26
адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын
қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі және т.б.
Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық
негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін
қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әр қайсысында бірінші
рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
алуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 468 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу
ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан
Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы
деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына
сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Білім беру мазмұны жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін
негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі болып табылады.
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде
әзірленеді.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережесімен белгіленеді.
Білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды
қамтамасыз ететін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау ережелерінің негізінде жергілікті атқарушы
органдары бекіткен қабылдау ережесімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 586
бұйрығымен Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілді. Бұйрықтың 2-тармағында шетелдік
азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымына Қазақстан Республикасының
заңнамасында, сондай-ақ халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады деп
қарастырылған. «Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымына
Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген
халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады».
27
§2. Ішкі көшіп-қонушылардың балаларының білімге қол жеткізуі
Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңында ішкі көші-қон – жеке
тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық
тұру мақсатында қоныс аударуы деп түсіндіріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар деп Қазақстан
Республикасының ішінде дербес тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы адам
немесе тұлғалар деп танылады.
27 шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңында «Білім беру
ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды
қамтамасыз ететін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау ережелерінің негізінде жергілікті атқарушы
органдары бекіткен қабылдау ережесімен белгіленеді» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы
25 желтоқсандағы № 651 бұйрығымен Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі
ережесі бекітілді.
Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарына немесе
заңды өкілдеріне ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында мынадай құжаттарды
тапсыру қажет:
1) ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
5) 3x4 фото - 2 дана.
Осы құжаттар тізбесінен ішкі көшіп-қонушыға тұратын жерінен анықтама немесе тұратын
жерін растайтын басқа да құжатты ұсыну қиынға түседі. Бұл құжатты Азаматтарды тіркеу кітабы
(немесе үй кітабы деп аталады) немесе мекенжай орнынан анықтама деп те атауға болады.
Кез келген жағдайда ішкі көшіп-қонушылар белгілі бір мекенжайы бойынша көші-қон
полициясы органында тіркелуі керек. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу ережесі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына сәйкес бекітілген.
§3. Сыртқы көшіп-қонушылардың балаларының білімге қол жеткізуі
2011 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сыртқы
көші-қон ұғымына түсінік берілмейді. Ондағы «көшіп келуші» сөзіне берілген Қазақстан
Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
деген түсінікке сүйеніп, сыртқы көшіп-қонушы ұғымын Қазақстан Республикасына уақытша
немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам деп анықтауға болады.
ҚР Конституциясының 12- бабында былай делінеді:
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды
пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.
Мұндай норма Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы 1995 жылғы 19 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында қарастырылады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8
тамыздағы Заңының 2-бабында былай көрсетіледі:
«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан
Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді
атқарады».