заңнамасында аккредиттеудің құқықтық салдарлары қарастырылмаған. Атап айтқанда: аккредиттелген жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан босату; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік үлгідегі дипломмен қоса өздерінің үлгісіндегі дипломдарын беру құқығы; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын басым орналастыруды қарастыру; аккредиттелген органдар мен аккредиттелген білім беру ұйымдарының қазақстандық тіркелімінің жоқтығы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
- ҚАЗТЕСТ жүйесі шектеулі контингент – «Болашақ» стипендиясының үміткерлері үшін ғана қолданылады.
1.4.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
- зертханалық жабдықтарды сатып алуға және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалық қаржыландырудың жоқтығы;
- кәсіби оқытуды жүргізуге және студенттердің практикадан өтуіне мүмкіндік беретін оқу орталықтарының жоқтығы;
- кадрлар даярлау үшін жұмыс берушілердің жеткіліксіз гранттар бөлуі.
Ішкі факторлар:
- бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтердің әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз байланысы жолға қойылмаған;
- студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды қолдаудың әлеуметтік бағдарламасы дамымаған;
- жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу тиімділігі жеткіліксіз.
Жоғары оқу орындары жұмысының айқындығын күшейту, өз қызметінің кең көлемі бойынша ақпараттар ұсыну қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен неғұрлым тиімді бағдарламаларды одан әрі дамытуға ынталандырады. Қоғамдық бақылау және бағалау тетіктері бұл процестердің катализаторларына айналады.
Халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсімін жүргізу барысында ішкі факторлар ретінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы (өзін-өзі талдау) қарастылған. Аккредиттелген агенттіктер білім беру ұйымдарының ұсынған есебінің (өзін-өзі бағалау материалдары) негізінде сарапшыларды тарту және білім беру ұйымдарына бару арқылы сыртқы бағалауды жүзеге асырады.
2. 2-стратегиялық бағыт. Экономиканы жедел әртараптандыруды ғылыми қамтамасыз ету
2.1. Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Ел ғалымдарының қызметі мемлекеттік басымдықтарға сәйкес қалыптасқан республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, іргелі зерттеулер бағдарламаларын іске асыруға және Қазақстанда инновациялық қызметті дамытуға бағытталған.
Ғылымды дамыту 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен металлургиялық секторлар және олармен байланысты сервистік салаларға арналған технологиялар; ядролық технологиялар және қалпына келтірілетін энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; тұрақты дамудың негізі ретінде ұлттық идея.
Елде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын 421 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 141-і – мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 16,3 мың адам (2006 ж. – 19,56 мың; 2007 ж. – 17,77 мың) айналысады, оның ішінде зерттеуші-мамандар – 10,8 мың адам (2006 ж. – 12,4 мың; 2007 ж. – 11,5 мың).
2007 – 2010 жылдары ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі 16,9 млрд. теңгеден 20,0 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 15,5 %.
Қазақстан ғылымын мемлекеттік қаржыландыру деңгейі соңғы 3 жылда ЖІӨ-нің 0,22 %-ын құрады. АҚШ долларымен есептегенде ҒЗТКЖ-ға кететін шығын Қазақстанда әрбір жан басына жылына шамамен 15 долларды (салыстыру үшін Ресейде – 70 шамасында; АҚШ-та – 892; Швецияда – 875, Финляндияда – 726 доллар) құрайды.
Ғылыми инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылымның басым бағыттары бойынша 5 ұжымдық пайдаланымдағы ұлттық зертхана құрылды және жабдықталды. Жетекші жоғары оқу орындарының жанынан 15 инженерлік бейіндегі зертхана ашылып, жұмыс істейді. 6 инновациялық-білім беру, оның ішінде екі халықаралық консорциум құрылды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша шаралар қабылдануда. Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық вакцина (2008 – 2009 жж. 7,7 млн. доза өндірілді) шығарылуда. A/H1N1 тұмауына қарсы әсерсіздендірілген вакцинаны дайындаудың технологиясы әзірленді. Қарағанды фармацевтикалық кешенінде 20 млн. түпнұсқа фитопрепараттардың орамын шығару қамтамасыз етілуде. 110 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде гуманитарлық бағыттағы 6 ғылыми-зерттеу ұйымы 70-тен астам ғылыми жобаларды орындады. Нәтижесінде ұлттық және әлемдік ғылыми пікірлер, мәдениет және әдебиет басылымдарының сериялары әзірленді, 230-дан астам кітап атауы басып шығарылды.
2010 жылы Білім және ғылым министрлігі 6 іргелі зерттеулер бағдарламасын және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруда.
2009 жылы шетелдік ғылыми орталықтарда 120 қазақстандық ғалым, оның ішінде жас ғалымдар тағылымдамадан өтті. Ағылшын тілі курстарымен ғылыми ұйымдар базасында 203 адам қамтылды.
Зияткерлік меншік институтының деректеріне сәйкес 2010 жылы өнертабыстарға 1 168 қорғау құжаттары берілген, соның ішінде 168 патент, 21 патент алды, 821 инновациялық патент берілді.
2008 жылы іске асырылған ғылыми-техникалық бағдарламалар нәтижесінде отандық және шетелдік басылымдарда 9 045 ғылыми мақала жарияланды. 1 097 әдістеме, практикалық ұсынымдар, оқу құралдары, бағдарламалар, электрондық оқулықтар және т.б. әзірленді. Жарияланымдық белсенділіктің анағұрлым жоғары деңгейі 1 қызметкерге есептегенде іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша 0,8 екені байқалуда.
Соңғы жылдар аралығында қазақстандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына қатынасы өзгеріссіз қалып отыр және 6 %-ды құрайды. Қазақстан ғалымдарының шетелдік жарияланымдарының үлесі жалпы дүниежүзілік ағымда 0, 017 %-ға тең. Халықаралық агенттіктердің деректері бойынша Қазақстан 5 жылда 1000 – 10000 жарияланымы бар 46 ел тобына жатады.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың макроэкономикалық талдауы ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнімнің үлесі соңғы жылдары 1,1 %-дан аспайды, ғылыми өнімді өндіру бойынша кәсіпорындардың белсенділігі – 2,3 %.
Қазақстан ғалымдарының жақын және алыс шетелдермен: Ресей, Белорусь, АҚШ, Қытай, Үндістан, Германия және басқалармен ынтымақтастығы дамуда. «Ғылым саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастық» ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберінде 92 бірлескен жоба орындалды.
Ғылыми-техникалық салада нормативтік және құқықтық база жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірледі және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізді.
«Ғылым туралы» Заңның жобасында ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылады: ұлттық ғылыми кеңестерді, ғылыми жобаларды тәуелсіз халықаралық сараптауды енгізу арқылы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құру мәселелері, қаржыландырудың жаңа түрлерінің тетіктерін (базалық, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру), университет ғылымын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ілгерілету.
2.2. Негізгі проблемаларды талдау:
1. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру деңгейі төмен болып қалып отыр. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінетін шығыстар ЖІӨ-ге 0,22 %-ды құрайды. ЮНЕСКО деректері бойынша әлем экономикасы ғылымға ЖІӨ-ден 1,7 % бөледі. Дамыған елдерден айырмашылығы жекеменшік сектордың ғылымды дамытудағы үлесі төмен.
2. Материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Ғылымға кететін шығыстардың төмендігінен 2000 – 2008 жылдары ғылыми-техникалық ұйымдар қорының жарақталуы аздап қана жоғарылады.
3. Еліміздің ғылыми инфрақұрылымында GLP (Good Laboratory Practice – Тиісті зертханалық практика), GMP (Good Manufacturing Practice – Тиісті өндірістік практика), GSP (Good Scientific Practice – Тиісті ғылыми практика) халықаралық стандарттарын қолдану ғылыми зерттеулердің сапасын және отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Сонымен қатар, қазіргі кезде олардың елдің ғылыми инфрақұрылымында қолданылуы жеткіліксіз. Олардың жоқтығы отандық өнімдерді экспорттауға кедергі келтіретін және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендететін фактор болып табылады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іріктеу кезінде халықаралық сараптама жүргізу тәжірибесі пайдаланылмайды.
5. Ғылыми кадрлар жасының ұлғаюы және жастардың ғылымға аз келуі. 60 жастан жоғары ғылым докторларының саны – 47,4 %; 40 жастан жоғары ғылым кандидаттарының саны – 70 %. Ғалымдардың орташа жасы – 55 жас шамасын құрайды.
6. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің төмендігі. 16 мың ғалымға 1 – 2 халықаралық патенттен келеді. Елімізде 1 млн. халыққа патент сұранысының саны 93,6 (Ресейде – 195,9; Германияда – 582,6; Ұлыбританияда – 289,7; АҚШ-та – 741,8; Кореяда – 2 591,5; Жапонияда – 2 720,7) құрайды. Әлемде қазақстандық ғалымдардың ғылыми басылымдарының үлесі тек 0,021 %-ды құрайды. Ал жалпы әлемдік ағымда АҚШ шамамен 22 %, Қытай - 10,2 %, Жапония - 6,1 %, Ресей – 2 %-ды құрайды. Орта есеппен жылына шетелде біздің ғалымдардың жарық көретін мақалаларының саны 243-ті құрайды.
7. Ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталуда, соның салдары – білім беру саласында ғылыми нәтижелер капиталға айналмауы, ғылыми зерттеу жүргізуге жас мамандардың тартылмауы.
8. Ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамы дамымаған, олардың ішінде биологиялық, физикалық, химиялық қоғам және т.б.
9. Шетелде оқу мен тағылымдамадан өткен жас ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға өзінің зерттеу дағдысын толығымен қолдану мен дамыту және тиісті ғылыми ортаның жоқтығын ескере отырып халықаралық деңгейде ғылыми нәтижелерді алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
2.3. Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
1. Ғылымды қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі – ғылыми-техникалық және жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерінің негізі болып табылады.
2. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі.
Ғылыми әлеуеттің кеңейтілген өндірісі іске асырылмайды. Жоғары білікті кадрлар жасының ұлғаюы мен кету мәселесінің маңыздылығы толық бағаланбайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының Халықаралық сараптама кеңесі өзінің есебінде (2008 ж., наурыз) «Қазақстанның болашағын анықтайтын сыни фактор – бұл ғылыммен және технологиямен айналысатын білікті зерттеушілерді даярлау және тиімді пайдалану» болып табылатынын атап өтті.
Қазіргі таңда жоғары білікті кадрлардың әлеуеті Қазақстанның ғылыми-техникалық саласында жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Жоғары білікті кадрларды даярлау мен пайдаланудың қолданыстағы жүйесі ғылым мен экономиканың кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді.
3. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар.
Ғылыми әлеует жағдайымен байланысты себептерден басқа ғылымды қайта құру мына ұйымдастыру-экономикалық факторлармен асқынуда:
- даму басымдықтарының үздіксіз ауысуы, оны жүзеге асырудың нақты шараларының ғылыми-техникалық саясаттан алшақтауы;
- ғалымдар бейімделуге үлгермей жатқан үздіксіз институционалды реформа (білім беру/ғылыми орталықтар мен холдингтерді тарату, білім беру/ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарату, ведомстволық бағыныстағы ҒЗИ-дің ауысуы).
4. Ғылыми қызметкердің әлеуметтік мәртебесі ғылымға жастарды тартудың және ғылыми-техникалық саладан мамандардың кетуінің ішкі және сыртқы кемуінің маңызды факторы болып табылады.
3. 3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастардың дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту
3.1. Әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті төмендету
3.1.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Білім беру органдарының деректері бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 386 бала бар. Оның ішінде қорғаншылыққа және қамқоршылыққа – 22 067 бала, патронат тәрбиесіне – 2 267 бала, интернаттық ұйымдарға – 14 052 бала (оның ішінде білім беру жүйесінде – 11 612, денсаулық сақтау жүйесінде – 1 586, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде – 854 бала) орналастырылды.
Әлеуметтік жетімдіктің проблемаларын шешу үшін 2010 жылы төмендегі шаралар қабылданды:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жетім балаларды отбасыларына орналастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жанданды: жетекші республикалық телеарналарда 14 әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп жатыр, «Біздің балалар» бағдарламалар топтамасы шығуда, жергілікті газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды іздеймін!», «Ана, мені тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет» және тағы басқа айдарлар ашылған;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың нысандарын жұртшылыққа таратуға бағытталған «Қуан, сәби», «Ризашылық», «Қамқоршы күні» республикалық акциялары өткізіледі;
3) әлеуметтік жетімдікті азайтудың индикаторлары және көрсеткіштері жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілді.
3.1.2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны 7 %-ға кеміді.
Сонымен қатар, институттандыру деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұр. 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша интернаттық мекемелерде 14 052 (36,6 %) бала бар. Бұл ретте, аталған мекемелер тәрбиеленушілерінің 85 %-ы әлеуметтік жетімдер болып табылады.
3.1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
сыртқы фактор – бала асырап алуды, қорғаншылық пен қамқоршылықты насихаттау арқылы бөгде баланы тәрбиелеуге психологиялық ынталандыруды қалыптастыру (бала асырап алудың беделі және әлеуметтік қажеттілігі).
ішкі фактор – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу жүйесін жетілдіру, оның ішінде балаларды есепке алудың ақпараттық жүйесін құру, «Өзін-өзі тану» тұлғаны адамгершілік-рухани дамытудың бағдарламасын барлық білім беру ұйымдарында енгізу арқылы балалар мен ата-аналарға адамгершілік-рухани білім беруді дамыту.
3.2 Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
3.2.1. Қызмет саласын немесе салалық реттеуді дамытудың негізгі өлшемдері
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру 37 арнайы балабақшада және 101 түзеу мектептерінде, балабақшалардағы 240 арнайы топтар мен жалпы білім беретін 1 098 арнайы сыныптарда жүзеге асырылуда. 10 мыңға жуық бала жеке оқу бағдарламалары бойынша үйде білім алуда.
Психофизикалық даму бұзылысының көрінісіне және таным мүмкіндіктеріне қарай білім алушылар даму мүмкіндігі шектеулі балалардың таным деңгейлеріне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарын пайдалануды қарастыратын 3 нұсқа бойынша білім алады.
Республикада 2004 жылдан бастап арнайы түзеу білім беру ұйымдарына арналған 8 негізгі түрі мен үлгі бойынша қазақстандық оқулықтар мен ОӘК-ні әзірлеу, басып шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Есту қабілеті (естімейтін, нашар еститін), интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға (интеллектуалды даму бұзылысы жеңіл және ауыр), сөйлеу, көру қабілеті (Брайль жүйесі бойынша көрмейтін балаларға – орыс тіліндегі ресей және қазақстандық авторларды бейімдеу; көру қабілеті бұзылған балалар үшін үлкейтілген қаріптермен) бұзылған балаларға арналған 296 түпнұсқа оқулық атауы мен ОӘК әзірленді.
Республикада дамуында проблемалар бар балаларды анықтауда, диагностика жасауда және консультация беруде, халыққа медициналық-педагогикалық-психологиялық әлеуметтік көмек көрсететін 56 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс істейді.
Түзеу-педагогикалық қолдау көрсету туғаннан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 156 инклюзивті білім беру кабинетінде, 123 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде, 15 оңалту орталығында, 345 логопед пункттерінде көрсетілуде.
3.2.2. Негізгі проблемаларды талдау
Елімізде қалыптасқан дамудағы кемшіліктерді кешенді диагностикалау, ерте түзеу-педагогикалық қолдау тек әрбір үшінші даму мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беру процесіне қосылуына мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға тең қолжетімдік толық көлемде қамтамасыз етілмеген.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету 41,4 %-ды құрайды.
Арнайы білім беру ұйымдарының заманауи мультимедиалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі 35-тен 60-қа дейінгі пайызды құрайды.
Рельефті-нүктелік қаріпті шығаратын жабдықтардың жоқтығынан көрмейтін балалар үшін «Брайль» жүйесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде қазақстандық оқулықтарды басып шығару проблема күйінде қалып отыр.
3.2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы фактор – даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың сапалы білім алуы үшін қарастырылған тең құқығының толық көлемде іске аспауы;
елді-мекеннің жеткілікті ақпараттандырылмауынан инклюзивті білім беруді енгізу қарқынының төмендігі;
инклюзивті (тарту) білім беру идеясын насихаттауда медиаресурстарды пайдаланудың төмендігі;
Ішкі фактор – ерте жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін арнайы білім беру ұйымдары желісінің жетіспеушілігі;
арнайы құралдармен жеткіліксіз жабдықталу; көрмейтін балаларға арналған рельефті-нүктелік қаріпті қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтардың жоқтығы.
3.3 Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін іске асыру
3.3.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жастар саны 4,35 млн. адамды немесе жалпы халықтың 29 %-ын құрайды, бұл ретте ауыл жастарының үлесі 2,15 млн. адамды немесе жастардың жалпы санының 49 %-ын құрайды. Жастардың саны көп өңірлер: Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.
Жастар санының серпіні, мың адам
|
1999 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Барлық тұрғын
|
14 955
|
15 219
|
15 396
|
15 571
|
15 776
|
Барлық жастар
|
4 093
|
4 521
|
4 569
|
4 569
|
4 358
|
Қала жастары
|
2 272
|
2 518
|
2 547
|
2 297
|
2 199
|
Ауыл жастары
|
1 821
|
2 003
|
2 022
|
2 272
|
2 159
|
Достарыңызбен бөлісу: |