Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


Тікелей нәтиже көрсеткіші



жүктеу 1,55 Mb.
бет5/7
Дата08.03.2018
өлшемі1,55 Mb.
#11874
1   2   3   4   5   6   7

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі (кемінде 37%)

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2014 жылы 76 210,5 мың транзакцияны құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 63,4%-ға (2012 жылы осы төлемдердің саны 46 630,6 мың транзакция) өсті.



Іс-шара: Халық арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлеу тәсілдерін пайдаланудың артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Халықтың төлем карточкалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық Банк және оның облыстардағы аумақтық филиалдары халық арасында және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысының әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылығын насихаттау және түсіндіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.


Жалпы алғанда, 2014 жылы мақсатты индикатордың және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орындалғаны байқалды. Мәселен, кемінде 95% қойылған жоспарлы мәні кезінде БААЖ жұмысқа қабілеттілігінің коэффициенті 99,949%, жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті – 99,979% болды. Жыл бойы төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг және бақылау жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің үздіксіздігі коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу жүргізілді. Резервтік орталықтың жұмысын қолдау мақсатында жыл бойы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне және керісінше негізгі серверге аудару жұмыстары екі рет (2014 жылғы 16 мамырдан бастап 2014 жылғы 23 мамыр аралығында және 2014 жылғы 17 қазаннан бастап 2014 жылғы 24 қазан аралығында) жүргізілді. Жылдың қорытындысы бойынша төлем жүйелерін резервтік орталықтың негізгі серверіне көшіруді талап еткен төтенше жағдайлар (іркілістер) байқалған жоқ.

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі 63,4%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш кемінде 37%.

2015 жылы қойылған мақсатты индикаторға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді барынша азайту, қазіргі заманғы технологияларды қолдану негізінде бөлшек қолма-қол жасалмайтын төлемдерді дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады.

4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 95)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2014-2015 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша жыл қорытындысы бойынша 108 орынды иеленді.



Қол жеткізілмеу себептері:

Рейтингтегі төмендеу басқа елдермен рейтингінде өз позицияларының жақсаруы аясында Қазақстанның банк секторындағы жұмыс істемейтін қарыздармен оңай емес жағдайдың сақталуымен түсіндіріледі.


4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау

Іс-шара: Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 37-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдама әзірленді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (25% төмен емес)

2014 жылғы банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 12 106,1 млрд. теңгені құрап, 7,2%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8 565,5 млрд. теңгеге дейін 7,9%-ға өсті, шетел валютасында - 3 540,6 млрд. теңгеге дейін 5,5%-ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсандағы 70,3%-бен салыстырғанда, 2014 жылғы желтоқсанда 70,8%-ға дейін өсті.

Ұзақмерзімді кредиттеу 2014 жылғы 9 608,6 млрд. теңгені құрап 4,9%-ға өсті, қысқамерзімді – 2 497,5 млрд. теңгеге дейін 17,2%-ға өсті. Нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда 81,1%-дан 79,4%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2014 жылы 8 091,3 млрд. теңге болып, 5,6%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 4 014,8 млрд. теңгеге дейін 10,7%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда 32,1%-дан 33,2%-ға дейін өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2014 жыл ішінде 1 787,8 млрд. теңгеге дейін 39,3%-ға артты, ол экономикаға берілген кредиттің жалпы көлемінің 14,8% құрайды (2013 жылғы желтоқсанда – 11,4%).

Салалық бөліністерде банктердің экономикаға берген кредиттерінің айтарлықтай сомасы саудаға - 20,0% (2013 жылғы желтоқсанда – 19,5%), өнеркәсіпке – 11,3% (11,4%), құрылысқа – 9,4% (12,3%), ауыл шаруашылығына – 4,0% (3,3%) тиесілі.

2014 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақының мөлшерлемесі 14,4% (2013 жылғы желтоқсанда – 10,0%), жеке тұлғаларға – 18,7 % (20,3%) құрады.



Іс-шара: Кредит нарығының өлшемдерін зерделеуді жүргізу

Банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» зерттеу жүргізуі банктер ұсынған ақпаратты талқылай отырып, сауалнама және банктің жауапты қызметкерлерінен сұхбат алу нысанында өткізіледі. 2014 жылы 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері ҚРҰБ басшылығына берілді және ҚРҰБ интернет-ресурсында жарияланды (2014 жылғы ақпан, мамыр, тамыз, қараша).

Банктердің кредит нарығының сапалы өлшемдері бойынша тексеру қорытындылары бойынша 2014 жылы банктер теңгелік өтімділіктің тапшылығы аясында қатаң кредиттік саясатты ұстанды, бұл өз кезегінде кредит нарығының өсуін тежеді. Жалпы алғанда ағымдағы экономикалық конъюнктура банктердің қарыз алушылардың жеке тәуекелдерін қайта бағалауына ықпал етті, бұл қарыз алушыларды кредиттеу кезінде жоғары талаптарды сақтаудан байқалды. Кредит нарығы сондай-ақ қарыз алушылар тарапынан төлем қабілеттілігі сұранысының төмендеуімен, сол сияқты қорландыру тапшылығының банктердің кредиттік белсенділігіне шектеулі ықпалымен сипатталады. Тұтастай алғанда банктердің бағалауы бойынша банк секторындағы кредиттеудің айқын өсуі нарықта қолжетімді өтімділіктің көлеміне және банктердің несие портфелінің сапасын қалпына келтіру жылдамдығына байланысты болады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі (кемінде 10%)

Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 22,9% болды, бұл жоспарда белгіленген мақсатты деңгейге сәйкес келеді.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Жұмыс істемейтін қарыздардың ЕДБ портфеліндегі үлесі (кемінде 30%)

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк жүйесі бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың (90 күннен аса мерзімі өткен қарыздар) деңгейі 23,5%-ды (3 340,4 млрд. теңгені) құрады, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,2%-ға төмендеді. Абсолюттік көрсетуде жұмыс істемейтін қарыздар 19,7%-ға немесе 817,8 млрд. теңгеге төмендеді. Төмендеу басым түрде:

– екінші деңгейдегі банктердің, әсіресе «ескі жұмыс істемейтін қарыздардың» елеулі көлемі бар ірі банктердің жұмыс істемейтін қарыздарға қатысты (мерзімі өткен қарыздарды азайту бойынша қызметті бағалау және бақылау комиссиясының қызметі шеңберінде) белсенді саясат жүргізуі;

– басым түрде шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу есебінен, несие портфелінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Осылайша, тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне толық қол жеткізілді.

Іс-шара: Стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымдарға (ПКҚ және КАБҰ) екінші деңгейдегі банктердің проблемалық активтерін берудің мониторингі

ҚРҰБ 2014 жылы мынадай іс-шаралар жүргізді:



  • «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың екінші деңгейдегі банк –термен ынтымақтастық тетігін кеңейту мақсатында ҚРҰБ Басқармасы 2014 жылғы 27 мамырда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың жұмыс істеу тұжырымдамасын қабылдады;

  • Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп

  • 2014 жылы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту бойынша іс-шараларды жүргізді (бөлінген қаражатты аудару бойынша іс-шара 2014 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінде аяқталды);

  • Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-пен бірлесіп нысаналы топқа кіретін банктермен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-қа берілетін активтер мен олардың көлемін анықтау мәселелері бойынша, активтерді беру бойынша операцияларды жүргізу кезінде рәсімдік мәселелерді талқылау бойынша іс-шаралар жүргізді.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге күмәнді және үмітсіз активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарды құруға 8 рұқсат берді. Екінші деңгейдегі банктер ҚАБҰ-ға нақты берген/сатқан активтердің жалпы сомасы 110,3 млрд. теңгені құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа, оның ішінде техникалық дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2014 жылы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банк секторына стресс-тест жүргізу

2014 жылы Ұлттық Банк 4 стресс тест жүргізді:



  • Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы ақпан-наурызда ҚРҰБ ХВҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының қаржылық орнықтылығын бағалау» (FSAP) бағдарламасы шеңберінде мынадай стресс-тест жүргізді:

  1. top-down форматында банк секторының төлем қабілеттілігін бағалау бойынша стресс-тест жүргізу, мұнда тестіден негізгі өткізілетін тәуекелдер – кредит және нарық тәуекелі;

2) екінші деңгейдегі банктердің LCR (Liquidity Coverage Ratio) өтімділік нормативтерін орындау мүмкіндігін айқындайтын bottom-up форматындағы өтімділік тәуекеліне стресс-тест жүргізу;

Түпкілікті нәтижелер ХВҚ қорытынды есебінде көрсетілген.



  • Ресей Федерациясына қатысты қабылданған санкцияларға байланысты осы елдің экономикалық жағдайы өзгеруінің Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуына ықпалын бағалау мақсатында 2014 жылғы қазан-қарашада 2014 жылғы 30.09. жағдай бойынша деректер мен сценарийлерге негізделген жеті банк бойынша «Bottom-Up» форматында стресс-тест жүргізілді;

Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2014 жылғы есебін дайындау шеңберінде 2014 жылғы қараша –желтоқсанда «Top-down» форматында стресс-тест жүргізілді, нәтижелері ҚРҰБ басшылығына жіберілді және 2015 жылы «Bottom-up» форматында стресс-тест жүргізу туралы хабарлау үшін банктердің тізімі жасалды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Банктік емес қаржы ұйымдары секторының шоғырлануы» көрсеткіші

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржы жүйесінің жиынтық активтеріндегі басқа қаржы корпорациялары активтерінің үлесі 25%-ды құрады13. Осылайша, тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне толық қол жеткізілді.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бес ірі банктің банк секторының активтеріндегі үлесі (55%)

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 38 банк бар.

Бес ірі банктің («Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ) үлесі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 52,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіш нарық конъюнктурасына байланысты. Бұл көрсеткішке ықпал ету Ұлттық Банктің құзыретіне жатпайды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (10%)

ҚРҰБ-ның 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – Қор) жарғылық капиталын 10%-ға дейін ұлғайту жоспарланған.

Тармақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ««Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 165 қаулысымен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ««Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 165 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 195 қаулысымен орындалды.

Қордың жарғылық капиталы он алты миллиард бір жүз бес миллион теңге (Қордың жарғылық капиталының 10%-ы) сомасына толықтырылды.

Қордың жарғылық капиталын ұлғайту қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпыәлемдік қадағалау стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Дағдарысты жағдайларды болдырмауға ықпал ететін тәуекелдерді бағалауға негізделген банктердің қаржылық орнықтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін банк секторын реттеу мен қадағалау жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикатор: Банк жүйесіндегі CAELS ≤3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі (кемінде 30%)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті Төрағасының 2012 жылғы 3 қазандағы № 142 бұйрығымен бекітілген CAMELS жүйесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің рейтингін айқындау жөніндегі нұсқаулықта CAELS бойынша жиынтық рейтинг беру көзделмеген.

Осыған байланысты CAELS-тің әрбір құрамдас бөлігі бойынша бөле отырып, 2014 жылғы 1 қазандағы жағдайдағы рейтингтер бойынша ақпарат береміз:





C

A

E

L

S

≤ 3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктер саны

20

26

29

31

36

≤ 3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің банк жүйесіндегі үлесі

53%

68%

76%

82%

95%


5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ-дегі тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру, ЕДБ-нің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қарыз қаражатын алудың оңайлығы» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 61)

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес 2014-2015 жылдардағы кезеңде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2014 жылы 43-орын алды.


Банктердің заңнаманы бұзу саны

2014 жылы ҚРҰБ (Банктік қадағалау департаменті) заңнаманы бұзғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қатысты шамамен 100 (жүз) шектеулі ықпал ету шарасын қолданды.

2014 жылғы 1 қаңтар – 2015 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде банк секторының субъектілерін қашықтықтан қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша банктерге, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларына қатысты айыппұл салу түрінде 20 санкция қолданылды. Банктерден, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларына өндіріп алынған соманың жалпы мөлшері 7 019 080 теңгені құрады.

Лицензияны тоқтата тұру түріндегі санкциялар мына 5 банкке қатысты қолданылды:

1) «Қазақстан Зиират-Интернешнл Банк» АҚ ЕБ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысы);

2) «Казкоммерцбанк» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 80 қаулысы);

3) «Цеснабанк» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысы);

4) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 82 қаулысы);

5) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысы).
Іс-шара: Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

1) «Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 70;

2) проблемалық активтердің сапасын жақсарту жөніндегі барлық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ үмітсіз берешекті кешірудің кредит бойынша үмітсіз берешекті кешірудің тәртібі мен негізін көздейтін критерийлерін оңтайландыру үшін КАБҰ өкілеттіктерін кеңейту жолымен әкімшілік кедергілерді оңтайландыру жөніндегі шараларды көздейтін «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71.



Іс-шара: Екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық кредиттеуінің өсуін шектеу жөнінде шаралар қабылдау

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 27 мамырдағы № 98 қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар тұтынушылық кредиттеу секторындағы жүйелік тәуекелдерді шектеу мақсатында ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысы қабылданды, оған сәйкес 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап 30%-дың деңгейде жыл сайынғы өсім енгізілді, сондай-ақ банктердің меншік капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде тұтынушылық кредиттер бойынша саралау тәуекелі 75%-дан 100%-ға дейін қатаңдатылды.

6-стратегиялық бағыт.

Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын

одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру

Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша қаржылық орнықтылығының біріктірілген индексінің мәні (2,4 артық емес).

Бұл индикатордың мәні 2015 жылғы 1 желтоқсанда – 1,7-ді (қалыпты, тәуекел деңгейі қалыпты), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша – 1,7.


6.1.1-міндет. Халықаралық стандарттар негізінде сақтандыру ұйымдарын пруденциялық реттеуді одан әрі жетілдіру және исламдық сақтандыруды ендіру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Меншікті капитал жеткіліктігі нормативінің жиынтық мәні (төлем қабілеттілігі маржасы) – 1,4.

Бұл көрсеткіштің мәні 2015 жылғы 1 қаңтарда - 3,3-ті (яғни сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру деңгейі жоспарланған көрсеткіштен жоғары), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша - 3,4-ті құрады.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 255 млрд. теңге

01.01.2015ж. жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 266,1 млрд. теңгені құрады.


Іс-шара: Сақтандыру ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру

Бұл іс-шара ұзақмерзімді сипатта болғандықтан, ол Solvency II стандарттарын енгізу шеңберінде 2015 жылы іске асырылатын болады. Бұл ретте 2014 жылы сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Мәселен, салық салу және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін сақтандыру резевтерін қалыптастырудың тәсілдерін үйлестіру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысы қабылданды, ол қабылданғаннан кейін:

- сақтандыру резервтерін қалыптастыруды реттейтін екі нормативтік құқықтық актінің (салық салу мақсаттары үшін әзірленген № 751 қаулы және реттеуіш мақсаттары, оның ішінде пруденциялық нормативтерді есеп үшін әзірленген № 612 қаулы) қайталануы алынып тасталды;

- 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жинақтап сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша тарифтік және резервтік базистің теңдігі қамтамасыз етілді, яғни сақтандыру резервтерін есептеудің бірыңғай қағидалары белгіленіп, сақтандыру резервтерімен айла-шарғы жасау алынып тасталды;

- РПНУ және РЗНУ есептеу тәртібі нақтыланды;

- меншікті капитал қаражатының есебінен қосымша сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптар (КТР – көзделмеген тәуекелдер резерві, ТР – тұрақтандыру резерві) пруденциялық нормативтерге ауыстырылды.

Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру шеңберінде 2014 жылғы 6 мамырда Ұлттық Банк Басқармасының:

- медициналық сақтандыруға маманданған монокомпаниялардағы тәуекелдің төмен деңгейін ескере отырып, медициналық сақтандыруға маманданған сақтандыру ұйымдары үшін ең төменгі кепілдік қорын 10%-ға төмендету;

- ерікті жеке сақтандырудың сыныптары (жазатайым жағдайлардан сақтандыру, ауырған жағдайдағы сақтандыру) үшін тұрақтандыру резервін қалыптастыру жөніндегі талаптарды алып тастауды көздейтін «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 77 қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар 2014 жылғы 24 желтоқсанда Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасының бағалы қағаздар ресми тізілімінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысы қабылданды, оған сәйкес:

- өтімділігі жоғары активтердің баланстық құнын дисконттаудың қолданыстағы тәсілі («В-»-ден төмен борыштық БҚ, рейтингсіз, бірінші және екінші санаттағы акциялар) тоқтатылды, бұл 12,4 млрд. теңгені немесе сараланған активтердің 2,6%-н босатуға мүмкіндік береді;

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының рейтингіне байланысты ең төменгі төлем қабілеттілігі маржасын ұлғайту тәсілі ырықтандырылды («ВВВ-»-тен жоғары – қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер көлемінің 0%, «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейін – 0,21%, «В+»-тен «В-»-ке дейін –0,75%және «В-»-тен төмен немесе рейтингі жоқ – 22%);

- қайта сақтандырушыны рейтингтік бағалау тәсілі ырықтандырылды, яғни рейтингтік бағаның мәні немесе нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні қайта сақтандыру шартын жасау күніне есептеледі.


жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау