Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту



жүктеу 345 Kb.
бет1/3
Дата30.12.2019
өлшемі345 Kb.
#25508
  1   2   3



№ исх: 22-7-15/17387//31-р(2.1.2,2.1.3,2.1.4-т) от: 20.07.2016


Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар қолданылмайтын адамдарды, шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар қолданылмайтын адамдар;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесі айқындалсын.

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2016 жылғы « » № қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қала, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалардың нормалары корпоратившілік ауыстырулар шеңберінде Қазақстан Республикасы үкіметімен белгіленген экономиканың салаларында ауыстырылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) еңбекші иммигранттар – еңбекші иммигрантқа берілетін рұқсаттың негізінде жұмыс берушілерде – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй жұмыскері ретінде келген иммигранттар;

4) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

5) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

6) маусымдық шетелдік жұмыскер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

7) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

8) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;

9) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел;

10) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын иммигрант.

2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына пайыздық қатынаста белгіленеді, ол:

1) экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

2) еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қамтиды.

5. Алдағы жылға (жылдарға) экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды.

6. Жұмыс берушілер жыл сайын, 1 тамызға дейін аумағында шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті ұсынады.

7. Жергілікті атқарушы органдар 10 тамызға дейін экономикалық қызмет түрлерi бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігін:

1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;

2) жұмыссыз азаматтар санының болжамын және күтілетін жұмыскерлердің босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;

3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін;

4) өткен жылда шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшіне болжамды қажеттілікті ескере отырып жалпылайды.

8. Жергілікті атқарушы органдар 15 тамыздан кешіктірмей Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына:

1) осы Қағидалардың 7-тармағының талаптары ескеріле отырып жалпыланған жұмыс берушілердің қажеттілігін;

2) қажет болған кезде алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып ұсыныстар енгізеді.

9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады.

Комиссия жұмыс берушілердің қажеттілігін қарау нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің сұратып отырған алдағы жылға шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыру туралы не бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешімі жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

10. Жұмыс берушілердің қажеттіліктерін Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара қайтаруы мүмкін:

1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібінің жойылмаған бұзушылықтарының болуы;

3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтарының, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.

11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың қажеттілігін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

12. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін 1 қазанға дейін алдағы жылға шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жалпыланған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізеді.

14. Еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квота алдағы жылға жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тарту қажеттілігі негізінде қалыптастырылады.

15. Алдағы жылға жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікті 10 тамызға дейін жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесіп, өткен жылдағы еңбекші иммигранттарды тарту тиімділігін бағалауды және алдағы жылға еңбекші иммигранттарға болжамды қажеттілікті ескере отырып айқындайды.

16. Аумақтық ішкі істер органдары 1 қыркүйекке дейін алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне келісуге жолдайды.

17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдерді қарайды қалыптастырады және 1 қазанға дейін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікті жолдайды.

18. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.

Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды жасасқан кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып қалыптастырады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұсынған өтінімдердің негізінде алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.

20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бірінші желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

21. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде квотаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында бөледі және бөлінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің ресми интернет ресурсында квотаның бөлінуі туралы ақпаратты орналастырады.

22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлуді:

1) жергілікті атқарушы органдар ұсынған, жұмыс берушілердің қажеттіліктері негізінде қалыптастырылған өтінімдерге сәйкес экономикалық қызмет түрлері және шығу елдері бойынша, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес шетелдік және маусымдық жұмыскерлердің санаттары бөлінісінде;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұсынған, еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке сәйкес еңбекші иммигранттарды тартуға жүзеге асырады.

23. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік не уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына

1-қосымша


кімге













(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауын көрсетумен уәкілетті органның атауы)


кімнен











(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)



201__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілік




Экономикалық қызмет түрі

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)

201__ жылға шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

1-санат

(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)



2-санат

(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)



3-санат

(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)



4-санат

(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)



Маусымдық шетелдік жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

Жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жұмыс берушінің жасалған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, жұмыс күшін тартудың негіздемесі

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

















М.О.

(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы)







Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына

2-қосымша




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне







кімнен








(жергілікті атқарушы органның толық атауы)


201__ жылға Қазақстан Республикасына экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім


Р/с№

Ұйым

(толық атауы,

заңды мекен

жайы)


Экономикалық қызмет түрі

Ағымдағы жылы тартыла

тын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)



__ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

Қағидалардың 7-тар

мағында көзделген талаптар

ды ескере отырып, қажеттіліктің негіз

демесі


1-санат

(кәсіптер мен маман

дықтар бөлінісінде)


2-санат

(кәсіптер мен маман

дықтар бөлінісінде)


3-санат

(кәсіптер мен маман

дықтар бөлінісін

де)


4-санат

(кәсіптер мен маман

дықтар бөлінісін

де)


Маусымдық шетелдік жұмыс

керлер


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына

3-қосымша


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне







кімнен












(аумақтық ішкі істер органының толық атауы)


201__ жылға еңбекші иммигранттарды

тарту қажеттілігіне өтінім


Р/с №

Өткен жылы тартылған еңбекші иммигранттардың саны

(бірлік)


201_ жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілік

Қажеттіліктің негіздемесі

1

2

3

4

Аумақтық ішкі істер органның

басшысы: ____________________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)


М.О.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына

4-қосымша




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне







Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен


жүктеу 345 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау