Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 1,14 Mb.
бет5/5
Дата21.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#15548
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Орта білім

      Мақсаты: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып; 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы - 4, 9, 11, 12-сыныптар);
      2) үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» оқушылардың үлесі (оқыту сапасы).
      Міндеттер:
      1. Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру
      Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.
      Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.
      Біліктілікті арттыру курстары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде 2019 жылдан бастап қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып жүргізілетін болады.
      Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін айқындау үшін 2016 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеу жүргізілетін болады.
      2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және оған көшу мәселесі пысықталатын болады.
      Жыл сайын менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарынан орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы өтетін болады.
      Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
      Педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді және педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың тетіктері қайта қаралатын болады.
      Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады.
      2017–2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы 4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық жоғары оқу орнында жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу арқылы ағылшынша оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
      Мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде «білім беру магистрі» дәрежесі бар мамандар кеңінен тартылатын болады.
      Мектеп педагогтерін кәсіби жағынан дамыту біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарының бағдарламаларын жаңғырту шеңберінде жалғастырылатын болады.
      2. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету.
      Авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ тетігі арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға қарай авариялық және үш ауысымды мектептерді толық жоюға мүмкіндік береді.
      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады.
      Мектептегі білім беруді ақпараттандыру ақпараттық технологияларды оқытуға одан әрі енгізу шеңберінде МЖӘ тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Тұрғылықты жеріне (қала немесе ауыл) қарамастан, білім алушылардың деңгейлері, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқытушылар арасындағы деңгейлер теңестірілетін болады. Білім беру процесін жаңғырту жылдамдығы айтарлықтай артады.
      ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен білім беру жүйесін халықаралық интеграциялау жұмыстары жалғастырылатын болады.
      2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың жекелеген санаттарындағы оқушылар дәруменденді тегін ыстық тамақпен толық қамтылатын болады.
      Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау қамтамасыз етіледі.
      Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі
2019 жылы 137 бірліктен 220 бірлікке және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтіледі.
      Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады.
      3. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту.
      2016 жылы негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖС бекітілетін болады.
      Жаңартылған білім беру мазмұнының стандарты жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болады.
      Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.
      Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.
      Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылатын болады.
      12 жылдық білім беру оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға, жеке қабілетін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың оқудағы білігі пен дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру процесінің сапасын жақсартады.
      Жалпы білім беретін мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесі пысықталатын болады.
      «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, жаңа Негізгі және жоғары мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша білім берудің оқу бағдарламалары әзірленетін болады.
      «Қазақстандық бірегейлік» элективті курсы әзірленеді және жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқу процесіне енгізіледі.
      Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.
      Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік сәйкессіздіктерді  азайтуға бағытталатын болады.
      2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, базалық оқулыққа, оқулықтар сапасын көп деңгейлі сараптауға қойылатын талаптарды әзірлеуді, оқулықтар сапасын бағалау саласындағы сарапшылар біліктілігін арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін мониторингтеуді және бағалауды енгізуді көздейді.
      2017–2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.
      Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 НЗМ-нің және 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады.
      Оқыту технологиясының жаңа сапаға жетуін, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаның дамуын қамтамасыз ететін Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады.
      Мектептің жоғары ыныптары үшін төрт пән бойынша (информатика, физика, химия және биология) шетелдік оқулықтар мен ағылшын тіліндегі ОӘК бейімделетін болады.
      ЖМЦ-ның төрт пәнін ағылшын тілінде оқытатын педагог кадрларға және үштілділікті енгізуге деген қажеттілік:
      1) білім беру ұйымдарында оқытуға тарту тетігі арқылы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің;
      2) жоғары оқу орындарында және колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау;
      3) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
      4) студенттермен алмасу және волонтерлерді тарту бағдарламасы есебінен шешілетін болады.
      Үш тілде білім беруді оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету CEFR негізінде (2016 – 2017 жылдар) тілді деңгейлеп оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Педагогикалық жоғары оқу орындарында НЗМ-нің педагогтердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту бойынша кадрлар даярлау сапасына және студенттердің IELTS-ты 6.5 балдан кем емес тапсыруға талаптарды күшейту тәжірибесін енгізу тетігі қарастырылатын болады.
      5-11-сынып оқушылары үшін жазғы тіл мектебін ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.
      2018 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктеріне қарай, пилоттық режимде ағылшын тілінде оқытатын сыныптар ашылатын болады.
      ШЖМ проблемаларын шешу үшін балаларды мектепке және мектептен үйге дейін тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасатын болады.
      Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру жұмыстары жалғастырылады. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Сонымен қатар кеңжолақты интернетке қосу арқылы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету және Интернетке қол жеткізілмеген, шалғайда орналасқан мектептер үшін электрондық контентті әзірлеу мәселелері пысықталатын болады.
      Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі, желілік өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасалатын болады.
      Мектептер базалық стандартқа сәйкес МЖӘ-ні тарту арқылы техникалық инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.
      Оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден цифрлы білім беру ресурстарының кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімге тәуелді болмайды. Негізгі мектептен бастап кемінде екі пән онлайн ресурстарды қолдана отырып жүргізілетін болады.
      Дүниежүзілік банктің орта білім беруді жаңғырту бойынша жобасы шеңберінде оқушылардың білім беру жетістіктерін тестілеу стандарттары әзірленеді, ұлттық емтихандар мен мониторингтік зерттеулер жетілдірілетін болады.
      Білім беру қажеттіліктері еркеше балаларды оқыту үшін оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, бейімделетін болады.
      ЖАО арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарды көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік қаріпті (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.
      Орта білімді жаңғырту жобасы шеңберінде бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2020 жылға қарай:
      1) білім алушылардың ұлттық емтихандары мен оқу жетістіктерін мониторингтік зерттеулердің рәсімдері жетілдіріледі;
      2) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жетілдіріледі;
      3) тест стандарттары әзірленеді;
      4) білім алушылардың дағдылары мен білігін, құзыреттілігінің кең спектрін тексеру үшін тест тапсырмаларының базасы құрылады.
      Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.
      ҰБТ-ның қолданыстағы форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бөлу, одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған тестерді пайдалануды кеңейту көзделеді.
      4. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.
      Адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
      НЗМ-нің патриоттық тәрбиеге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған «Шаңырақ» әлеуметтік жобасының тәжірибесі таратылатын болады.
      Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.
      Орта білім беру адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында мектеп патриоттыққа баулу және өз елінің адал азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал ету арқылы Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосады.
      Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиетін қалыптастыруға ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады.
      Оқулықтар мен мектеп дәптерлерінің форзацтарында мәтіндер жариялауды қоса алғанда, қазақстандық құндылықтарды танымал етуге және насихаттауға бағытталған мектеп құралдарының талаптары әзірленеді және бекітіледі.
      Қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттырудың білім беру бағдарламасы жетілдірілетін болады.
      Қосымша білім беру ұйымдарының желісі жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктерін енгізу есебінен дамитын болады.
      2020 жылға дейін МЖӘ шеңберінде қосымша білім беру жүйесі объектілерін ашу жұмыстары жандандырылады.
      Бұдан басқа:
      1) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін тұрғын үй құрылысы кезінде 1-қабаттан орынжайларды жоспарлау;
      2) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептерден бос орынжайлар беру есебінен желілерді дамыту жоспарлануда.
      Жергілікті бюджет есебінен мектептегі спорт секцияларының желісі әрбір орта білім беру ұйымында мектептің спорт лигасын құру арқылы кеңейтілетін болады.
      Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында жеңілдіктер (тегін абонементтер) (ЖАО, демеушілер, меценаттар есебінен) беру көзделетін болады.
      Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі үйірмелер мен секциялар санының өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін үйірмелер жұмысына ата-аналар тартылатын болады.
      Мектептер арасында тұрақты түрде спорттық жарыстар өткізу іске асырылатын болады.
      ЖАО-ның мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының спорт залдарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру жұмысы жандандырылатын болады.
      «Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) болып екі буынға бөлінетін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының (бұдан әрі – ББЖҰ) теледидар, әлеуметтік жарнама, кино, концерт, бұқаралық акциялар, экскурсиялар, саяхаттар арқылы патриоттық, волонтерлік, азаматтық-құқықтық іс-шаралар өткізу жұмысы жандандырылатын болады.
      2016–2020 жылдары «Жас ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері мен үйлестірушілерінің қауымдастығы құрылады және жұмыс істейді.
      Жыл сайын «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның фандрайзинг (жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаражат іздеу және жинау) режимінде қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша іс-шаралары өткізілетін болады.
      Жыл сайын:
      1) біліктілігін және кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері үшін слеттер, семинарлар, тренингтер;
      2) «Көшбасшылар мектебі» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер мен мастер-кластар;
      3) «Ұланымыз ұлы елдің» республикалық көшбасшылар форумын ұйымдастыруға қатысу үшін жоғары курс студенттері арасынан волонтерлер тартылатын болады.
      Мектеп оқушылары ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және т.б. әлеуметтік акцияларға, оның ішінде медиаресурстарды пайдалана отырып тартылатын болады.
      Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
      Нәтижеге бағытталған қаржыландыру орта білім берудегі мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігіне айналады.
      2020 жылға дейін әрбір толық жинақты мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу шеңберінде сынақтан өткен пилоттық мектептердің моделі бойынша қамқоршылық кеңестер құрылады.
      2019 жылы сынақтан өткізудің оң қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесі аяқталатын болады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша (жылына 4 рет) онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) жалғастырылады.
      Жыл сайын жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы оқытудан өтетін басқарудың инновациялық нысанын есепке ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.
      Мектептерді аттестаттау ұсынылатын қызмет сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымдарын саралау жүйесін енгізу негізінде өткізілетін болады. Мектептер үлгілі, жақсы, жақсартуды талап ететін және төмен деген төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады.
      Орта білім беру ұйымдарын оқыту сапасы мен нәтижелілікті арттыруға ынталандыру мақсатында табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі пысықталатын болады.
      Мектептегі білім беруді басқаруға мектептердегі қамқоршылық кеңестерді дамыту арқылы қалың жұртшылық тартылатын болады.
      Мектептің өзін-өзі бағалау рәсімі жетілдірілетін болады. 2020 жылға қарай өзін-өзі бағалау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері мектептердің 40 %-ында сәйкес келетін болады.
      ЖАО-ның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына (қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алу, патронат және асырап алу) орналастыру жұмыстары жандандырылатын болады.
      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, арнайы ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың үлесі балаларды отбасыларға беру бойынша кешенді шаралар есебінен азайтылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім



      Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау
      Нысаналы индикатор: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі.
      Міндеттері:
      1. ТжКБ жүйесінің беделін арттыру
      Кадрларды даярлау ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
      ТжКБ жүйесі басқарылатын оқу миграциясының тиімді құралына айналады. Ол үшін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы шеңберінде түлектерді жаңа тұрғылықты жерде бекіту арқылы білікті мамандарды даярлау жалғасады.
      Жастарды өмірге деген сындарлы көзқарас қалыптастыруға және оларды міндетті жұмыс дағдылары мен біліктерді алуға бағыттайтын кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйелендірілетін болады. Колледждер базасында мектеп оқушылары үшін кәсіптік сынақтар қарастырылатын болады, мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттері құрылатын болады, оқушылардың кәсіптік өзін-өзі айқындау процесіне жұмыс берушілер мен ата-аналар белсенді қатысатын болады.
      Мектеп оқушыларын жұмысшы біліктіліктерін алуға тарту үшін барлық мүдделі құрылымдардың: білім беру, жұмыспен қамту органдарының, жұмыс берушілердің, ата-аналар қоғамдастығының қызметін үйлестіруді көздейтін кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйесін қалыптастыру туралы мәселе пысықталатын болады.
      Кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, еңбек адамының бейнесін жасау және оны насихаттау арқылы жұмысшы біліктілігінің беделіне жаңа серпін беріледі.
      Жыл сайын білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушыларының арасында «Үздік мамандық иесі» республикалық конкурсы, WorldSkills Kazakhstan өңірлік және ұлттық чемпионаты өткізілетін болады.
      WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын өткізу халықаралық қозғалысқа интеграциялануға мүмкіндік береді, өйткені WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпаздары World Skills халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.
      ТжКБ беделі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылатын болады.
      Қабылданған шаралар нәтижесінде 2020 жылға қарай типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту 18 %-ға дейін артатын болады.
      2. ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету.
      Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен, сондай-ақ МЖӘ-нің қатысуымен ТжКБ ұйымдарының құрылысын салу арқылы колледждерде оқушы орындарының саны арттырылатын болады.
      Білім беретін оқу орындарының ақылы негізде ұсынатын қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында ТжКБ оқу орындарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеретін болады. Білім беру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізе отырып, қаржылық дербестік беру мәселелері пысықталатын болады.
      Жұмыс істеп тұрған ТжКБ оқу орындарының базасында жетекші шет елдермен бірге кадрлар даярлау бойынша орталықтар құрылатын болады.
      Аталған орталықтар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың халықаралық талаптар бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, озық технологияларды ескере отырып материалдық-техникалық базаны жаңарту тәжірибесін тарататын және сынақтан өткізетін болады.
      Кадрлар даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бағдарлау жұмысы жалғасатын болады.
      2017 жылдан бастап барлық тілек білдірушілерге жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін мектептің жоғары сатысында бірінші жұмысшы біліктілігін тегін алуға әлеуметтік лифті құруға, қосалқы құзыреттер алуға, үздіксіз кәсіптік даярлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Жұмысшы біліктілігі жоқ барлық ниет білдіруші 9, 11-сынып оқушылары колледждер базасында тегін бірінші жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз етілетін болады. Жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың саны 40 %-ға дейін ұлғаятын болады. Өңірлерді мамандандыру картасына сәйкес кадрлар даярлауды бағдарлау жұмысы жандандырылады.
      Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде, сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында жұмысқа орналаспаған жастар арасынан барлық тілек білдірушілер курстық дайындықпен қамтылады.
      Жоғары сынып оқушыларына қосалқы құзыреттілік берудің жаңа тәсілдемелері әзірленеді. Ол үшін ЖАО-мен бірлесе отырып, жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік комбинаттардың (бұдан әрі - ОӨК) білім беру бағдарламалары жаңғыртылатын болады. ОӨК-нің сертификаттарына сұранысты қамтамасыз ету үшін ҰКП-мен ОӨК базасында оқып шыққан мектеп түлектерінің дағдыларын растайтын сертификаттау орталықтарын құру мәселесі пысықталатын болады.
      Жалпы, жобаны іске асыру жастардың бірінші жұмысшы біліктілігіне қаржылай, бағдарламалық, аумақтық тең қолжетімділігі мәселелерін шешеді және еңбек қызметі саласына жастардың әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз етеді.
      Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспары әзірленетін болады. Білім беру қажеттіліктері ерекше білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін болады. Колледждерде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивтік білім беру бағдарламалары сынақтан өткізілетін болады.
      2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі 40 %-ды құрайды.
      Бюджет есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, Дүниежүзілік банк қарызы есебінен, сондай-ақ лизинг тетігі есебінен мемлекеттік ТжКБ оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханалары мен арнайы пәндер кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау жұмысы жалғастырылатын болады.
      ТжКБ жүйесінде халықаралық талаптарға сәйкес «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ арқылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттырудың 4 деңгейлік бағдарламасын көздейтін инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының деңгейлік моделін енгізу мәселелері пысықталатын болады.
      Білімді және озық технологияларды өзектілендіру үшін, оның ішінде әлеуметтік әріптестер есебінен арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін кәсіпорындарда тағылымдама ұйымдастырылатын болады.
      Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша мәселелер пысықталатын болады.
      Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу енгізілетін болады.
      Колледждерді ынталандыру мақсатында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік үлгідегі құжатты беру құқығын ТжКБ-ның аккредиттелген оқу орындары жүзеге асыратын болады.
      Экономика салаларында салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін толыққанды енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.
      3. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту.
      Халықаралық талаптарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесі қайта қаралатын болады. Ол үшін еңбек саласындағы уәкілетті орган біліктілік деңгейлерінің сабақтастығын ескере отырып, Ұлттық кәсіптер сыныптауышын әзірлейтін болады. Халықаралық білім беру сыныптауышы стандартының (бұдан әрі – ХБСС) талаптарына сәйкес ТжКБ кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышы қайта қаралады, жұмыс берушілер мен халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жаңа мамандықтар енгізіледі.
      Ұлттық біліктілік шеңберінің барлық деңгейін қамтитын экономика салаларының басым мамандықтары бойынша, оның ішінде ИИДМБ үшін ТжКБ-ның басым мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды жетілдіру жұмысы жалғастырылатын болады. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді жұмыс берушілер бірлестіктері жүзеге асырады және ҰКП палатасы бекітеді.
      ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖС-нің икемділігі оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарымен өзгертуге, модульдік, кредиттік, дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.
      Кәсіптік стандарттардың негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралады және жаңартылатын болады. Аталған білім беру бағдарламаларын енгізу маманды даярлаудың өзіндік бағытын жасауға және оның еңбек нарығындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ТжКБ жүйесін кредиттік-модульдік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлерін интеграциялауға мүмкіндік береді.
      Орта білім беру мазмұнын жаңарту ТжКБ, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау кезінде ескерілетін болады. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың жаңа стандарты негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары қайта қаралатын болады.
      ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіптік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және таратуды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жүзеге асыратын болады.
      Білім алушыларға ТжКБ оқу орындарында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсын енгізу есебінен кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мүмкіндігі ұсынылады.
      2020 жылға қарай кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі 58 %-ға жетеді.
      Сондай-ақ кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету колледж кітапханаларын заманауи оқу әдебиеттерімен және ОӘК-мен толықтыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатта шетелдік оқу әдебиеттері аударылады және бейімделеді.
      Колледждерде экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін білікті кадрлар даярлау қолданбалы бакалавриат бағыттары бойынша жүзеге асырылатын болады. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының практикалық бағдарланған бөлігін ұлғайта отырып нақты біліктілікке бағытталатын болады.
      Кадрлар даярлау бойынша әріптестікті дамыту үшін ТжКБ оқу орындарында дуальді оқытуды енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Дуальді оқытуға қатысушылардың (оқу орнының, кәсіпорынның, білім алушының, тәлімгердің, ЖАО және т.б.) негізгі функциялары дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларымен реттелетін болады. ТжКБ-ны дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара іс-қимылы бойынша жұмысы күшейтетін болады, ҰКП-мен дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту бөлігінде байланыс нығаятын болады. Практикадан өту үшін орындар ұсыну және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету оқу орындары мен кәсіпорындар арасында жасалған меморандумдар, келісімдер негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 80 %-ға жетеді.
      4. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту.
      Мемлекеттік жастар саясатын нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жалғасады.
      Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жастарды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады.
      ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие процесіне «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары енгізіледі.
      ТжКБ ұйымдарында студенттерді қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға интеграциялайтын жастар ісі жөніндегі комитеттерді құру жұмыстары жалғасатын болады.
      Колледж студенттері волонтерлік қызметке белсенді түрде тартылатын болады. Жыл сайын патриоттық тәрбиені дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.
      ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне «Қазақстандық бірегейлік» курсы факультативтік сабақтар арқылы енгізілетін болады.
      ТжКБ оқу орындарында балалар үйлеріне, онкологиялық ауруханалар мен мүгедектер үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету үшін, ірі халықаралық іс-шараларды дайындау үшін волонтерлер мектептері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, «Үздік волонтер» конкурсы өткізіледі. ТжКБ оқу орындарының студенттері «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметіне белсенді араласатын болады.
      2020 жылға қарай қоғамдық пайдалы (волонтерлік және т.б.) қызметке тартылатын студенттердің үлесі 60 %-ды құрайды.
      Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бірінші кезектегі міндеттер қатарында мемлекеттік қолдау күшейтіледі, дене шынықтыру үйірмелерінің желісі, оның ішінде спорттық секциялар нығайтылады және дамиды, бұл жастар арасындағы құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.
      2020 жылға қарай спорттық секциялармен қамтылған студенттердің үлесі 70 %-ды құрайтын болады.
      Білім алушыларға дұрыс және сапалы тамақтануды насихаттау, олардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуы арқылы қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
      5. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
      «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тәжірибесін ТжКБ-ның барлық жүйесіне тарату жалғастырылады.
      Қамқоршылық және өңірлік кеңестердің қызметі күшейтіледі.
      ТжКБ ұйымдарының басшылары біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеді.
      Тәжірибелі және жас инженер-педагог жұмыскерлердің қатысуымен конкурстар, сондай-ақ республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізілетін болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім



      Мақсаттары: экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі;
      2) QS-WUR рейтингінде атап өтілген Қазақстан ЖОО-ларының саны:

 
топ-200
топ-300
топ-500
топ-701+

2017 жылы
0
2
2
7

2019 жылы
2
2
3
9

      Міндеттері:
      1. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін мемлекеттік және салалық бағдарламалар қажеттілігі, оның ішінде индустрияландыру карталары, өндіруші күштерді орналастыру, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы және т.б. негізінде жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері айқындайтын болады. Бұл жоғары оқу орындары түлектерінің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тиісінше экономиканың барлық салалары білікті кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.
      11 базалық ЖОО-да жоғары білікті кадрларды даярлау және инновациялық қызметті дамыту ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік магистратураға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, инновациялық оқыту технологияларын енгізу және шетелдік әріптес ЖОО-мен практикаға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ зертханаларды МЖӘ және лизинг тетіктерінің көмегімен қолдау табатын заманауи жабдықтармен жарақтандыру құралдары ретінде заманауи білім беру ортасын құруды көздейді.
      11 базалық ЖОО-ның жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықпен жинақталған 48 жаңа зертхана жұмыс істейтін болады.
      Шетелдік әріптестермен және жұмыс берушілермен бірлесіп, салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес ИИДМБ басым салалары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.
      11 базалық ЖОО-ның ОПҚ елді индустриялық-инновациялық дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ИИДМБ кәсіпорындарында біліктілікті арттырудан және тағылымдамадан өтетін болады. Бұдан әрі ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО тәжірибесі еліміздің басқа жоғары оқу орындарына таратылатын болады.
      2016 жылдан бастап жоғары оқу орындарында:
      1) шетелдік жетекші әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру бағдарламалары әзірленетін болады;
      2) жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістер құру үшін экономиканың басым салаларында конкурстық негізде ғылыми зерттеулер жүргізіледі;
      3) әріптес университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен кооперация жүзеге асырылады.
      Түлектердің ИИДМБ шеңберінде жұмыс істеу дайындығы деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттануын анықтау мақсатында 2017 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер (сұраулар, сауалнама, сұхбат және т.б.) жүргізіледі.
      Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін магистратура мен докторантураның үлесі артады. Орта білімнің жаңартылатын білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында магистратурада мұғалімдерді даярлау бойынша педагогикалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғаятын болады.
      Педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсу, атап айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар енгізудің тетігі әзірленетін болады, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы емтихан енгізіледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылы педагогикалық интернатура енгізу мәселесі пысықталатын болады.
      ЖОО-ға қабылдау қағидаларын жетілдіру шеңберінде 2017 жылы ҰБТ-мен, пәндік олимпиадаларға қатысумен қатар жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімдерінің баламалы тізбесіне SAT, ACT тестілерін енгізу мәселесі пысықталатын болады.
      Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін нарықтық реттей отырып, бакалавриатта, магистратурада мен докторантурада кадрлар қабылдау және даярлау тетігі жетілдірілетін болады. 2017 жылдан бастап жұмыс берушілерді тарту арқылы игерілетін академиялық кредиттер көлемін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен жоғары білімді кредиттік жан басына қаржыландыруға көшу мәселесі пысықталатын болады.
      Магистратура мен докторантураға қабылдау IELTS, TOEFL, DELF, DALF, TestDaF, DSD II сертификаттары негізінде (2018 жылдан бастап), үміткерге жоғары оқу орнын таңдау құқығын ұсыну арқылы (2019 жылдан бастап) магистратураға кемінде 1 жыл, докторантураға кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі болған жағдайда жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті деңгейіне қойылатын талаптар күшейтіледі (2017 жылдан бастап). 2017 жылдан бастап докторантурада кадрлар даярлау мемлекет пен жұмыс берушілер әріптестігінде жүзеге асырылатын болады.
      Жұмыс күші тапшы өңірлердің өндірістері мен кәсіпорындарын кадрлармен толықтыру мақсатында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылады. Жыл сайын жұмыс күші мол өңір жастары қатарынан кадрлар даярлауға, кейіннен оларды оқыған жері бойынша жұмысқа орналастыру арқылы, жұмыс күші тапшы өңірлердің ЖОО-лары үшін мемлекеттік тапсырыс қарастырылатын болады.
      Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және ЖАО-мен бірлесіп, Жол картасы әзірленетін болады. Бұл мүдделі мемлекеттік және ЖАО-ның еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, ЖОО түлектерін жұмыс орындарымен, оның ішінде ауылдық жерлерде қамтамасыз ету іс-әрекеттерін үйлестіруді білдіреді.
      Назарбаев Университеті түлектерінің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу мәселесі пысықталатын болады.
      Бұл міндеттің маңызды элементтері ұлттық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік моделін әзірлеу (2016 жылдан бастап), шетел азаматтары үшін ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау қағидаларын жетілдіру (2017 жылдан бастап), академиялық ұтқырлықты, оның ішінде шетел студенттерінің келуі есебінен одан әрі дамыту, сондай-ақ ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу (2016 – 2019 жылдары), шет елдермен және әріптес жоғары оқу орындармен бірлесіп жоғары білім берудің тұрақты форумдарын өткізу болады.
      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен бірге бұл білім беру қажеттіліктері ерекше студенттермен жұмыс жасау үшін қашықтықтан оқу технологиясын одан әрі кеңейтуді, онлайн курстарын жаппай ашуды, арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді, сондай-ақ ЖОО ОПҚ-ны қайта даярлауды көздейді.
      2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті жасаған ЖОО-ның үлесі 100 %-ды құрайды.
      2017 – 2018 жылдары бюджеттен тыс қаражат көздерінен инвестициялар тарту, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдану арқылы Білім мен ғылымның бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады.
      2. Әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту.
      Уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызмет саласының жұмыс берушілер бірлестіктері салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және қайта қарау жұмысын жалғастыратын болады. Олардың негізінде жұмыс берушілер бірлестіктері кәсіптік стандарттарды әзірлейді және оны ҰКП бекітеді. Осыған сәйкес ЖОО кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады.
      Түлектердің жұмыс берушілер ойынан шығатын құзыреттіліктері ЖОО түлектері қажеттілігінің шарты болып табылады. Сондықтан бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына өндірістің инновациялық технологияларын көрсететін және еңбек нарығында сұраныс бар біліктілік беретін жаңа пәндер енгізілетін болады. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын игеретін практикаға бағдарланған сипатқа ие болады.
      Инновациялық экономика үшін кадрлар даярлау мақсатында бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мазмұнына кәсіпкерлік білім беру имплементацияланады, бұл ЖОО студенттеріне кәсіпкерлік құзыреттер беретін пәндердің (модульдердің) енгізілуін көздейді. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады.
      Педагогикалық білім беруді жаңарту жобасына сәйкес педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді, соған сәйкес педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылады және халықаралық аккредиттеуден өту кезінде педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады. Бұл педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның 47 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуді көздейді.
      2017 жылдан бастап жұмыс берушілермен бірлесіп, жоғары білімді мамандарды тәуелсіз сертификаттау тетігі әзірленетін болады. 2019 жылға дейін педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттау және педагогикалық мамандық студенттерінің TOEFL, IELTS, DELF, DALF, TestDaF, DSD II тапсыру талаптарын жүргізу мәселелері пысықталады.
      Халықаралық стандарттарға сәйкес Назарбаев Университетінде мамандар даярлау жалғастырылады.
      Оқытушыларды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың сапалы жүйесі құрылады. Әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін педагогикалық мамандықтарда оқытуды менеджмент және педагогтер даярлау саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізінде отандық және шетелдік мамандар жүргізеді.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына сәйкес келтірілетін болады:
      1) 6-деңгей (БСХС 6) – бакалавриат және оның баламасы;
      2) 7-деңгей (БСХС 7) – магистратура және оның баламасы;
      3) 8-деңгей (БСХС 8) – докторантура және оның баламасы.
      Жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша ел ғалымдарының ғылыми мансабын дамытуға бағытталған постдокторлық бағдарламалар енгізілетін болады.
      ЖОО-ның білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген ұлттық немесе шетелдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу қызметі жалғастырылады.
      Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін, жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттарын, оның ішінде ЕСТS типінде кредиттік оқыту жүйесін, академиялық және кредиттік ұтқырлықты одан әрі имплементациялауды, сондай-ақ студенттердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға тартылуын іске асыруы қамтамасыз етілетін болады.
      Академиялық ұтқырлықтың дамуы, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін шетелдік студенттердің келуі есебінен жалғастырылады. 2020 жылға қарай жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі, оның ішінде ақылы негізде білім алатындар 5 %-ға жетеді.
      Отандық бағдарламалардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру шетелдік жетекші әріптес жоғары оқу орындарымен бірге Қазақстан жоғары оқу орындарында екі дипломды білім беруді кеңейту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      2017 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан аккредиттеуге толық көшуі жүзеге асырылады. Бұл сапаны іштен қамтамасыз етуден, сондай-ақ сапаны сырттан қамтамасыз етуден тұратын білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасауды көздейді. Сапаны іштен қамтамасыз етуді бағалаудың тетіктері пысықталады және оның тиімді жұмыс істеуі үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі арттырылады.
      Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75 %-ға дейін, магистратурада – 85 %-ға дейін, докторантурада – 95 %-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша жасаудағы, ықпалдастырылған модульдері немесе пәндер бағдарламаларын әзірлеудегі дербестігін көздейді.
      ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау шеңберінде базалық жоғары оқу орындары шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын, оның ішінде ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірлейтін болады.
      Экономиканың нақты секторындағы өндіріске жақындатылған аталған білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындарында ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған 48 жаңа зертхана құрылады. Сондай-ақ жыл сайын ИИДМБ басым бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орындарының ОПҚ біліктілікті арттырудан өтетін болады.
      ИИДМБ шеңберінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер жасау үшін базалық жоғары оқу орындары ғылыми зерттеулер жүргізеді, оның ішінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп жүргізеді.
      Қазақстандық мектеп оқушылары алғаш рет ICILS халықаралық зерттеулеріне қатысады.
      3. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
      Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау тиісті инфрақұрылымның болуын көздейді, сондықтан жоғары оқу орындарында коммерцияландыру офистері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар мен басқа да инновациялық құрылымдар құрылатын болады.
      Осы құрылымдар қызметінің нәтижелілігі мониторинг жүргізу және олардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау арқылы анықталатын болады.
      Гранттық қаржыландыру, МЖӘ шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленетін болады.
      Жауапкершілікті арттыру мақсатында ректордың (ағыл. Key Performance Indicators. KPI) бағалау көрсеткішінде жоғары оқу орнындағы инновациялық құрылымдардың болуы ескеріледі.
      ИИДМБ базалық жоғары оқу орындары ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісім жасау арқылы қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысатын болады. Оқыту бағдарламасының сапасы арттырылатын және өндіріспен неғұрлым өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етілетін болады.
      ИИДМБ базалық жоғары оқу орындарында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқытуға өндірістен тәжірибелі мамандар тартылатын болады.
      Іргелі және қолданбалы зерттеулердің кешенділігі мен практикалық нәтижелілігін арттыру үшін жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімді пайдаланылатын болады.
      Бұдан әрі ИИДМБ жоғары оқу орындарының оң тәжірибесі еліміздің басқа жоғары оқу орындарына таратылатын болады.
      4. ЖОО жастарын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру.
      ЖОО-да тәрбие жұмысын жүргізу қазақстандық бірегейлік пен бірлік құндылықтары, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтары, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, білім алушыларды әртүрлі әлеуметтік акцияларға тарту негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Студенттік бастамаларды, патриоттық тәрбие беру іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы және Тұжырымдаманың
2016 – 2020 жылдарға арналған екінші кезеңнің іс-шаралар жоспары шеңберінде жалғастырылады.
      ЖОО студенттерінің оң тұрғыдан дамуы студенттерді қоғамдық өмірге тартудан, оқытудан өнімді жұмыспен шұғылдануға көшуге қажетті өмірлік маңызды дағдыларды дамытудан, толеранттылыққа тәрбиелеуден, конфессияаралық және этностық алуантүрлілік жағдайында әлеметпен келісімде өмір сүре білуден тұратын кешенді шараларды көздейді.
      Халықаралық тәжірибе негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару енгізілетін болады, студенттер академиялық және зерттеу қызметіне белсенді тартылатын болады, олардың жоғары оқу орнын алқалы басқару органдарындағы рөлі арта түседі.
      Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту үшін ЖОО студенттері ірі халықаралық іс-шараларға дайындыққа белсенді түрде тартылады. ЖОО студенттері арасында дебаттық қозғалыс дамытылады. Шығармашыл жастарға қолдау көрсету үшін жыл сайын «Студенттік көктем» жастар шығармашылығы фестивалі өткізілетін болады.
      Салауатты өмір салты мәдениетін нығайту студенттерді спорттық іс-шараларға жаппай тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      ЖОО-лардың спорт клубтары институционалды мәртебеге, оның ішінде МЖӘ есебінен ие болады.
      Ұлттық студенттер лигасының шеңберінде спорт федерацияларымен өзара ынтымақтастықта бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлері дамитын болады.
      Білім беру ұйымдарында спорт залдарын кезең-кезеңімен жаңғырту, спорттық мүкәммалдармен жарақтандыру, оның ішінде МЖӘ шеңберінде жарақтандыру, бұқаралық спорт түрлері бойынша студенттер лигасын дамыту іс-шараларын іске асыру бойынша 2016 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда ЖОО спорт клубтарының рөлі артып келеді.
      Студенттердің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
      Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджмент одан әрі жетілдіріледі. Бұл корпоративтік басқару қағидаттарына ие ЖОО-лар санын ұлғайту шараларын өткізуді (байқау немесе қамқоршылық кеңестері, директорлар кеңестері), жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды, меншік нысанына қарамастан барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылық құрамының жоғары білімдегі заманауи менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуін, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтуін көздейді.
      Ректорлардың жұртшылық алдындағы жыл сайынғы есептілігі арқылы іске асырылатын ашықтық пен қоғамға есеп беру қағидаты енгізіледі. Ректорлардың қызметін бағалау тиімділіктің негізгі көрсеткіштері KPI арқылы жүзеге асырылады.
      Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, жоғары оқу орындарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру шаралары көзделетін болады. Дербестік жағдайында ЖОО шығындардың тиімділігін, қызметі нәтижелілігін бағалау әдістемесі әзірленеді.
      Азаматтық жоғары оқу орындарында академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен енгізу жалғастырылады. Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін жоғары оқу орындары 2016 жылдан бастап тиісті Жол картасын әзірлейді. ЖОО әкімшілігі мен оқытушылары тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйренетін болады. 2017 жылы ИИДМБ үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоғары оқу орындарына нақты даму бағдарламалары (корпоративтік, академиялық және қаржы саясаты) негізінде дербестік ұсынылады.
      Одан әрі оң тәжірибе басқа жоғары оқу орындарына таратылады.
      ЖОО-лардың академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту арқылы корпоративтік басқару қағидаттары енгізіледі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының эндаумент-қорын қалыптастыру тетігі әзірленетін болады.
      ЖОО-ларға, бірінші кезекте, халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ларға кезең-кезеңмен академиялық еркіндік беру мәселесі пысықталатын болады.
      ЖОО корпоративтік басқару органдарын құруды көздейтін коммерциялық емес ұйымдарға айналдырылатын болады. Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындарының базасында мемлекеттің 100 % қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамдар құру мәселесі пысықталатын болады. Жекеше ЖОО-ларды басқа ұйымдық-құқықтық нысанға ауыстыру бойынша ұсыныс әзірленетін болады. Жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу байқау кеңестерінің, эндаумент-қорлардың құрылуын, жыл сайынғы жария есептілікті және қаржы қызметінің аудитін көздейді. ЖОО-ның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізумен қаржылық дербестікті ұсыну мәселесі пысықталатын болады.
      Барлық мүдделі тараптар 2016 жылдан бастап жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселесі бойынша ақпараттық науқан өткізетін болады.
      2017 жылдан бастап жыл сайын тілдік даярлық деңгейін арттыру үшін жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне гранттар бөлінетін болады. 2017 – 2020 жылдары ағылшын тілінде оқу үшін бейіндік магистратураға (500 орын) және бакалавриатқа (900 грант) мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жүзеге асырылады. Сондай-ақ 500 мұғалім мен ОПҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын болады. Тілдік курстарда ОПҚ біліктілігін арттыру, ағылшын тілін қашықтықтан оқыту, жоғары оқу орындары үшін ағылшын тіліндегі шетелдік оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу бойынша қосымша шаралар қолданылатын болады.
      2017 – 2018 жылдан бастап ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО-ларда ЖОО-лар үшін ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлей отырып, 6 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытуға көшу іске асырылатын болады. 2021 жылға қарай бакалаврлардың ағылшын тілін білуі С2 деңгейіне жеткізіледі. Одан әрі магистратурада бейіндеуші пәндерді ағылшын тілінде оқу басым болады.

Ғылым



      Мақсаттары: елдің экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі;
      2) қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобаларының үлесі.
      Міндеттері:
      1. Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту.
      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды ынталандыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарын қаржыландыру үлесін арттыру мақсатында өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру тетіктерін қамтитын Заң қабылданды. Заңда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру процесін мемлекеттік қолдау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыруды ынталандыру шаралары көрініс тапқан.
      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жеке капитал салуды ынталандыру маңызды міндет болып табылады. Қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығыстар артатын болады.
      Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, ИИДМБ мұқтаждығына және бизнес тарапынан қоса қаржыландыру арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
      2019 жылға қарай ҚР БҒМ әкімшілендіретін ғылыми жобалардың 90 %-ы қоса қаржыландыру жағдайында ғана іске асырылатын болады.
      Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы іске асырылады.
      Стартап-компаниялардың дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми топтар үшін гранттарды бөлу, өндірістік сектор және әлеуметтік инновациялардың консорциумдарын құру, венчурлік қорларды қалыптастыру, брокерлік қызметті дамыту, шет елдерде технологиялық жеделдету офистерін құру және технологияларды трансферттеу офистерінің әлеуетін арттыру жолымен технологияларды коммерцияландыру циклін топтастыру көзделетін болады.
      Бизнестің, оның ішінде Ғылым қорының қатысуымен стартаптарды дамытуды коммерцияландыруға және қолдауға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстар өткізілетін болады.
      Ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысында патенттерді міндетті түрде алу бойынша талаптар бекітілетін болады.
      ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 11 базалық жоғары оқу орнының жанынан коммерцияландыру офистері құрылатын болады.
      Қазақстандық ғылымды зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейіне шығару мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстар дамитын болады.
      Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, оның ішінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, Көкжиек-2020 және т.б. қатысуын жандандыру қажет.
      2. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту.
      Ғылыми кадрлардың біліктілік әлеуетін жақсарту мақсатында:
      1) зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздері «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі;
      2) салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлауды жетілдіру бойынша білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі;
      3) еліміздің жетекші ЖОО-да докторанттар мен магистранттарды даярлау сапасын арттыру үшін ҒЗИ мен ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану бойынша тетіктер енгізіледі;
      4) ғылыми-зерттеу жобаларына өндірістегі инженерлер, жас мамандар, магистранттар мен докторанттар тұрақты негізде тартылады.
      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында бизнес-құрылымдарда енгізу бөлімшелері құрылатын болады.
      Түрлі тетіктерді қолдану, оның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жоғары импакт-факторлы халықаралық журналдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділіктерін ынталандыру жұмыстары жалғастырылады.
      Қазақстан ғылыми журналдарын халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына енгізу жұмысын жандандыру қажет.
      Ғалым жұмысының өнімділігі жарияланымдарының және осы жариялымдарға жасалатын сілтемелер санына негізделетін Хирш-индексі
(h-индексі) арқылы бағаланады.
      Қазақстанда зерттеу жүргізуге және ғылыми қызметке шетелден қазақстандық ғалымдарды тарту жұмыстары жалғасатын болады.
      3. Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту.
      Ғылыми қамтымды экономиканы қалыптастырудың негіздері ретінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі коммерцияландыру үшін екі инновациялық кластер енгізіледі: Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусы» және Инновациялық технологиялар паркі.
      Сондай-ақ инновацияны дамыту, озық технологияларды трансферттеу және нақты ғылыми-өндірістік жобаларды іске асыру үшін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінде Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-лары тартылады.
      Шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылыми қамтымды шағын және орта бизнесті, венчурлік қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлерді және студенттерді инновацияларды шоғырландыру және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусында» ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылады.
      Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру барысында технологияларды коммерцияландыру офистері, инновациялық обсерватория құрылады.
      ҒЗИ мен ЖОО-лардың ғылыми-инновациялық құрылымдарын жаңғырту, ғылыми зертханаларды GLP стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу жүргізіледі.
      4. Ғылымның менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
      Активтерді басқаруды жетілдіру мақсатында ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарды басқарудың, оның ішінде корпоративті басқару қағидаттарын енгізу арқылы басқарудың тиімді жүйесі құрылады.
      Ғылыми ұйымдар басшыларының жария есеп беру практикасы қалпына келтіріледі.
      ҒЗИ, жобалау және конструкторлық бюролар, инженерлік бейіндегі зертханалар арасында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс жасауға бағытталған инновациялық консорциумдар дамитын болады.
      Ғылым мен білімді интеграциялау шеңберінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ғылыми ұйымдарды оңтайландыру және қайта құрылымдау жүргізіледі.
      Жүргізіліп жатқан ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін іске асыру және бағалау барысына мониторинг жүргізу жүйесі жетілдіріледі.
      Ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі, ғылыми ұйымдар басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленеді.
      Әлеуметтік-гуманитарлық салада зерттеулер жүргізудің жаңа тетіктерін енгізу шеңберінде «Мәңгілік Ел» гуманитарлық платформасы» іске асырылады.
      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалардың тақырыптары мен тапсырмалары ЖАО-ның ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылатын болады.

6. Қажетті ресурстар

      2016 – 2019 жылдары білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің дамыған елдерінің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      1. Болжамды қаржылық шығындар (күрделі және ағымдағы)
      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қолдау тапқан қаражат шеңберінде АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және авариялық мектептердің орнына мектептер салуға, бейінді мектептер салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына, инновациялық жобаларды әзірлеуге және т.б. қаржылық ресурстар шоғырландырылатын болады.

млрд. теңге



Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа қаржыландыру көздері

2016 ж.

390,2

322,3

67,9



2017 ж.

326,1

261,8

60,9

3,4

2018 ж.

357,3

284,6

61,8

10,9

2019 ж.

349,8

284,3

61,8

3,7

Барлығы:

1423,4

1153,0

252,4

18,0

      Бағдарламаны 2016 – 2019 жылдарға арналған қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. ЖАО іске асыратын іс-шаралар жергілікті бюджетте көзделген жоспарлы кезеңге арналған қаражат шегінде орындалатын болады.

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2016 жылғы 1 наурыздағы
№ 205 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған


кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 976-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1130-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 511-құжат).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау