Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету



жүктеу 146,84 Kb.
бет14/23
Дата08.02.2022
өлшемі146,84 Kb.
#37397
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
5.1.6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету


      Білім берудің барлық деңгейлеріндегі тәрбие мен оқыту жүйесі бірыңғай идеологиялық және құндылық тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптарды: отбасын, білім беру ұйымы мен қоғамды кеңінен тарта отырып, кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Бұл ретте білім беру ұйымдары білім алушылардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен тұлғааралық өзара іс-қимылдарды кеңейтуге және өзара жауапкершілік қағидаты бойынша ынтымақтастық құруға назар аударған жөн.



      Тәрбие жұмысының негізін Елбасының адамгершілік мұрасы – "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақалалары құрайды. "Туған елге тағзым" жалпыреспубликалық экспедициясын қамтитын "Ұлы дала мұрагерлері" жобасы, "Тарих тағылымы" (қалалар мен ауылдардың, көшелердің тарихын және мемлекеттің дамуына үлес қосқан тұлғаларды зерттеу) және "Қазақ мәдениетінің антологиясы" (ақындар, жырау, күйші шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерттеу) әлеуметтік жобалары жалғасатын болады. Басты рөл білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымына беріледі, ол білім алушылардың "моральдық компасты" – дұрыс пен бұрысты ажырата білу сезімін және бақытты өмір сүруге қажетті берік мінез-құлықты бойға сіңірудегі пайымын айқындайды мен көшбасшылық қасиетін қамтамасыз етеді.



      Білім алушыларды ұйымдасқан қоғамдық қызметке тарту "Жас қыран"

(1-4 сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10 сыныптар) балалар-жасөспірімдер қозғалысына, сондай-ақ "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубына (колледж, ЖОО) кең және тұрақты мүшелікке ену жолымен қамтамасыз етілетін болады.


      Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығы дәріптелетін болады. Zhastar KZ жобасы шеңберінде "Ата-аналар мектебі" бастамасын іске асыру жалғасады, отбасылық тәрбие мәселелерінде психологтардың, сынып жетекшілерінің және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру енгізіледі. Білім беру ұйымдарында "Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау", "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобалары енгізілетін болады, "Менің болашақ отбасым" тақырыбында эссе жазу бойынша өңірлік конкурстары енгізіледі.



      Барлық мектептер мен колледждерде ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлін арттыруға бағытталған "Құндылықтарға негізделген білім беру" жобасы іске асырылатын болады, сондай-ақ "Білім-инновация" лицейлерінің тәжірибесі негізінде мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматы енгізілетін болады. Оқыту мен тәрбиеге құндылық-бағдарлы көзқарас мектеп климатында, мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және қарым-қатынасында көрініс беретін мектептердің барлық мектеп жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен оқушылардың әлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама құндылықтардың оқу бағдарламаларының мазмұнына кірігуін көздейді. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде директорлардың, директорлар орынбасарларының, оқытушылардың, психологтардың оқытуда құндылық-бағдарлы тәсілді енгізу мәселелері бойынша біліктілігін арттыру енгізілетін болады.



      Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында әскери-патриоттық клубтардың рөлі күшейтіледі, олардың қызметін облыстық білім басқармалары деңгейінде үйлестіру жүзеге асырылады.



      Оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды арттыру жұмыстары жалғастырылады. Мектептерде спорттық мүкәммалдар жаңартылып, спорт залдарын орналастыру, оның ішінде тез салынатын құрылымдар есебінен орналастыру мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ әрбір мектеп спорт залымен қамтамасыз етіледі. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигалары, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасы дамитын болады.



      ТжКБ ұйымдарының студенттерін спортпен айналысуға тарту мақсатында спорт түрлері бойынша жыл сайынғы спартакиада өткізілетін болады.



      Жоғары оқу орындарының спорт клубтары институционалдық мәртебеге, оның ішінде МЖӘ есебінен ие болады.



      2020, 2022, 2024 жылдары балалар спортын танымал ету және дамыту мақсатында Қазақстан оқушылар арасындағы Дүниежүзілік жазғы гимназиядаға қатысады.



      Экологиялық тәрбие, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, қаржылық және кәсіпкерлік дағдыларды дарыту тәрбиелік іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатын болады.



      Колледждер мен жоғары оқу орындарында білім беру процесін автоматтандыру жолымен парасаттылық қағидаттарын енгізу, оның ішінде білім алушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету, оқуға түсу және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету жалғастырылатын болады.


     
жүктеу 146,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау