Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

81
-
дәрігерге бастан кешкен және/немесе ауыратын ауруы, иммундық 
мәртебесі, аллергиялық реакциялардың болуы, бұрын көрсетілген медициналық 
қызметтер, медициналық  суреттемелерді қосқанда диагностикалық  зерттеулер
нәтижелері туралы уақытылы, нақты, өзекті және жеткілікті ақпаратты ұсыну
арқылы медициналық (клиникалық) шешімдердің қабылданылуын қолдау;
-
басқа мамандарға қашықтықтан кеңес беруге мүмкіндік туғызу арқылы
медициналық (клиникалық) шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету;
-
дәрігерге
профилактикалық  іс-шаралардың  әр
түріне
жататын
азаматтардың  тізбесін, белгілі бір проблемалары бар науқастардың  тізбесін
ұсыну;
- нақты жағдайда қолданылуы мүмкін диагностикалау және емдеудің 
өзекті клиникалық хаттамаларын мен нұсқауларын уақытылы ұсыну;
- ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейде көрсетілетін медициналық 
көмектің сапасын арттыруға арналған ақпарат пен құралдарды ұсыну;
-
пациенттің  денсаулығы жайлы ақпараттандырылуын жақсарту, ЭДП
жазбаларын қайта қарау мүмкіндігін беру, дәрігерге қаралу қажеттігі жөнінде
еске салу, қажетті профилактикалық  шараларды өткізу, нақты бір пациентке
қашықтықтан ұсынымдар жасау және басқа да қажетті ақпаратты ұсыну;
-
пациентке қашықтықтан қабылдауға жазылу, қашықтықтан кеңес алу,
дәрігерді қашықтықтан пациенттің  денсаулығы жайында ақпараттандыру
мүмкіндігін беру.
5-бағыт:
Медициналық, 
фармацевтикалық 
білімді
жетідіру,
медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту және енгізу.
Мақсаты: денсаулық  сақтауда бәсекеге қабілетті кадрлық  әлеуетті құру
және инновациялық технологияларды дамыту
Осы бағыттың негізгі 2 міндеті бар:
Дипломға дейінгі , дипломнан кейінгі білім беру жүйесін және денсаулық 
сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамуын жетілдіру;
Осы міндет «Қазақстан-2050» стратегиясының 6-ші және 9-шы маңызды
басымдықтарына сәйкес келеді: «Медициналық  білім беру жүйесін түбегейлі
жақсарту. Медициналық  жоғары оқу орындарының  жүйесі орташа деңгейлі
мамандандырылған білім беру мекемелерінің  желісімен нығайтылуы тиіс.
Күнделікті практика оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс»;
«Заңнамалық  деңгейде медициналық  жоғары оқу орындары мен мекемелердің 
халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту».
Осы міндетті орындауға е-денсаулық сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- медициналық  жоғары оқу орындарының  студенттеріне (дипломға
дейінгі білім) электрондық  денсаулық  сақтау негіздері бойынша үлгілік оқу
бағдарламаларын құрастыру;


82
- үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету үшін медицина мамандары
арасында қашықтықтан кеңес беру, қашықтықтан консилиум өткізу мүмкіндігін
қамтамасыз ету;
- клиникалық  нұсқаулықтарды, диагностика және емдеу хаттамаларын,
қызмет көрсету стандарттарын
және т.б. қоса алғандағы
медицина
мамандарының  өзекті нормативтік-анықтамалық  ақпаратқа қолжетімділігін
қаматамасыз ету.
Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық 
технологияларды енгізу.
Осы міндет
«Қазақстан-2050» стратегиясының 7-ші басымдығына сәйкес
келеді: «Медициналық  жоғары оқу орындары жұмысының  тәжірибелік
ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Жоғары оқу орындар
адамзаттың 
жаңа
білімдері
мен
технологиялық 
жетістіктерін
шоғырландыруы
тиіс.
Бұл
бағытта
да
мемлекеттік-жеке
меншік
әріптестігін дамыту керек».
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- денсаулық  саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында сенімді,
өзекті және толық ақпаратты ұсыну;
- денсаулық  сақтау саласында ғылыми және практикалық  зерттеулерді
жүргізу үшін
стандарттау, талдау және денсаулық  сақтау саласындағы
ақпараттарды пайдалану мәселелерін зерттеуге
бағытталған ДСДРО
Стандарттау орталығының қызметін нығайту.
6-бағыт: Тұрғындар үшін дәрілік заттардың  сапасы мен қолжетімділігін
арттыру, денсаулық  сақтау
ұйымдарын медициналық  техникамен
жабдықтауды жақсарту.
Мақсаты: тегін медициналық  көмектің  кепілдік берілген көлемі
шеңберінде қолжетімділікті арттыру арқылы халықты сапалы, тиімді және
қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету
Осы бағыттың негізгі үш міндеті бар.
Тұрғындарды сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру
Осы міндетті орындауға е-денсаулық сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- ММБ және дәрілік заттардың  бірыңғай жіктеуішіне (анықтамалық) 
негізделген ҚР аумағында дәрілік заттар мен медициналық  мақсаттағы
бұйымдар айналымы саласындағы бірыңғай ақпараттық  орта;
- мүдделі тараптардың  (пациент – дәрігер – дәріхана) электрондық 
әрекеттесу және автоматты түрде рецепт жазудың мүмкіндігі.


83
Денсаулық  сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық  техникамен
жабдықтау және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау медициналық  ұйымдардың 
материалдық  ресурстары жөніндегі өзекті және толық  бірыңғай ақпарат көзін
құру арқылы әсер ете алады.
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық 
техника айналымы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау Қазақстан Республикасы
аумағындағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы
саласындағы бірыңғай ақпараттық  орта көзін құру арқылы әсер ете алады.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау