Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,29 Mb.
бет11/21
Дата20.05.2018
өлшемі4,29 Mb.
#14930
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

3.7. Қаржы қызметтері

«Қаржы және сақтандыру қызметтері» секторын үшжылдық кезеңде талдау осы сектордың үлесі 2014 жылғы 3,6 %-дан 2016 жылғы 3,6 %-ға дейін 0,6 тармақтық пайызға ұлғайғанын көрсетті.

2014-2016 жылдар аралығында қаржы секторында жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылы 180,1 мың адамға жетіп, 12,5 мың адамға азайды. Осы ретте еңбек өнімділігі 2014 жылғы 6,2 млн. тг/адамнан 2016 жылы 9,3 млн.тг/адамға дейін 3,1 млн. тг/адамға өсті.

2014-2016 жылдары осы салаға 176,2 млрд. тг. инвестиция салынды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар 62 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 9,8 %-ға өсті.

2016 жылы осы сектордағы қызметтер экспорты 76,9 млн. АҚШ долл. Құрады

Банк секторы. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 33 банк қызмет істейді, олардың ішінде жарғы капиталында мемлекеттің 100% қатысуы бар 1 банк, шетелдік қатысуы бар 14 (жылдың басында 15) екінші деңгейлі банк, 11 екінші деңгейдегі еншілес банк. Екінші деңгейлі банктердің филиалдарының саны – 337 (жылдың басында 349).

Соңғы 3 жылда (2014 жылғы 1 тамыз – 2017 жылғы 1 тамыз) банк секторының активтері 23 823 млрд. теңгеге дейін 37 %-ға көбейді. 2017 жылдың 1 тамызында банк секторының кредиттік портфелі 14 492 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың 1 тамызынан бастап 7 %-ға көбейді. ЖІӨ-дегі кредиттер саны төмен деңгейде сақталуда – 27,9 %.

Корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстардың жоғары талабына қарамастан, банктер көбінесе қысқамерзімді жоғары табыс беретін, бірақ сонымен бірге тәуекелі тұтынушылық кредиттерді ұсынуға көп назар аударуда. Соңғы үш жылда жалпы жиынтық кредиттік портфельдегі тұтынушылық қарыздардың үлесі 2,7%-ға өсті, ал заңды тұлғалардың қарыздарының үлесі 21,2%-ға төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ұлттық төлем жүйелері арқылы 643,4 трлн. теңге сомасына 26,4 млн. транзакция өткізілді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 0,6%-ға азайды (153,5 мың транзакцияға), бұл ретте төлемдер сомасы 49,2%-ға (212,1 трлн. теңгеге артты),

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын эмитенттеуді 26 банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды. Аталған ұйымдар VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 99,5%). Онымен қоса, Қазақстан банктері мынадай жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Қазақстан Ситибанкінің жергілікті карточкасы – « Қазақстан Ситибанкі» АҚ.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 17,9 млн. төлем карточкасы айналымда орналасқан, ал аталған карточкаларды ұстаушылар саны 15,2 млн. адамды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштер бойынша арту 16,1% және сәйкесінше 8,5%-ды құрады). Дебеттік карточкалар кеңінен таралған болып саналады, олардың үлесі 82,8%-ды, кредиттік карточкалар үлесі 13,5%-ды құрайды. Кредиттік лимиті бар дебекттік карточкалар мен алдын ала төлемі бар карточкалар үлесіне 3,8% тиесілі.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстан аумағында қазақстандық эмитенттердің электрондық ақшаларын пайдалана отырып жасалған операциялар көлемі 240,3 млрд. теңге сомасына 57,1 млн. транзакцияны құрады (2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда операциялар саны 2,1 есе, сомасы 2,6 есе артты).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін (90 күннен астам мерзімі кешіктірілген берешегі бар қарыздар) қарыздардың үлесі банктердің жиынтық кредиттік портфелінің 12,8 %-ын құрады, олардың едәуір үлесі міндеттемелеріне қайта құрылымдау өткізген банктерге тиесілі. Соңғы үш жылдың ішінде аталмыш көрсеткіш жеткілікті тар диапазон (6,7%-дан 8%-ға дейін) шегінде, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде орнықты. Бұл банктердің берешекті қайта құрылымдау сияқты активтердің сапасын жақсартудың «дәстүрлі» құралдарын пайдалану әлеуеті іс жүзінде жойылғанын куәландырады.

18-сурет. 2016 жылғы проблемалық кредиттер, кредиттердің жалпы көлеміндегі пайыздық үлесі





Дереккөз: Дүниежүзілік банк, 2016 жыл

2015 жылдың қорытындылары бойынша венчурлік және жеке капиталдың тартымдылығы индексі бойынша Қазақстан 71 орын, Ресей 39, Қырғызстан 103, Армения 87, Украина 78 орын алады. Алғашқы бестікке АҚШ, ҰБ, Канада, Сингапур, Жапония жатады.

Сақтандыру секторы. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 32 сақтандыру компаниясы жұмыс жасайды, оның ішінде, 7-уі – өмірді сақтандыру бойынша.

Соңғы 3 жылда (2014 жылғы 1 қазандағы – 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша) сақтандыру секторының активтері 53%-ға 923,8 млрд. теңгеге дейін, жеке жиынтық капитал 47%-ға 426,2 млрд. теңгеге артты. Жиналған сақтандыру сыйақысының жиынтық көлемі 2017 жылдың 9 айының жағдайы бойынша 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 40%-ға артып, 289,2 млрд. теңгені құрады.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру сыйақысының негізгі үлесін ерікті мүліктік сақтандыру құрайды (137 млрд. теңге немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінен 47,4%). Міндетті сақтандыру бойынща 76 млрд. теңге немесе сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі бойынша 26,3%, ерікті жеке сақтандыру бойынша да 76 млрд. теңге немесе 26,3% жиналған.

Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақыларының серпінді өсуіне қарамастан олардың ЖІӨ-гі үлесі айтарлықтай төмен деңгейде орналасқан (1 %-дан аз). 2016 жылы жан басына шаққандағы сыйақы көлемінің көрсеткіші шамамен 20 мың теңгені құрады. Басқа көрші және дамыған мемлекеттерде аталған көрсеткіштер Қазақстанның көрсеткіштерінен айтарлықтай артады. Мысалы, Ресей Федерациясында ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесі 1,38%-ды, Украинада 1,49%-ды, дамушы елдерде 3,20%-ды, ал ЭЫДҰ елдерінде 7,5%-ды құрады. Осының барлығы қазақстандық сақтандыру нарығының үлкен әлеуеті туралы мәлімдейді.

Swiss Re есебіне сәйкес жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақыларының сомасы бойынша рейтингте Қазақстан 75-орынға ие».

Сақтандыру қызметтерінің нарығын дамыту бөлігінде (66-бет, 1-абзац) «Міндетті сақтандырудың теңгерімді және тиімді жүйесін құру үшін міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру, тәуекелдерді нақтылау, дамыған елдерде сәтті жұмыс істеп жатқан стандартты өнімдерді енгізу жүргізіледі» деген сөйлемге «сәтті жұмыс істеп жатқан» деген сөздерді қосуды ұсынамыз


19-сурет. Өзге елдердегі жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақыларының сомасы, АҚШ долл.


Нысаналы топ



Салыстыру тобы



Дереккөз: Swiss Re, WORLD INSURANCE IN 2016
2016 жылғы сақтандыру сыйақысының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға көбейіп, 357 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, ЖІӨ-ге қарағанда сақтандыру сыйақысының өсу үлесі 0,77% құрады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Пәкістанның көрсеткішіне (0.89%) жақын. Ресейде осы көрсеткіш 1,38% құрайды. Финляндияда, Ұлыбританияда, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда осы көрсеткіш 10%-дан асады.
20-сурет. ЖІӨ-ге қарағанда сақтандыру сыйақысының үлесі (%) және елдердің рейтингі


Сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге үлесі


Дереккөз: Swiss Re, WORLD INSURANCE IN 2016
Сақтандыру сыйақысының негізгі үлесін ерікті мүліктік сақтандыру (180 млн. теңге немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінің 50,4%) алады. Міндетті сақтандыру бойынша 91 млн. теңге немесе сақтандыру сыйақысының жиынтық көлемінің 25,4%-ы жиналды, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 86 млн. теңге немесе 24,1%.

Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы көбінесе институционалдық инвесторларға бағытталған, себебі сауда-саттықтың жалпы көлемінде мемлекеттік бағалы қағаздар мен репо операциялары бар мәмілелер басымдық көрсетеді.

Бағалы қағаздардың отандық нарығы қазіргі таңда сапалы қаржы құралдарының жеткіліксіздігіне байланысты төмен өтімділікпен, және, сәйкесінше, инвесторлардың бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестицияларды тартуға мүддесінің болмауымен сипатталады.


жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау