Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған



жүктеу 1,53 Mb.
бет2/7
Дата05.03.2018
өлшемі1,53 Mb.
#11443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Отбасы құндылықтарын, жауапты ата-ана басымдығын, қорғалған балалық шақты, балаға қатысты зорлық-зомбылық пен жазаның барлық нысандарына төзбеушілікті насихаттайтын Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.


Баланың құқықтары туралы конвенцияның ережелерімен танысу арқылы балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық мәдениеті, хабардар болу және ақпарат алу деңгейі өсуде.

2015 жылы еліміздегі колледж студенттері алғаш рет Бразилияда өткен WorldSkills Competition халықаралық чемпионатына қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан әлемнің 55 елінің арасынан 50-орынды иеленді.

Еліміздегі жоғары мектептің білім беру қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі танылды. Сегіз университет QS-2016 рейтингінде атап өтілді.



Қазақстан 2016 жылы Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияларды ратификациялады. Конвенциялардың барлық ережелері елдің заңнамасында, оның ішінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген. Толық теңдік негізінде әрбір білім алушының қабілеті мен ынтасына қарай барлығына сапалы білім алудың қолжетімділігі қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде іске асырылады.

Бұл білім мен ғылымның барлық бастамаларын мемлекеттік деңгейде, жеке сектордың және елдегі азаматтық қоғамдастықтың мақсатты қолдауының арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар күрделі және серпінді дамып жатқан әлемнің жаңа сын-тегеуріндерінің аясында жоғары сапалы білім беру мен ғылымды қамтамасыз етуді тежейтін факторлар бар.

2011-2015 жылдар кезеңіндегі басым бағыттар заңнамалық базаны дайындау, білім мен ғылымды инфрақұрылымдық дамыту және оның ресурстық әлеуетін өсіру болды.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Баланың дамуындағы осы кезеңнің маңыздылығы білім беру қызметіне одан әрі табысты дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.

Әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру деңгейі міндетті болып табылады.

2014 жылы БҰҰДБ Адами даму индексінің «Білім беру» субъективті факторын «Жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту» коэффициентімен толықтырды, бұл мектепке дейінгі білім берудің саяси маңыздылығын айғақтайды.

ЮНЕСКО елдерге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамытуды ұсынады, бұл ретте мемлекеттік қаржыландыру халық аз қоныстанған және шалғайдағы елді мекендерге жұмсалуы қажет.

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды.

2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын табысты іске асыру мектепке дейінгі ұйымдар санының өсуіне ықпал етті. Желінің өсуі «Балапан» бағдарламасын БҒДМБ-ға кіріктіргеннен кейін де жалғасты. Мысалы, 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 943 бірлікке көбейді. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 9410 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (2014 жылы – 8467, 2015 жылы – 8834).

Бұл секторда МЖӘ белсенді дами бастады. Тек 2014-2016 жылдары жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 875 бірлікке өсті (2014 жылы – 1461, 2015 жылы – 1775, 2016 жылы – 2336).

3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 78,6 %-дан 85,8 %-ға өсті (2014 жылы – 78,6 %, 2015 жылы – 81,6 %, 2016 жылы – 85,8 %).

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуы педагог кадрлар санының өсуіне ықпал етті. 2014 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мамандарының саны 10,3 мың адамға көбейіп, 84,8 мың адамды құрады (2014 жылы – 74,5 %, 2015 жылы – 80,8 %, 2016 жылы – 84,8 %).

Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖС) жаңартылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді. Баланы шығармашылық және танымдық дамытуға бағытталған бағдарламалар еліміздегі 77 балабақша мен 30 пилоттық мектептің базасында сынақтан өткізілді. Осылайша, еліміздегі мектепке дейінгі білім беруді дамытуда алға қарай елеулі қадам жасалды. Сонымен қатар, ерекше назар аударуды және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін салалар мен міндеттер бар.

Проблемалар:

1) Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазіргі желісі және оның инфрақұрылымдық жаңару қарқыны бала туудың өсуіне ілесе алмай келеді. Мысалы, 2016 жылы балабақшаларға кезектілік 459,4 мың баланы құрады, оның ішінде 3-6 жастағы балалар саны– 167,9 мың адам;

2) балаларды қамтудың сандық көрсеткіші жоғары болғанымен, мектепке дейінгі ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасы әлі күнге дейін жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Бұл көбінесе тәрбиеші кәсібінің әлеуметтік мәртебесі беделінің төмен болу нәтижесі;

3) тәрбиешінің ай сайынғы жалақысы (ол орта есеппен 62,4 мың теңгені құрайды) еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда төмен. ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толымдылығы салыстыруға келмейді. Қазақстанда орта есеппен бір педагогке 30-35 баладан, ЭЫДҰ елдерінде 14 баладан келеді.

Аталған проблемалардың өзектілігі әлемдік трендтерді ескере отырып, сәби жастағы барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде үдемелі іс-қимылдың қажеттілігін негіздейді.


Жалпы орта білім және балалардың құқықтарын қорғау

Қазақстанда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. ДЭФ XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық сүйемелдеу.

ЭЫДҰ және оның әріптестерінің 36-сының 27-сінде педагогикалық мамандыққа іріктеудің селективті өлшемшарттары қолданылады. Педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына қабылдау талапкерлердің қабілеттерін және ынталарын бағалау үшін міндетті түрде әңгімелесуді, тест өткізуді қарастырады.

ЭЫДҰ-ның 32 елінде педагогикалық практика міндетті болып табылады. Практиканың ұзақтығы 70-120 күнді құрайды. ЖОО оқытушылары студенттердің педагогикалық практикасына қатысады. Мектеп менеджменті жас мұғалімдерге қолдау көрсетуге жауапты. ЭЫДҰ-ның 17 елінде негізгі және жоғары мектепте жұмыс істеу үшін магистр дәрежесі талап етіледі.

Мұғалім мансабының бастапқы кезеңі кәсіпке жіберу үшін талаптарды арттыруды көздейді. ЭЫДҰ-ның 18 елінде лауазымға міндетті енгізу жүргізіледі, 14 елінде мұғалімдердің тағылымдамасы қолданылады. Әлемдік практикада мұғалімнің қоғам дамуына қосатын үлесі негізгі болып саналады. Оқытушылық мансап ретінде қарастырылады. Педагог кадрлардың жұмыстан кетуі 5%-дан кем.

Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделінің жаһандық индексі өсуде. Аустрияда үздік мұғалімдер үшін «Білім берудегі Оскар» бағдарламасы кең таралуда. Германияның Бранденбург жерінде жас мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы және тәжірибелі педагогтердің зейнетке шығуы салтанатты түрде аталып өтеді. Швецияда мектеп, университет және кәсіпкерлік ортаның өзара тығыз байланысын қалыптастыруға көңіл бөлінеді.

Білім беру жүйесінің көшбасшылары мұғалімнің кәсіби даму тәсілдерін жаңғыртады. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Олар көлемі, кезеңділігі, қамтылуы, орталықтану деңгейі бойынша ерекшеленеді.

ЭЫДҰ-ның 20 елінде міндетті біліктілікті арттыру курстары жеке мектептер басымдықтары аясында өткізіледі. Біліктілікті арттыру қызмет бойынша көтерілу және жалақыны арттыру үшін қажет. ЭЫДҰ-ның 14 елінде біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды мемлекет толық, 8 елінде ішінара өтейді.

Финляндия мен Сингапур педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырады. Оңтүстік Кореяда мұғалімдерге қашықтықтан оқытудың және мектепішілік семинарлар мен курстардың әртүрлі нысандары ұсынылады.

Жапонияда мұғалімдерді қайта даярлау саласы мемлекеттің бақылауына алынған. Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс берушілер жауапты болады, Швецияда – нарықтық қатынастар негізінде, мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Мұғалімнің кәсіби даму форматы әлдеқайда кең. Ол курстарға, семинарлар мен конференцияларға барумен ғана шектелмейді. Тиімді кәсіби даму оқыту мен практиканы қамтиды. Дәйекті қолдау көрсету қарастырылған. Қашықтықтан оқыту курстары ЭЫДҰ-ның 21 елінде ұсынылады. Мектеп базасында жұмыстан қол үзбей біліктілікті арттыру қолданылады. Мұғалімдердің ЖОО мен жекеше компаниялар базасында курстық қайта даярлаудан өту мүмкіндіктері бар.

Мұғалімдер мен мектеп басшыларының стандарттарында кәсіби құзыреттілік сапасының өлшемшарттары бар. Оқыту және мектепті басқару практикасының индикаторлары педагогикалық білім беру бағдарламаларында, жұмыстың жеке нәтижелерін бағалауда қарастырылған.

Экономикалық дамудың жоғары деңгейіне мектептерді «үздік» және «нашар» деп бөлмейтін елдер қол жеткізуде. Алдыңғы қатарлы әлемдік білім беру жүйелерінің назары мектеп оқушыларының білім жетістіктерін теңестіруге бағытталған. Сингапурда мектеп оқушылары қабілеттерін ерте жастан диагностикалаудың қорытындысы бойынша олар аптасына
4 – 8 рет математикалық сауаттылық бойынша қосымша сабақтарға қатысады.

Жапонияда ауыл мектептерінің одағы құрылған, сол арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасуға және әртүрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады. Сабақ үлгерімі нашар балаларға үй тапсырмасын орындауда қолдау көрсету бойынша студенттердің волонтерлік қызметі кең тараған.

Шанхайда ауыл мектептеріне қалалық мектептер қолдау көрсетеді. Гонконгта мигранттардың балалары үшін оқуда қолдау көрсетудің арнайы бағдарламалары әзірленеді. Оқу жылы басталғанға дейін арнайы 6 айлық бағдарлама ұйымдастырылады.

ЭЫДҰ-ның 15 елінде үлгерімі нашар оқушыларға қолдау көрсету бағдарламалары бар.

Жаңа талаптарға сай білім беру ортасын құру түйінді мәселе болып табылады. Мектеп инфрақұрылымының мүмкіндіктері барынша пайдаланылады. Ашық ішкі кеңістікті трансформациялау, мобильді қалқа немесе жылжымалы жабдықтар көмегімен оқу алаңдарын аймақтарға бөлу процестері қолданылады. Бұл ұзақ уақыт мектеп ғимаратында болатын балалар үшін түрлі психологиялық әралуандылыққа және көңіл-күйінің өзгеруіне жағдай жасайды.

2011-2015 жылдары Қазақстанда мектепте білім берудегі басымдық инфрақұрылымдық дамуға және жаңартылған білім беруге көшуге дайындық болды.

2014-2016 жылдар кезеңінде авариялық мектептер санының 99 бірлікке азайғаны байқалады (2014-2015 оқу жылында – 136 бірлік, 2015-2016 оқу жылында69 бірлік, 2016-2017 оқу жылында64 бірлік).

Үш ауысымды мектептердің саны 11 бірлікке ұлғайды (2014-2015 оқу жылында95, 2015-2016 оқу жылында – 87, 2016-2017 оқу жылында – 127).

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2015-2016 жылдары елімізде 35 мектеп ашылды, ол 27 үш аусымды мектепті және 5 авариялық мектепті жоюға мүмкіндік берді.

НЗМ тәжірибесін толық көлемде тарату жүзеге асырылуда. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу үшін база дайындалды. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің МЖС-і қабылданды. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сын тұрғысынан ойлау, білімі мен біліктілігін өмірде қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған.

2015 жылдан бастап пилоттық мектептерде жаңартылған оқу бағдарламалары мен оқулықтар сынақтан өткізілуде.

2016 жылдан бастап 5 күндік оқу аптасына көшу басталды.

Педагогтің кәсіби стандарты әзірленіп, педагогикалық мамандықтарға қабылдау тетіктері қайта қарастырылды.

НЗМ-нің Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттырудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасы бойынша 2013-2016 жылдары курстық даярлықтан 62,2 мың педагог өтті. Бес жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін 2000-нан астам онлайн-сабақ, мұғалімдер үшін 188 онлайн-семинар және 400 шеберлік сыныптары өтті.

Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін анықтау үшін 2016 жылы мониторингтік зерттеу жүргізілді.

2016 жылы 73 мың мұғалім білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Азаматтық қызметшілерге, оның ішінде білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа моделі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Педагогтерге сараланған қосымша ақы және ынталандыру үстемеақылары қарастырылған. Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жақсартуға, кәсіптің тартымдылығын арттыруға және тым жоғары педагогтік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді.

Қосымша білім беру және балалардың сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалуда. Мектептен тыс ұйымдарда және мектеп үйірмелерінде балаларды қамту үлесі 65,8%-ды құрайды.

Қолданыстағы ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімі метептегі қорытынды аттестаттауға және ЖОО-ға түсу емтиханына бөлінді.

Өз елінің тағдыры мен қабылдаған шешімдеріне жауапкершілікті сезінетін жас ұрпақты қалыптастырудың жаңа тәсілдемелері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында негізделген.

 Мектептегі білімді табысты аяқтағанын растайтын мектеп түлектері үлесінің өскендігі байқалуда.



Сонымен бірге XXI ғасырдың жаңа жаһандық талаптарын ескере отырып, барлық балалар үшін сапалы білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.
      Жалпы орта білім беру инфрақұрылымы жедел қарқынмен дамуды талап етеді.
Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы мектептердің саны 3 есе көп.

Білім беру қызметін барлығы 7 100 мектеп (2014 жылы – 7222, 2015 жылы – 7160) жүргізеді. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Бұл ретте қалалық мектептердің оқушылары ауылдық оқушылармен салыстырғанда көп (қала – 1 498 206, ауыл – 1 357 598 адам). Тұтастай алғанда, 2016-2017 оқу жылында оқушылар контингенті 2014 жылдың көрсеткішін 240 мың балаға асырып, 2,8 млн. баланы құрады (2014-2015 оқу жылында – 2 615 898 оқушы, 2015-2016 оқу жылында – 2 724 127 оқушы).



Шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 42,8%-ын құрайды.

ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинеттері жоқ мектептер: 47,5% мектепте физика, 39% мектепте химия, 41,8% мектепте биология, 56% мектепте математика, 75,2% мектепте информатика және 20% мектепте лингафон кабинеттері жоқ.

Республикада 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі 5,3 млн. бала тұрады, олардың 8,6%-ға жуығын осал топтағы балалар – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, заңмен шиеленіске түскен балалар және т. б. құрайды.

Инклюзивті білім беруді дамыту және денсаулығында проблемасы бар (мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар), қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындыққа кезіккен, (девиантты мінез-құлықты, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен) балалардың, мигрант, оралман, босқын және мектебі жоқ елді мекендерде тұратын отбасылардан шыққан балалардың барлық санаттарының сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы балалардың барлық санаттарының тегін жалпыға міндетті орта білім алу құқықтарын іске асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
19 қаңтардағы № 17 бұйрығымен өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілді.

Заңмен шиеленіске түскен кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін 7 арнаулы білім беру ұйымы және 1 ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды, уақытша күтіп-бағуды, бейімдеуді және одан әрі орналастыруды қамтамасыз ету үшін республикада 20 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жанында қоғамдық бастамалармен өмірлік қиын жағдайда жүрген ата-аналарға (заңды өкілдерге) және балаларға пәрменді консультативтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық көмек көрсететін Отбасын қолдау қызметі жұмыс жасайды.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі әлеуметтік жетімдік деңгейін төмендету болып табылады.

28,4 мың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 19,3 мыңы отбасына орналастырудың баламалы нысандарымен (қорғаншылық, қамқоршылық, патронат) қамтылған.

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда, оның ішінде отбасылық және балалық шақтағы қолайсыздықты уақытында анықтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға қажетті көмек көрсету бойынша балаларды орналастырудың баламалы нысандары дамуда.

Балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандары бар – қорғаншылық, патронат және асырап алу, қабылдайтын отбасы, қонақтайтын отбасы.

Балалардың жасына, денсаулығы мен қажеттілігіне қарай демалу және бос уақытын өткізу құқығы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.

2017 жылдың жазында республикада 14 730 сауықтыру лагерьлері мен алаңдар (оның ішінде: 12 510 мектеп жанында, 1997 шатырлы, спорттық, киіз үйлі, 223 қала сыртындағы) жұмыс істеді. 2016 жылмен (12 689 лагерь) салыстырғанда лагерьлер саны 16 %-ға ұлғайды.

2016-2018 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру демалысы мен жұмыспен қамтылуын, балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың Жол картасы бекітілді

Жыл сайын Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама ұсынылады.

Балалар мен жастарға қолжетімді шағымдар мен өтініштерді беру тетігі жасалды.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға жедел консультативтік көмек, психологиялық қолдау көрсету үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогы, сенім телефондары жұмыс істейді.



Проблемалар:

1) мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмайды. Пайдалану мерзімі өткен (1950-1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарына өтеді. 2016 жылы мұндай мектептер саны 64 бірлікті құрады. Авариялық мектептерде 17,9 мың бала, 127 үш ауысымды мектепте 18,6 мың бала оқиды;

2) елді мекендерде мектептердің болмауынан 3 561 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ. Ол тасымалдауды қажет ететін балалардың 13,7%-ын (25863 адам) құрайды;

3) білім беру қажеттілігі ерекше мектеп оқушыларын жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесіне қосудың маңыздылығы сақталып отыр. Мектептердің 44,7%-ында ғана тиісті жағдайлар жасалған. Мұндай мүмкіндікке білім беру қажеттілігі ерекше балалардың 34%-ы ғана ие болды. Арнайы білімі бар педагогтер мен әдістемелік сүйемелдеуге қажеттілік бар;

4) оқу әдебиеттерін баспа ішінде сараптау рәсімінің тиімділігі жеткіліксіз деңгейде. Баспалардан келіп түскен оқулықтардың 91,2%-ы қайта өңдеуге жіберіледі. Ғылыми-педагогикалық сараптамадан бірінші реттен оқулықтардың тек 12%-ы ғана өтеді;

5) оқытудың инновациялық технологиялары толық көлемде қолданылмайды. Мектептердің кең жолақты интернетке қосылу көрсеткіштері төмен болып қалуда;

6) әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді;

7) ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мектеп педагогтерінің сапалық құрамы 50,8%-ды ғана құрайды. Мұғалімдердің 1,2%-ның ғана магистр дәрежесі бар;

8) біліктілікті арттыру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер қойылуда. Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламаларын сапалы жаңарту қажет. Бұл Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесінің кадрлық құрамының жоғары құзыреттерін талап етеді;

9) ауыл мұғалімдерінің курстармен қамтылуы төмен деңгейде қалып отыр. Ұсынылған курстық дайындықтың форматы жаңа тәсілдемелер әзірлеуді және енгізуді талап етеді;

10) мектептегі білім сапасы көрсеткіштерінің тежеуші факторы әлі де мұғалім кәсібі мәртебесінің төмендігі болып отыр. Мұғалімінің қоғамдағы беделін көтерудің, жоғары материалдық және рухани ынталандырудың, педагогтік қызметке қабілетті және шығармашыл жастарды тартудың жаңа тәсілдемелері жасалмаған;

11) мұғалімнің мансаптық және кәсіби өсуінің тетіктері әзірленбеген. Педагогтің кәсіптік стандарты немесе оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың тұжырымдамалық моделі енгізілмеген;

12) мектеп жасындағы балаларға қосымша білім беруді дамытудың қарқынын жеделдету талап етіледі. Мектептен тыс ұйымдар, оның ішінде робот техникасы, IT-алаңдар, жас туристер мен натуралистер бірлестіктерінің желілері жеткіліксіз. 

13) бастауыш мектеп түлектерін оқытудың табыстылығын мониторингтеу тетігі әзірленбеген. Негізгі мектеп түлектерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау үлгерімі төмен оқушыларды уақтылы анықтауға және қолдауға мүмкіндік бермейді;

14) бес балдық бағалау жүйесі білім алушылар білімінің нақты деңгейін көрсетпейді. Ол кездесетін қиындықтарды ескере отырып, мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекториясын әзірлеуге, оқу бағдарламаларын меңгерудегі проблемаларды жоюға ынталандыруға мүмкіндік бермейді;

15) қазақстандық мектеп оқушылары PISA-2015 қорытындылары бойынша ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастарынан әлі де болса математикадан 1, жаратылыстанудан 1 және оқудан 2 жылға артта қалып отыр;



16) жыл сайынғы ҰБТ қорытындылары бойынша үздік және артта қалған мектептердің арасындағы айырмашылық 60%-ды құрайды. Оқуда төмен нәтижесі бар мектептерді қолдау тетіктері әзірленбеген және енгізілмеген;

17) мектептерде жан басына қаржыландыру тетіктерін енгізу кең таралмады. 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің қамқоршылық кеңестері көбінесе ата-аналар комитеттерінің қызметін атқарады. Олардың қаржылық дербестік өкілеттіліктері жоқ;

18) отбасылық қолайсыздық проблемасы бар. Ішкі істер органдарының есебінде 17 мың бала тұратын 11 мыңнан астам қолайсыз отбасы бар. Жыл сайын 2 мыңға жуық ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылады не шектеледі, әрбір үшінші неке бұзылады, 6 мыңға жуық бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан өтеді, 3 мыңнан астам бала балалар үйіне түседі. Бұл ретте балалар үйлері тәрбиеленушілерінің 80%-ы ата-аналары тірі жетімдер;


19) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік және психологиялық қолдау жоқ. КТБО-лар, балалар үйлері жанында қоғамдық бастамалармен жұмыс істеп тұрған 37 отбасын қолдау қызметтері мен қабылдаушы ата-аналар мектептері жұмысын тек түпкілікті нәтиже алған кезде ғана (бала мекемеге түскенде) қамтамасыз етеді және дағдарыс алдындағы жағдайда жүрген отбасымен профилактикалық жұмысқа жеткіліксіз бағдарланған (жұмыс істеп тұрған Қызметтердің қызметкерлері мекемелердің тәрбиешілері мен мамандары болып табылады);

20) үлкендер тарапынан балаларға қатысты қатігездікпен қарау жағдайларының, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің, суицидтік көріністердің жиілеп кетуі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректері бойынша, зардап шеккен балалардың 48,5%-ына қатысты жеке тұлғаға қарсы іс-әрекеттер жасалған (барлығы 2016 жылы – балаларға қатысты 2013 қылмыс). Құқық қорғау органдарының ресми деректері бойынша 2016 жылы кәмелетке толмағандар 3 343 құқық бұзушылық жасаған. Барлық қылмыстардың жалпы санындағы балалар қылмысының үлес салмағы 0,9%-ды құрайды;

21) қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген кәмелетке толмағандар санының өсуі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңдегі динамика 2015 жылға дейін балалар санының тұрақты түрде өскенін көрсетеді, 2016 жылы біршама төмендегені байқалды, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша панасыз балалардың саны 4667-ні құрады. 2016 жылғы әлеуметтік зерттеу деректері бойынша кейбір облыстарда КТБО-ға түсетін панасыз және қадағалаусыз қалған балалар саны салыстырмалы түрде балалар саны құрамының үлкен бөлігі болып табылады. Мысалы, ШҚО-да 10 000 балаға шаққанда 20 панасыз баладан, Астанада өңірдегі 10 мың балаға 19 баладан келеді.

22) жазғы сауықтыру лагерьлері ұсынатын қызметтер талаптарға сәйкес келмейді. Сұраудың нәтижелері бойынша жазғы демалыстың мүмкіндіктері төмендегідей бөлінеді: бірінші орында – ауылдық жерлерде тұратын туыстарындағы демалыс (38%), екінші – мектеп жанындағы лагерьлер (22%), үшінші – қала сыртындағы лагерьлер (14%), содан кейін жергілікті санаторийлер (10 %) және шетел (16%) (бірнеше жауап берілді). Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес барлық балалар үшін ақылы негізде жазғы каникул кезінде демалыс және даму орталықтары ретінде мектептерді пайдалану мүмкін емес.

Осылайша, мектептегі білім берудің жаңа кезеңінде инфрақұрылымдық шешімдерді, ресурстық және әдіснамалық жаңартуды жылдамдату, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту тетіктерін әзірлеу, корпоративтік басқарудың рөлін күшейту, білім процесін және контентті цифрландыру, жан басына қаржыландыруды енгізу, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде тәрбиелеуді күшейту қажет.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау