Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

53
пайдаланушы, яғни медициналық  ұйым үшін олардың  арасында таңдау
мүмкіндігін
және
аса
маңыздысы

түрлі
бизнесс-процестерді
автоматтандыруда қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында бағдарламалық 
жасақтаманың  жеткізушілеріне
соңғы
пайдаланушылардың  әсер
ету
мүмкіндігін білдіреді.
2.5. Жоспарлау мен инновация стратегиялары
2.5
.1. Жоспарлау стратегиясы
Е-денсаулық сақтауды тұжырымдамалық  жоспарлау ДДҰ ұсыныстарына
сәйкес жүргізіледі. Е-денсаулық  сақтау саласында негізгі тұжырымдамалық 
шешімдерді айқындау үшін стратегиялық  құжаттарда және мемлекеттік
деңгейдегі басқа шешімдерде көрсетілген денсаулық сақтау секторының негізгі
басымдылығы сәйкестендірілген. Бұл құжаттар осы құжаттың  1-тарауында
қарастырылды. Осы құжаттардың негізінде ҚРЭД көрінісі мен миссиясы және
негізгі нәтижелері (outcomes) және қазіргі заманғы және туындайтын
технологияларды есепке ала отырып, орындалуы тиіс негізгі шешімдері
айқындалды.
Осы құжатта ұлттық  деңгейдегі е-денсаулық  сақтаудың  негізгі
аспектілері бар. Осы тараудың (3.8) соңғы бөлімінде осы тұжырымдаманы іске
асырудың  талдап жинақталған жол картасы бар. Осы жол картасын жылдар
бойынша, е-денсаулық сақтаудың негізгі қатысушылары бойынша және өңірлер
бойынша анағұрлым нақты жұмыс жоспарына айналдыру қажет.
Егжей-тегжей жоспарларды әзірлегеннен кейін барлық  жоспарларды
интерациялау және оларды іс-шаралар мен іске асырудың мерзімдерді бойынша
синхрондау қажет.
2.5
.2. Жоспарлау шегі
Тәжірибе денсаулық  сақтауда АКТ үшін анағұрлым ұтымды жоспарлау
шегі шамамен 7-8 жыл уақыт аралығы болып табылатынын көрсетті. АКТ
дамытудың  бұрынғы бағдарламасы 2005 жылы басталды және 2015 жылға
қарай аяқтау жоспарланды, бірақ 2012 жылы бұрынғы шешімдерді айтарлықтай
қайта қарау қажеттілігі туындады. Осы аспектідегі стратегиялық қателіктердің 
бірі ретінде қолданыстағы проблемалардан сабақ  ала отырып, істердің 
жағдайын мезгілсіз және жүйесіз қайта қарау болып табылды.
Осы Тұжырымдама 2013-2020 жылдарға арналған. Егжей-тегжей жоспар
2017 жылға дейін ұсынылады.
2.5
.3. Стратегиялық жоспарлау құжаттары
Стратегиялық жоспарлау үшін мынадай негізгі құжаттар көзделген:


54
- ҚР е-денсаулық  сақтау саласын 2020 жылға дейін дамытудың 
тұжырымдамасы;
- Е-денсаулық сақтаудың жол картасы;
- Ілгерлікті мониторингілеу мен бағалаудың логикалық картасы;
- тұжырымдаманы іске асырудың жыл сайынғы толық жоспары.
2.5.3.1. Е-денсаулық сақтаудың тұжырымдамасы
Е-денсаулық  сақтауды 2020 жылға дейін дамытудың  тұжырымдамасы –
бұл осы құжат. Ол е-денсаулық сақтаудың барлық кеңістігінің архитектурасын
қайта қарау бойынша
нұсқаулық  ретінде болатын е-денсаулық  сақтаудың 
негізгі бағдарламалық  құжаты болып табылады. Осы құжаттың  негізінде
қажетті нысандық  салалар – денсаулық  сақтау – және АКТ шешімдері
арасындағы теңестіру (alignment) жүргізіледі.
2.5.3.2. Е-денсаулық сақтауды іске асырудың жол картасы
Электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға
арналған тұжырымдамасын іске асырудың  жол картасы жеке құжат ретінде
әзірленеді, оған іс-шаралар тізбесі, іске асыру мерзімдері және болжамды құны
кіреді.
2.5.3.3. Ілгерлікті мониторингілеу мен бағалаудың логикалық картасы
Осы құжатқа е-денсаулық  сақтаудың  негізгі кезеңдері мен күтілетін
нәтижелері (outcomes) және е-денсаулық сақтауды іске асыруда ойдағыдай алға
бастырудың  сандық  өлшемдері болып табылатын негізгі көрсеткіштері бар
логикалық карта кіреді.
2.5.3.4. Тұжырымдаманы іске асырудың жыл сайынғы толық жоспары
Тұжырымдаманы бекіткеннен кейін ДСМ және мүдделі тараптар іске
асыру мерзімдерін, іске асыру үшін жауаптыларды және жұмыстардың құнын
көрсетіп, нақты іс-әрекеттердің  бір жылға арналған толық жоспарын әзірлейді.
2.5.4. Жоспарларды қайта қарау динамикасы
Осы тұжырымдама және жол картасы жылына бір рет қайта қаралады деп
көзделеді. Тұжырымдаманы жылдық  талдаудың  негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
-
мониторингілеу мен бағалаудың  логикалық  картасына сәйкес
тұжырымдаманы енгізу процесіндегі ілгеріліктің негізгі көрсеткішін есептеу;
- жылдық жоспардың орындалу дәрежесін талдау;
- Тұжырымдаманы іске асырудың проблемаларын және үздік тәжірибесін
анықтау;
- айқындалған жаңа білімдерді, жаңа жағдайды және проблемаларды
есепке ала отырып, тұжырымдаманы редакциялау;


55
- жол картасын қайта қарау;
- келесі жылға арналған толық жоспарды құрастыру;
- нұсқаулық  үшін меңгерілген сабақтар мен ұсынымдармен есепті құру;
сондай-ақ осы есепте тақырыптық аудит өткізу бойынша ұсыныстар болады.
2.6. Қаржыландыру
2.6.1.
Қарастырылған
кезеңде
қаржыландыру
тетігін
сипаттау
(2013-2020 жж.)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -
2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында
айқындалған денсаулық  сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы үлгісі
келесі
бірнеше
жылдардың  үлгілері
сияқты
е-денсаулық  сақтауды
қаржыландырудың схемасын айқындайтын болады.
Е-денсаулық  сақтаудың  тұжырымдамасы қаржыландырудың  әртүрлі
схемалары қызмет еткен кезде іске асырылуы мүмкін және жұмысқа қабілетті
шешімдерді көздеуі тиіс.
ДСМ е-денсаулық  сақтауды қаржыландыру жағдайында, сонымен қатар
кейбір қызметті орталықтандырып қалдырумен жекелендіру және дербестік
саясатын іске асырады.
МҰ 
е-денсаулық 
сақтаудың 
іс-шараларының 
белгілі
бөлігіне
жауапкершілікті алуы тиіс. Мысалы, мемлекет автоматтандыру объектілерінде
пайдаланушыларды қолдауды қаржыландыра алмайды. МҰ  автоматтандыру
өздеріне емес мемлекетке керек деген қалыптасқан түсінікті өзгертуі қажет. Бұл
барлық ел масштабында орнықты даму үшін қажетті шарт болып табылады.
Медициналық  ұйымдар тарифтерінің  (КШТ, жан басына шаққандағы
тариф және басқалар) құрамындағы е-денсаулық  сақтаудың  міндеттерін іске
асыруға арналған қаражат үлесін бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Осы бөлімнің  міндеті қаржыландырудың  тетіктерін, сондай-ақ  ұлттық, 
өңірлік және жергілікті деңгейде е-денсаулық  сақтауды дамыту процесіне
қатысушылардың тиісті функцияларын айқындау болып табылады.
2.6.2.Қаржыландыру құрылымы
Ұлттық
деңгейде
толығымен
тұйықталған
қолданыстығы
қаржыландырудың  құрылымына бір шектеу зиян келтіреді – медициналық 
ұйымдар өздерін ақпараттық  жүйелерді енгізуге мәжбүр деп сезінеді.
Ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз сапасы мәжбүрлеу кезінде анағұрлым қиын
болып қабылданады, осылайша енгізілген ақпараттық  жүйелерді қабылдамау
артады. МҰ-дың  меншік иесі сезімін және е-денсаулық  сақтаудың нәтижелері
үшін жауапкершілікті арттыру тетігін табу қажет.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау