Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

40
Е-денсаулық  сақтау платформасының  басқа маңызды элементі ретінде
ЭДП транзакциялық жазбалары, сондай-ақ аналитикалық қоймаларды сақтауға
бейімделген дерекқорды басқару жүйесі болады.
БЖ түріндегі сервистердің деңгейінде (SaaS) бұлтта БЖ бірнеше санаты
сақталады:
1)
денсаулық  сақтаудың  бизнес процесінің негізгі функционалын
ұсынатын е-денсаулық  сақтау жүйелері: денсаулық  сақтау саласындағы
электрондық  мемлекеттік қызметтер, бөлек денсаулық  сақтау секторларына
арналған ақпараттық  жүйелер (Емхана АЖ, Стационар АЖ, ЗАЖ, РАЖ),
әртүрлі веб-қосымшалар (Емдеуге жатқызу бюросы, ТХТ және т.б.), жеке
жұмыс істейтін немесе интеграциялық  шинаның  көмегімен интеграцияланған
ескі қосымшалар);
2) бірыңғай ақпараттық  кеңістікті құрудың  талаптарын есепке ала
отырып, әзірленген қосымшалар:
жаңа тіркелімдер, жаңа қызметтер
(пациенттердің жолдамалары, пациентті тіркеу және т.б.);
3) бөлінетін сервистер – бұл барлық  жүйелермен пайдалануға (қажет
болса)-СБА қағидатына сәйкес пайдаланған сервистер. Осындай сервистердің 
мысалы ретінде мыналар бола алады: ЭДП деректерін беру, ЭДП-нан оқу, ЭСҚ 
сервисі, статистикалық есептерді аналитикалық қоймаға беру және т.б.
2.3. Стандарттар және интероперабельділік
2.3.1.
Қазақстан
Республикасының 
е-денсаулық 
сақтауын
стандарттау тәсілдері
Е-денсаулық  сақтауды стандарттау бағдарламалық  жасақтаманы әзірлеу
және денсаулық  сақтау жүйесін қолдаудың  күрделі, циклды және үздіксіз
процесі болып табылады, ол электрондық  денсаулық  сақтау саласында
көріністі, миссияны және мақсаттарды айқындаудан басталады және миссияны
айқындауға негізделген және электрондық денсаулық  сақтаумен қамтамасыз
етілуі тиіс ақпараттық  ағындардың  қауіпсіздігіне, нақтылығына және
сенімділігіне қатысты халықаралық  стандарттарды есепке ала отырып, пәндік
саланың  ақпараттық  үлгісін әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Стандарттар
денсаулық  сақтаудың  информатикасы саласында халықаралық  қоғамның 
жиналған
тәжірибесін
көрсетеді,
осылайша
халықаралық 
танылған
стандарттарды қабылдау стандарттау міндетін жеңілдетеді. Жобалау процесін
қосымша жеңілдету үшін пәндік салаларды айқындауға және шектеуге
мүмкіндік
беретін
стандартты
әдістемелік
құралдардың 
жинағы
пайдаланылады.
Ақпараттық  үлгілер және пәндік саланың  ағындары айқындалғаннан
кейін
деректердің 
ағынын
техникалық 
тетіктермен,
сондай-ақ 
институционалдық  тетіктермен құрылымдауға мүмкін болады. Соңғысы
мынаны білдіреді: басқару құрылымын бейімдеу, тиімді нормативтік құқықтық 
база және денсаулық сақтауды басқарудағы өзгерістерді қабылдау және қолдау.


41
Кең  мағынада электрондық  денсаулық  сақтаудың  көрінісі денсаулық 
сақтау секторын дамытудың  тиімділігін арттыру мақсатында қажетті уақытта
қажетті адамға қажетті ақпаратты ұсыну болып табылады. Бұл әрекет ету
саласын басым ететін, ауруларды басқарудың  әдістерін жетілдіруден бастап
алғашқы медициналық  көмектің  процесін күшейту үшін ресурстарды қайта
бағыттауға дейін тиісті кең  көлемді бағдарламаны айқындауға әкеледі.
Осылайша, осы көріністі орындау құралдарын әзірлеу және ұсыну үшін
денсаулық  сақтау секторының  мақсаттарын және осы мақсатқа жетуге
қатысатын мүдделі топтарды айқындау қажет. Бұл стандарттаудың масштабын
электрондық денсаулық сақтау операцияларының басқарылатын, нақты жүзеге
асырылатын және орнықты көлемдеріне дейін шектейді.
Мақсаттарды және мүдделі тараптарды талдау және карта жасау
жүргізілді және стандарттардың мынадай түрлері айқындалды:
 Е-денсаулық  сақтау саласындағы халықаралық  стандарттарға және
тестіленген әдістерге және ақпараттық  үлгілеудің  практикасына
негізделген электрондық  жазбалардың  құрылымы: яғни электрондық 
денсаулық  паспорты әрбір пациент денсаулығының  және денсаулық 
сақтаудың  барлық  негізгі кездері үшін басты құрамдасы ретінде
алғашқы көмек процесінде негізделеді;
 Медициналық 
көмек
көрсету
прцесінің
қатысушыларын
сәйкестендіруді қоса, ЭДП іске асыру үшін қажетті деректердің 
стандарттары: медициналық портал, медициналық ұйымдар және көмек
көрсету объектісі (пациент/дені сау адам), сондай-ақ  клиникалық 
номенклатураның  халықаралық  бейімделген жүйесінің  бөлігі ретінде
пайдаланылатын стандартты жіктемелер;
 Мақсаттарға жету үшін қажетті ақпараттық  үлгілерді, сондай-ақ 
интероперабельділік бойынша талаптардың  көз қарасын есепке ала
отырып, негізгі ақпараттық  ағындарды қамтамасыз ету үшін қажетті
деректердің стандартталған жинақтары.
Осы
стандарттарды
айқындау бағдарламалық  жасақтаманың  көз
қарасынан
Қазақстан
Республикасы
е-денсаулық
сақтаудың  көрінісін,
миссиясын және мақсаттарын жоғары деңгейде айқындауға әкелуі тиіс. Осы
архитектура ақпараттың  сапасы мен тиімділігі үшін қойылатын талаптарды,
сондай-ақ  денсаулық  сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық  базаның 
талаптарын орындауы тиіс. Қазіргі кезде нормативтік құқықтық құжат ретінде
ҚР ДСМ бұйрығы болып табылады, онда есепке алу және есептілік
статистикалық 
құжаттама
айқындалған.
Осы
бұйрықтың 
негізінде
басқарушылық  шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылатын деректер
жинастырылады.
Одан әрі дамыту мүдделі тараптардың,  қолданыстағы ақпараттың 
ағындарын және денсаулық  сақтаудың  мақсаттарымен айқындалатын жаңа
ақпараттағы қажеттіліктің  сәйкестігіне масштабты карта жасауды қажет етеді,
бұл стандарттау бойынша кейінгі қадамдардың  толық түсінігі үшін шыққан


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау