Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негізгі мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйені құру болып табылады.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Президент тапсырмалары мен Бағдарлама басымдықтарын ескере отырып, ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындап, сондай-ақ ғылымға арналған бюджет бойынша ұсыныстар енгізетін болады және іргелі әрі қолданбалы зерттеулер көлемін айқындайды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш түрі көзделетін болады, олар: гранттық - елдің ұлттық басымдылықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық - стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; және базалық - мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан шетел сарапшыларының қатысумен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.
Ғылыми өтінімдерді ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лер беретін болады, бұл қойылған міндеттерді шешуде ғылыми еркіндікті көздейді. МҒТС өтінімдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негіздемелігі мәніне техникалық сараптама жүргізгеннен кейін Ғылыми кеңестер зерттеулердің басым бағыттарына негізделген грант беру туралы шешім қабылдайды.
Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсенді қатыстыру үшін жоғары оқу орындары, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылатын болады, сондай-ақ грантты алушы үміткерлер үшін конкурс шарттары тең қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының Жаңа университеті (Nazarbayev University) және Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ірі университеттері базасында зерттеу орталықтары, ұлттық зертханалар, инжинирингтік, жобалау-конструкторлық бюро желісі құрылатын болады.
Зияткерлік меншік объектілерін кешенді және сенімді қорғау тиімді ғылымды дамытудың міндетті шарты болмақ.
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инвестицияларды тарту мақсатында жеке бизнестің белсенді қатысуы қажет, бұл үшін мемлекеттік кредит және мемлекеттік тапсырыс түрінде бастапқы мемлекеттік қолдау көзделетін болады.
Ғылыми қызметті басқару жүйесі мен әкімшілік ету «ғалым - шенеунік - ғалым» қағидаты бойынша жұмыстан «бизнес - шенеунік - ғалым - бизнес» қағидатына бағдарланатын болады.
Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай бөлікте өзгертілмек - іргелік зерттеулер 20 %, қолданбалы зерттеулер 30 %, ТКЖ 50 %.
«Нақты сектордың қажеттіліктер базасы» жаңа ақпараттық ресурсы құрылып, онда кәсіпорындардың қажеттіліктері мен оларды шешу жолдарын қоса алғанда, өнеркәсіп кәсіпорындарын зерттеу нәтижелері жинақталатын болады (зерттеу ұйымдары және бизнес қажеттілігін қанағаттандыра алатын әлеуеті бар дайын технологиялық шешімдер).
Инновациялық саясат
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылдың соңына дейін орта мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіп салаларының басымдықтары бойынша елдің салааралық ғылыми-техникалық жоспарларының нақты міндеті белгіленіп әзірленеді, ол экономиканың басым салалары бойынша елдің нақты белгіленген технологиялық міндеттерін қамтитын Республиканың технологиялық дамуының жаңа деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Салааралық жоспар шеңберінде қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады (гранттар, инжиниринг, сервис, бизнес-инкубациялау және т.б.), инновациялық даму институттары, ҒЗИ, ЖОО-лар, отандық кәсіпорындар, инвесторлар және т.б. технологиялық міндеттерді орындаушылар ретінде көрінеді.
Таяудағы 2-3 жылға арналған инновациялық саясаттың негізгі екпіні технологиялар трансферті, техникалық жаңғырту, бизнес-процестерді жетілдіру, басқару технологияларын енгізу арқылы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыруға жасалатын болады. Бесжылдықтың екінші жартысына қолдау векторын шығарылатын өнім сипатын сапалы жақсартуға, жаңа бәсекеге қабілетті өнімді және оларды дайындау бойынша технологиялық процестерді әзірлеуге ынталандыруға ауыстыруды жоспарлайды.
Осы жұмыстың салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылады, оның негізгі міндеті елдің инновациялық саясатын қалыптастыру және іске асыру болады.
Жыл сайын ғылыми және технологиялық болжамдау, әлемдік және инновациялық нарықтың және жүргізілетін инновациялық саясат тиімділігінің технологиялық даму перспективаларының жай-күйін талдау бойынша зерттеулер (үздік шетелдік және отандық сарапшыларды тарта отырып) жүргізіліп, Үкіметке нақты ұсынымдар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша нақты ұсынымдар берілетін болады.
Салалар мен өңірлер бөлінісінде технологиялық даму бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне рейтингтік бағалау жүргізілетін болады.
Инновациялық қызметті қолдауда мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
инновациялық, оның ішінде қоса қаржыландыру шарттарымен гранттар бөлу;
жобалық, оның ішінде басым салаларда зәкірлік (брендтік) инвесторлармен БК құруға бағытталған қаржыландыру;
халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын, PR-стратегиялар, жастар мен кәсіпорын қызметкерлері, бизнесмендер арасындағы конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және басқа да іс-шаралар өткізуді қамтитын кешенді насихаттау жұмыстарын іске асыру;
2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында технопарктер, Технологияларды коммерцияландыру орталықтары құрылатын болады, оның негізгі міндеті нарыққа отандық инновациялық әзірлемелерді енгізу және жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық міндеттерді шешудегі өнеркәсіп кәсіпорындары қажеттіліктерінің және отандық зерттеушілердің енгізуі үшін ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелердің деректер базасын құру және қолдау болып табылады.
Қосымша элементтер ретінде 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылады, 2010-2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабының базасында Мұнай-газ технологиялық орталығы құрылады.
Құрылатын салалық конструкторлық бюролар пайдаланылатын жабдықтардың, шығарылатын өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсарту, тәжірибе-өнеркәсіптік үлгілерін жасауда техникалық жәрдемдесу жөнінде қызметтер көрсететін болады. Конструкторлық бюро сонымен қатар машина жасау кәсіпорындарының роялти және өзге де қаржы тетіктері шарттарында конструкторлық және жобалық құжаттамаларды беру арқылы жаңа өнімдерді енгізуін жеделдетуге ықпал етеді. Барлық отандық кәсіпорындар бірыңғай шарттар бойынша тәжірибелік-конструкторлық бюро қызметтеріне қол жеткізетін болады.
Инновациялық даму институттары инновациялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық даму институттарының қаражатын тарту мәселесін белсенді түрде пысықтайтын болады.
Мемлекеттік қолдауды іске асыру қаражаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инновациялық даму институттары арқылы беріледі.
Өнеркәсіпті жаңғырту
Салааралық жоспарды іске асыру шеңберінде ірі ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, орта мерзімді перспективаға (5 жылға) арналған технологиялық бағдарлары сипатталған Технологиялық келісімдер әзірленеді және қол қойылады.
Бұл осы міндеттерді шешуге отандық шағын және орта бизнесті тарта отырып, нысаналы бағытталған мемлекеттік технологиялық саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Техникалық, технологиялық және басқару деңгейлеріндегі отандық кәсіпорындардың өсуін ынталандыру және олардың тиімділігінің жасырын әлеуетін іске асыру мыналар арқылы жүргізілетін болады:
қазіргі заманғы басқару және кешенді инжинирингтік шешімдерді енгізу. Бұл ретте құзыретті сарапшыларды, халықаралық инжинирингтік ұйымдарды іздестіру мен тартуға, семинарлар ұйымдастыруға және инжинирингтік шешімдер технологияларды енгізгеннен кейінгі сүйемелдеуге көмек көрсетілетін болады;
негізгі қорларды жаңарту үшін отандық кәсіпорындарға жеңілдікпен кредит беру және лизинг. Жыл сайын Қазақстанның Даму Банкі, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - КДҚ «Даму» АҚ) арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады;
отандық кәсіпорындарды өнімнің және технологиялық үдерістердің сапасын көтеруге ынталандыру. Прогрессивті стандарттар мен техникалық регламенттер енгізілетін болады, оларды сақтау үшін кәсіпорындар перспективалы технологиялық шешімдерді, оның ішінде отандық ғылыми ұйымдардың көмегімен белсенді түрде іздестіретін, әзірлейтін және енгізетін болады;
инновациялар саласындағы уәкілетті органның ірі компаниялар жүргізетін, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ҒЗТКЖ-ларды қоса қаржыландыруы (құқығының 25 %-іне дейін).
Заңнаманы жақсарту
1. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
Мыналарға:
2. Салық кодексіне 150 % мөлшеріндегі корпоративтік табыс салығы бойынша ҒЗТКЖ-ға арналған шығындарды шегерімге жатқызу бөлігінде;
3. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына гранттардың жаңа түрлерін енгізу арқылы инновацияларды дамытуға ынталандыру бөлігінде;
4. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгерістер енгізу.
2.11 Тариф саясаты
Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында шамамен 1000 субъект өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:
552 - су кәріз жүйелері саласында;
407 - электр және жылу энергетикасы саласында;
177 - көлік саласында;
38 - мұнай мен газды тасымалдау саласында.
Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозуы және технологиялық артта қалуы, осыған байланысты тиімділіктің төмендігі мен шығындар проблемасы орын алған, бұл көрсетілетін қызметтер сапасына және тұтынушыларға арналған тарифтер дейгейіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордың барлық табиғи монополиялар салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды.
Нормативті шығындар деңгейінің жоғары болуынан басқа кәсіпорындарда нормадан тыс шығындар да орын алуда, олар тиімсіз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне алып келуде.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейі болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.
Негізгі міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген тиімді тариф саясатын жүргізу.
Нысаналы индикаторлар
1. Базалық табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) нормативтен тыс шығындарын (олар бар болса) төмендету пайызы:
Өлш.
бірлігі
2010жыл
2011жыл
2012жыл
2013жыл
2014жыл
электр желілерінде:
%
1,5
1,5
1,0
0,5
-
жылу желілерінде:
%
2,0
2,5
2,0
0,5
-
су шаруашылығы желілерінде:
%
2,5
1,0
0,5
0,4
-
1. Базалық ТМС-ның нормативтік техникалық шығындарын бекітілген пайыздан төмендету пайызы:
Өлш.
бірлігі
2010жыл
2011жыл
2012жыл
2013жыл
2014жыл
электр желілерінде:
%
1,3
1,0
0,5
0,2
0,1
жылу желілерінде:
%
1,5
1,8
1,0
0,3
0,1
су шаруашылығыжелілерінде:
%
2,6
2,0
2,0
1,0
1,0
3. Реттелетін қызметтер тарифтерінің болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмір, мазут құнының тұрақтылығы мен көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгермеуі шартында).
3.1. Электр қуатына арналған босату бағаларының өзгерісі
Қызметтердің атауы
Өлшем
бірлігі
2010
жыл
2011
жыл
2012
жыл
2013
жыл
2014
жыл
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен
теңге/кВт
10,14
11,09
12,33
13,48
14,65
3.2. Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау тарифтерінің болжамы
Тасымал түрі
Өлшем бірлігі
болжам
2010
2011
2012
2013
2014
облысаралық тасымалда
%
17,6
15
15
15
15
экспорттық тасымалда
%
17,6
15
15
15
15
4. Реттелетін тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету:
Өлшем бірлігі
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің саны
дана
12
15
11
10
12
Іс-қимылдар стратегиясы
Реттелетін нарықтар субъектілерінің тариф белгілеу жүйесін жетілдіру тарифтердің экономика салаларын дамытуға әсерін бағалау құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын болады.
Алдағы кезеңде мыналар көзделеді:
өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру - салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және қызметтер көрсету технологиясын оңтайландыруға ынталандырады;
тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
Экономика салаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді.
Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.
Заңнаманы жақсарту
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін:
«Жеке тұлғалардың су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттелетін қызметтерді тұтыну көлемінің негізделген ауқымын айқындау ережесін», «Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті есептеу әдістемесін» әзірлеу;
ӨЭК қызметі тиімділігінің дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттелетін қызметтеріне арналған сараланған тарифтер әдісін енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген, реттелетін нарық субъектілерінің баға сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған шекті бағадан асырмай шығарылатын (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны дербес түрде азайтуын және көтеруін көздейтін Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережелеріне түзетулер енгізу.
2.12. Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2009 жылдың 9 айын қоса алғанда, 1993 жылдан бергі кезеңде ел экономикасына 102,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ), оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына - 14,6 млрд. АҚШ доллары (жалпы көлемнің 14,2 %-ы) тартылды.
Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында мыналар негізгілері болып табылады:
ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;
ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;
жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;
инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.
Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА, ИА) инвестициялық тартымдылығын көтеру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) дамыту арқылы жүзеге асырылады.
1. АЭА-ның, ИА-ның ағымдағы жай-күйі
Қазақстанда барлығы 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар - «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала» (Астана қаласының ИА); 2) сервистік - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала»; 3) техникалық-енгізу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қаласының ИА-сы «Астана - жаңа қала» АЭА-ның құрамына енгізілді.
Әлемдік тәжірибе АЭА және ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, интеграциялық экономикалық процестерді тереңдету есебінен жеделдетілген экономикалық өсу факторы болып табылатынын көрсетіп отыр.
Қазақстандық АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығы қазіргі уақытта онша жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі нақты қажеттіліктерге және инвесторлар мүдделеріне толық бағдарлана қоймаған.
2. МЖӘ-нің ағымдағы жай-күйі
Қазақстанда инфрақұрылым объектілеріне және олардың сапалы қызмет көрсетуіне қоғам қажеттілігінің өсуі, негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуының ұлғаюы және мемлекетте инфрақұрылым объектілерін жаңарту мен құруға арналған жеткілікті қаржы ресурстарының болмауы жағдайында МЖӘ тетіктерін пайдалану мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алады, жеке инвесторлар әлеуетін іске асыруға және дамытуға әрі институционалдық инвесторлар қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда алғашқы концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесі МЖӘ тетігін пайдалану арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция тарту мүмкіндігінің айғағы болып отыр.
Концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, мыналар:
1) Мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларына жеке меншік инвестицияларды тарту;
2) Капиталды көп қажет ететін объектілерді (инфрақұрылымдық, энергетикалық және т.б.) инвестициялау кезінде инвесторлар мен кредиторлар үшін қолайлы жағдай жасау;
3) Жеке меншік капиталды тарту жолымен тұрғын-үй коммуналдық саланың мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімді әдістерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Негізгі міндеттер
Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту.
Нысаналы индикаторлар
1. Global - 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған мақсатты инвесторлар саны: 2010 - 2, 2011 - 3, 2012 - 4, 2013 - 4, 2014 - 5.
2. Шетелдік мемлекеттермен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу. 2010 - 2, 2011 - 2, 2012 - 2, 2013 - 2, 2014 - 2.
3. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне қол жеткізу: «Тікелей шетел инвестицияларын реттейтін ережелердің бизнеске әсері (101-орын)» - 2010 жыл - 100-орын, 2011 - 99, 2012 - 98, 2013 - 97, 2014 - 96. «Тікелей шетел инвестициялары мен технологиялары» (104-орын) - 2010 жыл - 103-орын, 2011 - 102, 2012 - 101, 2013 - 100, 2014 - 99. «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту. 2010 жыл - 52-орын, 2011 - 51, 2012 - 50, 2013 - 49, 2014 - 48. Елдің бәсекеге қабілеттілігі бойынша Дүниежүзілік Банк индексін 2014 жылы
60 орынға дейін (2009 жылы - 67-орын).
4. АЭА-да қатысушылар санын 2009 жылғы 39-дан 2015 жылы 159-ға дейін және ИА-да 2015 жылға қарай 42-ге дейін ұлғайту.
5. АЭА аумақтарындағы экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндіріске инвестицияларды 2015 жылға қарай
1588 млрд. теңгеге дейін және ИА аумағында - 151 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.
6. АЭА аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндіру көлемін 2009 жылғы 21,9 млрд. теңгеден 2015 жылға - 718 млрд. теңгеге дейін, ИА-да 2015 жылға 719 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде өнім экспортын шығарылатын өнім көлемінің кем дегенде 50 %-ына дейін ұлғайту.
7. МЖӘ-нің жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам кем дегенде
15 жобасын 2015 жылға қарай іске асыру.
Іс-қимылдар стратегиясы
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың негізгі құралдарының бірі тікелей инвестициялар тарту болып табылады.
Жалпы қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі шаралармен қатар Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру бойынша ірі және трансұлттық компаниялар үшін арнайы жағдай жасалатын болады.
Бұл үшін тікелей инвестициялар тарту жөніндегі біртұтас жүйе құру ұйғарылып отыр, ол ынталандырушы шараларды да, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің институционалдық тетіктерін қамтитын болады.
Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі мынадай шараларды қолдану көзделеді:
1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық преференциялар;
жедел және өтеусіз негізде шетел мамандары үшін келу визаларын берудің арнайы тәртібі.
2. АЭА аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:
әлемдік үздік практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртібі. Жеңілдіктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға ұсынылатын болады.
шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
3. Танымал шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялар қатысатын неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шаралары:
салықтық жеңілдіктер және преференциялар;
ұзақ мерзімді мемлекеттік ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;
ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары көзделейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.
Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың осы шаралары жөніндегі шешім Үкімет деңгейінде қабылданатын болады.
Экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тартуды өрістету мақсатында әрбір әлеуетті ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.
Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:
мақсатты әлеуетті инвесторларды, ең алдымен ТҰК арасынан іздестіру және айқындау;
мыналарды:
Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге байланысты қажетті формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесуді;
Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекші компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;
Достарыңызбен бөлісу: |