Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/5
Дата21.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#15548
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5



Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітсін;
      2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2016 жылғы 1 наурыздағы
№ 205 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың


2016 – 2019 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2016 жыл

1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ)

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту

Бағдарламаның мақсаттары

мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;
техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау;
экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау;
ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.

Міндеттер

мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;
демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру;
орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету;
орта білім берудің мазмұнын жаңарту;
мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесінің беделін арттыру;
ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету;
елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту;
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайту;
ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;
әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;
ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;
жоғары оқу орындарында білім алатын (бұдан әрі – ЖОО) жастарды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту;
ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту;
ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту;
ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Іске асыру мерзімдері

2016 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қаржыландыру көздері және көлемі

жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі
2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 %;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – НЗМ) тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі 2016 жылы – 100 %, 2019 жылы – 100 %;
үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың үлесі (оқытудың сапасы) 2017 жылы – 62 %, 2019 жылы – 70 %;
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі 2017 жылы – 92 %, 2019 жылы – 95 %;
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі 2017 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %;
QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны:

топ-200
топ-300
топ-500
топ-701+

2017 ж.

0
2
2


7

2019 ж.

2
2
3


9

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындар үлесі 2017 жылы – 21,2 %, 2019 жылы – 22,3 %;
қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2017 жылы – 17,5 %, 2019 жылы – 20 %.
Бағдарламаны іске асыру үшін 2016 – 2019 жылдары бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 1 423,4 млрд. теңгені (РБ – 1153,0 млрд. теңге, ЖБ – 252,4 млрд. теңге) құрайды.

2. Кіріспе

      Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.


      Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
      Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
      2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
      Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін дамыту «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.
      2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.
      Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.
      Сол арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске асыру үшін негіз жасалды.
      Бағдарлама әлемдік жетекші трендтерді ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде әзірленді.
      Бағдарлама педагогикалық және ғылыми қауымдастықта кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілердің, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.

3. Ағымдағы жағдайды талдау



      Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) 2015 – 2016 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан әлемнің 140 елінің арасында 42-орынды иеленді. Білім және ғылым саласындағы 12 индикатордан білім беру жүйесінің және ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы, мектептердегі интернетке қолжетімділік, зерттеу және білім беру қызметтеріне қолжетімділік бойынша 8 индикатордың мәні жоғарылады.
      ЮНЕСКО елдің мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресін атап өтеді. Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің ондығына кіреді.
      Білім – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) адами даму рейтингінің негізгі үш субъективті факторының бірі. Қазақстан 2015 жылы даму деңгейі жоғары елдердің тобына кіріп, әлемнің 188 елінің арасында 56-орынды иеленді.
      ЮНЕСКО 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудағы Қазақстанның елеулі прогресін «2000 – 2015 жылдар. Баршаға арналған білім: жетістіктер мен сын-тегеуріндер» баяндамасында атап өтті.
      15 жастағы қазақстандық білім алушылардың математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша PISA-2012 нәтижелері біршама жақсарды.
      Қазақстандық оқушылар халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда өздерімен қатар шетелдік құрдастарына мықты бәсекелес бола алды. 2015 жылы елдің ұлттық қоржынында 252 алтын, 336 күміс және 579 қола медаль болды.
      Еліміздегі колледж студенттері алғаш рет Бразилиядағы WorldSkills Competition халықаралық чемпионатына қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан әлемнің 55 елінің арасынан 50-орынды иеленді.
      2015 жылы еліміздегі жоғары мектептің білім беру қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі танылды. Тоғыз университет QS-2015 рейтингінде атап өтілді.
      Қазақстан 2013 жылы Жаһандық жастарды дамыту индексінде 170 елдің ішінде 27-орынды иеленді. Халықаралық сарапшылар жастардың жұмысқа орналасуы мен елдің саяси өміріне қатысуының оң үрдісін атап өтуде.
      Қазақстан 2016 жылы Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияларды ратификациялады. Конвенциялардың барлық ережелері елдің заңнамасында, оның ішінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген. Толық теңдік негізінде әрбір білім алушының қабілеті мен ынтасына қарай барлығына сапалы білім алудың қолжетімділігі қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде іске асырылады.
      Бұл білім мен ғылымның барлық бастамаларын мемлекеттік деңгейде, жеке сектордың және елдегі азаматтық қоғамдастығының мақсатты қолдауының арқасында мүмкін болды.
      Сонымен қатар, күрделі және серпінді дамып жатқан әлемнің жаңа сын-тегеуріндерінің аясында жоғары сапалы білім беру мен ғылымды қамтамасыз етуді тежейтін факторлар бар.
      2011 – 2015 жылдар кезеңіндегі басым бағыттар заңнамалық базаны дайындау, білім мен ғылымның инфрақұрылымдық дамыту және ресурстық әлеуетін өсіру болды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту



      Баланың дамуындағы осы кезеңнің маңыздылығы білім беру қызметіне одан әрі табысты дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.
      Әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру деңгейі міндетті болып табылады.
      2014 жылы БҰҰДБ Адами даму индексінің «Білім беру» субъективті факторын «Жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту» коэффициентімен толықтырды. Бұл мектепке дейінгі білім берудің саяси маңыздылығын айғақтайды.
      ЮНЕСКО елдерге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамытуды ұсынады, бұл ретте мемлекеттік қаржыландыру халық аз қоныстанған және шалғайдағы елді мекендерге жұмсалуы қажет.
      Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды.
      2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын табысты іске асыру мектепке дейінгі ұйымдардың өсуіне ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 965 бірлікке көбейді. 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8 834 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (2013 жылы – 7869, 2014 жылы – 8467).
      Бұл секторда МЖӘ белсенді дами бастады. Тек 2013 – 2015 жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысы 655 жекеменшік балабақшаға орналастырылды (2013 жылы – 898, 2014 жылы – 1261, 2015 жылы – 1553).
      3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,4 %-дан (2013 жылы) 81,6 %-ға (2015 жылы) өсті (2014 жылы – 78,6 %).
      Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуы педагог кадрлар санының өсуіне ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мамандарының саны 13,9 мың адамға көбейіп, 80,8 мың адамды құрады.
      Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖС) жаңартылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы әзірленді. Баланы шығармашылық және танымдық дамытуға бағытталған бағдарламаларды сынақтан өткізу еліміздегі 77 балабақша мен 30 пилоттық мектептің базасында басталды. Осылайша, еліміздегі мектепке дейінгі білім беруді дамытуда алға қарай елеулі қадам жасалды. Сонымен қатар, ерекше назар аударуды және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін салалар мен міндеттер бар.
      Проблемалар:
      1) Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қазіргі желісі және оның инфрақұрылымдық жаңару қарқыны бала туудың өсуіне ілесе алмай келеді. 2015 жылы балабақшаларға кезек 545,4 мың баланы құрады, оның ішінде 3-6 жастағы балалар – 185,6 мың;
      2) Қазақстандағы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен төмен (республикада – 16 %, ЭЫДҰ – 32 %);
      3) мемлекет мектепке дейінгі дамудың барлық кезеңдерінің ішінде 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отыр. Дәл осы тұста балалардың танымдық және зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады. Балаларды ерте жастан дамыту проблемаларын кешенді шешу білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды қажет етеді;
      4) білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ортасына қосу өзекті мәселе болып отыр. Оларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған ұйымдардың үлесі бар болғаны 9,1%-ды құрайды. Дефектолог, логопед және психолог білікті мамандарының тапшылығы байқалуда;
      5) балаларды қамтудың сандық көрсеткіші жоғары болғанымен, мектепке дейінгі ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасы әлі күнге дейін жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Бұл тәрбиеші кәсібінің әлеуметтік мәртебесінің айтарлықтай беделсіздігінің салдары;
      6) тәрбиешінің ай сайынғы жалақысы (ол орташа алғанда 62,4 мың теңгені құрайды) еліміздегі орташа еңбекақыдан әлдеқайда төмен. ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толымдылығы салыстыруға келмейді. Қазақстанда орта есеппен бір педагогке 30-35 баладан, ЭЫДҰ елдерінде – 14 баладан келеді;
      7) мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жетістігіне мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілі әзірленбеген.
      Аталған проблемалардың өзектілігі әлемдік трендтерді ескере отырып, сәби жастағы барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде үдемелі іс-қимылдың қажеттілігін негіздейді.

Жалпы орта білім



      Қазақстанда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. ДЭФ 21 ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «21 ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.
      Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық сүйемелдеу.
      ЭЫДҰ және оның әріптестерінің 36-сының 27-сінде педагогикалық мамандыққа іріктеудің селективті өлшемшарттары қолданылады. Педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына қабылдау талапкерлердің қабілеттерін және ынталарын бағалау үшін міндетті түрде әңгімелесуді, тест өткізуді қарастырады.
      ЭЫДҰ-ның 32 елінде педагогикалық практика міндетті болып табылады. Практиканың ұзақтығы 70–120 күнді құрайды. ЖОО оқытушылары студенттердің педагогикалық практикасына қатысады. Мектеп менеджменті жас мұғалімдерге қолдау көрсетуге жауапты. ЭЫДҰ-ның 17 елінде негізгі және жоғары мектепте жұмыс істеу үшін магистр дәрежесі талап етіледі.
      Мұғалім мансабының бастапқы кезеңі кәсіпке жіберу үшін талаптарды арттыруды көздейді. ЭЫДҰ-ның 18 елінде лауазымға міндетті енгізу жүргізіледі, 14 елінде мұғалімдердің тағылымдамасы қолданылады. Әлемдік практикада мұғалімнің қоғам дамуына қосатын үлесі негізгі болып саналады. Оқытушылық мансап ретінде қарастырылады. Педагог кадрлардың жұмыстан кетуі 5 %-дан кем.
      Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделінің жаһандық индексі өсуде. Аустрияда үздік мұғалімдер үшін «Білім берудегі Оскар» бағдарламасы кең таралуда. Германияның Бранденбург жерінде жас мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы және тәжірибелі педагогтердің зейнетке шығуы салтанатты түрде аталып өтеді. Швецияда мектеп, университет және кәсіпкерлік ортаның өзара тығыз байланысын қалыптастыруға көңіл бөлінеді.
      Білім беру жүйесінің көшбасшылары мұғалімнің кәсіби даму тәсілдерін жаңғыртады. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Олар көлемі, кезеңділігі, қамтылуы, орталықтану деңгейі бойынша ерекшеленеді.
      ЭЫДҰ-ның 20 елінде міндетті біліктілікті арттыру курстары жеке мектеп басымдықтары аясында өткізіледі. Біліктілікті арттыру қызмет бойынша көтерілу және еңбекақыны арттыру үшін қажет. ЭЫДҰ-ның 14 елінде біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды мемлекет толық, 8 елінде ішінара өтейді.
      Финляндия мен Сингапур педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырады. Оңтүстік Кореяда мұғалімдерге қашықтықтан оқытудың және мектепішілік семинарлар мен курстардың әртүрлі нысандары ұсынылады.
      Жапонияда мұғалімдерді қайта даярлау саласы мемлекеттің бақылауына алынған. Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс берушілер жауапты болады, Швецияда – нарықтық қатынастар негізінде, мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылады.
      Мұғалімнің кәсіби даму форматы әлдеқайда кең. Ол курстарға, семинарлар мен конференцияларға барумен ғана шектелмейді. Тиімді кәсіби даму оқыту мен практиканы қамтиды. Кейінгі қолдау қарастырылған. Қашықтықтан оқыту курстары ЭЫДҰ-ның 21 елінде ұсынылады. Мектеп базасында жұмыстан қол үзбей біліктілікті арттыру қолданылады. Мұғалімдердің ЖОО мен жекеше компаниялар базасында курстық қайта даярлаудан өту мүмкіндіктері бар.
      Мұғалімдер мен мектеп басшыларының стандарттарында кәсіби құзыреттілік сапасының өлшемшарттары бар. Оқыту және мектепті басқару практикасының индикаторлары педагогикалық білім беру бағдарламаларында, жұмыстың жеке нәтижелерін бағалауда қарастырылған.
      Экономикалық дамудың жоғары деңгейіне мектептерді «үздік» және «нашар» деп бөлмейтін елдер қол жеткізуде. Алдыңғы қатарлы әлемдік білім беру жүйелерінің назары мектеп оқушыларының білім жетістіктерін теңестіруге бағытталған. Сингапурда мектеп оқушылары қабілеттерін ерте жастан диагностикалаудың қорытындысы бойынша олар аптасына 4 – 8 рет математикалық сауаттылық бойынша қосымша сабақтарға қатысады.
      Жапонияда ауыл мектептерінің одағы құрылған, сол арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасуға және әртүрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады. Сабақ үлгерімі нашар балаларға үй тапсырмасын орындауда қолдау көрсету бойынша студенттердің волонтерлік қызметі кең тараған.
      Шанхайда ауыл мектептеріне қалалық мектептер қолдау көрсетеді. Гонконгта мигранттардың балалары үшін оқуда қолдау көрсетудің арнайы бағдарламалары әзірленеді. Оқу жылы басталғанға дейін арнайы айлық бағдарлама ұйымдастырылады.
      ЭЫДҰ-ның 15 елінде үлгерімі нашар оқушыларға қолдау көрсету бағдарламалары бар.
      Жаңа талаптарға сай білім беру ортасын құру түйінді мәселе болып табылады. Мектеп инфрақұрылымының мүмкіндіктері барынша пайдаланылады. Ашық ішкі кеңістікті трансформациялау, мобильді қалқа немесе жылжымалы жабдықтар көмегімен оқу алаңдарын аймақтарға бөлу процестері қолданылады. Бұл ұзақ уақыт мектеп ғимаратында болатын балалар үшін түрлі психологиялық әралуандылыққа және көңіл-күйінің өзгеруіне жағдай жасайды.
      2011 – 2015 жылдары Қазақстанда мектепте білім берудегі басымдық инфрақұрылымдық дамуға және жаңартылған білім беруге көшу болды.
      Бес жыл ішінде 521 мектепті пайдалануға беру авариялық мектептер санын 1 %-ға, үш ауысымды мектептерді 1,2 %-ға қысқартуға мүмкіндік берді. 2015 жылы Ұлттық қор есебінен тағы 34 мектептің құрылысы басталды.
      НЗМ тәжірибесін толық көлемде тарату жүзеге асырылуда. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу үшін база дайындалды. Бастауыш білім берудің МЖС-і қабылданды. Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың білімі мен білігін нақты практикада қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. 30 пилоттық мектепте жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу басталды.
      Еліміздегі педагог кадрларды кәсіби дамытудың жаңа тетіктері енгізілді. Негізгі аспект мұғалімнің зерттеу қызметі болуда.
      НЗМ-нің Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттырудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасы бойынша 2012 – 2015 жылдары курстық даярлықтан 52,5 мың педагог өтті. Бес жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін 2000-нан астам онлайн-сабақ, мұғалімдер үшін 188 онлайн-семинар және 400 шеберлік сыныптары өтті.
      Азаматтық қызметшілерге, оның ішінде білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа моделі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Педагогтерге қосымша ақы және еңбекте жоғары жетістіктері үшін үстемеақы қарастырылған. Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жақсартуға, кәсіптің тартымдылығын арттыруға және тым жоғары педагогтік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
      Үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015 – 2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді.
      Қосымша білім беру және балалардың сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалуда. Мектептен тыс ұйымдарда және мектеп үйірмелерінде балаларды қамту үлесі 60,8 %-ды құрайды.
      Өз елінің тағдыры мен қабылдаған шешімдеріне жауапкершілікті сезінетін жас ұрпақты қалыптастырудың жаңа тәсілдемелері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында негізделген.
      Мектептегі білімді табысты аяқтағанын растайтын мектеп түлектері үлесінің өскендігі байқалуда.
      Сонымен бірге 21 ғасырдың жаңа жаһандық талаптарын ескере отырып, барлық балалар үшін сапалы білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.
      Жалпы орта білім беру инфрақұрылымы жедел қарқынмен дамуды талап етеді. Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы мектептердің саны 3 есе көп.
      Білім беру қызметін барлығы 7 160 мектеп (2013 жылы – 7307, 2014 жылы – 7222) жүргізеді. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Бұл ретте қалалық мектептердің оқушылары ауылдық оқушылармен салыстырғанда көп (қала – 1 412 503, ауыл – 1 311 624). Тұтастай алғанда, күндізгі жалпы білім беретін мектептердің контингенті 2,7 млн. адамды құрайды.
      Шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44 %-ын құрайды.
      ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинеттері жоқ мектептер: 33,7 % мектепте физика, 39 % мектепте химия, 39,3 % мектепте биология, 29,3 % мектепте математика және 49 % мектепте лингафон кабинеттері жоқ. 2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) қорытындысы бойынша ШЖМ бітірушілерінің көрсеткіштері республикалық көрсеткіштен 4,45 балға (74,97 балл) төмен.
      Проблемалар:
      1) мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмайды. Пайдалану мерзімі өткен (1950 – 1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарына өтеді. Бүгінгі таңда мұндай мектептер саны 69 бірлікті құрайды. Авариялық мектептерде 17,3 мың бала, 86 үш ауысымды мектепте 11,2 мың бала оқиды;
      2) елді мекендерде мектептердің болмауынан 3825 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ. Ол тасымалдауды қажет ететін балалардың 12,2 %-ын (31420 адам) құрайды;
      3) білім беру қажеттілігі ерекше мектеп оқушыларын жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесіне қосудың маңыздылығы сақталып отыр. Мектептердің 30,7 %-ында ғана тиісті жағдайлар жасалған. Мұндай мүмкіндікке білім беру қажеттілігі ерекше балалардың 27 %-ы ғана ие болды. Арнайы білімі бар педагогтер мен әдістемелік сүйемелдеуге қажеттілік бар;
      4) оқу әдебиеттерін сараптау рәсімінің тиімділігі жеткіліксіз деңгейде. Баспалардан келіп түскен оқулықтардың 88 %-ы қайта өңдеуге жіберіледі. Ғылыми-педагогикалық сараптамадан бірінші реттен оқулықтардың тек 7 %-ы ғана өтеді;
      5) оқытудың инновациялық технологиялары толық көлемде қолданылмайды. Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі. Әлемдік білім беру интернет-ресурстарына мектептердің қол жеткізу көрсеткіштері төмен болып қалуда. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп тартылған;
      6) әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді;
      7) ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мектеп педагогтерінің сапалық құрамы 49,8 %-ды ғана құрайды. Мұғалімдердің 0,6 %-ның ғана магистр дәрежесі бар;
      8) біліктілікті арттыру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер қойылуда. Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламаларын сапалы жаңарту қажет. Бұл Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесінің кадрлық құрамының жоғары құзыреттерін талап етеді;
      9) ауыл мұғалімдерінің курстармен қамтылуы төмен деңгейде қалып отыр. Ұсынылған курстық дайындықтың форматы жаңа тәсілдемелер әзірлеуді және енгізуді талап етеді;
      10) мектептегі білім сапасы көрсеткіштерінің тежеуші факторы әлі де мұғалім кәсібі мәртебесінің төмендігі болып отыр. Мұғалімінің қоғамдағы беделін көтерудің, жоғары материалдық және рухани ынталандырудың, педагогтік қызметке қабілетті және шығармашыл жастарды тартудың жаңа тәсілдемелері жасалмаған;
      11) мұғалімнің мансаптық және кәсіби өсуінің тетіктері әзірленбеген. Педагогтің кәсіптік стандарты немесе оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың тұжырымдамалық моделі енгізілмеген;
      12) мектеп жасындағы балаларға бейресми білім беруді дамытудың жеделдетілген қарқыны талап етіледі. Мектептен тыс ұйымдар, оның ішінде робот құрастыру және техника үйірмелері, IT-алаңдар, жас туристер мен жас натуралистер бірлестіктерінің желілері жеткіліксіз. Қосымша білім беру педагогтерінің тапшылығына байланысты білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің тәрбиелік әлеуетінің тиімділігі төмен болып қалуда;
      13) бастауыш мектеп түлектерін оқытудың табыстылығын мониторингтеу тетігі әзірленбеген. Негізгі мектепті түлектерін оқу жетістіктерін сырттай бағалау үлгерімі төмен оқушыларды уақтылы анықтауға және қолдауға мүмкіндік бермейді;
      14) бес балдық бағалау жүйесі білім алушылар білімінің нақты деңгейін көрсетпейді. Ол кездесетін қиындықтарды ескере отырып, мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекториясын әзірлеуге, оқу бағдарламаларын меңгерудегі проблемаларды жоюға ынталандыруға мүмкіндік бермейді;
      15) қазақстандық мектеп оқушылары PISA-2012 қорытындылары бойынша ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастарынан әлі де болса математикадан 1,5 жаратылыстанудан 2 және оқудан 2,5 жылға артта қалып отыр;
      16) жыл сайынғы ҰБТ қорытындылары бойынша үздік және артта қалған мектептердің арасындағы айырмашылық 60 %-ды құрайды. Оқуда төмен нәтижесі бар мектептерді қолдау тетіктері әзірленбеген және енгізілмеген;
      17) бітіру емтихандары мектеп оқушыларының тілдік құзыреттіліктерін өлшемейді. ҰБТ 21 ғасырдағы мектеп оқушыларының тұрақсыз, белгісіз, күрделі және қарама-қайшы әлемде қажетті біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалауды көздемейді. ҰБТ құралдары мазмұны жағынан қайта форматтауды қажет етеді;
      18) мектептерде жан басына қаржыландыру тетіктерін енгізу кең таралмады. 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің қамқоршылық кеңестері көбінесе ата-аналар комитеттерінің қызметін атқарады. Олардың қаржылық дербестік өкілеттіліктері жоқ.
      Осылайша, мектептегі білім берудің жаңа кезеңінде инфрақұрылымдық шешімдерді, ресурстық және әдіснамалық жаңартуды жылдамдату, «үздік» және «нашар» мектептер арасындағы алшақтықты азайту тетіктерін әзірлеу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қағидаттарын ескере отырып тәрбиелеу жағын күшейту қажет.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау