Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі


Ең төменгі әлеуметтік стандарттар



жүктеу 0,91 Mb.
бет4/5
Дата05.03.2018
өлшемі0,91 Mb.
#11441
1   2   3   4   5


4. Ең төменгі әлеуметтік стандарттар


Негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар адамның өзін-өзі көрсетуі үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Ең төменгі әлеуметтік стандарттар – азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен ақша төлемдерінің ең төменгі көлемі.

Әлеуметтік қызметтер – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген белгілі бір құқықтар мен кепілдіктерді іске асыру нысаны.

Мемлекеттік мекемелер, сол сияқты жеке меншік, оның ішінде қоғамдық ұйымдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер провайдерлері болуы мүмкін.

Ең төменгі әлеуметтiк стандарттар нормалар мен нормативтер негізінде реттеледі, оларды уәкілетті органдар тұрақты экономикалық өсуге сүйене отырып әзірлейді.

Білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселесі қаралатын болады. Бұл осы салаларға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға және сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтаудың бастапқы буынының жан басына шаққанда қаржыландырылуын енгізу мәселесін қарау жоспарланып отыр, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жан басына шаққандағы нормативін қалыптастырудағы бірыңғай тәсіл пысықталатын болады, бұл денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Тұтастай алғанда, әлеуметтік салада қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың енгізілуін қарау және қызметтердің сапасын арттыру жоспарланып отыр.



3. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы

Әлеуметтік саланың негізгі даму бағыттары. Қазақстандық өмір сапасының негізгі компоненттері


Әлеуметтiк жаңғырту стратегиясы әлеуметтiк модель қағидаттарын практикалық іске асыруды білдіреді, білім беруді, денсаулық сақтауды, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау, ақпарат, мәдениет және спорт салаларын дамытудың негiзгi контурларын айқындайды.

Көрсетілген салаларды дамытудың ұзақ мерзiмдi бағыттары Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың


2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламаларында, «Ақпараттық Қазақстан – 2020», Жұмыспен қамту
2020 жол картасында айқындалған.

Әлеуметтiк жаңғырту стратегиясында белгіленген негiз қалайтын басымдықтарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар қолданыстағы бағдарламалық құжаттардың мақсаттарымен келiсiлетiн болады.

Елді әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асырудың тұрақты мониторингі жүргізілетін болады. Іске асырудың екінші кезеңінің барысында нәтижелерге жету прогресін бағалау жүргізіліп, алынған деректер негізінде одан арғы іс-қимылдарды түзету жүзеге асырылатын болады. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгеннен кейін елдің әлеуметтік саласын дамыту бойынша одан арғы қадамдар стратегиясы әзірленетін болады.

Білім беруді дамыту қоғамды өркендету платформасы ретінде

Халықтың барлық санаттары жасына, әлеуметтік мәртебесіне және экономикалық жағдайына қарамастан, жоғары сапалы білім беру қызметтеріне қолжетімділікке ие болуы тиіс.
1-басымдық. Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету

Мемлекеттік бала бақшалар, жеке меншік және мемлекеттік шағын орталықтар салу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын кеңейту жалғастырылады.

Тұтастай алғанда, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100 % қамтамасыз етіліп, мектепке дейінгі білім беру мазмұны жаңартылатын болады.

Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін арттыру үшін олардың ерте дамуының қажеттілігін ескере отырып, 2020 жылдан бастап 1 жастан 3 жас аралығындағы балаларды дамытудың түрлі нысандары енгізілетін болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда оқытудың заманауи бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Кепілдендірілген міндетті орта білім беру мемлекет саясатының білім беру саласындағы негізгі басымдықтарының бірі болып қала бермек.

2015 жылға қарай орта білім беруде үш ауысымдылықты толығымен жою үшін 552 мектеп, оның ішінде 2014 жылдан бастап – 192 мектеп салынатын болады. 2014 жылы Орта білім беру ұйымдары апаттылығының картасы әзірленетін болады.

Шағын жинақталған мектептерде білім берудің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2015 жылға қарай 160 тірек мектеп – ресурстық орталық құрылатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы және қолжетімді білім алу ортасын құру мақсатында 2014 жылы болашақта Инклюзивті білім беруді одан әрі кешенді дамыту жөніндегі іс-қимылдар жоспары әзірленетін болады.


2020 жылға қарай балалардың инклюзивті білім алуына жағдай жасаған мектептер үлесі 70 %-ды, ал 2030 жылға қарай 100 %-ды құрайды. 2030 жылға қарай жалпы білім беретін мектептерде оқи алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың 70 %-ы инклюзивті білім берумен қамтылатын болады.

Жыл сайын техникалық және кәсіби білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғаятын болады. Білікті жұмысшыларға деген қажеттілікті ескере отырып, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім берумен тегін қамтамасыз ету мүмкін болады.

Әрбір азаматқа конкурстық негіздегі гранттар мен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің тетігі арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі ұсынылады.

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, орта білім беру ұйымдары мен кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетін болады.


2-басымдық. Білім беру сапасын арттыру

Бiлiм беру секторы әлеуетінің өсуi тұрақты түрде білім беру мазмұнын жаңарту, оқу-әдiстемелiк әдебиетті дамыту, прогрессивті және тиімді әдістемелерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар балалар денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал ететін оқу ортасын қалыптастыратын болады. Бұл шаралардың барлығы балалардың ерте жастан бастап барлық бағыттар бойынша үйлесімді дамуына ықпал ететін болады және білім беру жүйесiнде мультипликациялық әсерді қамтамасыз етедi. 2015 жылға қарай білім ортасында қолданылатын барлық педагогикалық технологиялар мен ұйымдастыру тәсілдеріне толыққанды тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету тұрғысынан кешенді тексеру жүргізілетін болады.

Білім беру жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылады және 2015 жылы мектепке дейінгі білім беруде балалардың мектепке дайындығын бағалайтын әдістеме әзірленетін болады. 2030 жылға қарай Қазақстан Халықаралық оқушылардың білім беру жетістіктерін бағалау бағдарламасы бойынша (PISA) көрсеткіштері жоғары 30 елдің
қатарына кіретін болады.

2015 жылдан бастап орта мектептiң 12 жылдық білім беруге кезеңдiк ауысуы басталады. Білім беру ұйымдарында Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлiк мектептері сияқты табысты орталықтардың және «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлемдiк деңгейдегі колледждердің тәжiрибелері кезең-кезеңімен енгiзілетін болады.

Азаматтардың толыққанды және жан-жақты дамуын қолдау мақсатында балалардың өзін-өзі көрсетуге, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жағдай жасайтын қосымша білім беру объектілерінің қажетті желісі қалыптастырылады. 2015 жылға қарай мектеп жасындағы балаларды қосымша білім берумен қамту 23 %-ға дейін, ал 2013 жылы 50 %-ға ұлғаяды.

Оқытушылардың жеке қасиеттерін даярлау және дамыту деңгейін жақсарту, мұғалімдерді практикалық оқыту бағдарламаларын өзгерту; үміткердің кәсіби, сол сияқты моралдық-тұлғалық қасиетін ескеруге тиіс педагогтарды жұмысқа алу жүйесін жақсарту қажет. Сондай-ақ, уәждеуші, бонустық пакеттер арқылы мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру қажет.

Техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудегі оқыту бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланатын болады. 2015 жылға қарай кәсіптік стандарттар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту сапасын арттыру мақсатында оқытушылар құрамына өндірістен мамандар тартылып, олардың еңбекақысын төлеу қайта қаралатын болады. Дуалды оқыту қағидаттары енгізілетін болады. Колледждер ғылымды көп қажет ететін экономиканың талаптарына сәйкес замануи жабдықтармен жарақтандырылады.

Мемлекет, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы салалық кеңестер кәсіптік стандарттар мен біліктіліктерді тану рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, ұлттық біліктіліктер мен оқыту жүйесін өмір бойы реттеуге жауапты болады.

Мемлекет жоғары кәсіби деңгейдегі оқытушылары мен жеткілікті материалдық базасы бар жоғарғы оқу орындарының оңтайлы және тиімді желісін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беру жүйесінің барлық түлектері 2020 жылға қарай жұмыс берушілер қоғамдастығының тәуелсіз бағалауынан өтетін болады. 2030 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқу орнын бітіргеннен кейін бір жылдың ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 90 %-ды құрайды.

2030 жылға қарай отандық ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу негізінде инновациялық қызметті білім мен ғылымды интеграциялау арқылы жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі 10 %-ға өседі.

2017 жылға қарай әртүрлі білім деңгейінің бірегей педагогикалық тәжірибесін жинақтауға және таратуға ықпал ететін Бірыңғай ұлттық ғылыми-оқыту желісі ашылады, бұл білім беру жүйесінің жаңа сапалы деңгейге шығуына түрткі болмақ.

Мұғалімдердің, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғарғы білімнің педагогикалық құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыс жалғастырылады. 2014 жылы мұғалімдерді еліміздің ең үздік мектептерінде тағылымдамадан өткізу үшін мектептік алмасулар бағдарламасы әзірленеді.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері қызметінің тиімділігін арттыру уәждемесінің жаңа жүйесін құру мақсатында 2014 жылы оларға еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.


3-басымдық. Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу

Әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін сапалы білім секторын құруда азаматтық қоғамның білім беру ұйымдарын басқаруға және олардың қызметінің сапасын бақылауға қатысуы үлкен рөл атқарады. Жауапкершіліктерін арттыра отырып, азаматтарды шешім қабылдау процесіне белсенді тарту әлеуметтік серіктестікті кеңейтуге, білім беру мекемелеріндегі шынайылық пен ашықтықты арттыруға ықпал ететін болады.

2015 жылы оқушылардың ата-аналарына білім беру қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін құралдар әзірленеді. Қоғамға, оның ішінде оқушылар мен ата-аналарға білім жүйесінің әріптестері және мектеп деңгейіндегі білімді басқаруға қатысушылар болуға мүмкіндік беретін қадағалау және қамқоршылық кеңестері ашылады. 2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестері құрылады.

2030 жылға қарай барлық орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, корпоративтік басқару мен дербестік қағидаттары енгізіледі.

Мектептердің дербестігі мен есеп беруі білім беру мен оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін көтермелеу белгілеудің шешуші факторларына айналады. Азаматтардың әрқайсысының өзін-өзі көрсету мен тұрақты зияткерлік дамуға ұмтылуымен қатар, олардың жауапкершілік үлесін ұлғайту қазақстандықтардың одан әрі өсіп-өркендеуі үшін нық негіз қалауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтауды дамыту салауатты адами капиталды жинақтау негізі ретінде

Әрбір азаматтың өмірлік циклінің барлық сатыларында оның денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру өнімді жұмыспен қамту, адами капиталды жинақтау және орнықты экономикалық өсу негізі болып табылады.


1-басымдық. Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту

2030 жылға қарай әрбір азамат тұратын жеріне қарамастан, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмекті, қажетті дәрілік заттарды ала алады және Қазақстанда енгізілген жаңа медициналық технологиялар қолжетімді болады.

МСАК жүйесі жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылады. 2015 жылы МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлерінің үлесі 50 %-ды құрайды, ал 2030 жылы 100 % болады. МСАК медициналық қызмет көрсетулердің негізгі пункті болады.



МСАК-ті – халықты медициналық көрсетілетін қызметтермен жалпы қамтуды қамтамасыз ететін базалық көмек түрін қаржыландыру ұлғаяды.
2020 жылға қарай МСАК-ті қаржыландыру көлемі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің барлық қаражатынан 40 %-ға жетеді.

2020 жылға қарай әрбір азамат МСАК деңгейінде ұзақ мерзімді медициналық күтім мен қалпына келтіру емінің қызметтерін ала алады.

2015 жылы өңірлік деңгейде көпбейінді ауруханалар құру және мамандандырылған облыстық және аудандық ауруханаларды оңтайландыру арқылы аурухана секторын қайта құрылымдаудың екі кезеңдік процесі басталады. Осылайша, 2025 жылға қарай өзегі көпбейінді ауруханалар болатын станционарлық көмектің төрт деңгейлі желісі құрылады.

2015 жылға қарай елдің барлық аумағын Ұлттық телемедициналық желімен 100 % қамту қамтамасыз етіледі.

2015 жылға қарай трассалық медициналық құтқару бекеттерінен, медициналық апат орталықтарынан, санитариялық авиациядан тұратын ұлттық шұғыл медициналық-құтқару көмегі қызметінің базалық негіздері қалыптастырылады. Тұтастай алғанда, 2030 жылға қарай көліктік медицинаның тиімді қызметі құрылады.



Жеке медицина инфрақұрылымын дамыту үшін 2014 жылдан бастап
2020 жылдар аралығында республикада мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолданумен 40-тан астам инвестициялық жоба іске асырылады.

2-басымдық. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын үздiксiз жақсарту

2030 жылға қарай ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн болады. Аурулардың алдын алу, ерте анықтау және басқару азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің негізіне айналады.

2016 жылға дейін халықтың нысаналы топтарына арналған Ұлттық скринингтік бағдарламаны скринингтердің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейте отырып жетілдіру жалғастырылады. Бұл бағдарлама өмірлік циклдің барлық сатыларын қамтиды: балалық шақта – психофизикалық дамуын бағалау, еңбекке қабілетті кезінде – негiзгi созылмалы инфекциялық емес аурулардың ерте диагностикасы, егде жаста – созылмалы аурулардың асқынуларын ерте анықтау және психикалық дамуын бағалау. Скринингті тұрақты түрде жүргізу кең таралған созылмалы ауруларды тоқтатуға, адамның өмiр сүру салтын уақтылы түзетуге және еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың алдын алуға мүмкіндік береді.

2013 жылдан бастап республикада дәрігер мен пациенттің серіктестік қатынастарына негізделген Ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу басталды. Бұл бағдарламалар созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын болдырмауға, шығыстарды азайтуға және азаматтардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау уәждемесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, 2014 жылға қарай созылмалы инфекциялық емес аурулар тізбесі, азаматтардың Бағдарламаларға қатысу шарттары мен оларды іске асыру тетігі айқындалатын болады.

Іске асырылып жатқан ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламалары бала тууды мемлекеттік қолдауға, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз етуге, балаларға интеграцияланған медициналық көмекті ұсынуға бағытталады. Бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай ана өлімінің көрсеткіші бір жарым есеге және сәби өлімінің көрсеткіші екі есе төмендейді. Денсаулық сақтау ұйымдарының бала күтімі мен оны дұрыс тамақтандыру жөнінде консультациялар берулерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Дәлелді медицина медициналық көмек сапасының негізіне айналады, 2015 жылға дейін республикада халықаралық стандарттарға сәйкес келетін клиникалық хаттамалар әзірленетін болады.

Денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз дамыту жүйесі, оның ішінде олардың біліктілігін арттырудың модульдық-жинақтау қағидатын дамыту есебінен жетілдіріледі. Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.

2030 жылға қарай медициналық білім беру мен ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу нәтижесінде еліміздің барлық медициналық университеттері «құзырет орталықтарына» айналады, ал зерттеулерді ғылыми консорциумдар мен инновациялық кластерлер жүргізетін болады.

2017 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымы қалыптасады. Бұл кезеңге қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдарының 60 %-ы бірыңғай ақпараттық желіге қосылады және азаматтардың 60 %-ы электрондық медициналық карталарға ие болып, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіштер 100 %-ды құрайды.
2020 жылға қарай дәрігерлерді, ғылымның жетістіктері мен әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электрондық денсаулық сақтау қазақстандықтарға жоғары сапалы жекелеген медициналық қызмет көрсетулерді қамтамасыз етеді.

2015 жылдан бастап лабораториялық диагностиканың жаңа стандарттары және науқастарды, оның ішінде туберкулезбен ауыратындарды табысты емдеуге және АИТВ инфекцияның таралуын тежеуге мүмкіндік беретін емдеудің жаңа стандарттары енгізіледі.

2016 жылға қарай туберкулезбен ауыратындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары әзірленетін болады. Қорытындысында, 2020 жылға қарай Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 20 %-ға төмендейді, ал
2030 жылға қарай туберкулезбен ауырудың жаңа түрлері барынша қысқарады.

2015 жылға дейін республикада фармацевтикалық өнеркәсіптің отандық объектілерін салу және жаңғырту бойынша 6 инвестициялық жоба іске асырылады. 2030 жылға қарай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылатын дәрілік заттардың 60 %-дан астамы отандық өндірістікі болады. Елімізде қолданылатын барлық дәрілік заттар үздік өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес өндірілетін болады.

2020 жылға дейін үш негізгі элемент: мемлекет, кәсіби қоғамдастық және пациенттерден тұратын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын басқару жүйесі қалыптасады. 2017 жылға қарай Қадағалау кеңестері қоғамдық бақылаудың негізгі құралы ретінде барлық ірі медициналық ұйымдарда шаруашылық жүргізу құқығында құрылады.

Азаматтар медициналық ұйымда денсаулыққа зиян келтіру залалынан қорғалатын болады. Осы мақсаттарда 2016 жылдан бастап медициналық қызметкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу мәселесі қаралатын болады.



3-басымдық. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығы

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында оны қаржыландыру көздерін жетілдіру мен әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету әрбір қатысушының елдiң экономикалық өсуі мен дамуына қосатын үлесін ескере отырып, барлық әлеуметтiк әріптестермен (мемлекет, жұмыс берушi, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруға негізделген денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаңа моделі кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бұл ретте халық кірісінің өсуіне қарай азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуын ұтымды ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, олардың медициналық көрсетілетін қызметтерді бірлесіп төлеу тетігін енгізу мәселесі қаралатын болады.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік белсенді дамитын болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту


Әлеуметтік қорғау жүйесі табыстарды қорғауға және халықтың осал санаттары үшін әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағдарланатын болады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету әлеуметтік қорғау жүйесінің базалық компоненті болады, бірақ бұл ретте жеке сектордың қатысуы да дамитын болады.

Әлеуметтік қорғау моделі үш шешуші тәсілге сүйенетін болады.

Біріншіден, неғұрлым осал әлеуметтік топтардың табыстарын қорғау оларға лайықты өмір деңгейін сақтауға және өзінің өмірлік жағдайын жақсарту бойынша мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Екіншіден, жеке адамның әлеуметтік белсендігін ынталандыру мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара міндеттемелерді көздейтін әлеуметтік келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Бұл табыстарды қорғауды қоса алғандағы әлеуметтік көмек, адамның өмірін нашарлататын, оның ішінде қажетті кәсіби дағдылардың болмауы, салауатсыз өмір салты жағдайларын жеңуге оның дайын екендігіне қатаң негізделетін болады.

Үшіншіден, біріктірілген және кешенді әлеуметтік қызметтерді көрсету құзыретіне әлеуметтік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету кіретін мемлекеттік органдар арасындағы тығыз ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

1-басымдық. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту

Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын және оның институционалдық базасын одан әрі дамытуға бағытталатын болады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын басқарудың ашықтығы, инвестициялық портфель мен зейнетақы төлемдерін тиімді басқару, азаматтардың табыстарын зейнетақы төлемдерімен сәйкесінше ауыстыру қамтамасыз етіледі. Бұл азаматтардың зейнетақы жүйесіне сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

2030 жылға дейін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуын ұлғайту және зейнетақы активтерін экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының жобаларына тиімді инвестициялау тетіктері әзірленетін болады.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өздерінің ынтымақты жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделеді.
2-басымдық. Шартты әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту

2020 жылға қарай кедейліктің жаңа өлшемі қалыптастырылады, бұл мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтуды кеңейтуге алып келеді.

2017 жылға қарай мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, құрылымын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілетін болады. Одан әрі кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін жеткізілетін болады.

Кедейлікті айқындаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, табыстары төмен азаматтар үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы алушылар жұмыспен қамтуға, әлеуметтік бейiмделуге және белсендіруге жәрдемдесу бағдарламаларына белсене қатысқан жағдайда, отбасыларға ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табысты қамтамасыз етеді.

Осылайша, кедейлікті төмендету тетіктері тек жеке бастамаға және индивидтің кедейліктің шырғалаң шеңберінен «құтылуға» және еселі еңбекке кірісуге дайын екендігіне ғана негізделетін болады.

2017 жылға қарай негізделген әлеуметтік көмектің барлық түрлерін ұсынудың негізгі нысаны ретінде әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізіледі.

Әрбір әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының барлық кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайта оралу жолдарын, сондай-ақ азаматтың жол картасын орындау міндеттемелерін көздейтін өмірдің қиын жағдайынан шығудың жол картасын қамтиды.

Міндеттемелерді бұзу негізделген ақшалай көмектің ұсынылуын тоқтатуға әкеп соқтырады. Әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді әлеуметтік қызметкерлер жүзеге асыратын болады.

Мемлекеттік негізделген әлеуметтік қолдаудың базалық компоненті халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары болады.

Олар оқытуды және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді, азаматтардың ұтқырлығын арттыруды және оларды әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары елді мекендерге көшіруді, кейіннен жұмысқа орналастыру перспективасымен кәсіпорындарда тағылымдамалар ұйымдастыруды қамтитын болады. Бұл шаралар жұмыспен қамтуды формалдандыру есебінен формалды емес жұмыспен қамтылған халық санын азайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылға қарай әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі құрылатын болады.

Жаңа модель шеңберінде мұқтаж азаматтар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқорлық қағидаты іске асырылатын болады. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің және басқа да салалардың әлеуметтік қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызметтерді «бір терезе» арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.

2020 жылға қарай әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделі бірнеше пилоттық өңірде сынақтан өткізілетін болады.

Интеграцияланған модельді енгізу кешенді әлеуметтік қызметтер көрсетудің, көмек түрлерінің атаулылығын күшейтуге, осындай қолдау шараларына мұқтаж отбасыларды қамтуды ұлғайтуға және осының салдары ретінде кедейлік деңгейін және әлеуметтік қолайсыздықты азайтуға, отбасы институтын күшейтуге мүмкіндік береді.

2030 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-ынан аспайтын болады. Халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту ұлғайтылады.

3-басымдық. Ана мен баланы кешенді қолдау


Ана мен баланы қолдау жүйесі азаматтардың өзін-өзі көрсетуін және еңбек ресурстары теңгерімінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие.

Ана мен баланы қолдау тетіктері ата-аналар табыстарын қорғауға және бала туу үшін қолайлы жағдай жасауға шоғырланады.

Ана мен бала қолайлы және дос-тату ортада болуы тиіс. Мемлекет жүкті әйелдерге, аналар мен балаларға арналған медициналық көмектің сапасын арттырады.

Қалалық және ауылдық инфрақұрылым жүкті әйелдер, аналар мен балалар үшін барлық көрсетілетін қызметтерді пайдалануды кедергісіз қамтамасыз ету жағына жетілдіріледі.

Жүктiлiкпен, бала туумен және бала күтімімен байланысты табысты жоғалту тәуекелдерiн әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн жетiлдiру жалғастырылады.

Аналарды жұмыспен қамту мемлекеттің ерекше қамқорлығына айналады. 2015 жылға қарай аналар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы тетіктері, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлері, бала күтімі демалысынан шығуға дайындалып жүрген әйелдер үшін кәсіби дағдыларды өзектендіру курстары әзірленеді. Жұмыспен қамтудың икемді түрлері үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күнін және т.с.с. қамтитын болады.

Елімізде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделерін қорғау саласында балалардың өмір сүру сапасының кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша қажетті құқықтық база құрылады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

Зорлық және қатыгездік, адам сату, еңбек қорлығы және тағы да басқаларының құрбаны болған балаларды қорғауда пәрменді тетік құрылды.

«Бала құқықтары туралы» БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес балалардың әлеуметтік қолайсыздығы, үйдегі зорлықты болдырмау және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге мемлекет ерекше назар аударатын болады.


4-басымдық. Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы инклюзивтік қоғам

Инклюзивтік өсу тұжырымдамасы қоғамның экономикалық өркендеуiнің артықшылықтары оның барлық топтарына және мүшелеріне олардың мәртебесі және объективтік мүмкіндіктеріне қарамастан қолжетімді болатынын болжайды.

Өз кезегiнде мүгедектердi, егде адамдарды және әлеуметтiк осал топтардың өзге де өкiлдерiн қоғамның белсендi өмiрiне қосу оларға жаңа идеялар көздеріне, еңбек ресурстарына, ерекше әлеуметтiк тәжiрибеге жол ашады.

Мүгедектік ауыртпалығының дәрежесі мен шамасына қарамастан, мүгедектер және егде жастағы адамдар қоғамдық инфрақұрылымның барлық объектілеріне және көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін болады.

Мемлекеттiк органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, мәдени және спорттық объектiлер, көпшiлiк пайданалатын көлiк мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшін техникалық, материалдық және кадрлық ресустарға ие болуы тиіс.

2030 жылға қарай Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі және егде адамдарға тосқауылсыз аймаққа айналады.

Мүгедектердiң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құруға және мүгедектерге арналған өзін-өзі көрсету үшін мүмкіндіктер беретін арнаулы оқыту бағдарламаларын жасауға жәрдемдесуге негізделетін болады.

2016 жылға қарай мемлекет мүгедектің жұмыс орны стандартын және білім беру ұйымдарында мүгедектерді оқыту жағдайының стандартын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

2016 жылы жұмыс берушілердің мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмыс орындарын құруды кеңейтуге бағытталған ынталандыру шараларының кешені әзірленетін болады.

2020 жылға қарай жұмыс істеуге ниетті және оған медициналық көрсетілімдер бойынша сол немесе басқа еңбек қызметі рұқсат етілетін әрбір мүгедек жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатындай жағдай жасалатын болады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін оларды жас шектеулеріне және ресоциализацияға бейімдеу бойынша қызметтер көрсетілетін болады.

Тұтастай алғанда, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, барлық осал әлеуметтік топтар үшін инклюзивтік өсуге негіз болатын кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын кеңейтеді.



Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай


Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясат өнімді жұмыспен қамтуға, жоғары еңбек өнімділігі мен инклюзивті экономикалық өсуге негізделген Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталатын болады.

Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясаттың атаулы сипаты экономикалық белсенді халықтың түрлі санаттары үшін арнайы шаралар әзірлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Жоғары еңбек өнімділігі мыналардың:

1) жалдамалы қызметкерлерді өмiр бойы оқыту және оларды ұзақ мерзiмдi жұмыспен қамту шеңберінде олардың бiлiктiлiктерiн дамыту;

2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлерді жұмыспен қамтудың бейресми секторынан формалды секторға ауыстыру;

3) өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған қызметкерлер мен формалды сектордағы жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тартуға ерекше көңіл бөле отырып, жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу есебінен қамтамасыз етіледі.

1-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту саясатын іске асыру


Жұмыспен қамту саласындағы саясат жұмыссыздықты азайтудан нәтижесі сапалы жұмыс орындарын құру болатын тиімді және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге ауысады.

Сапалы жұмыс орны бар қызметкер өз кәсіби біліктілігіне сәйкес кәсіби аурулар мен жарақаттанушылық қаупі барынша төмен жерде еңбек етеді, өзінің кәсіби және адами амбицияларын көрсету мүмкіндігіне ие болады, лайықты еңбекақы алады, жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді.

Мемлекет үдемелі индустриялық-инновациялық даму, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті арттыру, инвестициялық және іскерлік ахуалды жетілдіру шеңберінде жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыратын саясатты жалғастырады.

Кәсіпкерлік бастама жұмыспен қамтуды дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құрудың қуатты жолына айналады.

Мемлекеттік қолдау азаматтарға жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға және қазіргі жобаларды нығайтуға мүмкіндік береді.

Қаржы қаражатына барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету, менеджерлерді оқыту бағдарламаларын іске асыру, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау мен жаңа істі ұйымдастыру кәсіпкерлік бастаманы қолдау тетіктеріне айналады.

Инновациялар кәсіпкерлік бастаманың локомотивіне айналады: жаңа технологияларды енгiзу жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ғана емес, қызметкерлердiң кәсiби дағдыларына қойылатын талаптар деңгейін арттырумен қатар еңбек өнiмдiлiгінiң деңгейiн жоғарылатуға да мүмкіндік береді.

Инновацияларды қолдау мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:

1) инновациялық қызметпен байланысты дағдыларды дамыту формалды және формалды емес білім беру шеңберіндегі тиiстi оқыту бағдарламаларын қамтиды;

2) адамдар мен идеяларды бiрiктiру инновациялық өсудің жаңалық ашушылар мен басқа да шығармашылық адамдарын нақты елдi мекенде шоғырландыратын нүктелердi қалыптастыруды, сондай-ақ университеттер мен жеке сектордың тығыз байланысын қамтамасыз етудi болжайды;

3) тәуекелдердi басқару қаржылық ресурстардың қолжетiмдiлiгін қамтамасыз ету, сақтандыру, технологиялық парктер, еркін экономикалық аймақтар, инновацияларды коммерцияландыруды салықтық ынталандыруды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы инновациялық кәсiпорын мен жаңалық ашушылар тәуекелдерiн азайтуға негiзделетін болады.

Өнімді жұмыспен қамтуды қалыптастыру және инновациялық өсу үшiн жоғары бiлiктi кадрлар даярлау мақсатында Ұлттық, салалық біліктілік шеңберлері және кәсiби стандарттарды әзiрлеу арқылы білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара байланысы қамтамасыз етiледi.

2015 жылға қарай жұмыс берушілердің қатысуымен 30 %-ға кәсіптік стандарттар әзірленеді, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 %-ға жетеді.

Тұтастай алғанда, кәсіптік стандарттар нақты сектордың қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты негізде өзектендіріледі.

Жұмыс күшiнiң техникалық және кәсiптік бiлiмі деңгейінде біліктілігін растау жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiнің белсендi қатысуымен жүзеге асырылады. 2015 жылға қарай мұнай-газ, энергетикалық және туристік салаларда біліктілікті растау енгізіледі. 2020 жылға қарай жұмыс берушілердің біліктілікті растаулары экономиканың барлық салаларында таралады.

Жоғары білім беру деңгейінде біліктілікті растауды тәуелсіз жеке сертификаттау орталықтары немесе кәсіптік қауымдастықтар жүзеге асыратын болады. 2015 жылға қарай адвокаттық, нотариалдық, бухгалтерлік, банктік және сақтандыру қызметінде жоғары білім жөнінде растау енгізіледі.


2030 жылға қарай біліктілікті тәуелсіз растау экономиканың барлық салаларында таралады.

Оқытудың өндіріспен байланысын күшейту дуальды оқыту қағидаттарын кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді. 2015 жылға қарай техникалық және кәсiптік оқу орындарындағы дуальды оқытуға қатысатын оқушылардың үлесі


7 %-ға жетеді, ал 2020 жылға қарай бұл 15 %-ға дейін ұлғаяды.

2015 жылға қарай еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында салалар, өңірлер және мамандықтар бөлінісінде еңбек нарығының біліктілік талаптар бойынша кадрларға қажеттілігін болжау тетігі әзірленеді.

Сонымен бірге, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты азайту қолжетімділігіндегі қазіргі теңсіздікті еңсеру үшін 2014 жылы жергілікті атқарушы органдар әрбір үш жыл сайын әзірлейтін Өңірлердің жұмыспен қамту карталары енгізілетін болады, олардың негізінде Республикалық жұмыспен қамту картасы қалыптастырылады.

Сонымен бірге, жұмыспен қамту саласы мәселелерінде халықты хабардар ету кеңейтіледі. 2017 жылға қарай барлық орта білім беру мекемелерінде оқушылар үшін кәсіптік бағдарлану кызметі көзделетін болады. Әлеуетті қызметкерлер мектеп жасындағы кезеңде өзекті еңбек нарығындағы қажетті кәсіптер туралы толық ақпаратқа ие болады, қандай әлеуетті әлеуметтік «дивидендтер» сол немесе өзге кәсіпті меңгеруге алып келуін бағалауға қабілетті болады.

2015 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын кеңейту арқылы жұмыспен қамтуды формализациялау бойынша ынталандыру шараларының пакеті әзірленеді.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі жалақының өсуіне сәйкес келетін болады. Осындай негізделген өзара байланыстың болуы ұлттық экономиканы технологиялық қайта жарақтандыру мен инновацияларды енгізу негізінде қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамыту арқылы қол жеткізілетін болады.

2-басымдық. Өмір бойы білім алу

Өмір бойы білім алу инновациялық өсу, жұмыс күшін жұмылдыру және өнімді жұмыспен қамту үшін орта қалыптастырады. Тұрақты даму және жаңа дағдыларға ие болу еңбек өнімділігін арттыруға және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2017 жылға қарай өмір бойы білім алуды қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің үшжақты қатысуымен модель қалыптастырылады.

Өмір бойы білім алу төлемінің базалық жауапкершілігі қызметкерге жүктеледі.

Бұл ретте мемлекет пен жұмыс берушілер жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтарын, мысалы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды (мемлекет), қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында (жұмыс берушілер) оқытуды қаржыландыруға қатысады.

Бұл ретте ауыл халқының еңбек дағдыларын дамытуға салынатын инвестицияларға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Ауылдық елді мекендерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 47,5 %-ды құрайды, ал қалалық жерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі әлдеқайда төмен – 18,4 %.

2017 жылға қарай кәсіптік стандарттар мен біліктілікті растау рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, ұлттық біліктілік және өмір бойы білім алу жүйесін реттеу жауапкершілігі кәсіптік білім беру саласында мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді біріктіретін үш жақты комиссияларға, салалық кеңестерге беріледі.


3-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту негізі ретіндегі қауіпсіз жұмыс орындары мен үйлесімді еңбек қатынастары

Жұмыс орнындағы қауіпсіз және тиісті жағдайлар, үйлесімді еңбек қатынастары өнімді еңбектің қажетті шарты болып табылады. Сапалы жұмыс орны – бұл, ең алдымен, еңбек жағдайларын қатаң бақылау, профилактикалық іс-шаралар өткізу, жұмыс беруші мен қызметкерлердің жұмыс ортасын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс істеуі.

Қауіпсіз жұмыс орны мемлекеттің, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің ұжымдық жауапкершілігі болып табылады. Таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі тетіктер олардың бірлескен
іс-қимылдарын қамтиды.

2030 жылға қарай өндірістік жарақаттанушылық және кәсіби аурулар жағдайларының саны айтарлықтай азайып, әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындайды.

Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары өндірістегі еңбекті қорғауды басқару негізі болады. Мемлекет пен жұмыс берушілер бірлестіктері еліміз кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттарды енгізуді қамтамасыз етеді.

Барлық мемлекеттік еңбек инспекторлары мен барлық өндірістік кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандар арасында еңбекті қорғауды басқару жүйесіне оқыту тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орын алған жазатайым оқиғаларға ден қоюдан олардың алдын алуға, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу шаралары кешенін іске асыруға ауысу жүзеге асырылатын болады.

Кәсіби тәуекелдерді басқару тетіктерін 2015 жылға қарай әзірлеу және оларды 2020 жылға қарай күнделікті өндірістік практикаға толық енгізу осы жұмыстың негізіне айналады.

2016 жылы еңбек инспекциясы жұмысының әдіснамасы
2001 жылғы 7 мамырдағы № 194-II Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек инспекциясы туралы» Халықаралық Еңбек Ұйымының № 81 Конвенциясымен сәйкестендіріледі. Еңбек инспекторы бақылау субъектісіне жұмыс берушіні ескертпей бару мүмкіндігіне ие болады, бұл қызметкерлердің еңбек құқықтарын ең жақсы түрде қорғауға мүмкіндік береді.

Мемлекет қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде жұмыс берушілердің белсенділігін ынталандыратын жағдай жасайды.

2016 жылға қарай еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау оңтайландырылатын болады. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен қатар еңбек жағдайларының сәйкестігін ерікті декларациялауы мемлекеттік еңбек инспекторларының осындай өнеркәсіптерді тексерулер санын азайтады.

Мемлекет үш жақты серіктестік жүйесі шеңберінде еңбек өнімділігін, қызметкерлер біліктілігі деңгейін арттыру, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, өндірістік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерін біріктіретін өндірістік кеңестер құруға жәрдемдесетін болады.

2015 жылға қарай өндірістік кеңестердің құзыретіне жатуға тиіс мәселелердің ең аз көлемі заңнамалық деңгейде айқындалады.

2017 жылға қарай өндірістік кеңестер қауіпті және зиянды еңбек жағдайларындағы барлық кәсіпорындарда, ал 2020 жылға қарай барлық орта және ірі кәсіпорындарда құрылатын болады.

Мемлекет еңбек жағдайларын жақсарту ісінде стратегиялық әріптес ретінде кәсіподақтардың қызметін қолдайды және ынталандырады. Осылайша, мысалы, кәсіподақтар кәсіби стандарттарды әзірлеу және қызметкерлердің біліктілігін тану процестеріне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту

Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту қазақстандықтардың өзін-өзі ойдағыдай көрсетуіне ықпал ете отырып, олардың рухани және дене саулығының қажетті көзі болады.
1-басымдық. Тиімді әлеуметтік даму үшін ақпараттық қоғам қалыптастыру

Әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпінді дамуын ескере отырып, Қазақстанда прогрессивті ақпараттық қоғамды жедел қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

2017 жылы Интернет желісіне қол жеткізетін отбасылардың үлесі
60 %-ды құрайды, ал 2020 жылы 100 %-ға жетеді.

2030 жылға қарай мемлекет ақпаратқа еркін қол жеткізу және цифрлық теңсіздікті жою үшін жағдай жасайды. Интернет пен цифрлық телерадио хабарларын тарату әрбір қалада, аудан орталығында, село мен ауылда, әрбір үй мен ғимаратта болады.

«Электрондық үкімет» жүйесі 2025 жылға қарай бар күшімен жұмыс атқарады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру әрбір азаматқа оларды тез әрі сапалы алуға мүмкіндік туғызады.

Электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі


2017 жылға қарай 50 %-ды, ал 2030 жылға қарай 90 %-ды құрайды.

Азаматтардың жаңа ақпараттық технологияларды негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсетілетін қызметтер мен кепілдіктерге провайдер ретінде пайдалану арқылы өзін-өзі толық көрсету мүмкіндігіне ие болады, қашықтықтан білім алу мен жұмыспен қамту дами түседі.

Электрондық коммерцияның дамуы үйден шықпастан, жұмыс істеуге және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Электронды төленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы айналымында қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2030 жылға қарай шамамен 60 %-ды құрайды.

Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және түрлі тәуекелдерді азайту үшін инновациялық технологиялар қазақстандықтардың күнделікті өміріне енгізілетін болады. 2015 жылдан бастап төтенше жағдайлар туралы жедел қызметтерді хабарландыру бойынша бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет енгізілетін болады.

2017 жылы төтенше жағдайларға арналған жедел қызметтердің ден қою уақыты 10,7 %-ға, 2020 жылы 31 %-ға қысқарады. Төтенше жағдайлар туралы халықты жаппай хабардар етудің қазіргі заманғы жүйесімен жарақтандырылған елді мекендердің үлесі 2017 жылы 95 %-ды құрайды.

Ұсынылатын электрондық көрсетілетін қызметтерді барынша қолдануды қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай халықтың 90 %-ы, оның ішінде азаматтардың өздерінің белсенді қатысуымен компьютерлік сауаттылықты меңгереді. Жастар халықтың жаңалықтарды тез қабылдайтын санаты ретінде, үлкендер мен кішілерге, жақындары мен туысқандарына ақпараттандыру саласындағы дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Барлық ұсынылатын ақпарат қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Қазақстандық контент белсенді дамып, уақыт талабына сәйкес толықтырылатын болады.

Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жеке өмірге қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасылық құпияға, қолданылуы шектелген ақпараттың қауіпсіздігіне, корпоративтік және жеке ақпараттық жүйелер қорғалуының жоғарғы деңгейіне кепілдік берілетін болады.

Аталған шаралар «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
2-басымдық. Мәдениет құндылықтарына қолжетімділікті кеңейту

Мәдени игіліктерге барынша қол жеткізу қазақстандықтардың өмір сүру сапасының арту көрсеткіштерінің біріне айналады.

Мәдениет саласын жаңғырту әрбір тұлға мен жалпы қоғамның мәдени және рухани әлеуетін ел азаматтары үшін мәдени игіліктерге барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету, қызметтердің алуан түрлілігі мен сапасын арттыру үшін жағдай жасау, мәдениет саласын дамытудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық тетіктерін жетілдіру жолымен дамытуға бағытталатын болады.

2015 жылы Қазақстан Республикасындағы Мәдени саясаттың тұжырымдамасы қабылданады.

2030 жылға қарай халықтың барлық санаттарына қолайлы және қолжетімді кітапханалық кеңістікте ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Кітапхананың рөлі айтарлықтай артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталық ретіндегі мәртебесі күшейеді. 2020 жылға дейін кітапханалық қорға кешенді толық цифрландыру жүргізіледі. Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана ақпараттық қоғам кітапханасына ауысатын болады. Әрбір азамат үшін Қазақстанның барлық кітапханаларының жинақталған каталогы, олардың толық мәтінді ресурстары қолжетімді болады. 2025 жылға қарай кітапхана оқырмандарының саны екі есе ұлғаяды.

Мұражайлар тарих және мәдениет құндылықтарын зерттеу, сақтау мен олардың экспозициясының дәстүрлі функциялары шегінен шығады. Олар қалыптасқан рухани қажеттіліктерді ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар оларды белсенді қалыптастыру, ұлттық мұраға, көркем мәдениет жетістіктеріне, отандық және әлемдік тарихтың өтпес құндылықтарына адамдардың қызығушылығын ынталандырады.

Бұл үшін Мемлекеттік мәдени саясат тұжырымдамасында мұражай инфрақұрылымын жаңғырту, олардың қорларын кеңейту бойынша қажетті шаралар көзделетін болады. Мұражайлар заманауи және технологиялы болады, жетекші қазақстандық мұражайлардың жылжымалы қорлары құрылады.
2030 жылға қарай мұражайларға барушылардың саны үш есе көбейеді.
2025 жылға қарай виртуалды мұражайлар құрылады.

Театр өнері саласы жанрлық алуан түрлілікпен ерекшеленеді және тұратын жері мен табыс деңгейіне тәуелсіз халықтың түрлі топтарының театрлық қажеттіліктерінің құрылымына жауап береді.

2015 жылға қарай жекелеген санаттағы азаматтарға мәдениет саласында жеңілдік негізде қызметтер көрсету жүйесі пысықталады.

Ең үздік шығармашылық жетістіктерді көрсетуге, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және елдің барлық өңірлерінде шығармашылық белсенділікті арттыруға бағытталған гастрольдік қызмет кеңінен таралатын болады. 2015 жылдан бастап тұрақты негізде өңірлік және республикалық деңгейлерде бірыңғай театрлық кеңістікті нығайтатын театр фестивальдары өткізіледі.

2025 жылға қарай 2013 жылмен салыстырғанда театрларға барушы адамдардың саны екі есе артады.

Мәдени саясат тұжырымдамасында волонтерлік пен меценаттықты кеңінен тарату мәселелері пысықталатын болады.

2030 жылға қарай мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттанушылық деңгейі 70 %-ға жетеді. 2014 жылы кино, театр, музыка өнері және әдебиет салаларындағы мәдени өнімдердің жаңа сапасын құруды одан әрі ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылданады.


3-басымдық. Елдің барлық азаматтарының спортпен айналысуы үшін жағдай жасау


Дене шынықтырумен, спорттың белсенді түрлерімен шұғылдану – салауатты өмір салтының қағидаты мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың әріптестік ынтымақтастығы негізінде дамитын болады.

Мемлекет азаматтардың түрлі санаттарына олардың табысы мен жасына қарамастан спортпен айналысу үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайтын болады. Спорт объектілеріне бару құны, олардың тұрғын жерінен алшақтығы қазақстандықтар үшін денсаулықты нығайтуға кедергі болмайды. 2015 жылға қарай жекелеген санаттағы азаматтарға дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін және жеңілдік негізде ұсынудың нақты тетігі қалыптасады.

Спорттық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып белсенді кеңейту жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс берушілер қызметкерлердің денсаулығын қолдауды қамтамасыз ету процесіне белсенді қатысатын болады.

2016 жылдан бастап қызметкерлердің жұмыс орындарында денсаулықтарын нығайту бойынша бағдарламалар енгізілетін болады. Бағдарламалар қызметкерлердің денсаулығын нығайту бойынша, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы және салауатты өмір салтын жүргізу бойынша практикалық шараларды қамтиды.

Белсенді дене шынықтыру мен спортың пайдасын танымал ету тұрақты бұқаралық жарыстардың өткізілуіне көмек көрсетеді, оларға қатысу қазақстандықтардың белсенді демалысының нысаны болады. Жыл сайын үш мыңнан кем емес жаппай дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын өткізу қамтамасыз етіледі. Жаппай спорттық іс-шараларға қатысатын азаматтардың саны 2015 жылы 4 млн. адамға дейін өседі.

2014 жылы еліміздің оқу орындарында дене шынықтырумен және спортпен айналысу бойынша сабақтан тыс сағаттарды көбейту бойынша кешенді іс-шаралар әзірленеді, ол 2017 жылға қарай балаларға, жеткіншектер мен жастарға арналған әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секциялары мен клубтар желісін, соның ішінде ауылдық жерде 20 %-ға кеңейтуге мүмкіндік береді

Тұтастай алғанда, 2030 жылға қарай күн сайын дене шынықтырумен айналысатын азаматтар үлесі кемінде 40 %-ды құрайды.


Тұрғын үй жағдайлары стандарты: қолжетімділік пен жайлылық

Тұрғын үй қолжетімділігі және азаматтардың тұру жайлылығы олардың өмірінің қауіпсіздігі және әлеуметтік-экономикалық саулығының аспектілері болып табылады.

1-басымдық. Тұрғын үймен қамтылу және оның халыққа қолжетімділігі

Тұрғын үймен қамтылу және оның халыққа қолжетімділігі оның өмір деңгейіне және халықтың өсу қарқынына тікелей әсер етеді. Тиімді тұрғын үй нарығы әлеуметтік мәселелерді, сол сияқты тұтастай алғанда экономиканы дамытуға қажет.

Халық үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру тетіктерін әзірлеу мемлекеттік тұрғын үй саясатының басымдығы болады.

Мемлекет дәлелді себептерге байланысты тұрғын үй мәселесін өз бетімен шеше алмайтын азамттардың санаттарына қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік осал және азаматтардың бөлек санаттары үшін тұрғын үйді әлеуметтік жалдау және оны кейіннен сатып алу тетігін одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Дамыған жалға берілетін тұрғын үй нарығы азаматтарға ұйымдастырылған тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін береді. Баға бойынша қолжетімді жалға алу қазақстандықтарға ұзақ уақытқа өз тұрғын үй мәселесін шешуге, сонымен қатар өз пәтерін сатып алуға қаражатты жинақтау мен бөліп қоюға мүмкіндік береді. 2018 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үйді жыл сайынғы енгізу көлемі жылына 1 млн. шаршы метрден асады, ал


2020 жылға қарай 7,8 млн. шаршы метрге жуық жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оның ішінде:

1) жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдарға


2,3 млн. шаршы метрден астам;

2) жас отбасыларға 1,5 млн. шаршы метрге жуық;

3) «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ желісі бойынша
3 млн. шаршы метрге дейін.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі азаматтардың тұрғын үй сатып алу мәселесін нақты шешуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет


2020 жылға қарай кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 2,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй енгізуді жоспарлап отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын, тұрғын үй-құрылыстық кооперативтерді, жалға берілетін тұрғын үйдің жеке құрылысын дамыту үшін жағдайлар жасалады. Функционалдық жайлылық пен тұру жайлылығы, ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері мен үйдің нақты орналасатын жері, эстетикалық және экологиялық талаптар жеке тұрғын үй құрылысында бірінші кезекке шығатын болады. 2020 жылға дейін 31 млн. шаршы метрге жуық жеке тұрғын үй немесе жыл сайын 30 мың үйден енгізіледі.

Тұрғын үй құрылысында жаңа құрылыс стандарттарын қолдану бойынша пәрменді бақылау жүйесі енгізілетін болады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдануды ескере отырып, 2013 жылдан бастап жыл сайын жалпы алаңы 6 млн. шаршы метрден кем емес жаңа тұрғын үй енгізіледі.

Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру, жеке тұрғын ұй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін жұмыстың басым бағыты аула ішіндегі аумақтар мен орам ішіндегі жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, көліктің қолжетімділігі мәселелерін шешу болып қалады.

Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартудың,
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандырудың, сондай-ақ құрылыс салушының үлескердің алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жүйесін дамытудың тиімді экономикалық тетіктері құрылады.

Мемлекет құрылысқа арналған жер учаскелерінің тиімді нарықтарын, мердігерлік жұмыстар нарығын қалыптастыру, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының меншікті базасын дамыту үшін жағдай жасайды.

Барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жер мен ғимараттарды қоғамдық мүдделерді сақтау мақсатында пайдалануды қамтамасыз ететін қалалық жоспарлаудың тиімді жүйесі құрылатын болады. Қалалық жоспарлаудың негізгі мақсаты инновациялық және неғұрлым жоғары өнімді компаниялар мен жұмыс күшін тарта алатын бәсекеге қабілетті қалалар құру болады. Мұның негізі:

1) әкімшіліктің, бизнес пен тұрғындардың иелігінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болатын «ақылды» қаланы;

2) ресурстарды, атап айтқанда шығарындылар мен ластануды шектеумен қатар, энергия мен суды тиімді және үнемшіл пайдалану іске асырылатын «жасыл» қаланы;

3) қылмыстықтың деңгейі ғана төмен емес, сондай-ақ тұрғындардың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы жоғары «қауіпсіз» қаланы;

4) спорттық және мәдени инфрақұрылымы, сондай-ақ қажетті рекреациялық аймақтары бар «жайлы» қаланы құру болады.
2-басымдық. Халықтың жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту

Азаматтардың тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй қорына түгендеу, бұзылуға немесе күрделі жөндеуге жататын авариялық тұрғын үйді анықтау тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Мемлекет пен азаматтардың бірлесіп қатысуына негізделген тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу тетіктерін іске асыру жалғасады. Азаматтардың жинақтау жүйесін жалпыүйлік мүлікті күрделі жөндеуге қолдану практикасы кеңейтіледі. Күрделі жөндеу жүргізген сәтте қолданыстағы ғимараттарға энергиямен жабдықтау элементтері бар терможаңғырту жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2030 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үй үлесі 10 %-ға дейін төмендейді.

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен, оның ішінде сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларды реконструкциялау есебінен қамсыздандыру жалғастырылады. Қала халқының сумен жабдықтауға және кәріз қызметтеріне қолжетімділігі 2015 жылға қарай 87 және 85 %-ға дейін, ал елдің қала және ауыл халқының қолжетімділігі


2025 жылға қарай тиісінше 100 және 80 % құрайды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарын азайтуға, ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуге, тарифтік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттанған халықтың үлесі
2030 жылға қарай 90 %-ды құрайды. Коммуналдық қызметтерді ұтымды пайдалану және оны тұтынуды үнемдеу 2020 жылға қарай оларды төлеуді үштен бірге азайтуға мүмкіндік береді, бұл ретте 2025 жылға қарай тұтынушылардың 100 %-ы сумен жабдықтауды есептеу құралдарымен жарақтандырылатын болады.

Жаңа технологияларды қолданумен ескі және тиімсіз қазандықтарды жаңғырту немесе ауыстыру жүзеге асырылады. 2020 жылға қарай тұрғын


үй-коммуналдық сектордағы апаттар саны 70 %-ға төмендетіледі.

2016 жылға қарай жылу-, электр-, газ-, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісіндегі коммуналдық объектілердің жағдайы туралы мемлекеттік бірыңғай деректер базасы құрылатын болады. Осы база судың сапасы, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы ақпаратты қамтитын болады. Ол коммуналдық инфрақұрылым жағдайына тұрақты және жедел мониторинг жүргізуді, оларды ұстауға және жаңғыртуға арналған қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы 2015 жылға қарай шамамен 15 мың км құрайды.


2030 жылға қарай коммуналдық қызметтер көрсету жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту процесі толық аяқталатын болады және одан әрі көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы ұсталып тұрады.
Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру

Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік жаңғырту стратегиясының басымдықтарын орындау және нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті институционалдық тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді нығайту жалғастырылатын болады.

Мыналар:

1) мемлекеттік органдардағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;

2) азаматтық қызметті дамыту;

3) мемлекеттік құрылымдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік қайта құрулардың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.




жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау