Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған



жүктеу 1,53 Mb.
бет7/7
Дата05.03.2018
өлшемі1,53 Mb.
#11443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Ғылым

Мақсаттары: ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар:


  1. ҒЗТКЖ қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындар үлесі;

  2. қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландыруға бағытталған жобалардың үлесі.

Міндеттері:

  1. Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды ынталандыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарын қаржыландыру үлесін арттыру мақсатында өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру тетіктерін қамтитын Заң қабылданды. Заңда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру процесін мемлекеттік қолдау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыруды ынталандыру шаралары көрініс тапқан.

ҒЗТКЖ жеке капитал салуды ынталандыру маңызды міндет болып табылады. Қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығыстар артатын болады.

Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, ИИДМБ мұқтаждығына және бизнес тарапынан қоса қаржыландыру арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша ғылымды қаржыландыру және оның мөлшерін барлық көздерден екі есе ұлғайту тетіктері мен стандарттарын енгізу жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.

ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру бойынша жобаларды жеке қаржыландыру көлемі кәсіпорындар қаражаты есебінен 50%-ға ұлғайтылатын болады.

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің кешенді және практикалық нәтижелілігін арттыру үшін ЖОО ғылыми әлеуеті тиімді пайдаланылатын болады.

Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы іске асырылады.

Стартап-компаниялардың дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми топтар үшін гранттарды бөлу, өндірістік сектор және әлеуметтік инновациялардың консорциумдарын құру, венчурлік қорларды қалыптастыру, брокерлік қызметті дамыту, шет елдерде технологиялық жеделдету офистерін құру және технологияларды трансферттеу офистерінің әлеуетін арттыру жолымен технологияларды коммерцияландыру циклін топтастыру көзделетін болады.

Бизнестің, оның ішінде Ғылым қорының қатысуымен стартаптарды дамытуды коммерцияландыруға және қолдауға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстар өткізілетін болады.

Ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысында патенттерді міндетті түрде алу бойынша талаптар бекітілетін болады.

Бюджеттік қаражаттың жұмсалу тиімділігін және ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мақсатында жобалық менеджменттің қағидаттарына негізделген ішкі және сыртқы мониторинг жүйесі құрылады.

Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беру, сондай-ақ ҒЗЖ-нің аралық және қорытынды есептеулерін қабылдауды автоматтандыру жөнінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіледі.

Маркетинг және технологиялық қолжетімділікті арттыру мақсатында базалық Университтерде технологиялардың тиімді және уақытылы трансфертіне мүмкіндік жасайтын технологияны коммерцияландыру офистері жүйесін құру жоспарлануда. Коммерцияландыру офистерінің ағымдық қызметін күшейту үшін «Нәтижелі инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде қолдау көрсету жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазақстандық ғылымды зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейіне шығару мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім негізінде, оның ішінде МЖӘ тетігі арқылы шетелдермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстар, халықаралық ғылыми жобалар мен бірлескен зертханалық зерттеулер, бірлескен монографиялар мен мақалаларды шығаруға қатысу жұмыстары дамитын болады.

Қазақстандық ғылыми басылымдар деңгейі арттырылады. Халықаралық стандартқа сәйкес келетін ағылшын тілінде отандық ғылыми журналдарды шығару және оларды шетелдік ресурстарға жеткізу.

«Антиплагиат» ресейлік жүйесін сатып алу мәселесі пысықталатын

«Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мәселесі пысықталатын болады, онда конкурстар, есептеулер, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаларға өтінім беруді цифрландыру және ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларының қауіп-қатерлерін басқару жүйесі енгізілетін болады.

ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 11 базалық жоғары оқу орнының жанынан коммерцияландыру офистері құрылатын болады.

ИИДМБ базалық жоғары оқу орындарының шеңберінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістерді құру үшін конкурстық негізде ғылыми зерттеулер, оның ішінде шетелдік әріптес ЖОО-лармен және ғылыми орталықтармен жүргізілетін болады.

Қазақстандық ғылымды зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейіне шығару мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстар дамитын болады.

Қазақстан ғылымының халықаралық интеграциялануы халықаралық ұйымдар мен консорциумдар, оның ішінде CERN, ESF, ЭЫДҰ, ИЫҰ және т.б. сияқты ұйымдармен ынтымақтастық есебінен жүзеге асырылатын болады.

Ғалымдардың Clarivate, Analytics, Springer, Elsevier, Evromonitor және басқа да халықаралық деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.

«Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты» ЭЫДҰ шолуы аясында ұсынымдар енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Халықаралық ұйымдар жүйесіндегі ЭЫДҰ ерекше жағдайын ескере отырып, Ғылыми-технологиялық саясат жөніндегі комитетке қатысу жұмыстары жандандырылатын болады, ол Комитетті келіссөздер жүргізу және жаңа экономикалық байланыстар орнату үшін алаң ретінде пайдалана отырып, Қазақстанның шетел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа Қазақстанның Комитетке мүше болуы ғылым және технологиялық дамудың барлық саласындағы өзекті зерттеулер деректеріне жол ашады.

ИЫҰ елдерінің зерттеушілері, ҒЗИ және ЖОО-лары туралы барлық зерттеулерді, жарияланымдарды, ақпараттарды қамтитын ИЫҰ бірегей зерттеу тұғырнамасын құру жоспарлануда. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық, оның ішінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, Көкжиек-2020 және т.б. ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын жандандыру қажет.

Дүниежүзілік қауымдастыққа интеграциялау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің жазбасын жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылданып, іске асырылады. 2017 жылы ғалымдар мен кең қауымдастықтың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандарттық нұсқасы қабылданатын болады.

2018 жылы қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу шеңберінде ғылыми-әдістемелік база әзірленетін болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің жаңа әліпбиінде оқу-әдістемелік әдебиеттер мен көпшілік қажет ететін сөздіктер шығарылатын болады.


  1. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту.

Ғылыми кадрлардың біліктілік әлеуетін жақсарту мақсатында:

1) зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздері «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі;

2) салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлауды жетілдіру бойынша білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі;

3) еліміздің жетекші ЖОО-да докторанттар мен магистранттарды даярлау сапасын арттыру үшін ҒЗИ мен ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану бойынша тетіктер енгізіледі;

4) ғылыми-зерттеу жобаларына өндірістегі инженерлер, жас мамандар, магистранттар мен докторанттар тұрақты негізде тартылады.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында бизнес-құрылымдарда енгізу бөлімшелері құрылатын болады.

Әртүрлі тетіктерді қолдану жолымен, оның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы халықаралық журналдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділіктерін ынталандыру жұмыстары жалғастырылады.

Қазақстанның ғылыми журналдарын халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат базасына енгізу жұмысын жандандыру қажет.

Ғалым жұмысының өнімділігі жарияланымдарының және осы жариялымдарға жасалатын сілтемелер санына негізделетін Хирш-индексі
(һ-индексі) арқылы бағаланады.

Әлемдік ғылыми кеңістікке кіру бойынша бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, қазақстан ғылымының халықаралық ғылыми консорциумдарға қатысуы, шетелдегі қазақстандық ғалымдардың жариялық белсенділігін арттыру, оның ішінде шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлығы бойынша жұмыстар жалғасады.

Орташа мерзімді келешекте шет тілдерін меңгерген, әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграцияланған ғылыми қауымдастық құрылады.


  1. Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту.

Ғылыми қамтымды экономиканы қалыптастырудың негіздері ретінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі коммерцияландыру үшін екі инновациялық кластер енгізіледі: Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусы» және «Инновациялық технологиялар паркі».

Сондай-ақ инновацияны дамыту, озық технологияларды трансферттеу және нақты ғылыми-өндірістік жобаларды іске асыру үшін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінде Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-лары тартылады.

Шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылыми қамтымды шағын және орта бизнесті, венчурлік қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлерді және студенттерді инновацияларды шоғырландыру және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусында» ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылады.

Жоғары оқу орындарында коммерцияландыру офистері, технопарктер, және басқа да инновациялық құрылымдар құрылатын болады. Осы құрылымдар қызметінің нәтижелілігі мониторинг жүргізу және олардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау арқылы анықталатын болады. Гранттық қаржыландыру, МЖӘ шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленетін болады.

Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру барысында технологияларды коммерцияландыру офистері, инновациялық обсерватория құрылады.

ҒЗИ мен ЖОО-лардың ғылыми-инновациялық құрылымдарын жаңғырту, ғылыми зертханаларды GLP стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу жүргізіледі.

Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын материалдық техникалық жарақтандыруды нығайту бойынша шаралар қабылданатын болады.


  1. Ғылымның менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Активтерді басқаруды жетілдіру мақсатында ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарды басқарудың, оның ішінде корпоративті басқару қағидаттарын енгізу арқылы басқарудың тиімді жүйесі құрылады.

Ғылыми ұйымдар басшыларының жария есеп беру практикасы қалпына келтіріледі.

ҒЗИ, жобалау және конструкторлық бюролар, инженерлік бейіндегі зертханалар арасында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс жасауға бағытталған инновациялық консорциумдар дамитын болады.

Ғылым мен білімді интеграциялау шеңберінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ғылыми ұйымдарды оңтайландыру және қайта құрылымдау жүргізіледі.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒТҚЖ коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингілеу жүйесі жетілдірілетін болады. Мониторинг жобалық менеджменті қағидаттарына өтемді негізде жүзеге асырылады.

Ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі, ғылыми ұйымдар басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленеді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалардың тақырыптары мен тапсырмалары ЖАО-ның ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар

2016-2019 жылдары білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің дамыған елдерінің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

1. Болжамды қаржылық шығындар (күрделі және ағымдағы)

Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қолдау тапқан қаражат шеңберінде АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және авариялық мектептердің орнына мектептер салуға, бейінді мектептер салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына, инновациялық жобаларды әзірлеуге және т.б. қаржылық ресурстар шоғырландырылатын болады.
млрд. теңге


Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа қаржыландыру көздері

2016 ж.

382,8

327,8

54,9




2017 ж.

413,2

246,6

166,6




2018 ж.

401,7

227,6

174,2




2019 ж.

423,5

243,9

179,6




Барлығы:

1 621,2

1 045,9

575,3




Бағдарламаны 2016-2019 жылдарға арналған қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. ЖАО іске асыратын іс-шаралар жергілікті бюджетте көзделген жоспарлы кезеңге арналған қаражат шегінде орындалатын болады.

__________________________





жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау