«Көлік және қаттау» секторын ұш жылдық кезеңде талдау, бұл сектордың елдің ЖІӨ-гі үлесі 2014 жылы 7,9%-дан 2016 жылы 8,3% дейін артқанын көрсетті.
Бұл секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 2016 жылы 619,5 мың адамды немесе жұмыс күшінің 6,9% -ын құрады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша «Көлік және қоймалау» секторындағы еңбек өнімділігі бір адамға 6 256,8 мың теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда бір адамға 880,8 мың теңгеге артты.
Негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция көлемі бойынша оң динамика байқалады. 2016 жылы өткен жылға қатысты инвестицияның артуы 3,3% құрады. Осымен бірге қызметтер саласына жұмсалатын инвестицияның жалпы көлеміндегі көлік және қаттау секторындағы инвестиция үлесі 37,7% құрайды.
Көлік қызметтерінің экспорты 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда болмашы төмендеуді көрсетіп, 3,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Көлік қызметтерінің экспорты алты негізгі көлік түрлерімен ұсынылған, олар құбыр желісі, темір жол, әуе, автомомбиль және теңіз көлігі, пошта қызметі және курьерлік байланыс қызметі.
Көлік қызметтері экспортының негізгі көлеиі құбыр желісі және темір жол көлігімен тасымалдау үлесіне келеді (жиынтығында 2016 жылғы көлік қызметтері экспортының 83% құрайды).
2016 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағындағы транзиттік тасымалдау көлемі 14,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5%-ға төмен. Транзиттік тасымалдардан түсетін кіріс 267 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 84 млрд. теңгеге артық.
ДЭФ «The Global Competitiveness Report 2016-2017» есебінде «Базалық инфрақұрылымның сапасы» өлшемшарты бойынша Қазақстан әлемнің 144 елдерінің ішініде 62-і орынды алады. Осыған байланысты елдегі экономиканың тиімділігін жоғарылату мен іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында базалық инфрақұрылымды бұдан әрі дамыту қажет.
9-сурет. «Инфрақұрылым» көрсеткішінің қосалқы индикаторлары
Авиа инфрақұрылымының
сапасы
Автожолдардың сапасы
Т/ж сапасы
Порттардың сапасы
Дереккөзі: «The Global Competitiveness Report 2016-2017» ДЭФ есебі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 128,3 мың км құрайды, оның 97,4 мың км-дан астамы - жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар (оның ішінде, 23,5 мың км - республикалық маңызы бар жолдар және 73,9 мың км - облыстық және аудандық маңызы бар жолдар).
Қолданыстағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемасы оның тозу жоғарылығы мен төмен өткізу қабілеті болып табылады, бұл елдегі жүк тасымалын дамытуға мүмкіндік бермейді.
Жеткізу тізбегін оңтайландыру мен көлік шығындарын қысқартуға макроөңірлерді дамыту бағдарламасынан шығарып, «сәулелік» тәсілдеме бойынша көлік-логиситикалық жүйесін құру мүмкіндік туғызады.
Қазақстан темір жолдардың салыстырмалы төмен тығыздығы болатын ел ретінде сипатталады - 1000 ш.м.- ге 5,6 км. Соңғы жылдар ішінде теміржол желісінің ұзындығы 1 854 км-ге ұлғайды. Осымен бірге, теміржол төсемінің барлық желісінің 60 % олардың «біржолды» болуы себепті өткізу қабілетінің төмендігімен сипатталады. Бұл фактор теміржол желісінің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Темір жолдардың шамамен 70 %-да электрлендірілген желілері болмайды.
Қазақстан темір жол жүк айналымы бойынша елдердің алғашқы ондығына кіреді. Ел аумағымен қолданыстағы көлік инфрақұрылымына негізделген төрт халықаралық көлік дәліздері өтеді – Трансазия теміржол магистралінің Солтүстік және Оңтүстік дәліздері, ТРАСЕКА (Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі) және Солтүстік-Оңтүстік, бұлар Батыс-Шығыс қатынастарында арақашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға жағдай жасайды.
Теңіз тасымалдау нарығында 12-13 мың тонна жүк көтергіштігімен 8 танкерлерден және 4 құрғақ жүк таситын кемелерден тұратын Каспий бассейніндегі Қазақстан флоты 5%-ды құрайды, оның ішінде 2016 жылы 7 мың тонна жүк көтергішімен 2 құрғақ жүк тасымалдаушылар соғылды.
Ішкі су құбыры желілерінің ұзындығы 4,0 мың км құрайды.
Каспий теңізіндегі Қазақстанның жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы үш теңіз портын – Ақтау, Құрық мен Баутиноны қамтиды.
Сонымен бірге Ақтау порты экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарда жүктерді ауыстырып тиеуге қатысады, Каспий бассейнінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25% құрайды. Құрық портында 2016 жылғы желтоқсанда 4 млн. тоннаға дейінгі паром терминалының алғашқы іске қосу кешені іске қосылды, нәтижесінде қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілеттілігі 23,5 млн. тоннаны құрады. Баутино порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.
Жыл сайын теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүктердің негізгі номенклатурасы - мұнай, металл, астық, бумен және басқа жүктер.
Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі 2016 жылға 5842 мың тоннаны құрады.
2016 жылға отандық теңіз көлігімен 3082 мың тонна жүк тасылды, Түрікменстан-Махачкала жолымен және жаңа Махачкала-Баку қатынасымен тасымалдау есебінен 2015 жылғы көрсеткіштен 7%-ға көп.
Өз кезегінде көліктік бақылау органдары жеткіліксіз материалдық-техникалармен жабдықталған (қызметтік кемелердің тозушылығы 90%), отандық кеме жасаушы, кеме жөндеуші кәсіпорының жетілмеуі, отандық кадрлардың жеткіліксіздігі (жүзішу құрамда ҚР халқының үлесі 1400 адамның жалпы санынан 50% шамасын құрайды, ал командалық құрам деңгейінде бар болғаны 28%) теңіз тасымалдауының және ішкі су көлігімен тасымалдаудың дамуына кедергі келтіреді.
Қазіргі уақытта, Қазақстанды әлемнің шетелдік қалаларымен байланыстыратын 98 халықаралық бағдарлар бар.
Республикада республикалық және облыстық маңызы бар 23 әуежай жұмыс істейді. Бүгінге, халықаралық рейстерді қызмет етуге жіберілген 17 әуежайдың 15-і Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) стандарттары бойынша санатталған.
Сонымен бірге, елдегі әуежайлардың тығыздығы өте жоғары, әуежайлар арасындағы қатынастарды жақсарту қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанды әлемнің шетелдік қалаларымен байланыстыратын 88 халықаралық бағдар бар. Бірақ қазақстандық әуе компанияларының ұшу географияларын жеткілікті түрде белсенді кеңейтуі байқалмайды.
Республикада республикалық және облыстық маңызы бар 23 әуежай қызмет етеді. Бүгінгі таңда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген 17 әуежайдың ішінен 14-і Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ІСАО) стандарттары бойынша санатталған.
2017 жылы ЭКСПО-2017-ге дайындық аясында Астана әуежайының өткізу қабілеті арттырылды.
Қазақстан Жібек жолының Экономикалық белдеуінің түйіндік орталығы болып табылады. Қазақстанның өз аумағы арқылы өтетін жүктердің транзитінен келетін жыл сайынғы кірісі шамамен 1 млрд. долл. құрайды. құрады. ЕО және Қытай арасындағы жылдам өсіп келе жатқан өзара сауда көлемі Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтады.
Халықаралық тәжірибе ақпараттық жүйелерді енгізу, сонымен қатар көлік қызметінің тасымалдаушылары мен тұтынушылары үшін көлік-логистика орталықтарының жүйелерін құру және дамыту уақытша шығындарды азайтуға және жүктерді тасымалдау үшін сенімді логистикалық тізбектерді құруға мүмкіндік бергенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |