4. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Бақылау есептерінің номерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша, ал есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан бойынша алады (кесте 2).
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
5. Тестік сұрақтар мысалдары.
@@@ Жұмысқа қабілеттілік критериилері
$$$ 1
Бөлшектің тозығына жетіп жарамсыз болғанға дейінгі уақытын немесе кернеу қабылдау санын не деп атайды?
$$$ 2
Жөндеуге немесе өңдеуге арналған жеке бөлшектерден тұратын жинақ не деп аталады?
$$$ 3
Бөлшектің мөлшерленген уақыт ішінде жұмыс істеу қасиетін не деп атайды?
$$$ 4
Бұйымдардың техникалық-нормативтік құжаттарға сәйкес өз міндеттерін орындауын не деп атайды?
$$$ 5
Бөлшектердің күш түскенде сынуға немесе пластикалық деформацияға төзімді болуын не деп атайды?
$$$ 6
Машина бөлшектерінің тербеліске тұрақтылығы қандай санды көрсеткіштермен есептеледі?
$$$ 7
Машиналардың немесе тораптардың жылуға тұрақтылығы қандай санды көрсеткіштермен есептеледі?
$$$ 8
Жанасқан бөлшектердің үйкеліс күші әсерінен тозуға қарсы қабілеттілігін не деп атайды?
$$$ 9
Бөлшектердің белгілі температура шегінде жұмыс істеу қабілеттілігін не деп атайды?
$$$ 10
Бұйымның жұмыс істеу, жөндеу, сақтау және апару талаптарына сәйкес болып, мөлшерлі мерзімде бұзылмай, белгілі пайдалану көрсеткіштерімен өз міндетін орындау қасиеті не деп аталады?
$$$ 11
Жалпы мақсатқа қолданылатын бөлшектерден құралған бірлігі не деп аталады?
$$$ 12
Машинаның жұмыс органдарын іске қосатын құрылым қалай аталады?
$$$ 13
Энергияны өзгертуге, сонымен қатар, адамның қол немесе ой еғбегін жеңілдетуге арналған механикалық құрылым не деп аталады?
$$$ 14
Машинаның жұмыс істеу қабілеттілігін жоғалтумен байланысты оқиғаны не деп атайды?
$$$ 15
Машина бөлшектерінің жұмысқа қабілеттіліне қандай сапалық критериилер сәйкес келеді?
$$$ 16
Машиналардың немесе бөлшектердiң сенiмдiлiгiнiң қандай сапалық критериилерi бар?
$$$ 17
Бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігімен жұмыс істеу қабілеттілігін не деп атайды?
$$$ 18
Машиналардың тоқтап қалуын алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетін не деп атайды?
$$$ 19
Жинақтау операциясыз жасалған қарапайым машина тетіктері не деп аталады?
$$$ 20
Бұйымдардың бір жерден екінші жерге апаруға және ұçàқ мерзімде сақталуында өзінің техникалық құжат көрсеткіштеріне сәйкес болуын не деп атайды?
$$$ 21
Бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің белгіленген жүйесінде шектік жағдайға жеткенше өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті қалай аталады?
$$$ 22
Машина бөлшектерінің беріктігі қандай санды көрсеткіштермен өрнектеледі?
$$$ 23
Бөлшектердің материалдарың оптимизация теориясы негізінде қабылдағанда қандай бағалау көрсеткіштері есепке алынады?
$$$ 24
Машина бөлшектерінің қатаңдығы қандай санды көрсеткіштерімен есептеледі?
$$$ 25
Бөлшекке күш түскенде өзінің пішінін өзгертпей сақтап қалу не деп атайды?
@@@ Қосылыстар (қарапайым)
$$$ 26
Келесі бұрандада қандай ойма екенін айтыңыз
$$$ 27
Ойма жүрісі қалай анықталады? Ойма бір орамды.
$$$ 28
Үлкен күш түсетін бекіту топтарын құрастыру кезінде (өстік күш, диаметр, ойма адымы шамалары белгісіз) қандай ойманы таңдау керек7
$$$ 29
Қандай буаттар кернеулі қосылыстарға жатады?
$$$ 30
Шеті домалақтанған призмалық буаттың жұмыс ұзындығы қалай анықталады?
$$$ 31
Тек керілуге жұмыс істейтін түйіспелі пісіру жапсарын қандай кернеуге есептейді ?
$$$ 32
С уретте қандай буат көрсетілген?
$$$ 33
Қандай ойма жүрістіге жатады?
$$$ 34
Суретте қандай буат көрсетілген?
$$$ 35
Призмалық буатты жаншылуға қандай формуламен есептейді?
$$$ 36
Көрсетілген бөлшектердің қайсысы қосылу бөлшектеріне жатады?
@@@ Берілістер (қарапайым)
$$$ 37
Қазiргi машиналарда белдiктi берiлiстiң қандай түрi көп тараған?
$$$ 38
Белдіктің қажып бұзылуы неге байланысты?
$$$ 39
Қандай жалпақ белдiктер ең көп қолданылады?
$$$ 40
Ñûíà белдікті берілісте кіші шкивті /елгезерді/ қамту бұрышын қандай мөлшерде қабылдау қажет?
$$$ 41
Шынжырлы берілістерді жобалауда шынжырдағы буындар санын жұп қылып қабылдау ұсынылады. Неге?
$$$ 42
Цилиндрлі қисық тісті берілістерде тістің көлбеулік бұрышын () қай мөлшерде қабылдайды?
$$$ 43
Түзу тісті цилиндрлі берілістің өсаралық қашықтығын есептейтін формула келесі түрде жазылады:
. Егер аw, мм-мен, []H Н/мм2-мен, Тр2 Н м-мен анықталса, бұл жағдайда сандық коэффициент (Ка) қандай болуы керек?
Достарыңызбен бөлісу: |