51
береді. Осы қызмет үшін жауапты болатын ұйымды айқындау қажет. ДСМ осы
сатып алуды өткізудің дұрыстығына тексеру үшін аудитті енгізуі мүмкін.
Өңірлік және жергілікті деңгейлерде е-денсаулық сақтауды дамытуға
қатысты
медициналық
ақпараттық
жүйелерді
жалпыұлттық
енгізу
перспективасын есепке ала отырып, барлық функцияларды орталықтандыруды
көздейтін іске асырудың қалыптастқан стратегиясын қайта қарау қажет.
Еліміздің барлық аумағында, яғни шамамен 80 000 – 100 000 пайдаланушысы
бар 3 000 медициналық ұйымның масштабында бірыңғай бағдарламалық
жасақтаманы іске асыруды, енгізуді және қызмет етуін орталықтандырылған
басқарудағы болжамды қиындықтарды есепке ала отырып, медициналық
ұйымдардардың, сондай-ақ облыстық құрылымдардың – Денсаулық сақтау
басқармалары мен ДСДРО филиалдарының менеджерлерін жұмылдырып,
жобаны іске асыруды басқару бойынша күшті бөлу қажет.
Е-денсаулық сақтау жобаларының соңғы пайдаланушысы болып
табылатын, оларды енгізу үшін медициналық ұйымдар жауапкершілікке
тартылатын тәсіл іске асырылатын шешімге ұстанымды арттыруға және меншік
иесі сезімін дамытуға мүмкіндік береді, бұл енгізілетін өнімдердің жоғарғы
сапасы мен өмірге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Басқарудың тиісті деңгейін
қамтамасыз ету мақсатында әрбір МҰ-да е-денсаулық сақтауға жауапты
басшының орынбасары лауазымын енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Егер ДСМ, жергілікті атқарушы органдарының және МҰ арасындағы
қарым-қатынасының ұзақ мерзімді дамуын қарастырсақ, онда МҰ анағұрлым
көп дербестілікті алу тенденциясын атап өту қажет. Оған қарамастан осы
бағыттағы жұмыс алда, өйткені мысалы МҰ кейбір қаражат табуға мүмкіндігі
бар, бірақ (STPHI аудитінің нәтижелеріне сәйкес) олар компьютерлерді немесе
медициналық қызметтерді ұсыну процесін жақсарту үшін маңызды деп
есептейтін е-денсаулық сақтаудың басқа компоненттерін сатып ала алмайды.
Осы өтпелі процесті есепке ала отырып, Е-денсаулық сақтаудың
тұжырымдамасы МҰ-ға баламалы таңдау мүмкіндіктерін ұсынуды көздейді.
Бір жағынан ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерді, жалпы ұлттық мағынасы бар
сервистер мен қосымшаларды, сондай-ақ МСАК және стационарларда қажетті
басқа жүйелердің базалық функционалын әзірлеуді жалғастырады. МҰ-дың
орталықтандырылып әзірленген және мемлекеттің меншігі болып табылатын
тегін ұсынылған жүйелер мен елде АКТ нарығымен ұсынылған басқа
жүйелердің арасында таңдау мүмкіндігі бар. Е-денсаулық сақтау нарығын
қалыптастыратын жүйелер үшін ҚР ДСМ сәйкестік стандартын әзірлейтін
болады, оған жүйелер МҰ-да енгізу енгізу үшін сәйкес келуі тиіс.
Сондай-ақ, АЖ қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің
бөлінуін көздеу қажет. ДӨО-ның деңгейінде жабдықтар, байланыс арналары
мен ҚКЖ үшін ҚР ДСМ жауапты, ал МҰ деңгейінде байланыс арнасы,
компьютерлік жабдықтар мен ҚКЖ үшін медициналық ұйымның өзі жауапты
болады. Тиісінше республикалық бюджеттен бөлінген қаражат алдын ала
жиналған қажеттілікке сәйкес МҰ-ға қайта бөлінеді.
52
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау
басқармаларының функционалына денсаулықты қорғау саласында бірыңғай
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, азаматтардың саламатты өмір салтын
қалыптастыру және халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
кіретінін есепке алып, ақпараттандыру мәселесіне жетекшілік ететін басшының
бір орынбасарын бөлу мәселесін қарастыру қажет. Оның міндеттеріне
денсаулық сақтау саласындағы өңірлік ақпараттық және коммуникациялық
жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз етуді енгізу қажет. Бұл жергілікті
денсаулық сақтау басқармаларын е-денсаулық сақтауды дамытуға барынша
жұмылдыруға мүмкіндік береді.
2.4.4. Операциялық қызмет
Бұл кез-келген ақпараттық жүйенің немесе е-денсаулық сақтау
компоненттерінің өмірлік циклдердің маңызды құрамдас бөлігі және осы
деңгейдегі барлық процестердің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану процесі басқарылатын және үйлестірілген
болуы тиіс екені сөзсіз. Осы процестердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін осы
функциялар жобаны басқару функциясынан бөлініп, бәсекелестік ортаға
аутсорсингке берілуі тиіс, бұл сөзсіз пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтің
сапасын арттыруы тиіс.
Е-денсаулық сақтаудың көптеген компоненттерінің ұлттық деңгейдегі
операциялық қызметі үшін ДСАО жауапты болып табылады. ДСАО мамандары
процестер бөлігі үшін орындаушы ретінде осы процеске қатысады және жеке
компаниялар мен МҰ-ға аутсорсингке берілген процестер үшін бақылаушы
(мониторинг және бағалау) ретінде қатысады. МҰ деңгейінде операциялық
қызметтің сапасы үшін МҰ-дың өздері жауапты.
Операциялық қызметті жүзеге асыру үшін МҰ тиісті персоналмен
жасақталуы тиіс. ДСМ МҰ-ның штат кестесінде АКТ персоналының тиісті
бірліктерін көздеуі қажет, өйткені қазіргі уақытта пилоттық жобаға
жұмылдырылған
АКТ
бірліктері
республикалық
бюджеттен
қаржыландырылады. Келешекте бұлтты есептеуге ауысқанда инфрақұрылымды
(серверді) қолдау үшін қажетті АКТ персоналындағы қажеттілік төмендейді,
бірақ бұл бірліктер уақыт өткен сайын күрделенетін функционалды тереңдетіп
пайдалану үшін пайдалы болады.
ҚР ДСМ е-денсаулық сақтаудың басқа қатысушылары орындауға тиісті
операциялық қызметтің міндеттерін қайта қарастырады. Мысалы, байланыс
арналарын медициналық ұйымдарға бөлуді ДСАО жүзеге асыра алады. Осы
мәселе бойынша ДСМ операциялық қызметтің регламентін әзірлеп, бекітетін
болады.
Дүниежүзілік тәжірибе дамытудың анағұрлым өмірге қабілетті нұсқасы
ретінде
е-денсаулық
сақтау
саласында
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың ашық нарығын қалыптастыру болатынын көрсетеді. Ашық
нарық бірнеше қолжетімді технологиялық шешімдердің болуын, соңғы
Достарыңызбен бөлісу: |