Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



жүктеу 1,55 Mb.
бет7/7
Дата08.03.2018
өлшемі1,55 Mb.
#11874
1   2   3   4   5   6   7

2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

1-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.2-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету

Іс-шара. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару процесін жетілдіру үшін бағдарламалық өнімдерді ендіру («HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру)

ҚРҰБ басшылығында болған мәжілістің хаттамалық шешімдерінің негізінде ендірудің 2 сатысы бойынша жұмыс тоқтатылды. Лицензиялық келісім мен Қызметтерді беру туралы келісім оларды аяқтау мерзімі өткеннен кейін ұзартылмайтын болады.

«STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) функционалын дамыту жұмыстары орындалды. Жүйені өндірістік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жұмыстар 2015 жылы жалғастырылатын болады.

4-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтылығын

қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру

4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету

Іс-шара. Қаржылық тұрақтылықты және орталық банктердің тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларды, тағылымдамаларды, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру мен оларға қатысуы

Орталық банктердің қаржылық тұрақтылығын және тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерттеу мақсатында 2014 жылы ҚРҰБ-тың 20 қызметкері шетелдік орталық банктердің өкілдерімен бірге шетелдік семинарларға, жұмыс кездесулеріне қатысты, онда қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелік тәуекелдерге талдау, экономикалық және макропруденциалдық талдау мәселелері қарастырылды.

Олардың ішіндегі 14 қызметкер ХВҚ-пен бірге Бірлескен Вена Институттары, Корея Банкі, Чехияның Ұлттық Банкі мен Дойче Бундесбанк, Швейцарияның Ұлттық Банкі, Англия Банк, Испания Банкі, Австрия Банкі, Депозиттерді сақтандыру жүйесінің халықаралық қауымдастығының Азия-Тынық мұхит өңірлік комитеті ұйымдастырған шетелдік семинарларға, ҚРҰБ-тың 2 қызметкері М.В. Ломоносов атындағы ММУ және Арменияның Орталық Банкі ұйымдастырған ТМД жөніндегі семинарларға қатысты.
Ақпарат жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Іс-шара. Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 банктік ақпарат жүйесін (Т24 БАЖ) дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады:

1) Т24 БАЖ пайдаланушыларын қолдау;

2) қарсы әріптестерді енгізу, Т24 БАЖ-да шоттарды ашу/жабу және өзгерту;

3) пайдаланушылардың бизнес-процестерінің функционалын, Т24 БАЖ-да қалыптастырылатын есептерді, сыртқы жүйелермен интерфейстерді өзгерту бойынша пысықтау орындалды;

4) Temenos компаниясының шартына сәйкес Т24 БАЖ-ды жан-жақты зерттеу және бағдарламалық-техникалық архитектура зерттеулері бойынша жұмыс жүргізілді;

5) пайдалану процесінде туындаған Т24 БАЖ қателері бойынша Temenos компаниясының қолдау көрсету қызметімен өзара іс-қимыл жасалды және талдау жүргізілді, қолдау қызметі ұсынған түзету рәсімдері мен патчтарды тестілеу жүргізілді, қолданылды.


Іс-шара. «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және ендіру.

Есепті кезеңде ӘШҚ жүйесін сатып алу және ендіру бойынша шешім қабылдау мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылды. ҚРҰБ еншілес ұйымдарын автоматтандыру және қолма-қол ақша айналымын басқару және есепке алу жөніндегі талаптарды енгізу бөлігінде Техникалық ерекше нұсқаманың жобасы әзірленді. ӘШҚ функционалдық мүмкіндіктерін Т24 БАЖ модульдарында іске асыру туралы Temenos компаниясынан ақпарат алынғанға дейін жұмыс тоқтатылды.


Мемлекеттік тілдің дамуын және қолданылуын қамтамасыз ету

Іс-шара: Ұлттық Банк жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде іс қағаздарды мемлекетті тілде жүргізу

2014 жылғы 3 маусымнан бастап ҚРҰБ ОА құрылымының өзгеруіне байланысты және ҰБ-та мемлекеттік тілді қолдану және ендіру саласын кеңейту мақсатында Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі қаулысына сәйкес Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды. Аталған басқарманың функциясы Ұлттық Банктің орталық аппаратының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру; ҰБ орталық аппаратының қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқытудың тиімділігіне талдау жасау; ҚРҰБ актілерінің, шешімдері мен өзге құжаттарының үлгі нысандарын мемлекеттік тілде дайындау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік тілді дамыту және ендіру бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ҰБ-тың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жұмысты іске асыру.

ҚРҰБ-та мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясатын насихаттау бойынша жұмыстар ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ҰБ-тың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес іске асырылады.

Жоспарға сәйкес банк қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқыту, қызметкерлердің мемлекеттік тілдегі құжаттарды өз бетінше дайындауы, мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлгі нысандарын даярлау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту және ендіру бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру шараларының кешені көзделді.



Банк қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқыту бойынша

2014 жылы ОА-ның 53 қызметкері мен Банк филиалдарының 174 қызметкері мемлекеттік тілге оқыту курстарының 3 кезеңін аяқтады.

Ағымдағы жылы оқу 11 топта (115 адам) жүргізіледі.

Белгіленген міндеттерді шешу, сондай-ақ банк жүйесінде қазақ тілін оқыту процесін жүйеге келтіру және мемлекеттік тілге оқыту сапасын жетілдіру үшін республиканың жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен қазақ тіліне деңгейлік оқыту жөніндегі оқу бағдарламасы әзірленді және бекітілді.

Бұл бағдарлама Еуропалық стандарттың деңгейлеріне сәйкес келетін қазақ тілін игерудің деңгейлерін (қарапайым, негізгі, орташа, ортадан жоғары, жоғары) бағалау бойынша «Қазтест» жүйесіне сәйкес оқыту болжанады.

2014 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейінгі кезеңде бағдарлама ҚРҰБ орталық аппаратын мемлекеттік тілге оқыту курстарында сараптаудан өткізілді және өзінің тиімділігін көрсетті.

Ағымдағы жылғы ақпанда бұл бағдарлама ҚРҰБ орталық аппараты мен филиалдарының мемлекеттік тілді оқыту курстарына енгізілетін болады.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес Банктің ОА мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері үшін деңгейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (аудиодиск + жұмыс дәптері, сөздік), салалық тілдескіштер (12 тілде) дайындау жүзеге асырылуда.

Сонымен қоса, банк терминологиясы жөніндегі негізгі терминдерді біріздендіру мақсатында «Банк қызметкерлерінің ағылшын-орыс-қазақ тілдеріндегі сөздігі» әзірленді.

ҚР Ұлттық Банкіндегі тілдік ахуал туралы мониторинг жүргізілді.

Құжаттардың үлгі нысандарын мемлекеттік тілде даярлау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастырды.

Ағымдағы жылғы есепті кезеңде барлығы 6 үлгі нысан бекітілді және ендірілді.

Қазіргі кезде банк қызметкерлері бекітілген үлгілерге сәйкес құжаттарды мемлекеттік тілге өз бетінше дайындайды.
Мемлекеттік тілді дамыту және ендіру бойынша өзге де іс-шараларды ұйымдастыру

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте тіл саясатын насихаттау және Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеу мақсатында Ұлттық Банктің ОА және Алматы қалалық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылғы 21-22 қазанда Алматы қаласында ҚРҰБ Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп қаржы және банк жүйелерінде мемлекеттік тілді қолдану проблемалары мен терминдерді бірегейлендіру проблемаларына арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шара жұмысына ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның мүшелері, Ұлттық Банктің орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының жауапты қызметкерлері, жетекші екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік органдардың, министрліктердің өкілдері, банк жүйесінде мемлекеттік тілді оқыту курстарының оқытушылары мен белгілі тілтанушы ғалымдар, сондай-ақ банк саласының мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында банк және қаржы салаларындағы мемлекеттік тілдің ахуалы, мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу, мемлекеттік тілде оқыту, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді, сөздіктер мен тілдескіштерді әзірлеу мәселелері, сондай-ақ банк терминологиясының аудармасы мен банк терминдерін біріздендіру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аталған іс-шараның ұйымдастырушылары «Хабар» арнасына сұхбат берді, «Айқын», «Түркістан» және «Ана тілі» республикалық баспа басылымдарында мақалалар мен сұхбат жариялады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту

Іс-шара. Ұлттық Банктің өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерінің көрсетілуін қамтамасыз етуі.

Ведомствоаралық комиссияның Рұқсат етілетін жүйені жетілдіру мәселелері жөніндегі 2014 жылғы 20 мамырдағы №13 хаттамасына сәйкес ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б. Сағынтаевтың төрағалық етуімен №13 хаттаманың 1-қосымшасына сәйкес автоматтандыруға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) рұқсаттары мен хабарламаларының мынадай тізбесі бекітілді:



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

  1. Тіркеуші қағидаларының жиынтығын келісу;

  2. қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын келісу;

  3. ірі қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иеленуге келісім беру;

  4. ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;

  5. ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру;

  6. қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру үшін келісім беру.

  1. рәсім

  1. уәкілетті банктің айырбастау бөлімшесінің қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлама;

2014 жылға автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірленді және оларды Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары С.С. Сәрсенов пен Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Н.Ж.Құсайынов бекітті.
Іс-шаралар жоспарларының 1.1-тармақтарын орындау мақсатында жоғарыда көрсетілген Ұлттық Банктің 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметі мен 1 рәсімі бойынша 2014 жылға арналған талдамалық есептері бекітілді, оның ішінде:

  • 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Н.Ж.Құсайынов және Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары С.С. Сәрсенов бекітті;

  • 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен 1 рәсім бойынша – 2014 жылғы 6 қазанда Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О.А.Смоляков және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Төрағасы (бұдан әрі – ҚР ИДМ БААК) С.С.Сәрсенов бекітті.

Сондай-ақ Іс-шаралар жоспарының 2.1. және 2.2-тармақтарын орындау үшін мынадай құжаттар бекітілді:

  1. 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша

  • «Е-лицензиялау мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЕЛ МД АЖ) пысықталған функционалы бөлігінде тәжірибелік пайдалануға енгізу актілерін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О.А.Смоляков пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) Басқармасы Төрағасының орынбасары Т.О. Есмағамбетов бекітті;

  • ЕЛ МД АЖ пысықталған функционалы бөлігінде тұрақты пайдалануға енгізу актілерін 2014 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О.А.Смоляков және 2015 жылғы 8 қаңтарда «ҰАТ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Т.О.Есмағамбетов бекітті;

  1. 1 рәсім бойынша

  • 2014 жылғы 21 қарашадағы ЕЛ МД АЖ пысықталған функционалы бөлігінде тәжірибелік пайдалануға енгізу актісін 2014 жылғы 21 қарашада Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Н.Ж.Құсайынов пен ҚР ИДМ БААК Төрағасы С. Сәрсенов бекітті;

  • 2014 жылғы 26 қарашадағы ЕЛ МД АЖ пысықталған функционалы бөлігінде тұрақты пайдалануға енгізу актісін 2014 жылғы 26 қарашада Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О.А.Смоляков және «ҰАТ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Т.О.Есмағамбетов бекітті.



3-бөлім. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Сыртқы тәуекелдер

Энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының құлдырауы

Әлемдік қаржы дағдарысы

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттілігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы.

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы

1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын, активтердің жоғары өтімділігін және инвестициялық кіріс өсімін қамтамасыз ететіндей, тиімді басқару.

2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу

Іс-шаралар:

1. Есепті кезеңнің үшінші және төртінші тоқсандарында өтімділіктің жеткілікті деңгейін қолдау үшін өтімділік портфелін қажетті толтыру жүзеге асырылды.

2. Ықтимал алуды қамтамасыз ету мақсатында қысқамерзімді өтімділікті қолдау үшін ҰҚ-тың тұрақтандырылған портфелінің барынша жоғары деңгейі сақталады.
Ықтимал тәуекел. Қаржылық тұрақтылыққа төнуі мүмкін қауіп-қатер

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Қаржы нарығында жүйелік дағдарыстың дамуы.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстанда макропруденциялық реттеуді енгізу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Тәуекелдерді нақты басқару

1. Тәуекел жүзеге аспағандықтан 2014 жылы шараларды қабылдау қажеттілігі болған жоқ.

2. 2014 жылы Қаржылық тұрақтылық және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

- экономиканы банктердің кредиттеуімен қамтамасыз ету;

- ЕДБ-ның туынды қаржы құралдарымен мәмілелерін шектеу;

- СВОП валюталық пайыздық операцияларын жүргізу;

- Базель ІІІ капиталының стандарттарына көшу;

- Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жетілдіру;

- төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын жаңғырту;

- сақтандыру секторының даму бағыттары:

- Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы жөніндегі 2013 жылға арналған есебінің тұжырымдарын талқылау;

- Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы жөніндегі 2013 жылға арналған есебінің шеңберінде тәуекелдерді талдау;

- Ресей Федерациясына қатысты санкциялардың ықпалы;

- банк капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту;

- проблемалы ипотекалық қарыз алушылар;

- Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы;

- сақтандыру секторы;

- банк секторының ағымдағы тәуекелдері және оларды бақылау құралдары;

- банк секторының ағымдағы мәселелері;
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Капиталдың тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға жүргізілген статистикалық мониторинг деректері негізінде қолданылатын жедел ден қою шаралары

Іс-шара:

Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекел туындаған жоқ).



Ислам әлеміндегі геосаяси тұрақсыздық және террорлық топтардың қызметі

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:
Ислам қаржы жүйесінің ислам экстремизміне және террорлық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысы бар деген қалыптасқан пікірдің болуына байланысты исламды, оның ішінде исламдық қаржыландыруды теріс қабылдаудың күшеюі. Бұл жағдай елдегі исламдық қаржыландыру секторының өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.

Ықтимал тәуекелді басқару тетіктері мен шаралары

Исламдық қаржы туралы хабардар болуды одан әрі жылжытуға және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру.

Тәуекел туындаған жоқ, бұл орайда алдын алу шаралары ретінде исламдық қаржыландыру туралы хабардарлықты жылжытуға және арттыруға бағытталған мынадай ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Оқыту семинарларын ұйымдастыру

Ұлттық Банктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде исламдық қаржыландыру жөнінде 10 оқыту семинары ұйымдастырылды. Олардың қатарында ҚРҰБ 2014 жылғы 29-30 мамырда Туран университетінің жанындағы Исламдық қаржы жөніндегі оқу-талдамалық орталығында ҚРҰБ-тың қолдауымен өткізген еліміздің ЖОО-дағы профессорлар мен оқытушылар құрамы үшін исламдық қаржыландыру жөнінде семинар бар.

Бұдан басқа, Алматы қаласында 2014 жылғы 17-19 маусымда Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің, ЕурАзЭО мен ТМД елдерінің орталық (ұлттық) банктері, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Қазақстанның қаржы нарығының өкілдері үшін исламдық банкинг және исламдық сақтандыру жөнінде семинар-практикум ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ҚРҰБ 2014 жылғы қазан-қараша айларында Халықаралық бизнес университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Назарбаев университеті, ҚМЭБИ университеті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы секілді Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін 8 семинар өткізді.



Материалдар шығару

2014 жылы ҚРҰБ исламдық қаржыландыру бойынша 5 материалды жарыққа шығарды, олар – ТМД және Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері үшін «Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту перспективалары» тақырыбына өткізілген семинардың қорытындылары бойынша 3 баспа –релизі, «IV Қазақстан ислам қаржы конференциясы (KIFC)» және ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Қайрат Келімбетовтің «Ислам Давосына» қатысуы.

Одан басқа, ҚРҰБ «ТМД және Еуразиялық Экономикалық Одақта исламдық қаржыландыруды дамыту» және «Исламдық қаржыландыруды дамыту қағидаттары бойынша Кеңестер қызметінің талдауы» атты мақалалар әзірлеп, жарыққа шығару үшін «Экономикалық шолу» атты ҚРҰБ-тың тоқсан сайынғы басылымына жолдады.
Ішкі тәуекелдер

Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы.

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Өтімділік дағдарысы кезінде бос қаражаттың (АВА-ның инвестициялық портфелінен активтерді аудару үшін және қолма-қол қаражатты босату үшін оларды сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін.

Күнтізбелік тоқсанда бір рет тексеріледі (әрбір тоқсанның оныншы жұмыс күнінде). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы параметрлерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелі толықтырылады.

АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болған жоқ. Сонымен бірге, өтімділіктің қажетті деңгейін бақылау және ұстап тұру бойынша жұмыстардың аясында есепті кезеңде өтімділік портфелін қажетті толықтырулар жүргізілді.

Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген өңірлерде қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және, соның салдарынан, әлеуметтік шиеленістің туындауы.



Басқару тетіктері мен шаралары

Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық өңірлеріне қолма-қол ақша жеткізу шараларын әзірлеу.

Ұлттық Банктің жалпы резервтік қорларында (сақтау орны), сондай-ақ өңірлік филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаның жетіспеу жағдайында шаралар қабылдау және ықтимал тәуекелдерді барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлары кеңесінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 177 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету ережесіне сәйкес Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорларындағы қалған ұсынылатын қоры әзірленіп, ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары бекітті.

Ұлттық Банктің өңірлік филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға қажеттіліктің кез-келген кенеттен күрт өсуін қанағаттандыру үшін қажетті қаржы шоғырландырылған. Аталған іс-шаралар, бір жағынан, өңірлерде қолма-қол ақшаға қажеттіліктің кез-келген кенеттен күрт өсуін жабуға жеткілікті қаржы көлемдерімен қамтамасыз ету үшін, және екінші жағынан, түрлі ықтимал төтенше жағдайлардың (су басу, өрт, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан бір жерде шоғырланған қолма-қол ақшаны жоғалтудың ықтимал тәуекелін төмендетеді.

Ұлттық Банктің Басқармасы 2015 жылға банкноттар көлемі мен ұлттық валюта монеталарын бекітті:



  1. Ұлттық Банк Басқармасының «2015 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №175 қаулысы;

2) Ұлттық Банк Басқармасының «2015 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №176 қаулысы.

Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Ұлттық Банк қызметі нәтижелілігінің төмендеуі

Қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру

Жаһандық экономикалық дағдарыс қауіпі жағдайында уақыт талабына төтеп бере алу қажеттілігі Ұлттық Банкке өз қызметкерлерін оқытуға жауапкершілік жүктейді.

Бір жылдың ішінде Ұлттық Банктің қызметкерлері кәсіптік қызметінің жеке бағыттары бойынша біліктіліктерін арттырды (оның ішінде, қашықтан оқу), басқару, көшбасшылық және стратегиялық ойлау дағдыларын дамытты, сондай-ақ тілдерді оқыту курстарында мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыды.

ҚРҰБ қызметкерлері бір жыл ішінде семинарларда (курстарда, тренингтерде) оқудан өтіп, ҚРҰБ-тың базасында Қазақстан Республикасының және ТМД шегінде, сондай-ақ шетелдерде тағылымдамадан өтті. Шетелде оқыту ХВҚ, БВИ сияқты халықаралық ұйымдар мен Франция Банктері, Дойче БундесБанк, Чехия, Нидерланд, Польша, Корея және басқа шетелдерінің орталық банктерінің базасында өтті.

Одан басқа, топ-менеджерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру және басқарушылық дағдыларын жетілдіру мақсатында Ұлттық Банк М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесіп 2014 жылғы маусым-қыркүйек аралығында Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшылары үшін Executive Management қосымша білім алу бойынша қашықтан оқыту ұйымдастырылды.

Ұлттық Банкте тұрақты негізде оқыту іс-шаралары өткізіліп тұрады, оның мақсаты Ұлттық Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті Ұлттық Банк қызметкерлерін ынталандыру және кәсіптік дамыту болып табылды.

Бір жылдың ішінде Ұлттық Банк Төрағасының бастамасы бойынша жетекші әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен қаржы ортасы мен бизнес-элитаның беделді өкілдерін тартумен экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қозғайтын 5 пікір талас клубтары өткізілді

Жас және әлеуетті мамандарды тарту мақсатында жоғары оқу орындарымен өзара іс-әрекет жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылды, «Назарбаев Университеті»; «Халықаралық оқыту орталығы» АҚ; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; «Болашақ» Қауымдастығы өткізген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Кадрлардың тұрақтамауы нәтижесінде Ұлттық Банк қызметінің нәтижелілігін төмендеу мүмкіндігін барынша азайту және Ұлттық Банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейін артыру үшін шетелдік орталық банктер мен халықаралық ұйымдардан тәжірибелі лекторларын тартумен оқыту іс-шараларын өткізу қажеттілігін анықтау практикасы жалғастырылатын болады, сондай-ақ оқыту процесін жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Капиталды жұмылдыруға ықпал ететін шаралар бөлігінде мемлекеттік органдар іс-қимылдарының үйлесімсіздігі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Салықтық және кедендік әкімшілік ету, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бөлігінде келісілмеген шаралар қабылдау нәтижесінде елден капиталдың бақылаусыз әкетілу тәуекелінің ұлғаюы

Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталдың оралымдылығына ықпал ететін шаралар бөлігінде келісілген шешімдер қабылдау

Іс-шара:

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел туындаған жоқ).


Стратегиялық жоспарды іске асыру қорытындылары туралы тұжырымдар

Жүргізілген талдаудың нәтижелері көрсеткендей, Ұлттық Банк 2014 жыл ішінде Ұлттық Банкке байланыссыз себептер бойынша толыққанды іске асыру жүзеге асырылмаған кейбір бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында баяндалған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша жоспарланған нысаналы индикаторлары мен міндеттерінің көрсеткіштерін жалпы алғанда орындады.
Ұсыныстар
2015 жылдың қорытындылары бойынша қол жеткізуге жоспарланған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша нысаналы индикаторлары мен міндеттерінің көрсеткіштерін орындау бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру.


Ұлттық Банктің

Төрағасы Қ. Келімбетов


Ескертпе:

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ААШЖ - автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе

ҚРПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ҚРҰБ ӘШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Әкімшілік-шаруашылық қызметі

СК- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

ЕДБ - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

Т24 БАЖ - Т24 Банктік ақпараттық жүйе

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

АВА – алтын валюта активтері

ҚРҰБ ҚБЕО - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы

ҚРҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҚРҰҚ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры

БААЖ- банкаралық ақша аудару жүйесі

БСБ РМК - Банктік сервис бюросы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

БКЖ - Банкаралық клиринг жүйесі

ПКҚ - «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы



1 - ҰЭМ-ның бағалау болжамдары бойынша ІЖӨ

2 2014 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша

3 алдын ала деректер бойынша

4 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

5 Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша жоспарлы (тестілеу) іс-шараларды қоспағанда.

6 Белгілі бір (бір) төтенше жағдай туындаған кезде төлем жүйелерін негізгі орталықтың серверлерінен резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты 24 сағаттан аспайды. Бұл ретте төтенше оқиғалар саны болжанбайды (табиғи апаттарға және өзге де сыртқы факторларға байланысты). Осыған байланысты бір жылдағы жалпы уақытты есептеу мүмкін емес.

7 Қаржы жүйесінің жиынтық активтеріндегі басқа қаржы корпорацияларының үлесі

8 «Мұнай-Газ-Дем» деректерін есептемегенде, себебі 01.01.2015 ж. «Мұнай-Газ-Дем» есептілікті ұсынған жоқ.

9 CAELS рейтингі 1-ден (ең жақсы) 5-ке дейін (ең нашар) өзгереді.


10 01.01.2015 ж. алдын ала деректер бойынша

11 Төлем қабілеттілігінің нақты маржасы жеткіліктілігінің нормативі төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Төлем қабілеттілігі маржасы (1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділік активтері мен сақтандыру резервтерін қоса алғанда, міндеттемелері арасындағы айырма не (2) жарғылық капитал, есепті кезеңдегі бөлінбеген табыс, пайда есебінен қалыптастырылған қорлар мен резервтер сомасы ретінде есептеледі.

12 Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексі зейнетақы қызметтері нарығында ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын үштен артық ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын екіден артық инвестициялық портфельді басқарушы жұмыс істеген жағдайда есептеледі.


13 «МұнайГаз-Дем» БК деректерін ескермегенде, өйткені «МұнайГаз-Дем» БК 2015ж. 01.01. бойынша есептілікті берген жоқ.

14 Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексі зейнетақы қызметтері нарығында ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын үштен артық ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын екіден артық инвестициялық портфельді басқарушы жұмыс істеген жағдайда есептеледі.

жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау