Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,13 Mb.
бет11/18
Дата26.05.2018
өлшемі4,13 Mb.
#17983
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

3.9. Денсаулық сақтау


2014-2016 жылдар кезеңінде «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» секторын дамыту оң динамикамен сипатталады. Соның ішінде бұл сектордың елдің ЖІӨ-гі үлесі 2014 жылы 1,7%-дан 2016 дылы 1,9% дейін өсті.

2016 жылдың қорытындылары бойынша бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 469,7 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 5,5% құрады.

Салалардағы еңбек өнімділігі 2014 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артып, 2016 жылы бір адамға 1 892,4 мың тг. құрады.

2014-2016 жылдар ішінде «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» секторына жұмсалған инвестиция көлемі 252,8 млрд. тг құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың қорытындылары бойынша бұл секторда негізгі капиталға инвестициялар жұмсау 64,3 млрд.тг құрап, 2015 жылдың деңгейіне 17,7%-ға қысқарды.

Осымен бірге, макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау Қазақстандағы денсаулық сақтауға жұмсалатын бюджеттік инвестиция мөлшерлерінің дамыған елдердегі деңгейден едәуір артта қалуын анықтады. Қазақстандағы ЖІӨ-гі денсаулық сақтаудың жалпы шығындары үлесі – 3,6 %, ЭЫДҰ – 9,4%.

Тұтас алғанда Қазақстанда жан басына шаққандағы денсаулық сақтаудың мемлекеттік шығындары ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 9 есе төмен (Қазақстан – 268 АҚШ долл. ЭЫДҰ – 2414).

Қазақстанда денсаулық сақтауды жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан медициналық көмек алуға жұмсалатын жеке шығындардың жоғары деңгейі сақталады (ҚР – 35,4 %, ЭЫДҰ – 19,6%, ЕО – 16,3 %). ДДҰ бойынша халықтың шығындар деңгейінің 20%-дан астамы денсаулық сақтау жүйесінің төмен қаржылық тұрақтылығының белгісі болып табылады және халық үшін көтеріңкі тәуекелді сипаттайды.

Өмір сүру ұзақтығы тәрізді көрсеткіш айрықша назар аударуды қажет етеді. Сонымен, Біріккен ұлттар ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) өмір сүру ұзақтығы деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде, Қазақстан өмір сүру ұзақтығы 71,6 жыл болатын 134 елдің ішінде 131 позицияны алады, бұл кезде адамның дамук индексі бойынша - 56 орында.



Халық денсаулығы көрсеткіштерінің позитивтік динамикасына қарамастан,қазақстандықтардың болжалды өмір сүру ұзақтығы ЭЫДҰ мүше-елдеріне қарағанда 10 жылға аз. Ерлер мен әйелдердің болжалды өмір сүру ұзақтығы арасындағы едәуір айырма сақталады, ерлердің еңбек етуге қабілетті жастағы өлім-жітімі әйелдерге қарағанда 24%-ға жоғары.
2
Мақсатты топ

Салыстыру тобы
5-сурет. Денсаулық сақтау тиімділігі бойынша әлем елдерінің рейтингі, 2016 жыл




Дереккөзі: The Most Efficient Health Care 2016
Қазақстан денсаулық сақтау тиімділігі бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан артық және жылына бір адамға келетін ЖІӨ 5 мың АҚШ долл. асатын, 5 миллион адамнан артық халқы бар рейтингте қатысушы 55 елдің ішінде 45-і орында тұр. Рейтинг негізінде үш өзекті көрсеткіш бар, олар осы немесе басқа елдің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін анықтайды: туу кезіндегі орташа өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ пайызы түріндегі денсаулық сақтаудың мемлекеттік шығындары, жан басына қайта есептегендегі медициналық қызметтердің құны.

Қазақстанның денсаулық сақтауды дамытудың өңірлік аспектісінде Батыс-Қазақстан облысында ең жоғары индекс, Атырау облысында - ең төмен индекс бар. Өңірлердің денсаулық сақтауды дамыту индексі жиынтық көрсеткіш, ол денсаулық сақтаудың негізгі индикаторларынан алынып есептеледі (19 шамамен).


26-сурет. Өңірлердің денсаулық сақтауды дамыту индексі

Прямоугольник 43193

Мед. ұйымдар қызметтерінің тиімділігі (max=1)

Халықтың МП қанағаттанушылық деңгейі (max=40)


Дәрежелік орны

Индексі


0,92

0,91

0,90

0,90

0,88

0,88

0,87

0,86

0,86

0,86

0,86

0,86

0,83

0,84

0,83

0,80

0,75

0,70

0,68

0,74

0,76

0,71

0,73

0,72

0,68

0,72

0,65

0,73

41.8

43.4

41,9

40,8

42,3

42,3

39,5

41,5

41,3

41,1

42,1

41

41.7

42,8

40,7

0,69

0,71

0,76

0,71

41,8


Дереккөзі: Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы
Медициналық туризмді дамытуда оң беталыс белгіленген. 2015 жылда Қазақстанға 3623 шетелдік пациенттер келген, олардың арасында Англия, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Болгария, Түркия және басқа елдердің азаматтары бар. 2015 ж. шетелдік пациенттерге ұсынылған ең танымал қызмет жоғары технологиялық операциялар болды. 2016 жылдың 1 тоқсаны ішінде 1879 шетелдік пациенттер емдеп жазылды.

2015 жылы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары қабылданды.

Қазақстан Республикасы нарығына келіп түсетін емдік дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды фармакоқадағалау жүйесінің болмауы мәселелердің бірі болып табылады. Бұдан басқа, емдік дәрі-дәрмектерді жинау, жанама әсерлерін анықтау жүйесі жетілдіруді қажет етеді, сондай-ақ жанама әсерлер мониторингінің барлық қатысушылары үшін біріктірілген ақпарат жүйесі болған жоқ.

Клиникаға дейінгі және клиникалық базалар халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттелмеген. Медициналық ұйымдар клиникалық фармакологтармен жеткілікті жасақталмаған.

Осымен бірге, медициналық техниканың бос тұруы мен оларды тиімсіз пайдалану фактілері байқалады, дәлелді медицинаға негізделген жабдықталу стандарттары әзірленбеген, кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері шешілмеген.


жүктеу 4,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау