Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі



жүктеу 11,38 Mb.
бет27/104
Дата18.12.2017
өлшемі11,38 Mb.
#4559
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
АА – атмосфералық қысым желісі. 1 және 2 сызықтар сору және айдау процестерін сипаттайды, ал 3 және 4 сызықтар сору және айдау клапандарының ашылуын сипаттайды. Осы сызықтардың көлбеулік шамасы поршен жүрісі бөлімінің шамасына байланысты болады. неғұрлым үлкен болса, соғұрлым клапан ауыр және соғырлым сорап жылдамжүрісті болады.

Роторлы сораптар үш негізгі бөлімнен тұрады– статордан (қозғалмайтын тұрықтан), ротордан, білікпен қатаң байланысқан сорап және сорғы. Мұндай сораптардың поршенді сораптардан ерекшелігі, сорғыш және айдағыш клапандардың жоқтығы. Сорғыштардың түрі бойынша шестерналы сораптар, пластиналы немесе шиберлі сораптар, винтті сораптар және роторлы –поршенді сораптар деп бөлінеді.

Роторлы сораптардың жұмысшы процесі үш кезеңнен тұрады – сұйықпен жұмысшы камераны толтыру, жұмысшы камераны жабу және оларды тасымалдау және жұмысшы камерадағы сұйықты сору.

Роторлы сораптардың поршенді сораптардан айырмашылығы:



– роторлы сораптардың гидроқозғалтқыш ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі;

– жылдам айналысты (роторлы сораптардағы біліктің айналыс саны 2000 нан 5000 айналыс минутына дейін) және поршенді сораптарға қарағанда бірқалыпты берілісті.

– таза, қарқынды емес сұйықтармен ғана жұмыс істеуі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Поршенді сораптардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? 2. Кривошипті жетекпен поршеннің негізгі қозғалыс заңдылығын көрсетіңіз 3. Поршенді сораптардың берілісі неге байланысты? Қарапайым және күрделі сораптардың берілісін анықтайтын теңдеуді жазыңыз. 4. Поршенді сораптың берілісінің бірқалыпсыздық дәрежесі дегеніміз не? 5. Индикаторлық диаграмма не үшін керек? Индикаторлық қуат, индикаторлық қысым дегеніміз не? Поршеннің бір жүрісі кезіндегі көлемдік, гидравликалық және механикалық ПӘК жұмысын анықтаңыз? 6. Поршенді сорапта сорудың геометриялық биіктігін қалай анықтайды? 7. Ауа қалпақтары не үшін қажет? Ауа қалпақтарына қойылатын негізгі талаптар. 8. поршенді сораптар берілісін реттеудің негізгі әдістерін атаңыз. 9. Сораптар бірігіп, параллель және тізбектей қосылып жұмыс істеуі мүмкін бе? 10. Диафрагмалық сораптар қашан қолданылады? 11. Роторлы сораптардың негізгі түрлерін атаңыз. Роторлы сораптардың құрылымдық сұлбасы және жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз. 12. Роторлы сораптардың жұмыс процесі қандай негізгі кезеңдерден тұрады? 13. Роторлы сораптардың жұмысшы көлемін атаңыз? Роторлы сораптардың берілісін анықтайтын формуланы жазыңыз және оны түсіндіріңіз? Сорап берілісін реттеу қандай параметрлер көмегімен жүргізеді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

4.1.1. Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.,– 275 – 306 бет;

4.1.2. Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б.,– 255 – 300 бет;

4.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б., – 236 – 274 бет.


Дәріс 12. Гидрожетектер.

Дәріс жоспары.

1. Гидрожетектердiң міндеті, қолдану аймағы, жұмыс iстеу тәртiбi және жiктелуi. Негiзгi тәуелдiлiктер.

2. Шығатын түйіннін қозғалу түріне және басқа ерекшіліктері бойынша классификациясы.

3. Жұмысшы сұйықтар.
Механикалық энергияны беру үшін және сұйықтын көмегімен қозғалыстын түрін өзгертуге арналған құрал жабдықтар жиынтығы – гидрожетек деп аталады.

Көлемдік гидрожетек құрамына энергия көзі, көлемдік гидроқозғалтқыш (атқарушы механизм), гидрожетек элементтері - гидроаппаратура (басқару аспаптары) және көмекші құралдар (кондиционерлер) кіреді.




Көлемдік гидрожетектер энергия көзі түріне байланысты үш типке бөлінеді:

1) Насостық гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа көлемдік насоспен беріледі.

Насостық гидрожетек машина жасау саласында кенінен қолданылады. Жұмысшы сұйықтын таралу өзгешілігіне байланысты гидрожетектер тұйық ағынды және алшақ ағынды болады.



Тұйық ағынды гидрожетектерде жұмысшы сұйық гидроқозғалтқыштан насостың сору гидролиниясына барады.

Алшақ ағынды гидрожетектерде жұмысшы сұйық гидроқозғалтқыштан гидробакқа барады.

Насостық гидрожетектерде насостын қозғалтқышы ретінде электрқозғалтқыштар, турбиналар, дизельдар, карбюраторлы қозғалтқыштар пайдалану мүмкін.



2) Аккамуляторлық гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа алдын ала зарядталған гидроаккамулятордан беріледі.

Аккамуляторлық гидрожетектер жұмыс циклі кысқа уақытты болған жүйелерде қолданады.



3) Магистральды гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа гидромагистральдан беріледі.

Бір неше гидрожетекті бірден қаматамасыз ететін жұмысшы сұйық ағыны гидромагистральдарда насостық станциямен жасалады (орталық қамту жүйесі).

Шығатын түйіннің қозғалыс өзгешілігіне байланысты көлемдік гирожетектер келесі түрлерге бөлінеді:

а) ілгерлімелі қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні ілгері қозғалады;

б) бұрылысты қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні бұрылысты қозғалыс жасайды. Бұрылатын бұрыштын шамасы 360 кем.

в) айналмалы қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні айналмалы қозғалыс жасайды.

Егер көлемдік гидрожетекте гидроқозғалтқыштын шығатын түйіннің жылдамдығын өзгертетің құрал жабдықтар болмаса онда гидрожетек басқаруысыз деп аталады.

Егер көлемдік гидрожетекте гидроқозғалтқыштын шығатын түйіннің жылдамдығы берілген заңдылықпен өгерсе онда гидрожетек басқармалы болады.

Жылдамдықты реттеу тәсілі бойынша гидрожетектер екі түрлі болады:

1) дроссельдік басқарулуымен – жылдамдықтын реттелуі сұйық ағынның дроссельденуі жолы арқылы жүреді және ағынның бір бөлігі гидроқозғалтқыштан тыс өткізу арқылы.;

2) машиналық басқарулуымен – жылдамдықтын реттелуі насостын немесе гидроқозғалтқыштын жұмысшы көлемінің өзгеру арқылы болады немесе екі гидромашинаның жұмысшы көлемдерінің бір уақытта өзгеру нәтижесінде.

Жылдамдықтын реттелуі қолмен де жүргізілуі мүмкін – онда гидрожетек қолмен басқарылатын болады, автоматика арқылы – гидрожетек автоматикамен басқарылатын болады, берілген программа бойынша – программалық бақарылу гидрожетек болады.

Егер гидрожетекте шығатын түйінің жылдамдығы өзгермейтін болса – онда гидрожетек стабильды деп аталады.

Басқармалы гидрожетектер кәзіргі кезде станок жетегі ретінде, жол жасау және құрылыс машиналарда, пресстерде, транспортта, ауыл шруашылық машиналарда кенінен қолданады.

Гидрожетектердің артықшылығы:

1) сатысыз жылдамдықты және алатын күшті кен диапазонда реттеуге және үлкен беріліс саның алу мүмкіндігі бар;

2) жоғары меншікті қуаттылығы, массасы аз (11,2 кг / 1кВт);

3) реверстік қозғалыс жасау мүмкіндігі;

4) инерциялық қасиеті төмен, яғни гидрожетекті қосу, режимдерді ауыстыру, реверстеу, тоқтату кезінде қолайлы;

5) айналу қозғалысты ілгермелі қозғалысқа өзгертуге мүмкіндік;

6) жөндеудің және пайдалану женіл.
Гидрожетектердің кемшілігі:

1) тасымалданатын энергиянын шығындарымен байланысты, энергия шығыны гидрожетектерде элетрберілістердің шығындарынан көп;

2) температуралық фактордың гидрожетек жұмысына әсер ету;

3) жұмысшы сұйықтын ішкі және сыртқы шығындарынан ПӘК-ің төмендеуі. ПӘК-ің төмендеуі жетектің тозыумен ұлғая береді.



Жұмысшы сұйықтар. Көлемдік гидрожетектерде жұмысшы сұйықтардын төмендегі қасиеттері болу керек:

  • үйкеліс әсерін азайту үшін жақсы майлайтын қасиеттері;

  • тұтқырлығы жұмыс температуралардын диапазонында аз өзгеру керек;

  • қаныққан будың қысымы төмен және қайнау температурасы жоғары;

  • жоғары механикалық тұрақтылығы;

  • сақтау және пайдалану процестері кезінде қасиеттері тұрақты (стабильды);

  • от қаупсіз;

  • улы емес;

  • диэлектрикалық

Жұмысшы сұйықтар ретінде гидрожетекте минералды майларды (синтетикалық сұйықтарды кремний органикалық негізінде) көбінесе пайдаланады.

Гидрожетекте қолданатын жұмысшы сұйық түрі гидрожетектің пайдалану шарттарына сәйкес болу керек.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Ұсынылатын әдебиеттер:

4.1.1. Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.,– 275 – 306 бет;

4.1.2. Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б.,– 255 – 300 бет;

4.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б., – 236 – 274 бет.



Дәріс 13. Көлемдік гидроқозғалтқыштар.

Дәріс жоспары.

1. Күш беретін гидроцилиндрлер, олардын міндеті және құрылысы. Гидроцилиндрлерді есептеу.

2. Бұрылысты гидроқозғалтқыштар.

3. Гидромоторлар.
Жұмысшы сұйық ағынның энергиясын шығатын түйннің қозғалыс энергиясына түрлендіруге арналған гидромашиналар көлемдік гидроқозғалтқыш деп аталады.

Шығатын түйіннің қозғалыс өзгешілігіне байланысты гидроқозғалтқыштар үш топқа бөлінеді:



  1. гидроцилиндрлер;

  2. бұрылысты гидроқозғалтқыштар;

  3. гидромоторлар.

Гидроцилиндрлердің шығатын түйіні ілгермелі қозғалыс жасайды.

Бұрылысты гидроқозғалтқыштардың шығатын түйіні шектеулі бұрышқа бұрылады.

Гидромоторлардың шығатын түйіні айналмалы қозғалыс жасайды.
Гидроцилиндрлер – ең қарапайым гидроқозғалтқыштар, олар гидрожетекте атқарушы механизм ретінде қолданылады.

Бір әрекетті гидроцилиндрлерде шығатын түйіннің қозғалысы жұмысшы сұйық ағынның әсерінен тек қана бір бағытта іске асырылады. Кері бағытта қозғалыс сыртқы күштердің әсерінен болады, мысалы көтерілетің жүктің салмағынан немесе серіппенің әсерінен. Мұндай гидроцилиндрлер жүк көтеретің машиналарда қолданады.

Құрылысына байланысты бір әрекетті гидроцилиндрлер үш түрге бөлінеді:

а) поршеньды, мұнда шығатың түйіні поршень болады

б) плунжерлы, мұнда шығатың ретінде плунжер қолданылады.

Плунжерлы гидроцилиндрлердің құрылысы өте қарапайым және жасау технологиясы қиын емес поршеньды гидроцилиндрлерге қарағанда, себебі корпусттың ішкі беті толық дәл өнделмейді, тек қана плунжердің сыртқы беті және корпустың плунжермен жанасатын бөлігі мен нығыздағыш орнатылатын жеріғана өнделеді.

в) телескопты гидроцилиндрлерде шығатын түйіндер ретінде концентрлі орналасқан плунжер және поршеньдар қолданылады.

Шығатың түйіннің жалпы жолы әр поршеньдардын немесе плунжерлер жолдарының қосындысына тең болады. Телескопты гидроцилиндрлер корпус ұзын болмаған жағдайда шығатың түйіннің ұзын жолын алу үшін қолданылады. Ең алдымен үлкен поршень ығыстырылып шығарылады. Поршень 1 тірекке тірілгеннен кейін поршень 2 қозғала бастайды.

Жұмысшы қысым – 12 МПа.

Екі әрекетті гидроцилиндрлерде шығатың түйіннің қозғалысы екі бағытта болады және оның екі бағыттағы қозғалысы жұмысшы сұйық ағынның әсерінең болады. Мұндай гидроцилиндрлер станоктардың гидрожетектерінде және әр түрлі құрылыс машиналардың гидрожетектерінде кенінең қолданылады. Олар екі түрлі жасалынып шығарылады:

1) бір жақты поршенімен поршеньды гидроцилиндр, бұл гидроцилиндрде шток бір жағында орналасқан;

2) екі жақты поршенімен поршеньды гидроцилиндр, бұл гидроцилиндрде шток поршеньнің екі жағында орналасқан.



Гидроцилиндрледі есептеу. Гидроцилиндрдің беретің күші төмендегі формуламен анықталады.(шығындар есепке алынбаған жағдайда):


жүктеу 11,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау