыстар  жүргізген.  Онда  9  тәжік  және  1  қырғыз  азаматы,  сондай-ақ  кәмелеттік  жасқа 

толмаған  қаланың  базарларында  сауда  жасайтын  балалар  ұсталды.  Бұлар  бей-берекет  келген 

                                                             

3

 Шекарадан өткен кезде көшіп-қонушылар медициналық анықтама және медициналық сақтандыру құжатын ұсынуға 



міндетті//  Халықтың  көші-қоны  туралы  заңның  35-бабы,  5,6-тармақтарын,  30.09.2011  жылғы  «Шетелдіктер  мен 

азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  болған  жағдайда  Қазақстан  Республикасына  келуге  тыйым  салынатын  аурулардың 

тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 664 бұйрығын қараңыз  

 



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау