Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,29 Mb.
бет8/21
Дата20.05.2018
өлшемі4,29 Mb.
#14930
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Туризм инфрақұрылымының сапасы

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016



100 адамға шаққандағы қонақ үй бөлмелерінің саны

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016



Мақсатты топ



Түркия

Түркия

Дереккөзі: Travel and Tourism Competitiveness Дүниежүзілік Экономикалық Форумының есебі, 2017 ж.


Туризм саласындағы бағалардың бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде Қазақстан 136 елдің ішінен 8-орынға ие. Теңгенің 2015 жылғы тамыз айында өзгермелі бағамға өтуі Қазақстан позициясының осы индекс бойынша кенет көтерілуіне септігін тигізді. Мысалға, туризм саласындағы бағалардың бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан тек 73 орында және қонақ үй бағаларының индексі бойынша – 102 орында еді. Ал 2016 жылдың қорытындылары бойынша қонақ үйлерде жайғасудың бағалары жөніндегі халықаралық рейтингте Қазақстан 136 елдің арасынан 25 орынға табан тіреген болатын (АҚШ – 56 орын, Түркия – 27 орын, Ресей – 11 орын).

  


3.4. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

Үш жылдық кезең үшін «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» секторын талдау 2014 жылы - 8,3%, 2016 жылы – 8,7%.

Берілген салада жұмыс істейтіндердің саны 114,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 1,3%-ын құрады.

2016 жылдың қорытындылары бойынша жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласындағы еңбек өнімділігі 10 468,8 мың теңге/адамды құрады.

2014-2016 жылдар аралығында осы секторға 2 386,6 млрд. теңге инвестицияланған болатын. Бұл ретте, 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда инвестициялардың өсімі 13,7% құрады. Бұл ретте, қызмет көрсету саласындағы инвестициялардың жалпы көлеміндегі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың үлесі 12,1% құрады.

Құрылыс қызметтерін экспорттау көлемінде жыл сайынғы өсім сақталуда, осылайша, бес жыл ішінде құрылыс қызметтерінің үлесі 93%-ға өсті және 2016 жылы 276,3 млн. АҚШ долл. құрады. Импорт көлемі экспорт көлемін іс жүзінде 10 есеге асып түсуде және 2 млрд. АҚШ долл. деңгейін құрады.



Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда тұрғын үй-жайларды қолданысқа беру көлемі, сондай-ақ Қазақстанда пәтерлерді сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің саны оң тренд көрсетуде.

Тұрғын-үй құрылысының негізгі инвестиция көздері бұрынғыдай компаниялар мен халықтың жеке қаражаттары болып табылады, олардың үлесі 2016 жылы 71%-ды құрады (соның ішінде, халықтың қаражаттары – 48%, компаниялардың қаражаттары – 23%). Қазақстанның өңірлеріне қарағанда тұрғын-үй құрылысына бөлінетін инвестициялардың негізгі түрлері дәстүрлі түрде Алматы облысына, сондай-ақ экономикалық белсенділікті тарту орталықтары ретінде Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Жинақтап алғанда, 2016 жыл үшін бұл үш өңірдің үлесі 54%-ды құрады.
1
Қазақстан

Астана

Алматы
2-сурет. Тұрғын-үй құрылысына бөлінетін инвестициялар, млрд. теңге 2012 ж. бағаларымен.


Дереккөзі: ҚР ҰЭМ СК
Елде көптеген ұлттық және халықаралық риэлторлық агенттіктердің болғанына қарамастан, Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығының әлемдік индексінде (GlobalRealEstateTransparency) Ресейден, Қытайдан, Бразилиядан, Түркиядан және Малайзиядан едәуір артта қала отырып, соңғы орындардың біріне табан тіреді. 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ашықтық көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясының төмендегені байқалады. Қазақстан әлі де болса «ашық емес» жылжымайтын мүлік нарығы тобына жатады.
1
Нысаналы топ

Салыстыру тобы
3-сурет. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы жағдай




Дереккөзі: Jones Lang LaSalle жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығының

әлемдік индексі (108 ел)

2010 жылдан бастап жылжымайтын мүлік пен оны жалдау бағасы деңгейінің бірқалыпты өсуі байқалады. 2017 жылдың маусымында жаңа тұрғын-үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 249 мың теңгені құрады. Алайда 2016 жылы бағалардың 247,4 мың теңгеге дейін (3,6%-ға) төмендеуі орын алды.

Әлемдегі ең ірі дерекқор «Numbeo» мәліметтеріне сәйкес Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасының халықтың табыс деңгейіне қатынасы 11-ге, ал Қытайда болса осы көрсеткіш 23-ке, Сингапурде – 21-ге тең. Қазақстандағы жалдау бағасы салыстырмалы түрде төмен және айына 123 пен 1311 АҚШ долл. Арасында өзгереді (Ресейде – айына 252 және 2019 АҚШ долл. Қытайда – айына 266 және 1034 АҚШ долл. арасында).

14-сурет. Жылжымайтын мүлік нарығының дамуының баға көрсеткіштері




Мақсатты топ

Салыстыру тобы


Бірінші және әдемі әрлеу бар пәтерлердің жалпы көлемінің 1 ш.м. бағасы, мың тг.

Жылжымайтын мүлік бағасы мен кірістердің қатынасы, 2017 ж. индексі.
Прямоугольник 119 Прямоугольник 120



Дереккөзі: ҚР ҰЭМ, www.numbeo.com

жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау