Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық



жүктеу 376,5 Kb.
бет3/4
Дата23.01.2020
өлшемі376,5 Kb.
#27176
1   2   3   4

  • облыстағы жалпы орта білім беретін мектептерде 5143 мың спорттық секция бар (қамтылған бала саны – 146,8 мың немесе 37,6 % жалпы оқушы санынан алғанда).

    Ақтөбе облысында 5,8 мың оқушыны қамтитын 9 аула клубы жұмыс жасайды, онда мынадай спорт түрлері дамуда: футбол, волейбол, қазақ күресі, жеңіл атлетика, гір көтеру спорты, шахмат, бокс, үстел теннис, тоғызқұмалақ.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Каратэ кекушинкай федерациясының жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы Ақтөбе қаласының елді мекендерінде 10 спорт нысанын салу жоспарлануда.

    Мектеп сағаттарынан тыс клубтар мен жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында түрлі спорттық секциялар мен іс-шаралар өткізіледі. Оқу үрдісінен босатылған спорт клубтары мен қолданыстағы спорттық нысандар студенттерге, зейнеткерлерге және табысы төмен азаматтарға спортпен шұғылдану немесе жеңілдікпен беріледі.

    Атырау облысында балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары ашылуда.

    Анықтама үшін: Атырау облысында 6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, бұл клубтарда 4,1 мың бала қамтылған.

    Атырау қаласы мен қала жаңындағы ауылдық округтар тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Бұқаралық спортты дамыту спорттық клубы» жұмыс жасап, онда 380 аула командасы құрылды. Жайық жағалауындағы көпшілік демалыс орындарда 30 тренажер орналастырылып, 4 Street-workout алаңдары ашылды.

    Спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалану және халыққа спорт құрылыстарының қолжетімділігін кеңейту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында кешкі уақытта спортпен шұғылдану үшін жағдай жасалған.

    Жекешелендірілген 7 спорт объектісінде балаларға, жасөспірімдер мен балаларға спорт объектілерінде жеңілдіктер көзделген.



    Анықтама үшін:

    2018 жылы Кеңөзек ауылындағы 320 орынға және Исатай ауданы Аққыстау ауылының Өркен елді мекенінде 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне пайдалануға берілді және Махамбет ауданының Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараттарына және стадионына күрделі жөндеу жүргізілді (күрес пен бокс залынан тұратын жапсарлас екі қабатты ғимарат салынды).

    Қызылқоға ауданының Сағыз ауылдық округінің спорттық кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Келесі спорт кешендері салынуда:

    - Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында 160 орынға арналған спорт кешенінің құрылысы аяқталуда және Махамбет ауылында жекешелік әріптестік шеңберінде шағын футбол, волейбол, стрит воркаут, балалар ойын алаңы, ашық баскетбол алаңы салынды.

    - Атырау қаласында, күрес және кросс-фитке арналған 3 спорт залы;

    - Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінде ангарлы спорт кешені;

    - Жылыой ауданы Майқомген ауылдық округі;

    - Мақат ауданы Доссор кентінде және Исатай ауданының Аққыстау ауылында спорт алаңдары бар.

    Индер ауданының Көктоғай, Елтай, Өрлік ауылдық округтері мен Индер кентінде бес спорттық алаң салынып, пайдалануға берілді. Индер кентінде бассейн құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды, сондай ақ стадион құрылысын салу үшін жер телімі бөлінді.

    Мақат ауданының Мақат кентіне дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға және Мақат ауданының Доссор кентіне 100 орындық стадион салуға жобалық сметалық құжаттамалар жасақталуда.

    Батыс Қазақстан облысында:

    - 22 аула клубы жұмыс жасауда, оның ішінде 21 аула клубы Орал қаласында, 1 аула клубы Шыңғырлау ауданында. 3978 оқушы балалар осы аула клубтарында спортпен шұғылданады, оның ішінде қалада 3890 бала, ауылдық жерде 88 бала. Облысымыздың аула клубтарында басым көпшілігінде тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисі, футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерімен балалар шұғылданады.

    - 7 спорт клубы жұмыс істейді онда (2 - Орал қаласында, 5 - аудандарда) 596 адам спортпен шұғылданады.

    Барлық дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты ұйымдардағы спорттық секциялар ақысыз жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жалпы ақысыз спорттық секциялармен қамтамасыз етілген балалар мен жасөспірімдер саны 13,6 мың.

    2018 – 2019 оқу жылында мектептердегі 835 спорттық секцияларға 44,4 мың оқушы қатысады (43,5%). Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 11,1 мың студенттермен қамтылған 493 спорттық үйірмелер жұмыс жасайды, ол студенттердің жалпы санының 71,5 % құрайды

    Қарағанды облысының мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің спорттық бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында облыста балалар мен жасөспірімдердің 18 дене шынықтыру клубы (4,1 мың адамды қамтыған), 113 балалар мен жасөспірімдер клубы (12,3 мың баланы қамтыған), 122 дене шынықтыру-сауықтыру клубы (59,2 адамды қамтыған), мектептердегі 2323 спорт секциялары (79,4мың баланы қамтыған) және колледждердегі 439 секция (8 мыңнан астам оқушыны қамтыған) жұмыс істейді. Облыстағы 9 ЖОО-ның төртеуінде спорт клубтары жұмыс істейді, оларда спорттың 39 түрі дәріптеліп, спорттың әр түрімен 13 мыңнан астам студент айналысады. Жыл сайын облыс әкімінің жүлдесі үшін студенттер Спартакиадасы және шағын футболдан, волейболдан, баскетболдан, стол теннисінен және қазақ күресінен студенттер лигасының жарыстары өткізіледі.

    Облыста салауатты өмір салтын насихаттау аясында 2018 жылы 440,6 мың адамды қамтыған 6,9 мың спорттық-бұқаралық шара өткізілген болса, 2017 жылы 544,2 мың адамды қамтыған 8,9 мың спорттық-бұқаралық шара өткізілген.

    Дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен Қостанай облысы тұрғындарының 30,2%-ы немесе 264,2 мың адам қамтылған.

    2018 жылы қалалар мен аудандарда спорт секцияларының саны 132 спорт түрі бойынша 7,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 4,8 мың секция жұмыс істейді. Спорт секцияларында 132,2 мың адам қамтылды, оның ішінде ауылдық жерлерде 75 мың адам. Облыс өңірлерінде 14 жаңа спорт секциясы ашылды.

    Кәмелет жасқа толмағандар арасында 2018 жылы дене шынықтыру даярлығының спорт мектептері мен балалар-жасөспірімдер клубтарындағы сабақтармен қамту 21,7% - ды құрады, жоспарлы көрсеткіш 20,5% - ды құрады.

    18,6 мың адам контингенті бар балалар мен жасөспірімдерге арналған 32 спорт мектебі жұмыс істейді. Қостанай ауданында «Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» құрылды, бұл жалпы білім беретін мектептердің қосымша 157 оқушысын спортпен айналысуға мүмкіндік берді.

    Облыстың бес өңірінде 36 клуб жұмыс істейді, онда 3,9 мың жасөспірім айналысады.

    Маңғыстау облысында 55 аула клубы бар, оларды барлығы 14 мың оқушы қамтылған. 2018 жылы Ақтау қаласының әкімдігімен «Зерде» аула клубына ғимарат бөлініп берілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың маусым айында «Ойлы жас» жеке-меншік шығармашылық мектебі ашылды.

    Жеке демеушілердің есебінен 125 орта мектебінде спорт залдары жаңартылды. Мәселен, Ақтау қаласының № 21 орта мектебінің спорт алаңында жеке кәсіпкер есебінен «Намыс» футбол клубы ашылды. Осындай жұмыс № 14 орта мектебінің спорт алаңында да жүргізілуде.

    Қазіргі таңда Павлодар облысында 28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызмет етеді, оның 3-еуі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері.

    Жалпы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатындар құрамы 23,0 мыңнан астам баланы құрайды. Облыстың спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу үдерісі барлық тәрбиеленушілер үшін ақысыз негізде сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. 2018 жылдың қыркүйек айында Баянауыл ауданы Майқайын ауылында балалар спорт мектебі ашылды.

    10 мың оқушыны қамтитын 45 аула және ойын-сауық клубтары қызмет етеді, оның 37 клубы (6,6 мың мектеп оқушысын қамтумен) спорттық бағытқа ие.

    Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының аула клубтары түрлі шағын аудандарда орналасқан, бұл балалардың көп бөлігін қамтуға мүмкіндік береді.

    Павлодар қаласындағы тұрғын үй аудандарында және ауылдық жерлерде (Кенжекөл, Павлодарское а.), 10 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, онда 1,8 мыңнан астам тәрбиеленушілер түрлі спорт түрлерімен айналысады.

    Ақсу қаласындағы білім беру бөлімінің жанында «Жұлдыз», «Ақжелкен», «Искра» және біреуі ауылдық жерде орналасқан, 480 адам құрамымен 4 балалар клубтары қызмет етеді, олар да спорт бойынша жұмысты жүргізуде.

    Сонымен қатар, құрамында 510 адам бар, спорттық бағыттағы «Батыр», «Арман», «Металлург» 3 балалар-жеткіншектер клубы қызмет етеді.

    Екібастұз қаласында 1,1 мың адамды қамтумен, алуан бағыттағы 60 үйірме қызмет ететін, 14 клуб қызмет етеді.



    Анықтама үшін:

    2018 жылы қарапайым спорттық ғимараттарды салу және пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді:

    16 спорт алаңы, оның 12-сі шағын футбол алаңы (Павлодар қ. – 6, Ақсу қ. – 3, Екібастұз қ. – 2, Павлодар ауданы - 1), Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында тартан жабындысы бар 1 стритбол алаңы, Павлодар қаласында қысқы және жазғы кезеңдерге арналған 2 көп функциялы хоккей корты және демеушілік қаражат есебінен Ертіс ауданының Голубовка ауылында 1 хоккей корты пайдалануға берілді.

    «Street Workout» Қазақстандық федерациясы 4 Street Workout алаңын орнатты.Ақсу қаласында күштік тренажерлар мен көше желілерінің 15 жиынтығы орнатылды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»АҚ қаражаты есебінен 5 жасақталған платформа, соның ішінде жасанды шөп хоккей корты, күш беретін жаттығу құрылғысы және көше жаттығу алаңы, ойын алаңы (оның ішінде Павлодар қаласында 3, Екібастұз-2) орнатылды.

    Солтүстік Қазақстан облысында халықтың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене бітімін дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыста 73 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 10 ДШДБЖК және 24 аула клубы. Бүгінгі күні шұғылданушылар саны оқушылар санының 43% немесе 30,4 мың адамды құрайды.

    Облыста 27 балалар-жасөспірімдер мектебі, онда айналысатын адамдардың саны 12,6 мыңды құрайды, оның ішінде ауылда 6,2 мың адам.

    2018 жылы спорт ғимараттарының қолжетімділігін арттыру үшін облыстың және Петропавл қаласының өңірлік ұйымдарына білім беру мекемелерінің 432 спорт нысаны тапсырылды.

    Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша:

    - 4,6 мың спорт нысандары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 23 стадион, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 32 спорт кешені, 22 спорт манежі (20 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық, 1 ат манежі), 1 шаңғы базасы, 152 атқыштар тирі, 5 теннис корты, 23 жүзу бассейні, 2 ипподром, 880 спорт залы және 3513 жазықтықты құрылғылары тіркелген. Облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 788,9 мың адам (о.і. 399,1 мыңнан астам жастар).

    - 1 100 мектепте 6,9 мың спорт топтарында, жалпы оқушылар санынан 45,2% жаттығады.

    Кешкі сағат 20:00-22:00-ге дейін және демалыс күндері таңғы уақытта жастардың пайдалануына спорт залдарды тегін берілу ұйымдастырылған.

    Қазіргі уақытта Шымкент қаласында балалардың, жасөспірімдердің және жастардың спорттық секциялармен, спорттың жаппай қолжетімді түрлерімен қамтылуын қамтамасыз ету аясында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 12 аула клуб жұмыс жасауда. Аталған клубтарда 2 мың аса балалар спорттық үйірмелер мен секцияларға қатысуда.



    ШҚО-да дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар, жасөспірімдер санын арттыру мақсатында білім мекемелерінде 64,4 мың балаға арналған (34,8%) 2,8 мың спорт үйірмесі жұмыс істейді.

    Облыста балалар-жасөспірімдер клубтарының 2 бірлестігі және 12 мың оқушы қамтылған 3 аула клубы (барлығы 58 БЖК) жұмыс істейді, бұл балалар мен жасөспірімдерді (6,5 %) құрайды.

    Мектеп оқушыларының тоқсанаралық демалысы барысында білім мекемесінің спорт нысандары бірінші кезекте облыстағы мектеп оқушыларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жасөспірімдерге, балаларға арналған спорт үйірмелерін өткізу үшін қолданылады. Дене шынықтыруды насихаттау мақсатында облыстың барлық білім беру мекемелерінің кестесіне сәйкес тоқсанаралық демалыс мерзімінде және кешкі уақыттарда оқушылар арасында түрлі спорт түрлері бойынша үйірмелер, жарыстар және турнирлер өткізіледі.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    15-тармақ. Жасөспірімдермен және жастармен жұмыс жүргізудің балама әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы табысты адамдармен іс-шаралар өткізу, олармен бірге бірлескен еңбек десанттарын, спорт жарыстарын, әртүрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру

    Аталған іс-шараны іске асыруда спорттық, интелектуалдық және шығармашылық ойындарды құрайтын, жастардың ұйымдасуына және топтасуына бағытталған сенбіліктер, тимбилдингтер тұрақты негізде өткізіледі. Белсенді жастар бірлесіп түрлі жобаларды, спорсмендерді қолдау мақсатында флешмобтар ұйымдастырады.

    Осылайша, Алматы облысында белгілі спортшылармен және спорт ардагерлерімен жалпы білім беретін мектептер мен балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің 5,7 мың оқушысының қатысуымен 40-тан астам кездесу өткізілді. 2018 – 2019 жылдарға аудан мен қалаларда 58 кездесу ұйымдастыру жоспарланып отыр.

    Бұл кездесулердің басты мақсаты халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткен спортшы аға буындармен кездесу ұйымдастыру арқылы оқушылар мен жастар арасында спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақты белгілі спортшылардың өмірімен таныстыру болып табылады



    Атырау облысы көлемінде жергілікті қосымша білім беру мекемелерінде, спорттық ұйымдарда танымал спортшылардың кездесулері, олармен шеберлік сағаттарын өткізу жолға қойылған.

    Атап айтсақ, 2018 жылы жергілікті жас шахматшылармен халықаралық гросмейстер Д.Садуақасова бір мезеттік ойын сеансын өткізді.

    Қазақстандық бокс федерациясының құрметті президенті А.Құлыбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирінің жеңімпазы (2018 ж.), студенттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Ресей Федерациясының Элиста қаласы), «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Б. Құрамысовпен және Қазақстандық бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирі (2018ж.) мен Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдердің студенттері арасындағы халықаралық ойындарының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» М.Құрманғазы шеберлік сыныбын өткізді.

    Сонымен қатар,әйелдер волейбол клубының деңгейін көтеру сияқты «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Е.Күмісқалиев және Ә.Оразаевалардың қатысуымен де бірқатар шаралар өткізілді.



    Астана қаласының 20 жылдығын аясында 2018 жылдың 30 сәуір күні «Астана» велокомандасы мүшелерінің, велоспорттан олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың, ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильиннің және 2000-ға жуық велоспорт сүйер қауымның қатысуымен жаппай қайырымдылық велошеруі ұйымдастырылып өткізілді.

    БҚО-да 2018 жылы мынадай шаралар өткізілді:

    - 2018 жылдың тамыз айында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтың қатысуымен ересектер арасында бокстан ашық турнир өтті;

    - 2018 жылы шілдеде олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Василий Левит және Әділбек Ниязымбетовтың қатысуымен Ақжайық дуатлон жарысы өтті;

    - қыркүйекте олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрованың қатысуымен жаттықтырушыларға және спортшыларға арналған семинар-тренинг өткізілді. Осы спортшы қыздар арасындағы су добынан Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

    - қазанда ережесіз аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы Ардақ Назаровтың қатысуымен Зеленов ауданында жастармен кездесу және Орал қаласында аралас жекпе-жектен жаттығу мастер-классы және колледж, университет студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Жалпы осы шараларға 500-ден астам адам қатысты.

    Қарағанды облысында жас жеткіншектер арасында салауатты өмір салтын бұқараландыру мақсатында жоғары шеберлікті спортшылар, спорт ардагерлері телехабарларға қатысты, БЖСМ-нің және орта білім беретін мектептердің оқушыларымен шеберлік кластарын, әңгімелер, дөңгелек столдар өткізеді, сонымен қатар спорттық шараларға белсенді атсалысады.

    Осылайша, «Шахтер» және «Сарыарқа» кәсіпқой спорт клубтарының спортшылары Қарағанды облысының балалар үйлерінде болды, олар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларға қатысты.

    Қарағанды қаласында өткізілген Karaganda Half Marathon «Арманға Жол» жартылай марафонына қазақастандық және шетелдік әйгілі спортшылар (Серік Елеуов, Дмитрий Карпов, Максим Раков, Беймбет) қатысты.

    Қарағанды қаласында «Жеңіл атлетика барлығы үшін» деп аталатын жаңа жоба бастау алып, оның аясында «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері олимпиадалық резерв мектебінде жаттығу мүмкіндігіне ие болды. Осы үшін Қарағандының жеңіл атлетикадан МБЖОРМ балаларын арнайы тасымалдау ұйымдастырылды. Жаттығуды жеңіл атлетикадан Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Дмитрий Карпов жүргізді.

    «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асрыу шеңберінде Серік Сәпиевтің қатысуымен форум жобасын жүзеге асырылды.

    2018 жылдың ақпан айында Қарағанды қаласындағы «Жастар» СК-да өткізілген еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында Афинада өткен жазғы Олимпиадалық ойындардың еркін күрестен жеңімпазы Хаджимурат Гацалов, Олимпиадалық ойындардың еркін және әйелдер күресінен жүлдегерлері Гюзаль Манюрова мен Акжүрек Таңатаров құрметті қонағы болды. Құрметті қонақтар күрес «Дәулет» түрлерінен ОМБЖОРМ оқушыларымен кездесі.

    Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының сегізінші маусымының бірінші кездесуініңжәне «Astаna Arlans» командасының қатысушылары Ақниет Балтабаев, Серік Теміржанов, Бекболат Құрамысов, Нұрдаулет Жарманов Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына бокстан шеберлік класын өткізді.

    Қызылорда облысында спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылармен кездесу тұрақты өткізіліп келеді. 2018 жылы, жастар ресурстық орталығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен байдарка және каноэде есуден жасөспірімдер олимпиада ойындарының жеңімпазы Бахрадин Диас және Будапештте (Венгрия) грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Сұлтанғали Айдоспен Ж. Баһадүр атындағы спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат-колледж студенттерімен кездесу өтті.

    Қостанай облысында «Басқа сен!» Challenge халықтық спорттық бастама аясында, Рудный және Қостанай қалаларында атақты спортшылар «Аят» шағын-футбол клубы мен «Горняк» хоккей клубы командаларының ойыншыларының қатысуымен халыққа арналған жаттығу, Қостанай облысының жетекші спортшылары мен жаттықтырушыларының мастер-кластары, қайырымдылық жартылай марафоны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Матвиенко В.П. еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир, ұйымдастырылды, қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядинмен, конькимен сырғанаудан әлем чемпионы Кузин Дениспен, Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен XVIII жазғы Азия ойындарының джиу-джитсудан чемпионы Маңғыстаулық Дархан Нортаевпен және спортшының бапкері Болат Закәрияұлы Дүйсенбиев жастардың кездесуі өтті.

    Павлодар облысында тұрғындарға, жалпы білім беретін мектеп пен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін спорт мектептерінің «Ашық есік күндері» тұрақты негізде өткізіледі.

    Балалар мен жеткіншектерді тарту үшін облыстың спортшылары мен құрметті қайраткерлерімен кездесулер жүйелі түрде өткізіледі. Мысалы, тамыз айында Павлодар қаласында жасанды жабындысы бар 4 шағын футбол алаңы ашылды. 1 Май көшесі, 288-үй мекенжайы бойынша «Ертіс» футбол клубының ойыншылары шеберлік класын өткізді.

    8 қыркүйекте Павлодар қаласының қалалық мәдениет және демалыс саябағында Street Workout арнайы алаңының ашылуы өтті. Спорт алаңының тұсаукесеріне Street Workout бойынша Республикалық командасының спортшылары және бас жаттықтырушы Айтым Жақыпов қатысты.

    21 қыркүйекте Б. Момышұлы атындағы № 22 орта жалпы білім беретін мектептің аумағындағы толық өлшемді футбол алаңының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге «Ертіс» футбол клубының атақты футболшылары, соның ішінде, Рафкат Аслан, Адри Гомес қатысты. Ашылуын облыс әкімі Б.Ж. Бақауов өткізді.

    Екібастұз қаласында спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізген марафоншы М.Т. Жыланбаев, екі Олимпиаданың қатысушысы Т.Н. Азарова, WBA NABA чемпион белдігінің иегері М.О. Тұрсынғалиев сияқты спортшылардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

    Одан басқа, БЖСМ-нде балалар мен жеткіншектерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартуға арналған үлгілік өнер көрсетулер, спортта белгілі бір нәтижеге қол жеткізген спорт ардагерлерімен және спортшылармен кездесулер, облыс спортшыларының жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет қорларында және басқа байланыс көздерінде жариялау, спорт мектептеріне жүргізілетін іріктеулер туралы хабардар ететін ақпараттық материалдар таратылады (аз өлшемді плакаттар, афишалар, бүктемелер мен т.с.с.), ашық есік күндері қосымша өткізіледі.



    Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы жалпы саны 314 мыңнан астам адамды қамтитын 1,4 мың іс-шара өткізілді. Бұл халық спорт ойындары, Қазақстан Республикасының 42 чемпионаты мен кубогы және 160 астам облыс чемпионаты мен біріншіліктері.

    2017 жылдан бастап (маусым айынан тамыз айына дейін) облыс аумағында «Шексіз спорт» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда, осы жоба аясында пионербол, баскетбол 3х3, бокс бойынша кешенді жарыстар, сондай-ақ спорттың әр түрі бойынша жаттығу сабақтары өткізілді. Аталған іс-шараларға қатысқандардың жалпы саны 30 мыңға жуық адамды құрады.2018 жылы (шілде айынан қазан айына дейін) аталған жоба аясында 35 мыңға жуық адамды қамтитын 50 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

    2018 жылы балаларды қалалық жағажайда жүзуге үйрету сабағы (2000 адам қамтылды), шағын футболдан тұрғындар арасындағы кешенді жарыстар (2500 адам қамтылды), ардагерлер арасында бокстан ашық облыстық турнирі (22 адам қамтылды), баскетболдан облыстық турнирі (4000 адам қамтылды), облыс орталығының әртүрлі жастағы жүздеген тұрғыны қатысуымен мұздағы фестиваль, 10 мыңнан астам оқушыны қамтумен «Мен чемпион» атты кешенді балалар-спорттық ойыны ұйымдастырылды.

    К. Малғаждаров атындағы жеке қайырымдылық қорымен бірлесіп, жыл сайынғы «Олимпиада үміті» акциясы жүргізіледі, оған облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласының аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, сондай-ақ ІІБ ювеналды полиция бөлімшесінде есепте тұрған балалар қатысады.

    Барлық БЖСМ-да тоқсан сайын облыс оқушыларына арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі, онда балаларға спортшылардың көрнекі өнер көрсетулері, облыстың жетекші жаттықтырушылары және спортшыларымен әңгімелесулер, спорт мұражайы бойынша экскурсиялар, буклеттер, вымпелдер, БЖСМ күнтізбелерін тарату, спорт түрлері бойынша бейнероликтер көрсету ұсынылды.

    Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша (Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Луценко А., Мукашева М. және Литвин М.) түрлі имидждік іс-шаралар, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, облыстың жетекші спортшыларымен тақырыптық флешмобтар іске асырылуда.

    Жыл бойы оқу сабақтарын және оқушылардың демалыс кезінде бос уақыттарын қамтамасыз ету үшін 2,5 мың астам бала қатысқан спорттық-сауықтыру лагерьлері ұйымдастырылады.

    2018 жылдың басынан Түркістан облысы көлемінде облысқа танымал, республикалық, халықаралық және әлімдік деңгейде жетістікке жеткен тұлғалардың қатысуымен «Жастар-салауатты өмірді қолдайды», «Спортты серік ет», «Спорт бізді біріктіреді», «Спорт бейбітшілік елшісі» тақырыптарында 40 мың жастың қатысуымен 700-ге жуық кездесулер өткізілді.



    Шымкент қаласындағы жастарды спортқа баулу мақсатында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Ақжүрек Достықұлы Таңатаровтың және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхтарбекұлы Жасұланның қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

    Шығыс Қазақстан облысында жастар мен жасөспірімдерді спортпен айналысуға тарту мақсатында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Алексей Полтораниннің, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Черепановтың, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Малахованың, халықаралық дәрежедегі спорт мастері Ю. Галышеваның қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізіліп отырады.

    Кәсіби спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау аясында Өскемен қаласы спор бөлімі қала жастарының атақты спортшылармен, ардагерлерімен және тәрбиешілерімен интерактивті кездесулерін жандандыруда. Осындай кездесулердің бірі А.С. Пушкин атындағы кітапханада Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің қатысуымен (1,5 мың жуық адам қатысты) кездесуі болды.

    Аудан мен қалаларда «Денсаулық марафоны» атты жеңіл атлетика марафоны өткізіліп отырады. Аталған іс-шараға жасы мен жынысына қарамастан, ниет білдірген әркім қатыса алады. Марафонға 3 500-деп артық облыс тұрғындары қатысты. Биылғы жылы марафонның ашылуын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүргізді. Жеңіл атлетика жүгіру облыстың дәстүрлі іс-шарасына айналған, жыл сайын оған қатысушылар мен қызығушылық танытқан көрермендер саны жылдан жылға артып келеді.

    Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын сақтау орталығымен бірлесіп «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Оның аясында бір уақытта 280 мыңға жуық тұрғын жаттығу жасауға қатысты.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    16-тармақ. Педагогтермен әріптестік қарым-қатынасқа негізделген ата-аналардың құзыреттілік моделін әзірлеу

    2018 жылғы қыркүйек-қазан аралығында республика бойынша Отбасылық тәрбиелеу институтымен бірлесіп «21 ғасырдың қазақстандық ата-аналары: өз балаңа үлгі бол» атты бірыңғай ата-аналар конференциялар өткізілді, оның шеңберінде бірыңғай сценарий мен бекітілген бейнематериал бойынша дайындалған психологтар ата-аналармен балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша талдады. Конференцияға барлығы 2,6 млн. ата-ана қатысты.

    Конференция қорытындысы бойынша 5 жинақ шығарылды, оған келесі бағыттар бойынша педагогтармен серіктестік өзара іс-қимылға негізделген ата-аналардың құзыреттілік моделі енгізілген:

    1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    2. Жасөспірімдердің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

    3. Отбасылық құндылықтарды нығайту.

    4. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары.

    5. Жасөспірімдер ортасында девиантты мінез-құлықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Іс-шара орындалуының тәртібінде және бақылаудан алу үшін енгізіледі.

    17-тармақ. Әлеуметтік проблемалар картасы негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат ахуалының мониторингі

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Денсаулық сақтау министрлігі) «Әлеуметтік проблемалар картасы» ақпараттық порталына қолдау көрсетеді. 2018 жылғы деректер бойынша өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат жағдайын талдау 24 санат бойынша жүргізілді, атап айтқанда мониторинг 15 жастан 49 жасқа дейінгі АИТБ аурулардың, аборт, туберкулезбен, есірткіге тәуелді, кәмелетке толмаған жүкті (15-17), медициналық-әлеуметтік мекемелердегі, қылмыстық деңгейдегі қартайған адамдар үлесі.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    18-тармақ. Пилоттық өңірлерде өмірлік қиын жағдайында жүрген отбасылар мен балаларға көрсетілетін интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер моделін енгізу

    Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін әлеуметтік даму Тұжырымдамасын 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің әлеуметтік сәтсіздіктің алдын алуға бағытталған ықпалдандырылған моделі құрылатыны көзделген.

    Жаңа модель шеңберінде мұқтаж азаматтар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқорлық көрсететін қағида жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және басқа да салаларындағы әлеуметтік қызметкерлердің мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидатымен әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмыстарын үйлестіру тетігі әзірленеді.

    2017 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен арнаулы әлеуметтік қызметтің (бұдан әрі – АӘҚ) ықпалдандырылған моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы Меморандум жасады.

    ШҚО ведомствоаралық комиссия мен ведомствоаралық мамандар командасы Өскемен қаласында және Глубоковский ауданында отбасылармен тікелей жұмыс жүргізді, АӘҚ-ның ықпалдандырылған моделінің сапасына мониторинг жасау және енгізу бойынша облыстық ведомствоаралық комиссия құрылды.

    Сонымен бірге, Біріккен ұлттар ұйымының дамыту бағдарламасы есебінен Шығыс Қазақстан облысының білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының 103 мамандарын оқытумен қамтамасыз етілді, АӘҚ-ті және көмек көрсетудің ықпалдандырылған моделін енгізу шеңберінде, өмірлік қиын жағдайға тап болған жеке санаттағы адамдармен жұмыс істеуде ведомствоаралық әрекетті ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік басшылық әзірленді.

    Жергілікті бюджет және тартылған қаражаттар есебінен 1,7 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Көрсетілген қызметтер отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығуға немесе олардың жағдайларын айтарлықтай жақсартуға көмектесті.

    Анықтама үшін:

    Өскемен қаласында және Глубоковский ауданында жүргізілген жұмыстың барысында 54 отбасына мұқтаждықты бағалау парақшасы жасалды. Ведомствоаралық жұмыс тобының қорытындысы бойынша 30 отбасы есепке алынып, оларға шамамен 68 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    - денсаулық сақтау қызметтері – 5 жағдайда (медициналық, оңалту мекемелерінде емдеу, хоспис орындарында, паллиативті бөлімшелерде операция жасау);

    - білім беру қызметтері – 8 жағдайда (оқытудың арнайы бағдарламасын дайындау, бала-бақшаларда орын ұсыну, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көмек);

    - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер – 24 жағдайда (жәрдемақы тағайындалды, бір жолғы көмек көрсетілді, жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді, жұмыссыз ретінде есепке қою, өз ісін ашу);

    - ішкі істер органдарының қызметтері – 5 жағдайда (құжаттарды қалпына келтіру (жеке куәлік), тіркеуді ресімдеу, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу);

    - тұрғын үй қызметтері – 5 жағдайда (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсарту, тұрғын үй алуға кезекке қою, тұрғын үй беру);

    - қайырымдылық көмек – 20 жағдайда;

    - марапаттауға құжаттарын ресімдеу бойынша қызметтер – 1 жағдайда («Күміс алқа» алқасымен марапаттау).

    2018 жылы «Халықты әлеуметтік қорғаудың тұрақты дамуы: әлеуметтік ықпалдандыру мен инклюзия бойынша бағдарламаны жылжыту» туралы Министрлік пен БҰҰ дамыту бағдарламасымен жасалған біріккен жоба шеңберінде Қазақстанның 5 өңірінде АӘҚ-ті ұсынудың ықпалдандырылған моделін енгізу жөнінде пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл мақсатқа жылдың соңына дейін 26,5 млн. теңге жұмсау көзделген (80 мың АҚШ долларын).

    2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АӘҚ-ті ұсынудың ықпалдандырылған моделін енгізу жөнінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша Министрлік Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

    Қол қойылған Меморандумға сәйкес облыстар мен қалалар базасында АӘҚ-ті және көмекті ұсынудың ықпалдандырылған моделін енгізу жөнінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленіп, қол қойды.

    Іс-шара орындалуының тәртібінде және бақылаудан алу үшін енгізіледі.

    19-тармақ. Ата-аналар үшін балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау бойынша ақпараттық курстар әзірлеу

    Білім және ғылым министрлігі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп «Интернет желісіндегі зиянды ақпараттан балаларды қорғау бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық курс» әзірледі, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайттарында орналастырылған.

    Іс-шара орындалуының тәртібінде және бақылаудан алу үшін енгізіледі.

    20-тармақ. Қоғамдық ұйымдарды (әкелер, аналар, ақсақалдар кеңестерін, қоғамдық кеңестерді) діни институттар және қоғам арасында ерте жастан, оның ішінде этномәдениетке және діни дәстүрге негізделген ерте жастан некеге тұрудың заңсыздығы және оған жол берілмейтіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тарту

    «Мемлекет үшін заңнама – қастерлінің қастерлісі» («Егемен Қазақстан» газеті), «Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамнан бөлінбейді» («Заң» газеті), «Талақшылдық - әйел тағдырын тәлкек ету» және т.б. тақырыптарда 20-дан астам сұхбат пен мақала жариялады.

    Қоғамдық ұйымдарды ерте жастағы некелердің заңсыздығы және оны болдырмау туралы діни және қоғамдық институттар өкілдері арасында түсіндірме жұмысқа қоғамдық ұйымдарды тарту мақсатында өңірлерде өткізу бойынша келесі жұмыс атқарылды.

    2018 жылғы 25 қазанда Астана қаласында «Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, аталған отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарындағы мәселелер, оның ішінде жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі басымдықтар туралы талқыланды.

    Сонымен қатар, өңірлердің ақпараты бойынша заңсыз және ерте некелесуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарына мешіт жанында ұйымдастырылған аналар мен әжелер кеңестері, әкелер мен ақсақалдар кеңестері белсенді түрде жұмылдырылуда.

    Мысалы, Ақмола облысында отбасы және неке институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды насихаттау мен дамытуға бағытталған «Қыз тәрбиесі - Ұлт тәрбиесі» жобасын жүзеге асыруда.



    Ақтөбе облысында «Шолпы» қыздар клубы қаланың мектептерінде, колледждерінде, университеттерінде жастармен кездесу, бірқатар іс-шара өткізді. Кездесу барысында жастарды адамгершілік, рухани тазалыққа үйрету, отбасын құруға дайындау, ерте некеге тұрудың заңсыздығы туралы мәселелер талқыланды.

    Атырау облысында отбасы тәрбиесіндегі әйелдер мен әжелердің рөлін арттыру мақсатында «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы «Әжелер мектебі» белсенді жұмыс істейді.

    Жамбыл облысында ата-аналар қоғамдастығымен, әйелдер клубтары және «Қыз жібек» клубтарымен бірге адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Батыс Қазақстан облысында қыздарды тәрбиелеуге және оларға қазіргі заманауи құндылықтарды дарытуға бағытталған «Қазіргі қазақ әйелінің бейнесі» тақырыбында семинар өткізілді.

    Қарағанды облысының Жезқазған қаласында «Ақ әжелер» этнографиялық орталығы ұйымдастырылды, онда қала тұрғындармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

    Қостанай облысының Аналар кеңесі отбасылық қатынастарды үйлестіру бойынша тегін психологиялық көмек көрсету арқылы отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Отбасыларды қолдаудың ресурстық орталығы» жобасын іске асырды.

    Қызылорда облысының «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен «Инабатты қыз, ибалы келін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінде «Айсәуле» ардагерлер клубы жұмыс істейді. Қала және аудан мектептерінде «әкелер клубы», «аналар клубы» және «әжелер клубы» жұмыс істейді. Мысалы, «Шаңырақ» облыстық қоғамдық бірлестігі «аналар, әжелер кеңесін» құрды. Аталған кеңес «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын түсіндіру бойынша жергілікті әйелдер арасында кездесу өткізді.

    Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақтау қаласында жас келіндердің «Отбасының мекені киелі шаңырағым» атты кездесуі өтті. Сондай-ақ «Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» тақырыбында жас отбасылар арасында кездесу өтті.



    Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалында ақсақалдар, әкелер кеңестері жұмыс істейді. Олар жастармен отбасылық құндылықтарды сақтау, үлкендерге ұқыпты қарау және дәстүрлерді сақтау бойынша іс-шаралар өткізеді.

    Солтүстік Қазақстан облысында 40 аналар кеңесі жұмыс істейді. Осы кеңестер 150-ден астам іс-шара өткізді, оған 4627 адам қатысты. Сондай-ақ, «Қызылжар» орталық мешітінде «Әйел-қыздар» және «Әжелер мектебі» секторы белсенді жұмысын жалғастыруда.

    Тұрмыстық келіспеушіліктердің алдын алу, қоғамдағы ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту мақсатында, Шымкент қаласы мен аудан әкімдіктері жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Кеңес жанындағы «Аналар кеңесі», Әкелер кеңесі, этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Ұқсас жұмыс басқа өңірлерде де жүргізілуде.

    21-тармақ. Ерлер мен әйелдер бедеулігін заманауи технологияларды қолдану арқылы емдеу әдістерін жетілдіру бойынша профилактикалық жұмыстар (ерте жастан бастап) жүргізу және шаралар қабылдауды қамтамасыз ету

    Бедеулік неке маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып қала береді, оны шешу елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға сондай-ақ, әртүрлі себептерге байланысты балалары болу мүмкіндігінен айырылған пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Бедеуліктің жиілігі орташа есеппен 15% құрайды және төмендеу үрдісі жоқ.



    Анықтама үшін: Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша республикада 2018 жылдың басында 8528 бедеу жұп бар.

    Диагностиканың заманауи әдістерін дамыту бедеуліктің негізгі себептерін дәл анықтауға және оны емдеу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Бедеуліктің 50% - ға жуығы ер адамның репродуктивті жүйесінің патологиясына байланысты. 30% жағдайда аралас бедеулік орын алады.

    Соңғы онжылдықта әлемде бедеуліктің әртүрлі нысандарын емдеудің үлкен тәжірибесі жинақталған. Қазіргі әдістердің көпшілігі Қазақстанда табысты енгізілген. Заманауи деңгейде эндовидеохирургия, диагностика мен емдеудің гормондық әдістері дамуда, жоғары қауіпсіздік және тиімділік бейіні бар жаңа дәрілік препараттар тіркеледі. Андрология, медициналық генетика, эмбриология және молекулалық биология жылдам қарқынмен дамуда. Осының барлығы қосалқы репродуктивті технологияларды құруға және оларды практикаға белсенді енгізуге алып келді.

    Елімізде ЭКҰ алғашқы зертханасының ашылу сәтінен бастап 23 жыл ішінде әйелдер мен еркектердің бедеулігін емдеудің жаңа репродуктивті технологиялары игерілген. Эмбриондар мен ооциттерді криоконсервациялау, донорлық жыныстық жасушалары бар бағдарламалар, суррогат ана болу сәтті қолданылуда.

    2007 жылдан бастап эмбриондарда жүктілікке дейін тұқым қуалайтын аурулардың имплантация алдындағы диагностикасы жүзеге асырылады. 2016 жылы aCGH (эмбрионның 46 хромосомасына қазіргі заманғы имплантациялық скрининг) жүргізу басталды. ҚРТ ерлер бедеулігінің ауыр нысандарын емдеу үшін жалғыз тиімді әдіс ретінде кеңінен қолданылады.

    Бүгінде Қазақстанда 25 ЭКҰ орталығы, оның ішінде 21 жеке меншік ЭКҰ орталығы жұмыс істейді. Жаңа ҚРТ зертханалары ашылуға дайындалуда.

    Елімізде 60 мың жуық ерлі-зайыпты ҚРТ әдістерімен емдеуден өтті. Емдеу тиімділігі орташа есеппен 15% - дан 42% - ға дейін өсті. Баланың туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) – 30% деңгейінде, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сәйкес келеді.

    Қазіргі уақытта Қазақстанда 16000-нан астам бала «пробиркадан» дүниеге келді. 2017 жылы ҚРТ 7 мың астам бағдарламасы, оның ішінде 900-і тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде орындалды.

    2010 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен бедеулігі бар пациенттерді ҚРТ әдістерімен емдеудің мемлекеттік бағдарламасын енгізуді қазақстандық денсаулық сақтаудың маңызды жетістігі деп санаған жөн. Министрлік осы ЭКҰ бағдарламаларын мұқтаж ерлі-зайыптыларға жүргізу үшін қаражат бөледі. Жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі 8 жылда 9 есеге өсті.

    Бедеуліктен зардап шегетін қазақстандық отбасылар үшін мемлекеттік қолдау арқылы 5,5 мыңнан астам экстракорпоралдық ұрықтандыру циклі жүргізілді.



    Анықтама үшін: 5683 мың, оның ішінде 2010 ж. - 100 ЭКҰ циклі, 2011 ж. 350, 2012-2014 жж. – 600-ден, 2015 ж. - 820, 2016 ж. - 813, 2017 ж. – 900, 2018 ж. - 900.

    Бұл ретте бағдарламалар тиімділігі бойынша жақсы нәтижелер мен мол жұмыс тәжірибесі бар 2 мемлекеттік және 9 жеке меншік клиникада жүргізіледі.

    Тек Қазақстандағы бюджеттік бағдарламалар нәтижесінде 2010 – 2017 жылдары 1,8 мың астам бала дүниеге келді.

    Біздің елімізде ҚРТ дамыту мәселелері Үндістан, Израиль, Швеция, Германия, Ресей, Украина мамандарының қатысуымен өткен халықаралық конференцияда қаралды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    22-тармақ. Зиянды әдеттермен күресуге бағытталған шараларды, оның ішінде бұқаралық спортты, бос уақытты ұйымдастыру арқылы жетілдіру

    Салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмірлік ұстанымды және алкогольдік ішімдіктер мен есірткіні қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында 2018 жылы республика өңірлерінде облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жетістікке қол жеткізген олимпиада чемпиондарының, еңбек сіңірген бапкерлердің қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізілді.



    Алматы облысында дене шынықтыру-сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша басқа да шараларды ұйымдастыру бойынша жыл сайын «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен «Есірткіге жоқ!», «Әкем, шешем, мен – спорттық жанұя», «В здоровом теле – здоровый дух», «Денсаулық минуты», сондай-ақ оқушылар арасында баскетболдан және шағын футболдан және күнтізбелік жоспарға сәйкес басқа да шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.

    Ақтөбе облысында олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерацияларымен бірлесіп бокстан жастар арасында ҚР чемпионаты, бокстан халықаралық турнирі, жүзуден ҚР чемпионаты, еркін күрестен жастар арасындағы ҚР чемпионаты, футбол бойынша ҚР чемпионаты, үстел теннисінен, волейболдан, жасөспірімдер арасындаға футболдан ҚР чемпионаты өткізілді.

    Облыс аумағында жылына 1000-нан астам дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіледі.



    Атырау облысы бойынша 2018 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 850 спорттық бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып, оның 550-і ауылдық жерлерде өткізілді (бұл шараға қамтылғандар саны 175 мың құраса, оның 110 мың ауылдық жер тұрғындары).

    Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт – нашақорлыққа қарсы!», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Есерткісіз - болашақ», «Діни экстремизмге қарсы!», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ!», «Біз салауатты өмір салтын қалаймыз» ұранымен спорттық іс-шаралар өткізілуде.



    БҚО бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 9 айында облыста 102,1 мың адамның қатысуымен 2,1 мың спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Анықтама үшін: Облыста жүйелі түрде 175,2 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл жалпы облыс халқының 27,1 % құрайды, сонымен қатар 7 жастан 18 жасқа дейін балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, балалар-жасөспірімдер дене дайындығы бойынша спорт клубтарында, облыста 17,2 мың адам жаттығады, бұл облыстағы 7-18 жас аралығындағы халықтың 16,5 % құрайды. 2020 жылы бұл көрсеткішті 19,5% жеткізу жоспарлануда.

    Халықаралық, Республикалық және облыстық жарыстармен бірге Мектеп лигасы және Колледж лигасы, Мектеп спартакиадалары (облыстық, аудандық және қалалық) өткізіледі, онда 2 000 мектеп оқушылары қатысты.

    2018 жылғы қыркүйектен облыс аумағындағы 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 2018 жылы қыркүйек айына спорт түрлері бойынша 27 бөлімше ашылды. Спорт түрлері бойынша жаңа бөлімдерге жалпы 752 адам тартылды.

    Қарағанды ​​ облысында жазда жүзеге асырылатын дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар, атап айтқанда, өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдап алу бойынша жаттықтырушылар мен психологтардың кеңесін алуға мүмкіндік берген жеңіл атлетика, «Қазына аралы» жаңа жобасы сияқты жобалар саны мен жаңа шығармашылық нысандар әзірленді.

    Қызылорда облысында 21 спорт мектебі, соның ішінде Олимпиадалық резервтік оқу орталығы, жоғары спорттық шеберлік мектебі, спортпен шұғылданатын балаларға арналған интернат, соның ішінде 14 арнайы мектеп барды.

    35 Спорт түрімен спорт мектептерінде 18,3 мың адам, балаларға арналған 9 жасөспірімдер клубында 5 мың оқушы, 23 спорттық-сауықтыру клубында 1,5 мың адам жаттығады.

    Балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің желілерін кеңейту және спортпен айналысатын жастар санын ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қызылорда қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу жобасы іске қосылды.

    Қостанай облысының халқы арасында спортты дамыту бойынша шараның бірі - жарыстар өткізу болып табылады.

    Қазіргі уақытта облыста 7,3 мың спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілген, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлерінен – 3,2 мың, ұлттық спорт түрлерінен - 984, олимпиадалық емес спорт түрлерінен – 2,9 мың, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында - 183, жалпы қамтылған халық саны - 485,0 мың адам.



    Маңғыстау облысында жастардың зиянды әдеттермен күресуге бағытталған шаралар өткізіледі. Мысалы «Правда, побеждает - Наркотик убывает», «Твоя жизнь. Твое общество. Нет места наркотикам! «Наркота-дорога в никуда!», «Жастар терроризмге қарсы!» және ірі көлемді акциялар өткізілді.

    Велоспортпен айналысатын жастардың қатары көбейді. Бұдан басқа, триатлон, жүзу, жүгіру және велоспорт бойынша турнирлер өткізіледі.



    Павлодар облысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, облыстың спорт мекемелері мен ұйымдарында жеткіншектер және жастармен профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізіледі (әңгімелесулер, дәрістер).

    Облыстың қала мен аудандарында «Денсаулық фестивалі 2018» шеңберінде 20,0 мыңнан астам адамды қамтумен алуан спорт түрлері бойынша 60-қа жуық спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

    Фестивальда әрбір тілек білдірген адам СӨС мәселелері бойынша білікті кеңесті алу, тренингтер мен байқауларға қатысуға мүмкіндігі болды. Павлодар қаласындағы «Topstar» фитнес-клубының қолдауымен «Мен физикалық белсенділік үшін!» деген ұранмен ырғақты жаттығулар өткізілді.

    «Денсаулық фестивалі 2018» шеңберінде «Денсаулық» медициналық қалашығын ұйымдастыру кезінде дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің медицина қызметкерлері қатысты.

    Облыс денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облысының ЖИТС алдын алу жөніндегі орталығы» КМҚК-мен бірлесіп, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Орталық стадионның Led экранында футболдан матчтар үзілістерінде АИТВ жұқпасының алдын алу жөніндегі бейнероликтің көрсетілімі жүргізілді.

    Сабақтан тыс уақытта тұрғындарға 276 білім беру ұйымы 348 спорт залдарын ұсынуда. Қамтылуы 9,6 мыңнан астам адамды құрайды.

    Қазіргі уақытта барлық спорт залдарында – жалпы білім беретін, спорт мектептері мен клубтарының, сонымен қатар, колледждердің және жоғары оқу орындарындағы спорт залдарының алуан спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарының кестесі көрсетілетін электрондық күнтізбе әзірленді.

    Электрондық күнтізбе қызметін кез келген адам пайдалана алады, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының ресми сайтында ақпаратқа рұқсаттың сілтемесі орналастырылған.



    Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, оларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту арқылы 137 жалпы білім беретін мектепті балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне бекіту бойынша жұмыс жүргізілді.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбиелік жұмыстар, құқық бұзушылыққа жол бермеу, алкоголь мен темекі шегудің, есірткіні қолданудың зияны туралы әңгімелер, лекциялар жүргізіледі, «Спорт есірткіге қарсы», «Есірткіге қарсы әлем», «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» және т. б. ұранымен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

    Облыс аумағында 24 аула клубы жұмыс істейді. Оқу орындарында білім беру, прокуратура және сот органдарымен өзара іс-қимыл кезінде оқушыларға, сондай-ақ олардың ата-аналарына заңгерлік көмек көрсетілетін дәрістер, әңгімелер өткізіледі. 2018 жылдың 10 айында профилактикалық және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру мақсатында құқықтық тақырыптарға 4,2 мың дәріс сабағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында 198 ұйымдастырылып өткізілді.

    Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Түркістан облысында а.ж. 10 айында облыс көлемінде 3,5 мың іс-шаралар өткізіліп, оған 450,8 мың адам қатысты. Ауылды жерлерде 3,4 мың спорттық іс-шаралар өткізіліп, 353,0 мың адам қамтылды.

    Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға қолжетімділігін арттыру мақсатында жалпы 163 облыс көлемінде қала, аудандардың елді мекендерінен, көп қабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен алеялардан жергілікті бюджеттен және демеушілер есебінен бірқатар спорт алаңшалары, «Streetworkout» орындары салынды.

    Шымкент қаласы аумағында зиянды әдеттермен күресуге бағытталған 217 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 40 мыңнан астам адам қатысты.

    Баскетбол, волейбол, футбол, футзал, гандбол бойынша мектеп оқушылары арасында «Мектеп лигасы» құрылды, оған барлық орта мектептердің 20 мыңнан астам оқушысы қатысты.

    Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 207 мыңнан астам қатысқан 2,5 мың спорттық шара өткізілді. Аталған шаралар бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткі мен шылым шегуге қарсы күреске бағытталған.

    Облыстың қалалары мен аудандарында Street Workout сабақтарына арналған 89 көше алаңы жұмыс істейді, 64 елдімекенінде 150 Street Workout спорттық алаңын салу жоспарлануда.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    23-тармақ. Заманауи әдістемені қолданумен оқу-тәрбиелеу процесі шеңберінде техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру үйымдарына адамгершілік-жыныстық білім беруді енгізу

    Адамгершілік-жыныстық тәрбиені күшейту мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгерістер енгізілді. Білім берудің барлық деңгейлері бойынша жаңа типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленді.

    2018 жылы балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша «Ана үйі» қоғамдық қорымен, сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ) және «Ана үйі» Қоғамдық қоры, «BI-Жұлдызай» Корпоративтік Қор арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    2018 жылдың бірінші жартысында «Ана үйі» қоғамдық қорымен ТжКБ студенттері арасында адамгершілік және жыныстық тәрбие туралы дәрістер оқылды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    24-тармақ. АИТВ-инфекциясын азайту бойынша («тең-теңімен» әдісі) профилактикалық жұмыс жүргізу үшін үкіметтік емес бірлестіктерге арналған мемлекеттік тапсырысты кеңейту

    ЖАО деректері бойынша, үкіметтік емес бірлестіктерге (бұдан әрі – ҮЕҰ) АИТВ-инфекциясын азайту бойынша профилактикалық жұмыстарын жүргізу үшін («тең-теңімен» әдісі бойынша) мемлекеттік тапсырыс кеңейту мақсатында келесі жұмыс жүргізілді.

    Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылы ҮЕҰ қатысуымен 2 жоба жүзеге асырылды. Бұл жоба 800 мың теңге сомасында бөлінген АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында ақпараттандыру – түсіндіру жұмыстары жүргізуді көздейтін «АҚТҚ індетін жұқтырған жүкті әйелдерді және олардан туылған балаларды қолдау» жобасы және облыс тұрғындары арасында 350 мың теңге көлемінде АҚТҚ-позитивті адамдарға АИТВ алдын алу және толерантты қатынас мақсатында халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Халықтың осал топтары арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасын насихаттау» жобасы; БАҚ арқылы АИТВ-инфекциясын жұқтыруға жол бермейтін мінез-құлықты қалыптастыру» жобасы.

    Қостанай қаласында «ЖЖБИ алдын алу, АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу» жобасы бойынша облыс тұрғындары арасында ЖЖБИ және АҚТҚ/ЖҚТБ, 1 800,00 мың теңге сомасында халықтың және халықтың салауатты өмір салтын сақтауға, әсіресе жастар арасында өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасын қалыптастыруға қоғамның назарын аудару арқылы туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық кампания жүргізу жолымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылды.

    Ақтөбе облысында 999,0 мың теңге сомада «АИТВ-инфекциясын төмендету (тең-теңімен тәсілімен) бойыншада профилактикалық жұмыс жүргізу» жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Денсаулық Ақтөбе» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

    Қарағанды қ. Жаһандық қордың гранты шеңберінде ЖҚТБ-қызмет көрсететін ҮЕҰ-мен АИТВ-инфекциясын осал топтар арасында «Тең-теңімен» әдісін қолдана отырып алдын алу мақсатында бірлескен жұмыс жүргізілуде, мысалы, Қарағанды ​​қаласының тұрғындары, мектептер мен интернаттардың тәрбиеленушілерімен салауатты өмір салты, АҚТҚ жариялау профилактикасы алдын алу және олардың денсаулығына жауапкершілік, бұқаралық ақпарат құралдарында қамту, әлеуметтік желілер туралы хабардарлықты арттыру мақсатында бірлескен акциялар өткізілді.

    Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес отралығы және «Атамекен» Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы (бұдан әрі – Атамекен КҰП) қызметкерлері Бизнес-құрылымдардың хабардар болуын арттыру бойынша біріккен іс-шаралар жоспары шеңберінде орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен, құрылым басшылары арасында кездесу өткізілді.

    Астана қаласында «Тең–теңімен» еріктілер (волонтер) қозғалысының шеңберінде ЖДО мамандары: «Презерватив: қолдағандар және қарсы», «Түбіне апаратын жолдар», «Тәуекел дәрежесі» АИТВ/ЖҚТБ және ЖЖБИ алдын алу бойынша, девиацияның алдын алу бойынша «Екі жағалаулар», кернеуді алып тастау бойынша тренингтер, темекі шегудің алдын алу бойынша «Проблемалар ағашы», «АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша Триггердік сурет», «Паутина», ПБЗ алдын алу бойынша «Құрдастардың әсері» рөлдік ойындар, «Топтық рухты анықтау және топтасу», лидерлік бойынша тренингтер өткізді.

    Республика бойынша өңірлерде медициналық ұйымдардың қатысуымен ЖЖБИ, АИТВ/ЖҚТБ ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    25-тармақ. Жастар, халықтың осал топтары және ауылдық жерлердің тұрғындары арасында аборттардың, қаламаған жүктіліктің және ЖЖБИ таралуының алдын алу үшін репродуктивті және сексуалдық денсаулықты қорғау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастыру

    Республикада 105 Жастар денсаулығы орталығы (бұдан әрі – ЖДО) жұмыс істейді, олардың қызметі: медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетуге, адамгершілік-жыныстық тәрбие беруге, жасөспірімдерге салауатты өмір салты дағдыларын үйретуге және қалыптастыруға бағытталған.

    ЖДО-да әрбір тілек білдіруші жасөспірім немесе жастар еркінділік, қолжетімділік, игілік, сенім және құпиялылық қағидаттары негізінде гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың, психологтың, әлеуметтік қызметкердің және заңгердің консультациясын ала алады.

    Жыл сайын Жастар орталығынан көмек сұраған жасөспірімдер санының артуы байқалады.



    Анықтама үшін: 2018 жылдың 9 айында ЖДО мамандарына жүгінгендердің жалпы саны 256,7 мың құрады (11-14 жас аралығындағылар – 43,1 мың, 15-29 жас аралығындағылар – 213,6 мың, оның ішінде ерлер – 103,3 мың (40,2 %), әйелдер – 153,4 мың (59,8 %), бұл 2017 жылмен салыстырғанда (412,5 мың) 155,8 мың (37,8 %) адамға аз.

    Жалпы республика бойынша 2018 жылдың 9 айында 38,7 мың іс-шара жүргізілді.



    Анықтама үшін: Жалпы саны 625,5 мың адам қамтылған семинар-тренинг – 5,8 мың, акция – 1,3 мың, дөңгелек үстел отырыстары - 976, конкурс және спорттық іс-шаралар – 1,6 мың, конференция - 220, ашық есік күндері - 573 және басқалары -28,4 мың.

    БАҚ-та 59 баспасөз конференциясы, теле-радиохабарларда 793 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 667 жарияланым ұйымдастырылды, сондай-ақ ақпарат МСАК веб-сайттарында, Facebook, VКонтакте әлеуметтік желілерінде және басқа орналастырылды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    26-тармақ. Ерлердің өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға баса назар аударып, СӨС орталықтарының қызметіне гендерлік тәсілдерді енгізу

    Жыл сайын заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мінез-құлықтық қауіп факторларының (темекі шегу, алкоголь, психобелсенді заттарды тұтыну, қауіпті мінез-құлық түрлері, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі) алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

    2018 жылдың қорытындысы бойынша мінез-құлықтық қауіп факторларының профилактикасы мақсатында (темекі шегу, алкоголь тұтыну, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі) бойынша 193,4 мың іс-шара өткізілді, жалпы 3513,8 мың астам адам қамтылды.

    Іс-шара орындалуының тәртібінде және бақылаудан алу үшін енгізіледі.



    27-тармақ. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде сала қажеттіліктеріне сәйкес резидентурада «Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлауды қамтамасыз ету

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде саланың қажеттіліктеріне сәйкес резидентурада «Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлау үшін (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадр қажеттілігі 30 штаттық бірлікті құрады) 33 орын бөлінді.

    Қазіргі уақытта аталған мамандық бойынша 146 маман (оның ішінде 81 маман мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде) резидентурада оқуын жалғастыруда және ағымдағы жылы 19 маман оқуын аяқтады.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    28-тармақ. Ата-ана жұптарының дені сау бала тууға және оны тәрбиелеуге дайындау бойынша хабардарлығын арттыруды қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау кабинеттерінің қызметін жалғастыру

    Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ-пен және ДДСҰ-мен бірлесіп аналарға 5 жасқа дейінгі балаларды күту қағидалары туралы ақпарат беру науқанын өткізуде, балаларға патронажды профилактикалық қадағалау жүргізілуде, 600-ден астам бала денсаулығы кабинеті ұйымдастырылды.

    Еліміздің барлық өңірлерінде өңірлік оқу орталықтары құрылды, тиімді перинатальдық көмек көрсететін 16 үйлестіруші жұмыс істейді.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде жүкті әйелдердің есепке ерте тұруы артты. Жүкті әйелдерді 12 апталық мерзімге дейін қадағалаумен қамту 82,7%-ды құрды (2016 ж.- 81,6%).

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    29-тармақ. Жұмыс күні ішінде еңбек және оқу ұжымдарында дене шынықтыру үзілістерін өткізу

    ЖАО деректері бойынша мектеп оқушылары үшін күн тәртібіне «қозғалыс үзілістері», «дене шынықтыру үзілістері» және «дене шынықтыру минуталары» енгізілді. Жалпы-спорттық және дене шынықтыру- сауықтыру іс-шараларын өткізу барысында би спорттық бағдарламасын қолдану арқылы флеш-моб және спорттық марафон сияқты тәсілдер қолданады.

    Ашық алаңдарда, білім беру ұйымдарының спорт залында студенттер мен мұғалімдерді тарту арқылы бұқаралық іс-шараларды өткізу тәжірибесі жалғасуда.

    Бұдан басқа, ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ұжымдарында физикалық үзілістер жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жандандырылды.

    Мысалы, Қарағанды ​​қаласында еңбек гигиенасы мен оқу-жаттығу ұжымдарында күнделікті жұмыс тәртібіндегі өндірістік гимнастика бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, бүкіл облысқа таратылды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    30-тармақ. Зорлық-зомбылықтың барлық түрінен зардап шеккендер жүгінген кезде профилактика субъектілерінің (денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының мекемелері) лауазымды адамдарының жедел әрекеттерінің бірыңғай алгоритмін әзірлеу

    Зорлық-зомбылық түріне және ол туралы түскен ақпараттан тәуелсіз


    (анономді ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасында барлық құқық қорғау органдарына бірдей ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы
    19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) көзделген.

    Полиция органдарына біреудің біреуге қатысты зорлық-зомбылық келтіруі туралы хабарлама немесе өтініш келіп түскен жағдайда ол Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, ақпаратты есепке алу кітабында тіркеледі.

    Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен, хабарламамен тікелей жүгінген арызданушыға уәкілетті адам осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес талон-хабарлама береді.

    Зорлық-зомбылықтан жәбірленген адамға медициналық көмек көрсету қажеттілігі болған кезде жедел жәрдем шақыруды жүзеге асырады, ал осы елді мекенде жедел жәрдем болмаған жағдайда, сондай-ақ көлік құралы бар алып жүретін адамдар болмаған жағдайда полиция органының лауазымды адамы жәбірленушіні жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізу үшін шаралар қабылдайды.

    Келіп түскен хабарлама, өтініш немесе баянат бойынша тексеріс жүзеге асыру тапсырылған лауазымдық адам орын алған оқиғаның жағдайын шұғыл түрде анықтайды және қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі - СДТБТ) тіркеу шараларын қабылдайды.

    Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы белгілерін анықтаған


    кезде материалдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолдау туралы шешім қабылдайды.

    СДТБТ тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша лауазымды адам Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі - ҚПК) нормаларының ережелеріне сәйкес шұғыл түрде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін іздестіруге, анықтауға, тіркеуге және бекітуге бағытталған барлық тергеу, процестік әрекеттерді және басқа да іс-шараларды жүзе асырады, тиісті сараптамалар тағайындайды.

    Кейін ҚПК нормалары талаптарын сақтай отырып, істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізеді.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам келесі шешімдердің біреуін қабылдайды: айыптау актісін бекіту үшін қылмыстық істі прокурорға жолдау; ҚПК-нің


    35-бабында көзделген негіздер бойынша қылмысқы істі тоқтату;
    ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін тоқтату.

    Іс-шараны орындау тәртібінде және бақылаудан алу тәртібінде енгізіледі.



    31-тармақ. Зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық қатыгездік таныту санатына жатады және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге негіз болып табылады.

    Аталған Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

    Заң нормаларын іске асыру мақсатында адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (бұдан әрі – Стандарттар) әзірленіп бекітілді.

    Аталған Стандарттарда адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасы, көлемі және шарттарын белгілейді, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау мекемелері арасында қайта бағыттау механизмін, меншік нысанына қарамастан, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілердің және ұйымдардың көмек көрсетуі белгіленген.

    Стандарттар шеңберінде адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын сәйкестендіру Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарына (ҚР ІІМ-нің 22.09.2014 ж. № 630, ҚР БҒМ-нің 26.09.2014 ж. № 399 және ҚР ДСӘДМ-нің 19.11.2014 ж. № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген) сәйкес іске асырылады.

    Стандарттарға сәйкес уақытша болу ұйымдарында қажеттілікке байланысты 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер (әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтер) ұсыну көзделген.

    Бүгінгі күні Еңбекмині мынадай жұмыстар жүргізді:



    1) адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

    2016 жылдан бастап адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге республикалық бюджет қаражатынан ағымдағы нысаналы трансферттер бөлініп келеді.

    2016 – 2018 жылдарға жалпы сомасы 104,6 млн. теңгеге 249 адамға қызметтер көрсетілді (2016 жылы жалпы сомасы 23,8 млн. теңгеге 87 адам қамтылған, 2017 жылы жалпы сомасы 80,8 млн. теңгеге 162 адам қамтылған).

    2018 жылы еліміздің 10 өңірінде (Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы мен Астана ққ.) 85 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін 90,1 млн. теңге бөлінген.

    Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне ( № 15 2018 жылғы 11 шілдедегі республикалық бюджет комиссиясының шешімі) сәйкес 2019 – 2021 жылдары 13 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары және Астана мен Алматы ққ.) адам саудасының құрбандарына қызметтер көрсету үшін 489 млн. теңге бөлу жоспарланған.

    2) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

    2017 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен еліміздің 11 пилоттық өңірінде мемлекетік және мемлекеттік емес секторларда сомасы 78,1 млн. теңгеге 404 адам қамтылды.

    2018 жылы АӘК қамтамасыз ету үшін 376 адамға 160 млн. теңге көзделді.

    2019 – 2021 жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызметтерді көрсету үшін 272,5 млн. теңге бөлу жоспарланған.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    34-тармақ. Прокуратура органдарының құқық қорғау және уәкілетті органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп, зорлық-зомбылықты болдырмау және балалар мен әйелдердің құқықтарын сақтау бойынша интернаттық мекемелерге, балалар үйлеріне, пенитенциарлық мекемелерге тұрақты баруы

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 53 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасуда, кездесулер, әңгімелесулер, дөңгелек үстелдер, мониторингтер өткізу арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыра отырып, олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға көмек көрсетеді.

    Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі-ҚАЖ) мекемелері қызметінің негізгі бағыттары:

    - сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу, сотталғандар арасындағы құқықтық-түсіндіру жұмыстары;

    - сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсету, босатуға психологиялық дайындау, консультация беру;

    - сотталғандармен мәдени-жаппай және спорттық іс-шаралар өткізуге көмек көрсету, сотталғандарға салауатты өмір салтын ұстауға үйрету;

    - сотталғандармен діни ағарту жұмысын, дәрістер, әңгімелесулер
    және диспуттар жүргізу;

    - ТМ-де АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез ауруларын алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу.

    2008 жылы ҮЕҰ 722 рет ҚАЖ мекемелеріне барған (2017 жылы – 568), онда 722 іс-шара өткізген (2017 жылы– 568).

    Адамдарды әлеуметтендіру процесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ ҮЕҰ-ды тарту бойынша жұмысты белсендіру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» ІІМ-нің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына


    (ІІМ-нің 2017 жылғы 22 тамыздағы №577 бұйрығы) Консультациялық кеңес органына (бұдан әрі – ККО) мынадай қосымша уәкілеттіктер беру туралы өзгерістер енгізлді:

    - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша жәрдемесу;

    - ККО құрамына қылмыстық жазаларды орындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін міндетті түрде қосу.

    Осы тармақтың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бермеген.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    35-тармақ. ІІО қызметкерлерін адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық, кемсітушілік және күш қолдану әрекетіне ұшыраған құрбандармен профилактикалық жұмыстардың озық тәжірибелеріне қашықтықтан, оның ішінде шетелдік әріптестерді қатыстыра отырып оқыту.

    2018 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) оқу орындарының базасында 1,1 мың әкімшілік полиция қызметкері үшін тақырыптық біліктілікті арттыру курстары өткізілді.



    Анықтама үшін:

    - Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтының негізінде «Тәуекелдер мен осалдықтар: негізгі тәуекел топтарына қатысты құқық қорғау және адам құқығын қорғау», «Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау», «Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» «Діни экстремизмнің әйелдерге және балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әсері», «Балаларды бірге қорғау»;

    - Қостанай Академиясының негізінде «Адам құқығы», «Тәуекелдер және осалдылық: негізгі тәуекел тобына қатысты құқық қорғау және адам құқықтарын қорғау»;

    - Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​академиясының заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі оқу орталығының базасында «Адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері», «Кәмелетке толмағандардың саудасына қарсы әрекет ету, кәмелетке толмағандарды коммерциялық және сексуалдық пайдалану, кәмелетке толмағандарды заңсыз қызметпен айналысуға тарту», «Кәмелетке толмағандарға қарсы күреске, кәмелеттік жасқа толмағандарды коммерциялық және сексуалдық пайдалануды болдырмауға және кәмелетке толмағандарды заңсыз қызметпен айналысуға тартуды болдырмау» тақырыбында арнайы курстар өткізілді.

    - «Қызметкерлерді ұстау - зорлық-зомбылықты, қорлауды, қудалауды, қорқытуды немесе зорлық-зомбылықты қолданудың қауіп-қатеріне жол бермеу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

    2018 жылы қазақстандық полиция қызметкерлері мынадай тренингтерге, шетелде оқу курстарына қатысты:

    - «Адам құқықтарының ұлттық тетіктерін жетілдіру және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тиімді жүзеге асыру» жобасы шеңберінде Сеул (Корея) қаласына (БҰҰДБ) оқу сапары;

    - Халықаралық құқық қорғау агенттіктерінің (ILEA) өткізуімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» және Будапешттегі (Венгрия) «Адам саудасымен күрес және баланы пайдалану» оқу курстары.

    Сонымен қатар, халықаралық сарапшылардың құқық қорғау, есірткі мен қылмыс, гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері, адам саудасы мен мигранттарды контрабандаға байланысты заңсыз қаржы ағындарын болдырмау мәселелері бойынша тренингтер өткізілді.

    Сондай-ақ, «Адам саудасының құрбандарымен және тұрмыстық зорлық-зомбылық, кемсітушілік және зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған адамдармен алдын алу жұмыстары» тақырыбында 16 аумақтық бөлімшелерге қашықтықтан оқыту жүргізілді.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    36-тармақ. Қайырымдылық қорларының есебінен құрылған жаңа туған балалары бар аналар үшін жұмыс істейтін «Аналар үйі» – «Дом мамы» дағдарыс орталықтарына консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету

    Бүгінгі күні республикада өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға арналған 25 «Аналар үйі» жұмыс істейді.

    Ашылған сәттен бастап онда 3,4 мың баласы бар әйел көмек алды, оның ішінде 2,6 мың әйел (77%) отбасына оралды, 23%-ы балаларымен өз бетінше өмір сүреді, оның 17% - ы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері.

    Анықтама үішн:

    2018 жылғы 7 айда барлығы 426 әйел, оның ішінде 169 жүкті әйел және 1,5 жасқа дейінгі балалары бар 266 әйел келіп түсті.

    Ағымдағы жылдың 7 айында балалы 483 әйел кетті, олардың 387-і өздерінің туыстарымен қайта қауышты.

    Қазіргі уақытта 25 Аналар үйінде 254 әйел, оның ішінде 28 жүкті әйел, баласы бар 229 әйел тұрады.

    Сондай-ақ, жаңа туылған балалары бар, өмірдің қиын жағдайыларына тап болған аналарға көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыс жүргізу үшін «Аналар үйінің» көптеген өңірлік филиалдары жергілікті мемлекеттік органдармен және «Сәбилер үйлерімен» ынтымақтастық етеді.

    Анықтама үшін: Ағымдағы жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласында толық Бала құқықтары жөніндегі уәкілетті органның төрағалық етуімен Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының республикалық кеңесінің «Балалар мүддесіндегі іс-қимыл стратегиясы» тақырыбындағы отырысы өткізілді.

    2018 жылғы қыркүйекте "Ана үйі" қоғамдық қорымен жұмыс кеңесі өткізілді, онда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің жаңа үлгісін (Питтсбур бағдарламасы) дамыту мәселелері талқыланды, ол бойынша сәбилер үйлеріндегі балалар отбасы түріндегі атмосферада тәрбиеленеді, яғни айналасындағы адамдар - 4 адамнан артық емес және осы балалармен тұрақты қатысып отырған және байланыста болатын 2 ересек адамнан артық емес.

    2018 жылғы 5 желтоқсанда Министрлік бейне-конференцбайланыс (бұдан әрі-БКБ) арқылы бала құқықтары жөніндегі уәкілетті адаммен халықтың кездесуіне қатысты, онда бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштер қаралды. Көптеген өтініштерге жауаптар берілді, мәселелердің бір бөлігі бақылауға алынды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    37-тармақ. Мынадай ақпарат ұсыну:

    - әйелдер мен ерлерді басқарушы лауазымдарға тағайындау туралы;

    - гендерлік аспектілер бөлінісінде әкімшілік мемлекеттік қызметінің «Б» корпусына тағайындау байқауын өткізуге мониторинг нәтижелері туралы

    2018 жылы «Б» корпусының 43,8  мың әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстарға 51,5 мың үміткер қатысты, оның ішінде әйелдер – 24,8 мың немесе жалпы қатысқандар санының 48,1 %. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі 48 % (23,8 мың-нан 11,4 мың).

    Бұл ретте, «Б» корпусының басқарушы лауазымдарына 8,4 мың үміткердің 35,1 %-н (2,9 мыңы) әйелдер құрады.

    Конкурс нәтижесінде басқарушы лауазымдарға тағайындалған тұлғалардың арасынан әйелдердің үлесі 34,9 % (5,6 мың-нан 2 мың), соның ішінде:

    Орталық мемлекеттік органдар – 37,8 % (2,3 мың-нан 852), олардаң ішінде:


    • орталық аппараттар – 35,9 % (616-дан 221);

    • аумақтық бөлімшелер – 38,6 % (1,6 мың-нан631).

    Жергілікті атқарушы органдар – 32,9 % (3,4 мың-тен 1,1 мың), олардаң ішінде:

    • облыстық деңгейде – 33,5 % (1,2 мың-нан 398);

    • аудандық (қалалық) деңгейде – 33,3 % (2 мың-нан 658);

    • ауылдық деңгейде – 25,5 % (220-дан 56).

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    38-тармақ. Мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдерінің басшыларын оқыту жүйесіне халықаралық оң тәжірибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бойынша тақырыптық сабақтар енгізу

    2018 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының жоспар-кестесіне шетел оқытушыларын тартумен «Мансап және отбасы. Балансты қалай тиімді сақтау керек?» атты семинар енгізілген.

    Осы семинар шеңберінде мансап пен отбасында баланс сақтау, Қазақстанда және басқа елдерде гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелері қаралды. Семинарда 35 мемлекеттік қызметші оқытылды.

    Бұдан басқа, өңірлерде мемлекеттік қызметшілер үшін: «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытындағы ҚР қоғамының гендерлік саясаты», «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілер», «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру (бірінші кезең 2017-2019 жылдар)» және т.б. тақырыптарға көлемі 8-ден 40 академиялық сағатқа дейін біліктілікті арттыру семинарлары өткізілді.

    Жалпы жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 376 мемлекеттік қызметші біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті (Академияда – 35, филиалдарда – 341).

    Сондай-ақ, 2018 жылы «Б» корпусының басқарушы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курстарының оқу жоспарларына 4 академиялық сағат көлемінде «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілер» пәні енгізілді.

    Осы курстарда қоғамдық өмірдің түрлі салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызметтің өзекті мәселелері қарастырды.

    2018 жылы қайта даярлау курстарының шеңберінде 1868 мемлекеттік қызметші оқытылды (Академияда – 58, филиалдарда – 1810).

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    39-тармақ. «Бизнес 2020 жол картасы» бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер әйелдерді (әсіресе ауылдық) қаржылай және қаржылай емес құралдармен қолдауды қамтамасыз ету

    Әйелдердің кәсіпкерлік қызметке қатысуы олардың жұмыспен қамтылу көзі, қоғамдағы орны мен тұлға ретінде даму мүмкіндігі, жоғары табыс алу әдісі болып табылады.

    «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» бағдарламасы) шеңберінде 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылы 12,2 мың жоба субсидияланған, оның 3,7 мың әйелдер кәсіпкерлігінің жобасы, бұл жобалардың жалпы санының 30,4 %-ын құрайды.

    2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша кредиттерді ішінара кепілдендіру шеңберінде 2018 жылы 4,5 мың жоба бойынша кепілдік берілген, оның ішінде әйел кәсіпкерлігі субъектілеріне 1,5 мың кепілдік берілді, бұл жобалардың жалпы санының 34,1%-ын құрайды.

    Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шеңберінде 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылы 17,9 мың ісін жаңа бастаған және жұмыс істейтін кәсіпкер, оның ішінде 7,9 мың әйел оқытылды. Бұл оқитындардың жалпы санының 44 %-ын құрайды.

    Кәсіпкерлердің бизнес-процестерін қолдау үшін арнайы сервистік қызметтерді ақысыз ұсынуды көздейтін кәсіпкерлерді сервистік қолдау құралы шеңберінде 2018 жылы 41,9 мың клиент жүгінген, оның ішінде әйелдер саны 18,5 мың (43%) құрады.

    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қалаларда 1,2 мың микрокредит берілді, оның ішінде әйелдерге 423 микрокредит, бұл берілген микрокредиттердің жалпы санының 35%-ын құрайды.

    Бағдарлама шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне үйренушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне байланыссыз жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуетке ие және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өз бетінше жұмыс жасайтындар болып табылады.

    2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 28,3 мың адам кәсіпкерлік дағдыларына үйреніп шықты, оның ішінде 12,4 мың әйел, бұл оқып шыққан адамдардың жалпы санының 44 %-ын құрайды.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.



    40-тармақ. ҮЕҰ іскер әйелдер кеңесінің өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауылдағы әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту, микрокредит беруге қолжетімділігін және қосылған құнның логистикалық тізбегін қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша қызметін жандандыру

    «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша 2018 жылы өз бетінше жұмыс жасайтын ауыл әйелдері Бағдарлама және «Атамекен» ҰКП бастамашылық қызметі шеңберінде іс-шараларды іске асыру арқылы кәсіпкерлік қызметке тартылған.

    Бағдарлама шеңберінде микрокредиттеу көлемін кеңейту, әлеуетті кәсіпкерлердің кепілдік қамтуы жетіспеген кезде мемлекет тарапынан кепілдендіруді ұсыну бойынша шаралар қабылданған.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КазАгро» ҰБХ АҚ» еншілес құрылымдары арқылы Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыруға кредиттер/микрокредиттер беру бойынша жұмыс жүргізеді.

    2018 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде, 59,5 млрд. теңге сомасына 14 мыңнан астам кредит/микрокредит берілді, оның ішінде әйелдерге 3 мың микрокредит берілді, бұл берілген микрокредиттердің жалпы санының 21,9 %-ын құрайды.

    Осылайша, ауыл әйелдерін қаржылық қолдау оларға өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға, тұратын жерлерде инфрақұрылымды дамытуға, жергілікті ауыл тұрғындары үшін қызмет көрсетуге, сол арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарында болуға көмектесті.

    Есепті жылға іс-шаралардың орындалуы тәртібінде енгізіледі.

    41-тармақ. Жұмыссыз әйелдер мен ерлерді гендерлік теңдестірілген салалық даярлауды және қайта даярлауды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау, декреттік демалыстан немесе еңбек өтіліндегі үлкен үзілістен соң еңбек нарығына қайта оралған әйелдердің оқуына немесе қайта оқуына жәрдемдесу

    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Еңбек» бағдарламасы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысуға өтініш бергендердің саны 673,5 мың адамды құрады, оның ішінде 628 мың адам Бағдарлама қатысушыларының тізімінде, оның ішінде 307,6 мың әйел. Бағдарламаға қатысушылардың қатарында 508,7 мың адам (81%) жұмыссыз, 119,3 мың адам (19%) өзін-өзі жұмыспен қамтыған. 496,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 277 мың әйелдер.




    жүктеу 376,5 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау